13
№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Жуырда Бектауата
шатқалының Ортаде-
ресін ауыл аймағында
орналасқан Ақтоғай
ауданының қала сыр
тындағы «Факел»
маусымдық сауықты-
ру лагерінде «Менің
Отаным – Қазақстан»
атты туристікөлке-
тану экспедициялық
жасақтарының облыс
тық форумы өтті. Үш
жүз адамды қамтыған
үш күндік форумда әр
команда зияткерлік
ойындар кабинетін
жабдықтауға арналған
облыс әкімінің 1 мил-
лион теңгелік сертифи-
катына ие болды.
Ауқымды іс-шараны Қараған-
ды облысының білім басқарма-
сы, «Нұр Отан» партиясының
облыстық филиалы, Қарағанды
облысында білім беруді дамыту-
дың оқу-әдістемелік орталығы,
«Сарыарқа дарыны» АҒПО, об-
лыстық туристік клуб ұйымдас-
тырды. Мақсат – экспедициялық
жасақтардың туристік-өлкетану
қызметін белсендендіру, белсенді
туризммен айналысу үшін тәжіри-
белік біліммен дағдыландыру.
Облыста 2013 жылдан бастап
«Жаңалықтар әлемі. Жас сая-
хатшы. Жас ізденуші» жобасы
жүзеге асырылуда. 2018 жылдың
қаңтарынан бастап жоба «Руха-
ни жаңғыру» бағдарламасының
«Тәрбие және білім» ішкі бағдар-
ламасының «Өлкетану» базалық
бағыт жобаларының облыстық
реестріне енгізілген.
«Жаңалықтар әлемі-2018. Жас
саяхатшы. Жас ізденуші» – Қа-
рағанды облысында балалар мен
жеткіншектер туризмінің дамуы-
на, отансүйгіштік пен азаматтыққа
тәрбиелеуге, салауатты өмір сал-
тын қалыптастыруға, мазмұнды
демалыс ұйымдастыруға бағыт-
талған әлеуметтік білім беру жо-
басы.
Форумға 20 команда, облыс-
тың 18 аймағы және Сарышаған
қаласы және «Дарын» мамандан-
дырылған мектеп-интернатының
командалары қатысты.
Шығармашылық жобаларды
қорғау бағытында қатысушылар
команданың визиттік карточка-
сын, «Біз – туристерміз» атты те-
атрландырылған көріністі назарға
ұсынды. Бұл бағыттағы бард
әндердің байқауы тау ұясында
ұйымдастырылды. Әдемі алау
тұтанды. Тау ұясындағы алау
жағу сәті балалардың есінде мәңгі
сақталары анық. Әртүрлі аспап-
тардың сүйемелдеуімен ән шыр-
қаған қатысушылардың бойынан
өршіл рух пен жігер, еліне деген
сүйіспеншілік байқалды.
«Жаңалықтар әлемі-2018. Жас
саяхатшы. Жас ізденуші» ғылы-
ми-зерттеушілік жобаларын қор-
ғау бағытында «Үздік мектептік
баспасөз басылымы», «Аймақтың
тарихи орындарына экскурсия»
атты бейнерепортаж, «Мектеп
мақтанышы – жаңа есімдер»,
«Туризмдегі PR» номинациялары
бойынша сынға түсті.
«Өлкетану» бағытында «Туған
өлке соқпақтары» атты өз ай-
мақтарында жүзеге асырылған
туристік экспедицияларын таныс-
тырды. Онда туристік маршрут-
тың картасы, өлкетану объек-
тілері, маршруттың ерекшеліктері
мен маңыздылығы аталды.
Экологиялық бағыттағы «Эко-
логиялық соқпақ жол» номина-
циясында табиғатты қорғау тәсіл-
дері мен заманауи экологиялық
мәселелерді шешу жолдары бой-
ынша жобалар қорғалды.
«Туристік дағдылар мен білік-
тер» және «Комбинацияланған ту-
ризм» сайыстары – туристік бағыт
бойынша ұйымдастырылды.
Бұл бағытта қатысушылар ту-
ристік шатыр орнатып, түйіндерді
байлап, алау жақты. Сонымен қа-
тар, рюкзак дайындау, тауға өрме-
леу, велосипедті мәнерлеп тебу,
№1 және №2 кедергілер ала-
бынан өту, алғашқы медициналық
көмек көрсетуден біліктіліктерін
танытты. Комбинацияланған ту-
ризмде командалар тауға жар-
ты күнге кросс-саяхат жасады.
Кросс-саяхатта карта және ком-
паспен жұмыс жасау, топография,
туристік тактика мен техника,
алғашқы медициналық көмек көр-
сету элементтері қамтылды.
Сонымен қатар, форум аясын-
да оқушылар үшін семинар-тре-
нингтер ұйымдастырылды. Се-
минарлар «Нұр Отан» партиясы-
ның облыстық филиалы, «Жас
Отан» ЖҚ мен «Дәstur is trend» ҚҚ
қолдауымен партиялық «Белсен-
ді жастар саясаты» – «Бес асыл
іс» және «Үш тілге көшу» жобала-
ры аясында өткізілді. «Бес асыл
іс» жобасы шеңберінде жүргізіл-
ген семинарларда көшбасшы
болу, тілдерді үйрену, ұлттық
салт-дәстүрлердің мән-мағына-
сына үңілу, ұлттық тағамдарды
дайындау секілді тақырыптар
басшылыққа алынған. Жоба
«Талап», «Еңбек», «Терең ой»,
«Рахым», «Қанағат» атты бес
бөлімге бөлінген.
Үш күнге созылған ауқым-
ды іс-шараның жабылу салта-
натында Ақтоғай ауданының
әкімі Салтанат Әбеуова, білім
беруді дамытудың облыстық
оқу-әдістемелік
орталығының
директоры Гүлсім Қожахметова,
профессор, техника ғылымда-
рының кандидаты, білім беру
саласының ардагері Сәбит Қон-
таев, облыстық туристік клуб ди-
ректоры Сергей Кистанов бала-
лар қойған қызықты сұрақтарға
тұшымды жауап берді.
300 адамды қамтып, 5 бағыт,
11 номинация бойынша өткізілген
сайыстар қорытындысы нәти-
жесінде 1-орынды Ақтоғай ауда-
нының командасы қанжығасына
байлады. 2-орынға Балқаш қа-
ласының командасы ие болса,
3-орын Саран қаласының коман-
дасына бұйырды. Жеңімпаздар ку-
боктар және бағалы сыйлықтарға
ие болды. Ал қалған қатысушы ко-
мандалар туризм және өлкетану
бағыттары бойынша номинация-
лармен марапатталды.
Форумға қатысқан барлық ко-
мандаға Қарағанды облысының
әкімі Ерлан Қошановтың атынан
«INTELLECTUM» кабинетін жаб-
дықтауға 1 миллион теңгелік сер-
тификат табысталды. Салтанатты
іс-шарада Ақтоғай ауданы «Әуен»
ансамблінің бүлдіршіндері өнер
көрсетіп, көрермендердің ыстық
ықыласына бөленді.
Айнұр ЕГІНБАЙ
Қарағанды
туған жер
Қарағанды облысында туристік-өлкетану
экспедициялық жасақтарының форумы өтті