БЕКІТЕМІН
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік
орталығының директоры
_____________ М.И.Асанова
«_____» _____________ 2012 ж.
Математика және физика пәндері мұғалімдерінің қызметін зерделеуге арналған жаднама
Мақсаты:
Математика, физика пәндерін оқыту мазмұнының, деңгейі және сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін нормалар мен талаптарға сай жағдайды қамтамасыз ету. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің пәндерді оқыту сапасын басқарудағы тиімді тәжірибелерді анықтау.
Нормативтік бөлім
Пән мұғалімдерінің нормативті-құқықтық базасының бар болуы және онымен жұмыс:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы, 30 тамызда қабылданған ), (02.02.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
-
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы, 11.07.1997 ж. № 151-I.
(10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
-
Математика» және «Физика» пәндері бойынша ҚР жалпыға міндетті Мемлекеттік орта білім беру стандарты;
-
ҚР жалпы білім беру оқу орындарының базистік оқу жоспары;
-
5-11 сыныптар үшін «Математика» , 7-11сыныптар үшін «Физика» пәнінің бағдарламалары;
-
Әдістемелік-нұсқау хат «2012-2013 оқу жылында ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» Астана, 2012.;
-
Әдістемелік-нұсқау хат «ҚР жалпы білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылын аяқтау туралы»;
-
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1684 Астана, Үкімет Үйі
-
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi № 338 бұйрығымен бекітілген.
-
ҚР ДСМ 2010 жылдың 28 қыркүйегінде № 767 бұйрығымен «Дербес копьютер және видиотерминалдарды пайдалану мен ұсталуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық ереже(2011 жылдың 25 сәуіріндегі №217 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
-
ҚР Білім және ғылым министірінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі»
-
Жалпы орта білім беру ұйымдарында физика, биология және информатика кабинеттері үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік Ережелері туралы (ҚР ҒБМ 2006 жылғы 06 қазандағы №517 бұйрық)
-
Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электронды ақпараттық ресурстардың тізімін бекіту туралы (ҚР Үкіметінің 2007 ж. 03 қазандағы №891 Қаулысы Постановление Правительства РК от)
-
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі ҚР ҒБМ 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрық)
Сараптау бөлімі
-
Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бар болуы, оның стандартқа және бағдарламаға сәйкестігі. Бағдарламалардың орындалуы.
-
Пән бойынша оқушылардың үлгірімі, білім сапасы. Білім сапасының мониторингі (соңғы 3 жылға салыстырмалы талдау); оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту мақсатындағы жұмыстар, психологиялық көмектің ұйымдастырылуы, ата-аналармен жұмыс.
-
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі , мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы(бірнеше сабақтарға қатысу), оқушылармен дифференциалды жұмыстың ұйымдастырылуы.
-
Оқыту нәтижелерінің салыстырмалы талдауы (жылдық, тоқсандық бағалардың сәйкестігі).
-
Мұғалімнің оқушы дәптерімен жұмысы. Дәптер тексерудің нормаға сәйкестігі.
-
Мектептің және мұғалімдердің ОЖСБ (9 сынып) және ҰБТ (11 сынып) бойынша жұмыс жоспары және оның жүзеге асырылуы. ОЖСБ және ҰБТ нәтижелері (ҰБТ бойынша соңғы 3 жылға салыстырмалы талдау).
-
Сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы (сынып тақтасы; жиhаздардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; жарықталыну деңгейі, бөлменің тазалығы; оқушылардың оқу аудиториясында денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып орналастырылуы; желдету режімі, қолданылған көрнекіліктердің талапқа сай болуы; сабақтарда еңбек және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы).
-
Дарынды оқушылармен жұмыс: оқушылардың пән олимпиадаларына, байқауларға, ғылыми жобалар қорғауға т.б. қатысуы, нәтижелері.
-
Пән бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстар.
-
Құжаттармен жұмыс (журналдың толтырылуы).
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
-
Педагогикалық және методикалық кеңестерде пәннің оқытылу жайы туралы мәселенің қаралуы.
-
Математика және физика мұғалімдерінің кәсіптік өсуі және біліктілігін арттыру мониторингі.
-
Пән кабинеттерінің, кітапхана қорының әдістемелік қамтылуы.
-
Пәннің оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, электронды оқулықтармен, әдістемелік және көрнекі құралдармен қамтылуы.
-
Пән бойынша кадрлық қамтылу (математика, физикадан сабақ беретін барлық мұғалімдер, оның ішінде жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мұғалімдер саны; мамандығы бойынша базалық білімі барлар, сәйкес келмейтін мамандық бойынша жұмыс істейтіндер саны).
-
Әдістемелік жұмыс: (семинарлар, дөңгелек стол, әдістемелік сайыстар, шеберлік – кластары, ғылыми - практикалық конференциялар).
-
Мектептің математика, физика мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің (кафедрасының) жұмыс жоспары және оның орындалуы.
-
Пән мұғалімдерінің оқытудың жаңа технологияларын қолдануы, шығармашылық топтар жұмысы.
-
Мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жұмысының ұйымдастырылуы.
-
Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлік.
-
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруы, аттестаттау.
-
Пәннің оқытылу жайы бойынша мектепішілік бақылау.
-
Пән мұғалімдерінің жұмысын педагогикалық бақылау дәптері (жеке бет есебі).
-
Оқу-материалдық база: пән кабинеттерінің саны, олардың талапқа сәйкестігі, техникалық және дидактикалық материалдармен, соның ішінде интерактивті тақтамен жабдықталу деңгейі.
Зерделеу әдістері:
• мектеп құжаттарын, аналитикалық және басқа да материалдарды зерделеу;
• әкімшілік мүшелерімен, пән мұғалімдерімен әңгімелесу;
• сабақтарға қатысу;
• білім кесінділерін алу.
Достарыңызбен бөлісу: |