Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет157/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   245
null

«...Қ. Сәтбаевтың негізгі мамандығы 

 геолог, бір адамның ба-
сына жарап тұрған өнер. Алайда ол тек қана геолог болуды аз деп 
біледі. Сәтбаев 

 мемлекет қайрат кері: кен қарау мен бірге бар-
лау жүргізген ауданнан болашақ зауыттың іргесін көтерер, оның 
тіршілігін қамтамасыз етер керек-жа рақ тың бәрін де күн ілгері 
іздеді... Қысқасы, Қазақстанда алып ме тал лургия комби натын 


407
ШЫҒАРМАЛАРЫ
салу үшін не қажет болса 

 соның бәрін де іздеп тап ты... Бірақ ол 
алыптарға малданып, жол-жөнекей кезіккен ұсақ-түйек кендерді 
«көрмей» кеткен барлау 
шы емес. Оның нағыз ғалымға және 
мемле кет қайрат керіне тән көрегендік, сан қырлы бол жампаз 
қабілеті бүгінде, соғыс тауқы меті талап еткен шикізаттарға 
ділгер бол ған қиын уақытта кәдеге асты».
Ғалым өмірінің айшықты жылы тағы бір мерейлі оқиғамен 
жалғасты: 17 тамызда Жоғарғы аттестациялау комиссиясы гео-
лог Қ.И. Сәтбаевқа, ғылыми еңбектерін ескеріп, геология-мине-
ралогия ғылымдарының док торы атағын қорғаусыз беруге шешім 
қабылдады. Бұл да ұзақ жылғы тынымсыз із 
де 
ніс 
тің жемісі, 
көп шаршаудың, өзі айтқандай «бойындағы күш-жігерін сар-
қа жұмсаудың» өтеуі. Аны ғында қазақ білімпазының ғылыми 
қабілетін танудың бас тапқы жорасы...
КСРО ҒА 1942 жылы құрған Орал, Батыс Сібір және Қа-
зақстанның табиғи қор ларын қорғаныс ісіне пайдаланумен шұ-
ғыл данатын комиссияда Одақтың ірі ғалымдары И.П. Бардин, 
В.А. Обручев, А.А. Ско чин ский, И.И. Мещанинов, А.Д. Ше вя ков
Э.В. Брицке, И.Ф. Григорьев тәрізді ғұла малар жұмыс істейді. 
Қ.И. Сәт баев бұл мін детті республикалық жос парлау комитетінің 
ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары қыз меті-
мен ұштастыра атқарады (Геолком да оны өзінің байырғы кадры 
деп есептеп, қазба байлықтар қорын қабыл дайтын бүкіл одақ тық 
комиссияға мүшелікке енгізген, бұл міндетті ол өмірінің соңғы 
жылына дейін атқарған).
1943 жыл да ғалым өміріне мәртебелі қуа 
ныштар әкелді: 
КСРО ҒА-ның жазда өткен кезекті сайлауы. Осы жиында жасы-
рын дауысқа түс кен Қаныш Имантайұлы корреспондент-мүше 
болып сайланды.
Атақ-беделінің өсуі Қаныш Имантайұлына жаңа міндет, 
мәртебелі борыштар жүктеген: Каз ФАН басшылығы ғана емес, 
өзі жетекшілік ететін институт – бір сәрі, оған енді бүкіл қазақ 
зиялыларының атынан сөйлеп, кейде туған халқының сөзін ұстап, 
қайсыбірде бүкіл Орта Азия және Қазақстан республикаларының 
өкілі ретінде де әлеуметтік жұмыстармен шұғылдануға тура кел-
ген... 
«Өзбек, тәжік, түрік пен, қырғыз және қазақ бауырлар! 
Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында бүкіл про грес шіл адам-
зат ұрпағының тағдыры шеші 
ліп жатқан осынау қаһарлы 
күндерде...»
деп бас таған-ды Қ.И. Сәтбаев 1943 жылғы 31 қаң тарда 


408
Медеу СӘРСЕКЕ
Ташкентте өткен антифашистік жиында сөйлеген сөзін
. «Мен бү-
гін қазақ халқының зұлым жауға деген ашуын біл діріп тұрмын!»
деп аяқтаған-ды ғалым тәжік елін дегі және бір сөзін.
ҰҒА академигі Қ. ЖҰМАЛИЕВТІҢ «Өне гелі өмір» баянынан:
«1943 жыл... әлемге апат әкелген неміс фа 
 
шистерінің зо-
балаңынан ығысып, Алматыда уақытша тұрақтаған «Мос-
фильм», «Ленфильмдердің» Қазақстан әдебиетшілерімен бірік-
кен мәжі лісі болады деп, 8-март көшесіндегі «Қа зақ фильм» үйіне 
әдебиет пен өнер жұрт шы лығы жиналған сәт.
Сөзді «Ленфильмнің» бас режиссері Ф.М. Эр м лер бастады: 


жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау