Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Менің анкетам» секілді өлеңдері тек диалогқа құрылған.
-Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыннан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін,-деп келетін осы жолдар сырлы сезімнің құпиясын ашып, бар
асылын көрсетуде басы артық сөзге, қиялға бой ұрмайды.Тек қана бір-біріне ұмтылған қос ғашықтың
тілдесуі бұл.Бар-жоғы сегіз ғана жолдан тұратын бұл өлең бүкіл бір поэманың жүгін арқалап
тұрғандай.Әр сұрақ-жаңа бір жол, тың бастама, яки бір қасіреттің шоқтауындай болса, әрбір берілген
байсалды,сезімге толы жауап-сол жолдың жарқын қорытындысындай.
О,муза!
Мәңгі жастық!
Қайран досым!
Қай күні ауар екен сайран қосым,- депағынан жарыла бар құпиясын алдына жайып салса, бірде:
О,Жастық,
Сен өлгенде, мен өлемін,
Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.
Енді бірде:
О,Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О,Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?- деп, ақын жүрегі табына жырлайды.Ақын күйкі тірліктің қоңыр тірлігінен
көрінбей ескерусіх қалған дүниелерді асыл сүзгендей жүрегінен өткізіп, от тілімен жалынды жырға
айналдыра біледі.
Ақынның жайшылықта тумаған әрбір өлеңінен оқырман қауымының әрқайсысы өз дегенін, өз
қажетін, тіпті айтылмаған сырын, мұңы мен арманын, қанатты қиялын да таба алады. Мұқағали
поэзиясын оқи отырып,іштей де болса «мен ғой мынау», «мынау менің өмірім ғой », «мынаны мен де
осылай дер едім-ау» деген ой туса ақын міндетінің орындалғаны.
Ақын мақсаты-шындықты жазу.Себебі, ақынның ақындығы-шындығында, жүрек сөзінде.Ол не
туралы жазбасын, не нәрсені жырына арқау етпесін, өз құбыласын әділдікке қарап түзейді.Ал
әділдіктің жолы қашан да бұралаң.. өлең жолдарын айшықты етудің тағы бір тәсілі-
қайталау.Мұқағали поэзиясында ақындық дарындылық осы тәсілдерді ойната қолдану арқылы өлең
құрылысын қарапайым әрі ерекше тілге жатық етіп қолдана білген.
Сағыныштай сарғайып сара қайың,
Жапырақтар шертеді сары уайым.
Сара қайың мен сары уайым да жанды заттай, сезімге толы тіршілік иесі. кейіптеу тәсілінің поэзияда
мүмкіндіктері мол, әдеби әлемнің жұмбағын шешіп беруші де осы дәстүр.Себебі, ақын жеткізе
алмаған сағынышы мен арманын ақ қайыңға тіл бітіру арқылы, сонау көкте ұшқан қарлығашымен
тілдесуімен жеткізе білген.
Мұқағали қазақтың бай ауыз әдебиетін, одан кейінгі жазба әдебиетінің озық үлгілерін, әлемдік
әдебиет жетістіктерін бойына толық сіңіріп,қабылдай отырып, поэзияда қалыптасып орныққан
өлшем-өрнекті керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Осы
негізде жаңа өлшем,Ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, әуезділік
байлығын да молықтыра түсті. Мұқағали поэзиясының көркемдік түрін құрайтын бөлшектерге, яғни
композиция, сюжеттік құрылыс, жанрлық өзгешелік пен бейнелеу тәсілдері, тіл кестесі, өлең
өрнегі,өлеңге тін ырғақ пен интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлерін қарастыру, олардың тұтастығын
229
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасуын және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас
бірлестік табуын анықтау, ғылыми түрде дәлелдеу ақындық құпияларына үңілу зертеу жұмысының
өзектілігін көрсетеді.
Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан да
оқшауланады.Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық
болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, ол күшті ағасы мол, тау
суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққан иірімі мол,
жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына
басады.Жыр дариясы жиһан кездіріп,қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан қиырға саяхат
құрғызады.
Мұқағали-тума талант.Шабытты шағында өлең нөсерін селдетіп, жыр топанын тұрғызады.Қиналып,
өлермеңденіп жазбайды.арам тер боп тыраштанып, тыртаңдамайды.Жетінші дәптердегі он күнде 27
өлең жаздым дегеніне қарап-ақ өлеңсіз күні өтпейтінін, жұтқан ауа, ішкен ас пен барабар қорегіне,
қажетіне айналғанын аңғару қиын емес.Оның өлеңдерін мектеп оқушысынан зейнеткерге дейінгі
барлық буын басына жастанып оқиды, асабадан академикке дейін жаттап жанын
азықтандырады.Үзінділер тыңдаушысын рухтандырады.Сөйтіп өзін де, өзгені де, авторын да
биіктетеді.
Мұқағали-ұлт ақыны.Оның өлеңдерінде қазақ қаны атқақтап,қаракөздер жүрегі лүпілдеп соғып
тұрады,ұлттық намыс атойлап көрініс береді. Бізге сонысымен құнды, сондайлығымен
нәрлі.Ұлылығының-ариадна жібіндей алтын арқауы осында.Танымал талант Марат Қабанбай:
«ұлылар- өз ұлтының микроатом, микроклеткаларынан тұрады» деуінің мықты себебі бар. Әрине
жазушы мұнда бүтінді бөлшектеп, бөлшекті бөлекше кішірейтіп көрсеткен. Алайда ұлттық белгілер
неғұрлым көп болса,соғұрлым сапалана түспек. Бірақ жадағай ұран салған жалаң ұлтшылдықтан
сақтану қажет.Жаңағы М.Қабанбай: «Махамбет,Абай,Мұхтар,Мұқағалилар ұлт өкілі ретінде ары
қарай өмір сүре береді,олардың шығармаларына ұлтымыздың өлмес коды жазылған,әлем бізді он
ғасыр өтсе де сол кодтар арқылы тауып, танып алады»деуі білгір ой қорытындысы. Ұлт ақыны болу-
ұлттың тарихына,ұлыстың шежіресіне жазылу.оның мәңгілікке өлмесі, өшпесі мәлім.
Мұқағали-үлкен суреткер.Суреткерлік сегіз қырлы, сансыз сырлы болуы мүмкін.Соның бір ғана
көрінісі кемел қайыру-Мұқағалиға тән.Мәселен «Мен күрсінсем,күңіреніп тау жылаған».Қандай
ғажап шендестіру.Адам мен табиғат бір-біріне әсер береді,ықпал етеді.Ақын күрсінісі мен таудың
күрсінісі үйлесім тауып, үндесіп кеткен. «Қалауын тапса» дейтін шеберлік осындай-ақ шығар.Бірінен
бірі зарядталып, бірінен-бірі рухтанып жасампаз күш пен құдіретке айналған поэзия патшалығы бұл.
Ығысыңдар,
Ей,таулар!
Ығысыңдар!
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар.
Ата болып не маған ұрысыңдар.
Адам болып немесе ығысыңдар.
Әлемдік поэзияның інжу-маржандарында ұшырасар мұндай суреттеу-қазақ жырының қолынан келіп,
қабілет қарымынан туындап тұр. Ұлықталар жетістігіміз, ұлттық ұтысымыз. «Ығысыңдар» деген сөз
үш рет қайталанса да, өлең шырайына селкеу, сезік келтірмейді.Қайта лептілік, үстемелік
дарытқан.Мұндай жайыт жиі ұшырайды, өйткені ол ақының сүйікті тәсілі, ой айшықтар әдісі.
«Тауына сүйенемін, жоқ болса сүйенерім, келеді тауымды да күйелегім»-нағыз табиғатқа тартып
туған, ұлылыққа, ұстаздыққа бой ұрған жолдар.Халқына арқа сүйеген, одан ұланғайыр нәр алып,
қуат жинаған нар ақын ғана осылай айта алады.
Ақын Мұқағали Мақатаев ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі өолданған. Ақын жарларында ақ
түстің басқа түске қарағанда өте көп кездесетініне көзіміз жетеді.ақын көктем бейнесін, ауылдың
мамыражай тіршілігін ақ түспен бедерлейді.Ақынның «Көктем де келер» атты жыр жолдарында
көктемдегі көшіп жатқан бұлттар бейнесін «Ақ көңіл бұлттар, ақ нөсер төгіп өтсін де»деп жырлайды.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын,
Ақ киімге оранып,
230
Достарыңызбен бөлісу: |