Сарсенбаев Бахытбек Абаевич



жүктеу 167,93 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі167,93 Kb.
#11377

Сарсенбаев Бахытбек Абаевич

«Жас өркен» колледжінің «Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы


Қ Ұ Р Ы Л Ы С М А М А Н Д Ы Ғ Ы Б О Й Ы Н Ш А

«ҮЗДІК СЫЛАҚШЫ ЖӘНЕ ҮЗДІК ТАС ҚАЛАУШЫ»

Б А Й Қ А У Ы Н Ө Т К І З У Ә Д І С Т Е М Е С І
1. Байқауды өткізудің мақсаты.
Байқау оқушылардың «Жұмысшы мамандықты игеру» оқу тәжірибесінен алған білімінің қорытындысы. Мақсаты – семестр мерзімінде «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру» пәнінің «Құрылыс өндірісінің технологиясы» бөлімінен алған біліміне сүйене отырып, үйсімді құрылған ғылыми ұғымын пайдалану. Байқау кезінде оқушы өз бетімен дербес техникалық шешімдер қабылдап, техника – экономикалық есептерге сүйене отырып сылақ және тас қалау процестерін жүргізеді. Конкурс нәтиежесі келешек диплом жобасының технологиялық бөліміндегі өндіріс процесінің технологиялық картасын өз бетінше жетекшілердің бақылауымен орындай алатынын сипаттайды.

2. Байқауды ұйымдастыру жұмыстары.

Байқау «Үйлер мен ғимараттарды салы және пайдалану» мамандығының тас қалаушы «екілік» және сылақшы «екілік» звено құрамын құрайтын «Жұмысшы мамандықты игеру» оқу тәжірибесін игерген оқушылар қатысады

Байқауды өткізуде сылақ және тас қалау жұмысының көлемін, оған қажетті құрылыс материалдарын, құрал саймандарын, жұмыс киімдері мен жүргізу орнын байқау өткізетін жетекші ретінде алдын-ала талқыға салып, қатысамын деуші ынталы оқушылар таңдалып алғаннан кейін жинақтап цикл комиссиясында қаралып мақұлдануына ұсынылады.

Байқауды Қызылорда қаласының алдыңғы қатарлы құрылыс мекемелерінің құрылыс алаңында немесе колледжінің №18–ші арнайы құрылыс оқу зертханасында орындалған тиімді, себебі зертханада, жарыс жүргізу алдында керекті оқулықтар, құжаттар, стілер мен макеттер, анықтамалар және құрылыс процесін жүргізу үлгілері болады.

Байқаудың өткізілуі барысында «Жұмысшы мамандықты игеру» оқу тәжірибесінен «сылақшы» және «тас қалаушы» кәсіби жұмысшы мамандығының игергендерін іс жүзінде иемденуіне 1401213 -құрылыс мамандығының арнайы құрылыс пәндерін жүргізуші оқытушыларына жүктеліп, негізгі жетекшінің бақылауында болады. Цикл комиссиясы дайындық жұмысының сапасын тексеріп, дайындығын анықтап бөлім меңгерушісіне мәлімет беріп отырады.

3. Байқаудың тәжірибелік бөлімі.

3.1. «Үздік тас қалаушы».

Тас қалау жұмыстары жайында жалпы мәліметтер.

Қыш құрылымы қабырғаларының орындалуы ішкі және сыртқы өрілімнен және ортаңғы толтырмалардан құралады. Қыш элементі алты жақтардан, яғни қарама қарсы 2-кі төсеніштен, 2-кі бүйірден және 2-кі түйіскіден құралған.

Егер сыртқы өрілімі үзын жақ бетімен қаланса бүйірлі қатар деп, ал егер қысқа жақ бүйірімен қаланса түйіскі қатар деп аталады. Сыртқы мен ішкі өрілімі ортасының қалануы толтырма деп аталады.

Қабырғаның енін қыш кесектің ұзын өлшеміне қарай бір кірпішті – 25 см, жарты кірпішті – 12 см, бір жарым кірпішті -38 см, екі кірпішті – 51 см және соңғы МЕСТ талабы бойынша жылытылатын үй ғимараттардың сыртқы

қабырғаның қалыңдығы – екі жарым кірпішті – 64 см.

Қабырғалардың өрілуі тұтас және ойықты болып орындалады. Ұзын қабырғалардың беріктілігін қамтамасыздандыру үшін арнайы тік бұрышты вертикальды, көбіне әр 6 метр сайын пилястрлерді өреді.

Қабырғаның жоғарғы бетін, яғни төбесін қорғайтын бетін парапет деп аталады. Парапет қыш – кесектен шығыңқы қылып орындалып төбесі цементтік ертіндімен әрленеді, яғни төбесін нөсерден қорғап тұрады. Көбіне парапетті темірбетонды плиталармен орындап шығады.

Қабырға бойымен инженерлік техникалық жүйелер жүргізілетін болса, арнайы ұзына бойы сылақ астында қалатын ойықтар – жіктер қалдырылады. Жіктердің өлшемі кірпіштің өлшеміне ( тереңдігі, ені ) сәкестендіріліп орындалады. Жылу жүйелері орналасатын жерлері арнайы терезе асты ойықшалар қалдырылып өріледі.

Қыш қабырғалардың элементтері ретінде штрабалар қалдырылады. Штрабалар вертикальді және қиғаш құламалы болып орындалады. Вертикальді штрабалар кезегімен кейін, келешекте бөлме аралық қабырға өрілетін жерледе қалдырылады. Қиғаш штрабалар өріліп отырған қабырғалар уақытша тоқтатылғанда қалдырылатын қалану.

3.1.1. Қыш қалану технологиялық картасы

Қыш – кесек қабырғаның горизонтальді түзу өрілуі

Қыш – кесек қабырғаның горизонтальді түзу өрілуіне арнайы керме жіптерді екі жағынан тартылу арқылы орындалады. Керме жіп бұрыштық қалаудың жоғарғы қатарына «жүздік» шегемен горизонталь жігіне бекітіп келесі бұрыштың сол қатардағы жігіне бекіту арқылы жүргізіледі. Ортаңғы жері бос иіліп жатпау үшін қаланудың ортасынан қышпен немесе арнайы қыш өлшемді ағаш элементімен түзулігін ұстап тұрады.



Қыш – кесектерді беріп тұру және текшелеп жинау.

Іс жүзінде кірпіштерді қалану үстіне жинау екі тәсілмен жинақтайды:



  • кірпіштерді қабырға бойымен ұзына бойы жалпағымен жинақтайды, ол үшін бүйірлі қатар үстіне бір-бір кірпіштен, ал түйіскі қатарлар үстіне екі-екі кірпіштен;

  • кірпіштерді екі-екіден қатарластырып бүйірлі қатар үшін және перпендикулярлы қатарластырып түйіскі қатарлар үшін жинақтау.

Екінші тәсіл қыш қалаушылар мен көмекшілерге өте тиімді болып келеді. Ал толтырмалар үшін екі-екіден бүйірлетіп өрілім қатарлардың біреуіне жинақтайды.

Ерітінділерді төсеу.
Қуыс жікті қалануға ертінділер бүйірлі қатарлар үстіне 7 – 8 см төселінеді, ал түйіскі қатар үстіне 20 – 22 см, қалыңдықтары 2,5 – 3 см.

Толдық жікті қалану үшін ерітінді өрілу бетіне 1 – 1,5 см шығыңқы болып келеді. Толтырмалар үшін ертінді ұзына бойы тізбекті төселінеді.

Ертінділер жұмсақ, пластикалық, ыңғайлы төселімді, біркелкі түйіршіксіз болуы қажет. МЕСТ бойынша ертіндінің қоюлығы стандартты конустың ертіндіге ену тереңдігі 90- 130 мм болуы тиісті.

Тас қалаушылар звено құрамына жұмысшы және тексеру- өлшегіш құралдары кіреді. Құралды қондырғылар сылақты тегістеу, сылақтың артық жерлерін жөндеу үшін пайдаланылады.

Тас қалау негізінде тас қалаушылар көптеген тексеру-өлшегіш құралдарын пайдаланады. Оларға: - өлшегіш лентанар, деңгейліктер, бұрыштама, үлгілер жатады.

Горизонталь қатарлардың біртектестігін және горизонталь жіктердің қалыңдығының бірқалыптылығын сақтау үшін керме жіптері пайдаланылады. Олар бұрыштағы немесе аралық кесектерге орнықтылады.

Бұрыштама кірпіштер бұрыштың вертикальдығын қаланған кірпіштердің қалыңдығының біртектестігін және биіктік белгілерін тексеруге сонымен шнурларды бекітуге пайдаланылады.

Жұмыстық орындарды пайдалану үшін ағаштан немесе темірден жасалған қондырғылар пайдаланылады. Жұмыс алаңдарына кірпіш қалауға қажетті заттар құрғақ түрінде жеткізіледі де сол жерде жасалады. Объект басына кірпіштер инвертарлық қондырғылар арқылы жеткізіледі.

Жұмыс орындарын тиімді пайдалану үшін, тас қалаушыларға төменгі шарттарды орындау қажет: Тас қалаушының жұмыс жасау аумағы 60-70 см материалдарды жинау аумағы қалауға қажетті заттар аумағы 60-100 см болуы қажет. Кірпіштер тұрған жабдықтар мен тас қалауға қажетті заттар салынған жәшіктің арасы 30 см.

Жалпы жұмыс жасалатын кеңістіктің ені 200-250см болуы тиіс. Жұмыс тоқтаусыз жүру үшін екі аумақты жүйелер пайдаланылады.

Бірінші бөлікте тас қалау жұмыстары жүргізілсе, екінші бөлікте тас қалауға қажетті қондырғылар дайындалады. Тас қалауды екі адамдық звенолар жүргізеді.

Зертханада жүргізілетін байқау, биіктігі 1,20 м , ендері 0,51х0,51 м –лік қыш – кесек бағана, өткізілу уақыты -1 сағат 15 минут.

Қолданылатын құрал саймандар мен өлшегіш жабдықтар-тас қашаушы кирка мен ертінді төсегіш қалақ, өлшегіш тер-вертикальді түзулігін тексеретін ауырлық пен қаланған беттерінің тегістігін тексеретін тегіс тегіш. Ерітінді ретінде-құм аралас сазды топырақ. Байқау өткеннен кейін, бағана бұзылып қыш-кесектер текшеге текшеленіп, ертінділер астауға жиналып орындары тазаланып келесі байқау сайысына дайын тұрады.
3.2. «Үздік сылақшы»

3.2.1.Сылақ жұмыстары жайында жалпы мәліметтер.

Сылақ кабаттары.

Жәй слақ екі қабаттан-қара сылақтан жане негізгі сылақтан тұрады, ал

жақсартылған жане жоғары сапалы сылақ үш кабаттан-қара, негізгі жане әрлеу сылағынан құралады.

Қара сылақ- сылақтың алғашқы қабаты. Қолмен жаққанда қалыңдығы -3-5 мм, ал насоспен айдап жаққанда ағаш қабырға бетінде, калыңдыгы 9 мм-ден, тас, бетон, қыш кесек қабырғаларда қалыңдығы – 5 мм-ден аспайды. Қолмен жағылатын ерітіндінің қоюлығы стандартты конустың 8-12 см батуына сайкес болу керек. Қара сылақ жағар алдында қабырға сумен ылғалдану қажет.



Қара сылақ - қабырға бетінің барлық қуыстары мен кедір-бүдір жерлеріне енеотырып, онымен мықтап ілінісіп келесі негізгі сылақпен әрлеу сылағын ұстауғасебепші болады. Қара сылақ ерітіндісі неғурлым дұрыс дайындалып жағылғансайын, соғұрлым кедір-бүдір жерлерді жақсы толтырады, кабырға бетімен соғұрлым - мықтырақ ілініседі және сылақ та бекімірек тұратын болады.

Негізгі сылақ – сылақтың екінші кабаты. Негізгі сылаққа арналған ерітінді қара сылақ ерітіндісінен гөрі қоюлырақ болады. Қоюлығы стандартты конустың батуына сәйкес гипссіз негізгі сылақ үшін 7- 9 см, гипсті сылақ үшін - 8 - 10 см.

Негізгі сылақ–жағылатын сылақтың ең басты қабаты (көлемі жөнінен ). Ол сылақтың қажетті қабатын құрайды және қабырға бетін тегістендіреді.

Егер сылақ қалың болуы тиіс болса, онда негізгі сылақты бірнеше қабат етіп жағады. Оның әр қайсысының қалыңдығы әкті және әкті-гипсті ерітінді болганда – 7 мм-ден және цементті ерітіндіде – 5 мм-ден аспауы қажет. Негізгі сылақ қабырға бетін өте жақсы тегістейді.

Әрлеу сылағы – сылақтың үшінші қабаты. Оның қалыңдығы – 2 мм. Әрлеу сылағы үшін ерітінді тор көздері 1,5х1,5 миллиметрлік електен өткізілген майда құмнан дайындайды. Әрлеу сылағының қоюлығы -10-12 см батуына сәйкес болуы тиіс. Әрлеу сылағының ерітіндісі негізгі сылақ үстіне қолмен немесе механизмен мұқият тегістей отырып жағады. Әрлеу сылағы жұқа , жұмсақ қабат қурайды, ол жеңіл ысқыланады немесе жағылады.

Сылақ қабаттарын қабырға бетіне әр түрлі әдістермен – лақтыра тастап немесе жағып жүргізеді. Қара сылақ және негізгі сылақтың бірінші қабатын ой-шұқыр жерлерге жақсы енуі және қабырға бетімен бекем ілінісуі үшін лақтыра тастайды. Негізгі сылақтың екінші және басқа қабаттарын жағуға болады. Әрлеу сылағын лақтырады немесе жағады.


Лақтыра тастау.
Жұмыс жасау үшін ерітінді жәшігі, сылақ қалағы және сокол қажет. Ерітінді жәшігі сыланатын қабырғаға мүмкіндігінше жақын болғаны дұрыс. Ерітіндіні соколға қалақпен салады. Ол үшін сокол бір ұшымен жәшік шетіне қойылып екінші жағы 10 см көтеріңкі болады. Егер ерітінді сұйық болса сокол горизонталь бағытта орналасады.

Қабырғаны сылағанда соколды соған қарай сәл еңкейте ұстайды. Соколдан әр тастам ерітіндіні соколдың жақтауынан ортасына қарай ысыра отырып бір ұшымен немесе бір қырымен көсіп алады. Қалақшамен тастау кезінде бүкіл қол емес, оның тек буыны ғана жұмыс жасайды. Бұл үшін сілтеген қалақшаны сермей де, оны кілт тоқтата алу қажет. Тым катты сілтеуге де болмайды себебі ерітінді шашырап кетуі мүмкін. Сілтеу күшінің шамасы ерітіндінің қоюлығына және жағылатын қабаттың қалыңдығына байланысты.

Мәселен, жұқа етіп жағу үшін күштірек ырғыта сілтейді, сонда сылақ жәйлі жұғады. Қалың жағу қажет болғанда қалақты жәй сілтеу керек.

Сылау процесінде ерітіндіні әр түрлі бағытта:

оңнан солға қарай және солдан оңға қарай жағуға тура келеді, бұл ерітіндінің қай жерге жағылатынына байланысты. Ең ынғайлығы – солдан оңға қарай сілтеу.

Үй төбесін сылағанда ерітіндіні артына қарай, өзі тұрған жерінің үстіне, алға қарай тастай жағуға тура келеді. Алға қарай жаққанда, қалақ және тастам ерітінді сылақшының алдына қарай бағытталады. Өзі тұрган жерінің үстіне қарай лақтырғанда, ерітінді дәл оңға қарай сілтенуі тиіс. Егер ерітінді артқа қарай немесе иықтан асыра сілтеу керек болса, онда ерітінді сылақшының желке тұсына түсіп жатады.


Жағу.

Жағылатын ерітінді тым қою болмауы тиіс. Қою ерітіндіні пайдаланғанда аспапты қаттырақ қыса ұстау қажет, болмаса сылақ қабаты онша нығыз болмайды да арасында көптеген қуыстар қалып қояды.

Ерітіндіні соколмен, қалақпен және андамамен ( полутерка ) жағады.

Тегістеу.
Соколмен тегістеу жағумен бірдей тек соколда ерітінді болмайды. Тегістеу көбине андамамен орындайды. Андамамен ерітінді жағылған қабырға бетіне тақайды, жоғарғы қырын көтеріңкіреп, қабырғамен төменнен жоғарыға қарай, ал үй төбесімен жүргізгенде өзіне қарай жылжытады.

Ерітіндінің мол жағылған жері ысырылып, андама бетіне жиналады. Кемдеу түскен жеріне жиналған ерітінді жағылады. Кей жерлерде ерітіндіні сылып тастау керек.

Ерітіндінің тегістелуі дәлірек болуы үшін андамамен қабырға бетімен алғашында вертикаль, содан соң горизонталь, ал үй төбесінде алдымен ұзына бойлай содан соң көлденең жүргізеді.

Түзеткішпен ( правило ) қабырға бетінің түзулігін әрі тексереді, әрі қосымша тегістеп шығады. Түзеткішпен сылақ бетінің барлық бағытына қойып, көріп, тегіс емес жерлерін сол сәтінде түзетіп отырады.

Сылақ жұмысының байқауы оқу зертханасында, тас қалау байқауында сыналған қыш-кесек бағанасын құм аралас әк ерітіндісімен «екілік» звено құрамымен тәуір сылақпен жүргізіп сынақталады. Қолданылатын құрал саймандар – төрт бұрышты жалпақ қаңылтырлы ерітінді жинағыш, қалақ, аңдама мен ысқыш және сапасын тексеріп реттейтін рейка-реттегіш. Байқау өткізу мерзімі – 1сағат 30 минут.

3.3. Байқаудың талабы.

3.3.1. Сылақ сапасына қойылатын талаптар:

Сылақ қалыңдықтары- 12 мм дейін қарапайым,-15 мм дейін жақсартылған және 20 мм дейін жоғары сапалы. Сылақ қабырға бетімен берік ілінісуі, қабыршақтанбауы тиіс, сыртқы беті кем-кетіксіз жақсы ысқыланған болуы керек.

Қабырға бетінің тегіс емес екендігін оның бетіне ұзындығы екі метр түзеткішті әр түрлі бағытта – вертикаль, горизонталь, қиғаштай қоя отырып байқайды.
Қабырға бетінің кедір-бүдірлігі:

Қарапайым сылақ үшін – ойық тереңдігі 3 мм ден ал төмпешіктігі – 5 мм ден аспайтын, жақсартылған сылақ үшін – ойық тереңдігі 2-3 мм ге дейін ал төмпешіктігі – 2 мм ге дейін, ал жоғары сапалы сылақ үшін 2 мм ге дейін ғана рұқсат етіледі.

Қабырға бетінің ауытқуы:

Вертикаль бойыншақарапайым сылақ үшін-15 мм, жақсартылған сылақ үшін – 10 мм( 1 метр биіктікке -2 мм), ал жоғары сапалы сылақ үшін 5 мм( 1 метр биіктікке -1 мм).

Горизонталь бойыншақарапайым сылақ үшін-15 мм, жақсартылған сылақ үшін – 10 мм ( 1 метр ұзындыққа -2 мм), ал жоғары сапалы сылақ үшін 10 мм( 1 метр ұзындыққа -1 мм).

Бұрыштар ( ішкі-сыртқы) үшін - қарапайым сылақ үшін-10 мм, жақсартылған сылақ үшін 1 метр ге -2 мм, элементтің бүкіл биіктігіне 5 мм, ал жоғары сапалы сылақ үшін 1 метр ұзындыққа және биіктікке -1 мм ден аспау қажет.

3.3.2. Тас қалаудың сапасына қойылатын талаптар:

Қыш құрылымдағы негізгі салмақ көтеруші қыш кесек болуына байланысты, оның құрылымда орналасуы келесі ережелермен, яғни қағидалармен жіктелуі қажет:

а) бірінші қағида – қыш кесектің кең төсеніш беті күшке перпендикуляр және қыштардың қабаттасып орналасуы. Әр қатардағы қыштың жылжымауын қамтамасыздандыру;

б) екінші қағида – ішкі вертикаль жіктері сыртқы бетіне параллель және перпендикуляр болуы ( ұзына бойы және көлденең вертикаль жіктері қуыс болмау қажет – болмаса қабырғалар бөлшектеніп ыдырап кетуі мүмкін. );

в) үшінші қағида - әр қатардың сыртқы вертикаль жігі төменгі қатардағы вертикаль жігінен жарты қыш, 1/3 немесе 1/4 не қалыс болуы. Сонда жоғарыдан түскен салмақ бүкіл қабырға бойы төмен қарай бірқалыпты таралады.

4. Конкурстың теориялық бөлімі.


Үздік тас қалаушы



Сіздің алдыңызда мына төмендегі берілімдер бойынша ғимараттың қабырғасын кірпіштен қалау технологиясы мен ұйымдастыру жұмысын есепті өз бетіңізше техникалық шешім бойынша қабылдау мәселесі тұр:

  1. Қаңқасыз үш қабатты тұрғын үй кешені

  1. Өлшемі 72 × 60 м

  2. Қабаттың биіктігі 3 м

Білімдердің, дағдылар мен машықтардың конструцияланған түрлері

Материалдар шығынын анықтай білу

Кірпіш қалау техникасын орындалуын білу

Кірпіш қалауды орындау жұмысын ұйымдастыра білу

Тас қалау кезіндегі техникалық қауіпсіздікті білу



Орындаудың

мөршерленген

уақыты, мин.


150 мин


Тапсырмаларды орындауды бағалау критерийлері


Марапатталу

Тапсырмаларды орындаудың

технологиясы

  1. Қабырға қалыңдығы 2 кірпіш, 3 кірпіш және 1,5 кірпіш аралықтарындағы қалыңдығын анықтау

  2. Тас қалаушы өндірісі кезінде бақылау-өлшеуші құрылғының негізін түгелдеу

  3. Тас қалаушы жұмыс орнын ұйымдастыру

  4. Звеноның құрамы: екеу, үшеу, бесеу, алтау

  5. Материалдың негізгі шығынын анықтау: кірпіш пен ерітінді 690 м3 қалау, егер 1 м3 –та 0,4 мың дана кірпіш және 0,23 м3 ертінді керек етеді

  6. Тас қалаушының жұмыс орнына материалдарды жеткізуді ұйымдастыру

  7. Тас жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар

Қажетті жабдықтың тізбесі

Калькулятор, қағаз, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қалам

Шығыс материал-дардың тізбесі





Үздік сылақшы

Сіздің алдыңызда мына төмендегі берілімдер бойынша ғимараттың сыртқы бетін жақсартылған сылақпен әрлеу үшін есепті өз бетіңізше техникалық шешім бойынша қабылдау мәселесі тұр:

  1. Әкімшілік-тұрмыстық бес қабатты кірпішті ғимарат

  2. Өлшемі 18 × 96 м

  3. Қабат биіктігі 3 м

  4. Сыртқы қабаттағы ойықтар ауданы 665 м2

Білімдердің, дағдылар мен машықтардың конструцияланған түрлері

Жұмыстың санын анықтай білу

Сылақ жұмыстарын орындау технологиясын білу

Сылақ жұмыстарын ұйымдастыра білу

Материалдар шығынын анықтай білу

Сылақ жұмыстарын сапасын бақылап өткізе білу

Сылақ жұмыстарын өткізу кезіндегі техникалық қауіпсіздікті білу



Орындаудың

мөлшерленген

уақыты, мин.

150 мин


Тапсырмаларды орындауды бағалау критерийлері

Марапатталу

Тапсырмаларды орындаудың

технологиясы

  1. Жұмыс орнын анықтау (сылақ ауданы)

  2. Сылақшылар бригадасының жұмысын ұйымдастыру

  3. Суландыру құрамын таңдау

  4. Қажетті машина және механизмдердің саны мен түрін анықтау

  5. 100 м2 жақсартылған сылаққа сылақ қоспасының 1,89 м3 мөлшер кезіндегі материалдар шығынын анықтау

  6. Сылақ жұмыстары бойынша сапаны бақылау іс-шараларын түгелдеу

  7. Сылақ жұмыстары кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар.

Қажетті жабдықтың тізбесі

Калькулятор, қағаз, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қалам

Шығыс материал-дардың тізбесі







  1. Жюри құрамы. Марапатталуы.

Жюри құрамы:

  • Тобашов М.Ш.-төрағасы, колледж директоры;

  • Садықов С.- ТОО «Альянс» құрылыс мекемесінің бас инженері ;

  • Қызылорда қаласының алғы шептегі құрылыс мекемесінің құрылыс шебері;

  • Қызылорда қаласының алғы шептегі құрылыс мекемесінің жоғары лауазымды сылақшы мен тас қалаушы.

Марапатталуы.

Жүлдегерлер дипломдары мен бағалы сыйлықтар.



Байқауға қатысушыларды бағалау

    1. тәжірибелік байқау

а) тас қалаушылар

Рет

саны

Сайысқа түсуші

тас қалаушылар

Жұмыс

киімі

Эмблема

Сапасы

«3»,«4»,»5»

Уақыты

1 с.-30 мин

1

І -звено













2

ІІ -звено













б) сылақшылар

Рет

саны

Сайысқа түсуші

сылақшылар

Жұмыс

киімі

Эмблема

Сапасы

«3»,«4»,»5»

Уақыты

1 с.-30 мин

1

І -звено













2

ІІ -звено
















    1. теориялық байқау

а) сылақшылар

Рет

саны

Сайысқа түсуші

сылақшылар

Билет



Бағасы

«3»,«4»,«5»

Уақыты

2с-30мин

1

І -звено










2

ІІ -звено










б) тас қалаушылар

Рет

саны

Сайысқа түсуші

тас қалаушылар

Билет



Бағасы

«3»,«4»,«5»

Уақыты

2с-30мин

1

І -звено










2

ІІ -звено











Үздік тас қалаушы звено - ______ Үздік сылақшы звено - ______

Төрағасы______________ Хатшысы_____________

Резюме

В статье автор представляет
жүктеу 167,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау