3. Тарату жүйесін таңдау
ТОБЖ тарату жүйесін таңдау таратылатын ақпараттың (телефония, мәліметтерді жіберу, телевидение және т.б.) сипаттамасымен, жобаланатын ТОБЖ қажет арналардың санымен анықталады. Әдетте ұзақтығы алыс желілерде SDH синхронды иерархисының типтік сандық тарату жүйелері (типовые цифровые системы передачи) қолданылады.
Қажет сандық ағынның жылдамдығын есептейміз:
Sқажет = 2,048·Nбск
2,0448 Мбит/с- бір бірінші сандық канал (БСК) жылдамдығы
Nбск- қажет БСК саны
Сандық ағын Е1 – телефон желісінің және мәліметтер жіберудің қызметтеріне толығымен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет аясында тұтынушыға мәліметтерді таратып қабылдауға 30 тәуелсіз канал беріледі. Яғни бір уақытта 30 телефон әңгімелерін жүргізуге болады, сол кезде номерлердің саны 200 жетуі мүмкін. Қызметтің артықшылықтары: тез б\қосылу, берілген желінің сапалылығы мен надежность, дыбыстық сигнал еш шуылсыз, кедергісіз жіберіледі және т.б.
Бірінші сандық канал- Е1 – мәліметтердің сандық арнасының ағыны, жалпы өткізу мүмкіндігі 2048 кбит/с. Кез келген Е1 ағын оптикалық немесе мыс желі бойымен оптикалық мультиплексор немесе модем көмегімен таратылады. Жалпы ағын 30 арнаға бөліне алатындықтан, стандартты дыбыс сигналының сапасы, 64 кбит/с қолданылады. Сонымен қатар Е1 екі дабыл арнасына ие, олардың біреуі қондырғыны синхрондау үшін қолданылады.
Sқажет = немесе
Сандық ағынның сылдамдығы SDH стандарты жылдамдықтар кестесі бойынша алынады. Ол келесі шартты қанағаттандыру қажет:
Sк ≥ Sқажет * Кр
Кр – коэффициент запаса на развитие сети (1,4…1,5),
Sк – мультиплексор деңгейінің есептелген жылдамдығы
SDH жүйесі (Synchronous Digital Hierarchy) — мәліметтерді жіберу жүйесі, ол таратушы және қабылдаушы құрылғылардың уақыт бойынша синхрондалуына негізделген. SDH стандарттары сандық сигналдардың сипаттамаларын, мультиплекстеу әдісін, интерфейстердің кодтық шаблондары, сандық жылдамдықтардың иерархиясын анықтайды, қажет стандартты жылдамдықтармен қамтамасыз етеді. Жылдамдықтың базалық деңгейі- STM-1 (155,52 Mбит/с). Одан жоғары деңгейлердің жылдамдықтары STM-1 жылдамдығын сәкес 4, 16, 64 және т.б. көбейту арқылы анықталады: STM-4 (622 Мбит/с), STM-16 (2,5 Гбит/с), STM-64 (10 Гбит/с) және STM-256 (40 Гбит/с).
STM-1 - 1890 арна
STM-4 - 7560 арна
STM-16- 30240 арна
STM-64 - 120960 арна
STM-256- 483840 арна
Достарыңызбен бөлісу: |