Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
aлғaшқы кeзeктe оқушылapғa eлiнiң тapихын, мәдeниeтiн, тiлiн бiлугe көп көңiл бөлeдi.)
Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep:
1.Қ.P бiлiм бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмaсы
2. http://news.nur.kz/278065.html сaйтындa «2015 жылдaн бaстaп Қaзaқстaндa мeктeптep 12 жылдық
бiлiм бepугe көшeдi.»
3. Мұғaлiмгe apнaлғaн нұсқaулық.15 -бeт
4. www.naо.kz
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Талантты және дарынды
балаларды оқыту» модулін қалай және неге енгізілгендігі
туралы рефлексивтік есеп
Үсенбаева Әзиза Смайылханқызы
Әрбір мұғалім өз кәсіби шеберлігінің арқасында оқушының бойында жалпы қабілеті ретінде
талантты және дарынды балаларды анықтап қана қоймай оның бір пәнге деген тұлғалық қабілетін
және бейімделу қабілетін қалыптастыру керек деп ойлаймын. Дарынды және талантты балаларға
қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.
Талантты немесе дарынды оқушыларды анықтау – қазіргі уақытқа дейін ғалымдардың алдында
дәлелденбеген анықтама түрінде қалып отыр. Талантты және дарынды оқушылар туа бітті қабілетті
және жүре келе өз деңгейін дамытуда пайда болатын қабілет. Менің пайымдауымша талантты және
дарынды оқушылар жаратылыстану бағытындағы пәндік оқытуларда қабілеті жоғары оқушылар
басқа да пәндер бойынша осы қырларын көрсете алады деген ойдамын.
Бастауыш сыныпта талантты және дарынды балаларды оқыту модульді тек оқушыларға «жалпы
мектептік саяхат», ал орта буында «кеңейтілген» мектеп тәсілін пайдалану арқылы жоғары
жетістіктерге жетуге болады. (МАН, 72 бет)
Тізбектелген сабақтар топтамасында талантты және дарынды балаларды қалай
анықтаймын? Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ
олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша бейнелеуге болады. Бірақ зияткерік тұрғыдан
дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойларын жинақтау үшін
әдеттегі уақыттан көбірек уақытты қажет етеді. Осы мақсатта дарынның саң қырлылығын түсіну
үшін бақылау парақшаларын құрастырған. Бақылау парақшаларын пайдалануда Фриманның ең үздік
оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады.(МАН, 73 бет)
Талантты және дарынды балаларға қандай тапсырмалар дайындау керек?
Бұл оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс оқытудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну
болып табылады. Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе
зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. (МАН, 74 бет) Осыны басшылыққа ала
отырып, тізбектелген сабақтар топтамасының төрт сабағымда да кеңейтілген тапсырма, деңгейлік
тапсырма, құзырлы тапсырма, сәйкестендіру тестін дайындадым.
Өзінің оқуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше
тапсырмаларды талап етеді. Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын
көздейді. Оқу үдерісінің барысында оқушыларды бақылау - түрлі «ынталандыратын» немесе
«күрделі» тапсырмаларды беру.(МАН, 74 бет) Осыны ескере отырып оқушыларға блум таксономиясы
бойынша тапсырма дайындадым.
Оқушылардың жазбаларын талдағанда 7 оқушы - білу, түсіну деңгейінде, 9 оқушы – ойлаудың
қолдану деңгейінде, 2 оқушы - талдау деңгейінде, 4 оқушы-жинақтау деңгейінде, 3 оқушы оқушы -
бағалау деңгейінде тапсырманы орындаған. Әр сабаққа оқушы деңгейін анықтайтын тапсырмаларды
сабактарда тиімді қолдана білсем ғана оқушының да тапсырманы орындаудағы дағдысы
қалыптасады деп ой түйдім. Блум таксономиясы оқушының ойлау деңгейін анықтап беруге өте
керемет құрал екеніне көз жеткіздім.
187
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Талантты және дарынды балаларды анықтау барысында Фриманның ең үздік оқушыларды
анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады.(МАН, 73 бет)
Осы Фриманның сенімді өлшемдеріне сүйене отырып, талантты және дарынды балаларды анықтау
мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасының жаңа сабақ барысында оқушылардың құзырлы
тапсырмалар орындауында байқадым. Тапсырманы орындау барысында оқушылар жеке жұмыс
жүргізді.
Құзырлы тапсырма
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
Тұжырымдама қайсысы дұрыс
Иә
Жоқ
Себебі
-
Кезкелген натурал сан –бүтін сандар
жиынының элементі;
-
Кез келген бүтін сан –натурал сандар
жиынының элементі;
-
Кез келген рационал сан бүтін сандар
жиынына тиісті;
-
Кез келген бүтін сан рационал сандар
жиынына тиісті
Бұл құзырлы тапсырманы орындауда оқушыларға қиындық болғанын байқап, уақытты дұрыс
жоспарлай алмағаным деп түйдім. Бұдан талантты және дарынды балаларды оқытуда оқушылар
кейде өздерін көрсете алмайтындығын және өздерінің ойларын жинақтауға үшін уақытты қажет
ететінін түсіндім.
Фриманның ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерін тиімді қолдануға болады:
күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен
тапсырмаларға ұмтылады. (МАН, 73 бет)
Фриманның атап көрсеткен сегіз өлшемін сабақ барысында оқушылардың бойынан тауып, олардың
іс – әрекетіне аналитикалық талдау жасай алғаным көңіліме қуаныш ұялатты.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде осы жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, соның ішінде
талантты және дарынды балаларды оқыту модуліне көп мән бердім. Соның нәтижесінде мен «А»,
«В», «С» деңгейлі оқушыларды зерттей отырып, олардың кеңейтілген тапсырмаларды орындау
нәтижесінен сыныптың да пән бойынша үлгерім көрсеткішін анықтай алдым. Талантты және
дарынды балаларды оқыту модулінің идеясын тізбектелген сабақтар топтамасында ықпалдастыруда
кеңейтілген тапсырмаларды дайындауда, сабақ барысында пайдалануда қиыншылықтар болды. Осы
қиыншылықтарды қысқа келесі сабақтарда болдырмау мақсатында өзгертулер енгізіп отырдым.
Бірінші кезең «Бетпе -бет» аудиториялық оқудан алған теориялық білімді мектептегі тәжірибе
кезеңінде пайдалану арқылы талантты және дарынды оқыту модулі идеясы түсініп, ықпалдастыра
алдым және алдағы уақытта осы модульді әрі қарай зерттеп, мектеп тәжірибемде қолданамын деген
ой түйдім.
Сәтсіз тұстарым:
Оқушыларға кеңейтілген, құзырлы, деңгейлік тапсырмаларды дайындауда уақытпен
санаспау ;
Сабақ барысында кеңейтілген, деңгейлік, құзырлы, сәйкестендіру тесті, тапсырмаларды
дайындауда қиындықтардың туындауы;
«С» деңгейлі оқушылардың құзырлы, деңгейлік, кеңейтілген тапсырмаларды орындауда өз
ойлау деңгейін көрсете алмауы;
Сәтті тұстарым:
-
Сыныпта талантты және дарынды оқушыларды деңгейлі, құзырлы,
кеңейтілген тапсырмалар арқылы анықтай алуым;
-
Блум таксономиясы бойынша дайындалған тапсырма және деңгейлік
тапсырмалар арқылы әр оқушының ойлау деңгейін анықтай алуым;
Ұсынысым:
188
Достарыңызбен бөлісу: |