412
Медеу СӘРСЕКЕ
аңғартады. Әсіресе базалар мен филиалдар кеңесі бір жыл-
да тыңнан 11
институт ашуды орын
далмайтын іс санап, қа-
зақстандықтар жобасына түзету жасап, жыл сайын екі иә үш
институт ұйымдастырып, академия мәселесіне содан кейін
оралуға ойысады. Қаныш Имантайұлы жасаң серігін ертіп
алып, Ша пық Шөкіұлы бұл кезде Қазақ филиа лының энерге-
тика
секторын бас
қаратын-ды, Орта
лық Комитеттің жауап-
ты қызметкері Б.Н. Мит рейкинге барады. Ол да салған жер-
ден жұрт айтқан уәжді қайталайды. Сөйтсе де соңынан райы-
нан қайтып, ғылым саласын басқаратын бөлімнің меңгерушісі
Ю.А. Жда новқа жолықтырады. Кімді болсын құлай сенген ісіне
иландыра білетін, ондай кезде тілмарлықтан гөрі ұтымды ой,
мықты айғақ ты пайдаланатын қазақ
ғалымы жасаң қай рат кер
Юрий Андреевичті (Саяси бюро мү шесі А.А. Ждановтың бала-
сы, И.В. Сталин нің қызы Светланаға үйленген) өз жобасына
еліктіріп, сұхбат соңында ол «Ұсынысыңызға қарсы емеспін, тек
соған ҒА президенті В.Л. Комаровтың жазбаша келісімін алып
ке ліңіз», – деген орындалуы неғайбыл талап қояды...
«Келесі күні Қазақстан өкілдігінің нұс
қаушысы М.М. Рут-
ман, Қанекең және мен үшеуміз президент тұратын қала ірге-
сіндегі оңаша жайға аттандық,
–
деп сыр шертеді Шапық Шө-
кіұлы сол күні көр
ген-біл
гені жайында жарым ғасырдан соң
жариялаған естелігінде. –
Владимир Леонтьевичпен әңгіме біз
үшін қолайсыздау сарында жүрді. Прези дент бірден: «Он екіде бір
нұс қаларың жоқ, қаншама құрал-жабдық, тексеру, өлшеу аспап-
тары керек. Жарайды, үкі мет сон шама институтқа үй-жай та-
уып
берсін-ақ, мен көрген Алматы жағдайында бұған да шүбәм
бар...» – дей келіп, ақыр аяғын да: «Осы мәселені үкімет алдына
қойып отырған өздеріңнің естерің дұрыс па? – деген сыңайға
ойысты...»
Әрине, мынадай ойлы да, иланымды уәжден соң Сәтбаевтың
серіктері бұл мәселеден оңбай күйрегенін сезіп қамыға бастаған
сәтте, филиал басшысының алыстан орағы тып, сылап-сипап
отырып, саяжай иесінің көңіл үдесінен
шыға сөйле
ген уәжін
естиді...
– «Жо-жоқ, қымбаттым, осынша институтты бір жылда
ашу туралы өтініш жасауға бола ма?! – депті Комаров қатты
абыржып.