3. Әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістері
Сапалы әдістер (этнографикалық, жергілікті микросоциум талдау ретіндегі тарихи зерттеу жүргізу әдісі, оқиғалар зерттеу әдісі, биографиялық әдіс, нарративті (баяндау) әдісі ) – мәліметтерді интерпретациялау(талдау) мағынасы. Сапалы әдістрер қолдану барысында бастапқы мәліметтерді алу мен мазмұнды талдау кезеңдері арасында нысандандырылған математикалық операциялар түйіні болмайды.Ол кең түрде танымал және қолдаңбалы мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі болып келеді.
Алайда, сапалы әдістер өз қатарына ақпарат жинақтайтын және өңдейтін сандық әдістер түрлері кіреді. Мысалы, құжат-талдау, бақылау, сұхбат.
Маңызды шешім қабылдау сәтінде берілген варианттардың ішінен ең жақсы әрі нақты бағыт таңдау үшін «шешім ағашы» және «мақсат ағашы» қолданылады. Олар шешім қабылдайтын мәселелерді сипаттайтын схемалардан тұрады. Мақсаттардың құрылымды схемасын кесте немесе графикалық тәсілдер арқылы көре аламыз. Графикалық тәсіл кестеге қарағада бірнеше артықшылықтарымен ерекшелінеді: біріншіден, ақпараттарды үнемді түрде өңдей алады; екіншіден, дамыту алгоритм жедел түрде құруға болады; үшіншіден, графикалық тәсіл өте көрнекті болып келеді. «Мақсат ағашы» ең таңдамалы альтернатив ұсынуға және құрастырылатын жүйелерді және олардың арасындағы байланысты бағалау мүмкіндік береді.
Д.С.Клементьев байқап кеткендей, әлеуметтік зерттеулер сапалы әдістерді тиімді орындалуы тек этикалық нормалардың әлеуметтік факторларға қарағанда басымырақ боған кезінде ғана іс жүзіне асады. Онымен қоса басқару ортасында істің шындығы жайлы туралы сұрақтарына жауап берген кезінде, нақты ақпараттар (эмпирикалық мәліметтер) жинау барысында зерттеу құбылысының сипаттамаларына жүгінгенде, әлеуметтанушы жалпы қабыданған «парасатты мағынаға», «әдеттегі логикаға» немесе діни және саяси авторитеттердің апелляцияларына сүйенбеуі қажет. Тест құру барысында әлеуметтанушы тек басқаруды ғана емес, онымен бірге манипуляцияны көздеуге бағытталған бұрмалаушылықтардан бас тартуы қажет. Әлеуметтанушыға арналған тағы да бір негіз болатын норма ол – адалдық. Бұл егер де зерттеуші қанағаттандырмацтын зерттеу нәтижелерін көрсету кезінде құпиясыз, әсерлеусіз нақты адал айтуын білдіреді. Сонымен бірге адалдыққа деген талаптар іске қатысты құжаттаманы толық түрде беруді қосады.
Сандық әдістер. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді сандық түрде зерттеу арнайы тәсілдер мен құралдар пайдалану арқылы іске асырылады. Олар: бақылау (қосылған және қосылмаған), сұралнама, сұхбат, сауалнама, құжаттарды талдау, эксперимент (басқарылатын және басқарылмайтын).
Бақылау табиғи ғылымның классикалық тәсілі ретінде арнайы ұйымдастырылған зерттелін объектінің түйсіктерін зерттеуден тұрады. Бақылау мына негіздерден тұрады: объектінің сипаттамаларын анықтау, бақылау мақсаты мен міндеттері, бақылау жүргізу түрін таңдау, бақылаудың бағдарламасы мен процедурасын құрастыру, бақылау параметрлерін орнату, нәтижелерді орындайтын техникалық құрастыру, нәтижелер мен қорытындыларды талдау. Қосылмаған бақылау барысында бақылаушы мен зерттеу объектісі арасындағы өзара әрекеттестік минимумға тежеледі. Ал қосылған бақылауда бақылаушы бақыланатын процеске қатысушы ретінде кіреді, яғни зерттеудің тәжірибелік мақсатында өзіңді байқатпауға тырысады, бірақ зерттелетін объектімен максимум әрекеттестікке барады. Тәжірибеде ол басқа зерттеу тәсілдерімен үйлестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |