«Қазақстаным!» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жүлделі II орынды,
Ақылбекқызы Қарақат ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы,Ұлы Жеңіс күні құрметіне арналған «Ғылым және өмір»,
«Мәңгі ел», «Қазақстаным!» республикалық ғылыми-практикалық конференциясынан І орын алды.
Әдиева Әсем
Шетпе гимназиясы
«Полиглот» тіл білгірлер сайысында ауданнан I орын,
облыстан III орын алса, Абдуллаева Ақбөбек «Абай оқулары» сайысы, ауданнан I орын, Қазыбекова Маржан
Жыршылар сайысынан аудандықтан бас жүлде, облыстан III орын, Ерболұлы Бек «Ізгілік-өмір нәрі» жобасы,
«Қайырымдылық» тақырыбына сурет салудан ауданнан I орын, облыстан
III орын, Бердібаева Гүлнұр
М.Әбдіхалықов еңбектерінің тәрбиелік мәні тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауынан облыстық,
Шетпе гимназиясы» құрама командасы «ЭКСПО 2017-балалардың көзімен» КТК байқауынан облыстан III
орын, Оңайжанова Гүлдана үш тілде шығарма жазудан облыстан II, III орындарды иеленді. Облыстық пәндік
олимпиададан Нұрлыбекқызы Ақжарқын, Нұрлыбекова Арайлым, Ғалым Динара жүлделі орындарға ие болды.
Аудандық деңгейде Қуанова Перизаттың Ұстаз мұраты-шығармашылық ізденіс және кәсіби даму, А.Елеуованың
Мұғалім –мәңгілік нұрдың қызметшісі тақырыбында іс-тәжірибелері таратылған. Педагог қызметкерлердің
шығармашылықпен жұмыс жасауы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Биылғы оқу жылының мақсатын мектеп ұжымы «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, білім сапасын арттыру, білім беруде «Мәңгілік
Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру деп алып шығармашылықпен жұмыс жүргізіп келеді.
АРДАГЕР ҰСТАЗДАР
Мусабаев Бекбосын Балықбайұлы
(1948-2009жж)
1948 жылы 24 щілдеде Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
2001-2002 оқу жылында ашылған «Шетпе гимназиясы» ММ –нің директоры
болып тағайындалып, өмірінің соңы, яғни 2009 жылға дейін қызмет атқарды.
Гурьев педагогикалық институтын математика пәнінің мамандығы бойынша
бітірген.
Марапаттары: «Ы. Алтынсарин медалінің» иегері. ҚР Білім беру ісінің үздігі. ҚР
Президентінің «Алғыс хаты», Маңғыстау облысына 35 жыл төсбелгісінің иегері.
Аудан облыс әкімінің «Алғыс хаты», «Құрмет грамоталары».
Сарсенбаев Ағатай Оразбайұлы
(1947-2016жж)
1947 жылы 25 тамызда дүниеге келген.
1966-1980 жылдар аралығында Шетпе мектептерінде мұғалім, 1981 жылдан 2010
жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық білім бөлімі басшысының
орынбасары қызметін атқарған.
2010-2015 жылдары Шетпе гимназиясында менеджер болып жұмыс жасап келді.
Ұзақ жылғы қызметі бағаланып Қазақ ССР-і Халыққа білім беру ісінің үздігі
атағын иеленіп, ҚР Үкіметі мен Білім беру министрлігінің грамоталарымен
марапатталған.
4
Дүйсембаева Аққалам Үркімбайқызы
1950 жылы 30 қарашада Гурьев облысы,Маңғыстау ауданы,Жыңғылды селосында
дүниеге келді.1973 жылы Алматы қаласы,Қыздар педагогикалық институтын
география-биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2004 – 2005 оқу
жылынан бастап Шетпе гимназиясында директордың бейін жөніндегі орынбасары
қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары: ҚР Білім беру үздігі белгісі, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің
«Құрмет грамотасы», Аудандық, облыстық білім бөлімдерінің «Алғыс хаты», ҚР 20
жыл, Маңғыстау облысының 40 жылдық медальдары.
Сатанбаева Жанира Қайысбаевна
1954 жылы 14 ақпанда Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосында
дүниеге келді. 1976 жылы Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищені бастауыш
сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылдан бастап Шетпе
гимназиясында қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.
Марапаттары: ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хаты», Аудандық,
облыстық Білім бөлімдерінің «Құрмет грамотасы»
Қондыбаева Рая Дендерқызы
1955 жылы 3 мамырда Атырау облысы Забурын селосында дүниеге келген.1976 жылы
Атырау педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика пәнінің
мұғалімі бойынша бітірді.1980 жылдан бастап Шетпе селосындағы №3 орта мектепте,
2002 жылдан бастап Шетпе гимназиясында қызмет атқарды. 2015 жылдың
қыркүйегінен бастап зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары: ҚР ғылым және білім министрінің «Алғыс хаты», облыс әкімінің
«Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы», аудан әкімінің
«Алғыс хаты».
5
БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ІСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
"Шетпе гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің директоры:
Нұрмағамбетова Гүларша Жалпакбайқызы
Әлемдегі жаhандану үдерісі, сын-қатерлер, қарқынды өзгерістер әлемдік білім
беру жүйесін қайта қарауды талап етуде.
ХХІ ғасырда дамыған елдер арасында білім беру саласына реформа жүргізбеген
бірде-бір ел жоқ. Бұның өзі жаһандану, технологиялар, демографиялық
өзгерістерге білім беру жүйесі арқылы қалай ықпал етуге болатындығын түсінуге
әкеледі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «100 нақты қадам» - Қазақстан
Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын
жариялады. «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап
екендігін ашып айтты.
Ертеңгі еліміздің экономикалық гүлденуінің негізі, жастардың жарқын болашағы- балаларымыздың қазіргі
білім алу деңгейінен, мектептердің атқарып отырған жұмыстарынан көрінетіні анық. Сондықтан болар, барлық
әлем елдеріндегі білім саласындағы жүргізіліп отырған реформалардың мақсаты – мектептерде «ХХІ ғасырда
нені оқыту керек» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырдаөмір сүруге қалай дайындайды?» деген
сұрақтардың шешімін табу болып отыр. Сол себепті, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұрған болатын. Бұл туралы Білім және ғылым
министрі А.Сәрінжіпов 10 шілде (2015ж) күнгі өзінің хабарламасында: «БізҚазақстан президентінің
тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар енгізілді. Онда білім
беруден бұрын, оқушыларға машық пен дағдыны қалыптастыруға үлкен мән беріледі»- деген болатын. Әрине,
бұл айтылған жаңа бағдарламаның өміршең болуы мектептердің,соның ішінде мұғалімдердің қолында.
Кезінде М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі»- деген екен.Ал, ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов: « Егер елдің жағдайын
білгің келсе мектепке бар»-деп ескертеді.Олай болса, қазіргі таңда мектептер өз жұмысын қалай орындап отыр.
Мектепте қандай ұстаным, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен дәстүрлер басым. Мектеп мұғалімдері
жаңа бағдарламадағы оқушыларға қажетті машықпен дағдыны бере ала ма? Оларда, (мұғалімдерде) білім беру
мазмұнының жаңаруы туралы түсінік қалыптасқан ба? ... деген сұрақтар туындайды. Елбасы тапсырмасымен
«Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдары, Педагогикалық шеберлік орталықтары,
Кембридж Университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
курстары жүргізілуде.Курс бағдарламасы;«Білім беру басшыларының рөлі қазіргі Қазақстан қоғамының
маңызды мамандықтарының бірі болып саналады. Және оларға белгілі бір талаптар қойылады»,- деп көрсетеді.
(Басшыға арналған нұсқаулық.8-бет) Атап айтқанда, олар;
•
еліміздің болашақ білім беру кескінін құруға көмектеседі.
•
білімнің жекелеген адамдардың өміріне игі ықпал етіп, қазір және болашақта Қазақстан халқына пайда
әкелетініне сенеді.
•
балалар мен жасөспірімдерді сын тұрғысынан ойлай алатын өзіне сенімді, қалай оқу керектігің білетін
шығармашыл, табысты адам болып дамуы үшін жауапкершілік алады.
•
білім беру саласындағы жетекші маман.
•
оқушыларды, қызметкерлер мен қоғамдастық мүшелерінің барлығын оқыту үдерісін үнемі жетілдіріп
отыруға ынталандырады.
•
кәсіби қарым-қатынас пен құрылым құруға және оған қолдау көрсетуге шебер.
•
күрделі және шиеленіскен жағдайда да жұмыс істей алады.
•
бәріне оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік беретін шығармашыл және жаңашыл шешім іздеу мақсатында
басқалармен бірлесіп жұмыс істей алады.
•
барлық оқушылардың үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жағдайлары жақсы болуын қамтамасыз ету үшін
көп адамдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қоғамдастықты құра алады және оған қолдау көрсете
алады.
Осылайша, өз жұмысында жоғары нәтижеге қолма- қол жетуге болатынын түсіну үшін оларға көшбасшылық
дағдыларды игерумен қатар, соңғы жаңалықтар туралы үнемі хабардар болып, тиісті білім мен түсінік
қалыптастыру керек деп тапсырады. «Көшбасшылық пен басқару екеуі екі түрлі, алайда екеуі де тең көлемде
маңызды. Жақсы басқарылатын, бірақ көшбасшылық қабілеті жеткіліксіз, ұйымдар түптіңтүбінде мақсаты мен
рухынан айырылады (Боулман және Дил 1997) деп сипаттайды. Сондықтан болар, Білім беру басшылары өз
бойында көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру қажет деп түсіндіреді. «Мектептегі табысты көшбасшыбасқаны
үйретуге даяр, табанды(мәселен, жоғары төмен үдерісінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында;
іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), (Лейтвуд, 2006) деп
6