Семинар сабақ 5 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг Емтихан Барлығы 70 сағат



жүктеу 2,05 Mb.
бет12/12
Дата25.05.2018
өлшемі2,05 Mb.
#17238
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
Емтиханға дайындық сұрақтар



  1. Антикалық әдебиет. Жалпы шолу. Антикалық мифология және фольклор. Грек мифологиясының негіздері.

  2. Гомер эпосы - «Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі.

  3. Көне грек трагедиясы. Трагедияның бастауы. Эсхил. Софокл. Еврипид. Трагедия теориясы. «Поэтика» - Аристотель.

  4. Көне грек комедиясы. Комедияның пайда болуы және дамуы. Аристофан.

  5. Көне грек әдебиетінің прозалық жанрлары. Платон.

  6. Көне рим әдебиетінің «Алтын ғасыры». Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий. Проза. Юлий Цезарь. Цицерон.

  7. ОРТАҒАСЫРЛАР ӘДЕБИЕТІ.

  8. Данте «Жаңа өмір». Данте трактаттары. «Құдіретті комедия».

  9. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ: Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу.

  10. Петрарка

  11. Боккаччо

  12. Рабле. Өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы.

  13. Шекспир.

  14. Сервантес. «Айлакер идальго Дон Кихот Ламанчский».

  15. XVII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ. КЛАССИЦИЗМ - «Классицизм» термині. Классицизмәдеби бағыт. Классицизм эстетикасы. Характер. Басты тартыс. Жанрлар теориясы. Үш бірлік. Классицизм әдеби стиль.

  16. Лопе де Вега мен оның мектебі. Драма эстетикасы. Комедия түрлері. Лопе де Вега мектебі: Аларкон. Тирсо де Молина. Кальдерон.Діни-философиялық драма жанры.

  17. XVIII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІАғартушылық әдебиет.

  18. Дидро.

  19. Руссо.

  20. Гёте.

  21. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ. РОМАНТИЗМ.

  22. Гейне.

  23. АҒЫЛШЫН РОМАНТИЗМІ. Байрон.

  24. ФРАНЦУЗ РОМАНТИЗМІ. Гюго. Жорж Санд.

  25. РЕАЛИЗМ. Бальзак.

  26. АҒЫЛШЫН РЕАЛИЗМІ. Диккенс. Теккерей.

  27. XIXXX ҒҒ. аралығындағы РЕАЛИЗМ.

    1. Әлеуметтік-психологиялық реализм: Мопассан, Драйзер

    2. Әлеуметтік-философиялық реализм: Франс, Шоу

    3. Сатиралық-юморлық реализм: Марк Твен

    4. Реализмдегі батырлық сарын: Джек Лондон

  28. НАТУРАЛИЗМ. Натурализм қағидалары. Золя

  29. Пруст

  30. Хемингуэй



Тест тапсырмаларының нұсқасы



1. «Антика» сөзі қай тілден енген сөз?

а) грек


ә) латын

б) орыс


в) араб
2. «антикус» сөзін қазақшалағанда қандай мағына білдіреді?

а) ескі, бұрынғы

ә) Греция, Рим

б) гүл, өсімдік

в) көне, ежелгі
3. Антикалық әдебиет неше кезеңнен тұрады?

а) 3


ә) 2

б)4


в)5
4. Антикалық әдебиеттің І кезеңі қалай аталады?

а) құл иеленуші

ә) классикалық

б) архаикалық

в) эллиндік
5. «Илиада» мен «Одиссей» атты ерлік эпостарының авторы кім?

а) Гете


ә) Гейне

б) Сократ

в) Гомер
6. Алғашқы комедиялар қай жерде пайда болды?

а) Сициллия

ә) Мегары

б) Аттика

в) Грекия
7. Сицилияда қойылған қойылмдар қалай аталады?

а) мим


ә) пьеса

б) мегар


в) драма
8. «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер» атты қойылымдардың авторы?

а) Ксенарх

ә) Софрон

б) Эпихарм

в) Аристофан
9. Жаңааттикалық кезеңнің комедист өкілі-

а) Софрон

ә) Ксенарх

б) Эпихарм

в) Менандр
10. Жапон әдебиеттінің өкілдері -

а) Исикова Тацудзо, Эдогава Ранпа

ә) Люи Цзань, Эдогава Ранпа

б) Цзо Сянь, Исикова Тацудзо

в) Люи Цзань, Цзо Сянь
11. «Гильгамеш туралы аңыз» қазақтың қай аңызына ұқсайды?

а) Қобыланды батыр

ә) Қорқыт туралы аңыз

б) Адам ата аңызы

в) Алпамыс батыр
12. «Гильгамеш туралы аңыз» қай әдебиетке жатады?

а) Ежелгі Грек әдебиеті

ә) Ежелгі Египет әдебиеті

б) Шумер мен Вавилон әдебиеті

в) Ежелгі Рим әдебиеті
13. «Кісі киік» комедиясының авторы?

а) Менандр

ә) Эпикур

б) Кратет

в) Магнет
14. Гете, Гейне қай әдебиеттің өкілдері?

а) ағылшын

ә) поляк

б) неміс

в) орыс
15. «Жаңа комедияның жұлдызы» атанған комедист?

а) Архилох

ә) Менандр

б) Демокрит

в) Евклид
16. Грек лирикасының алғашқы өкілі –

а) Менандр

ә) Архилох

б) Евклид

в) Абай
17. Лириканың ІҮ сатысы қай кезеңдерді қамтиды?

а) б.э.д. ІҮ ғ. ІІ жартысы мен ІІІ ғ. І жартысы

ә) б.э.д. ІІІ ғ. мен ІҮғ. І жартысы

б) б.э.д. Ү ғасыр

в) б.э.д. Ү ғ. ІІ жартысы мен ІҮ ғ. І жартысы
18. Мопассан қай әдебиеттің өкілі

а) ағылшын

ә) француз

б) неміс


в) грек
19. Антикалық әдебиеттің ІІІ кезеңінде пайда болған бірлестіктер?

а) «полистер»

ә) «тирандар»

б) «эллиндер»

в) «антикустер»
20. Лирикалық мәтіндер қандай аспаптарда ойналады?

а) домбыра мен қобыз

ә) баян мен пианино

б) лира мен кифара



в) гитара мен лира


  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.
Бұл тарау жоспарланбаған



  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша
жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау