Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Рас,мектептерде мұғалімдерге басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттілік
берілмейді, алайда, деңгей бағдарламасында көрсетілгендей мұғалім өзінің кәсіби және моральдық
беделіне суйене отырып,оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көп ықпал ететіндігі анық. Және
мұғалімнің кәсібилілігі тек оқыту мен оқу да ғана емес,сонымен қатар өз әріптестерінің біліктілігін
арттыруға көмегі тиеді.Бұл әрине мектептің жан-жақты дамуына,білім сапасының өсуіне алып келеді.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСТЕРІН,
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Нұржанова Сабила Қалыбайқызы
Білімі: жоғары. Бітірген оқу орны: Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі Лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: І. Жұмыс орны: № 64 орта мектеп Арал қаласы Қызылорда облысы
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау, танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік
қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Міндеті:
1.Оқушының тұлға болып қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық
мәнін ашу.
2. Ойынның ерекшеліктерін айқындау.
3. Ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның ролін айқындау
5. Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсету.
Кіріспе. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апа- ратын күш
тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның
ұлттық білімі жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланыс ты.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын
кезең. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғаш- қы басқышы.
Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерумен бірге табиғат,
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығар- машылық бағытта жан-жақты
дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты
қадамына сәйкес- тендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табыл- ған жаңа
технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой - өрісін
кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Бұл жүйе нің әдіс - тәсілдері оқушының оқу
белсенділігін ұйымдастыруды қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Жаңа технологияларды қолдануда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін басты назарда ұстадым.
Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің, жаңа мәселені шешуге жеткізілісіз
екенін сезетіндей жағдайда болды. Содан барып, оның білім алуға деген ынта - ықыласы артты, білім
алуға әрекеттенді. Оқыту бары- сында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану оқушылардың ойлана
білу қабілетін дамытты. Олардың білім сапасын жақсартып, ой - өрісін кеңейтті, есте сақтау қабі-
леттерін өсірді. Сабақтарымды баланың жеке басын дамытуға байланысты ұйым- дастырдым, осыған
орай үнемі мына жағдайларды басты назарға ұстадым.
1. Баланың ойында құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, алға жылжуға жағдай
жасау, шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алу.
3. Өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, са- налы азамат
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне
199
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға
болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден
көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген
жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген
қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне де- ген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке
әрекетінен туындай- ды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының
мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойын- дары, дидактикалық
мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. . Мұндай
ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын арқылы
ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады.
Ойын неге үйретеді?
1.Ойлау қабілетін дамытуға үйретеді, құштарлығын оятады
2. Жеке басының қасиеттері қалыптасады
3. Әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
4. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.
Ойын арқылы:
1. Балалардың достық сезімі оянады.
2. Бір-біріне қамқорлығы артады.
3. Ұжымдық бірлігі оянады.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы,
оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген
ерік-қайратын шыңдайды.Сабақтарда санамақтарды,мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды,пайдалануға
болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға,сергіту сәттерін тиімді пайдалануға көмегін тигізеді.
Оқушы ойын үстінде өзін-өзі еркін ұстайды, қысылып-қымтырылмай, басқалармен тіл табысады,
жолдастық, достық сезімі оянады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-сол
ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен
тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
1. Жеке оқыту маңызының артуы
2.Ойынға қатысушының қызығушылығы арқылы шығармашылық ізденіске
ұмтылуы.
3.Ойлау, сөйлеу үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер етуі.
Математика. “10 көлеміндегі сандар”
Санамақ
1 дегенім - белдік 2 дегенім - ерлік
3 дегенім - үзік 4 дегенім - түбіт
5 дегенім - балта 6 дегенім - алқа
7 дегенім - желкен 8 дегенім - семсер
9 дегенім - тоқу 10 дегенім - оқу
Санамақта атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды
200
Достарыңызбен бөлісу: |