Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж



жүктеу 4,75 Mb.
бет8/26
Дата20.05.2018
өлшемі4,75 Mb.
#14720
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

ЕЛІН ҚОРҒАҒАН ЕСІЛ ЕР

немесе 96 жастағы майдангер Нүркен Жалмұхамедов

өмірінің кейбір беттері
Иә, өмір бір орнында тұрмайды. Сынаптай сырғып, уақыт өте береді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары қолына қару алып, елі мен жерін қас дұшпаннан қорғаған қылшылдаған жас жігіттер бүгіндер еңкейген шал болды. Көбі Жеңістің былтырғы тойына жете алған жоқ. Қарттарымыз күн сайын азайып барады. Тірілерінің де айдарынан жел есіп тұр деуге болмас. Өлара шақтағы экономикалық қиындықтар ең алдымен сол қарттарымызға салмақ салды. Бірақ солдат қашанда солдат, ұсақ-түйекке мұңайып, түңілуден аулақ, бойын тік, еңсесін жоғары ұстайды. Тек тыныштық болсын, ұрпағымыз аман болсын дейді. Сондай ардагерлеріміздің бірі – осы Қостанай қаласында тұрып жатқан Нұркен Жалмұхамедов.

Нұрекеңнің жасы бүгіндер тоқсан алтыдан асты. Анадан бір, әкеден бір жарым жаста жетім қалған Нұркен алдымен аға қолында, кейіннен Торғай балалар үйінде тәрбиеленді. Оқыды, білім алды, Қостанай педагогика училищесін аяқтап, мұғалім болды. 1936-39 жылдары ол Федоров ауданында ұстаздық етті, ал 1939 жылы міндетті әскери қызметке шақырылып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүргенде соғыс басталды. Сөйтіп Нұркен бақайшағына дейін қаруланған неміс-фашист жендеттеріне соғыстың алғашқы күнінен қасарысып қарсы тұрған қас батырлардың бірі болды. Ленинградты қорғауға қатысты.

1942 жылдың 2 қаңтарында Нұркен жаралы болды. Ленинград госпитальдарының бірінде емделіп, қатарға қайта оралды. Содан кейін «өмір жолымен» Волховқа аттанды. Мұнда запас полк жасақталып жатқан еді.

Тағы да Ленинград майданы. 1943 жылы сәуірде ұрысқа қайта кірді. Артиллериялық қарудың командирі болатын. Бұлардың бөлімі алдына жауды алға бастырмай негізгі күштердің Батысқа қарай жылжуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. Нұркендер сол міндетті ойдағыдай орындады да. 1943 жылдың 9 маусымында оған «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі тапсырылды.

Тарихтан белгілі, Ұлы Отан соғысындағы кескілескен шайқастарда Ленинград қоршауы ерекше орын алады. Жеңіс оңай келген жоқ. Талай боздақтар қасық қаны қалғанша «елім, жерім, Отаным» деп жанқиярлықпен шайқасты. Ленин қаласын жаудан қорғауды, 900 күн мен түн болған қоршауды бұзып шығуды ең басты солдаттық парызы деп түсінді. Нұркендердің дивизиясы 1944 жылғы 19 қаңтарда Мга станциясына шабуыл жасап, оны жаудан босатты. Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін дивизияға осы станцияның аты берілді. Ал 27 қаңтарда Ленинград жау қоршауынан азат етілді. Нұркеннің омырауына «Ерлігі үшін» медалі қадалды.

Сосын Фин бұғазы, Выборг, Нарвадағы, Чудо көліндегі, Латвиядағы шайқастар. Соғысты Жалмұхамедов Румынияда аяқтады, тек 1945 жылғы қазан айында ғана ол әскер қатарынан босанып, елге оралды. Өзінің сүйікті мамандығы – мұғалім болып қырық жылдан астам еңбек етті. Құдай қосқан қосағы Зағиша да ұстаз болды. Балалар туып, ер жетті. Шәкірттері үлкен өмірге жолдама алып, қос ұстаздың мақтаныштарына айналды. Педагогикалық майдандағы еңбегі де Отан наградасы – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен аталып өтті.

Нұркен Жалмұхамедов зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырған жоқ, сол кездегі «Краснопартизан» кеңшарында қолдан келер талай жұмыстар атқарды. Осы өзі тұратын Қонай бөлімшесіндегі цехтың партия ұйымының хатшысы міндетін үзбей ондаған жылдар бойы атқарды, сайлау бола қалса, жерлестері учаскелік сайлау комиссиясының төрағалығына осы Нұркенді ұсынатын.

Күні бүгінге дейін қарт солдаттың біреуге мұң шағып, өзінің еліне сіңірген еңбегін міндет еткен жері жоқ шығар. Бірақ соңғы кездері жас ұлғайды, денсаулық шытынады, оның үстіне Зағиша апамыздың екі көзі көрмей зағип болып қалды. Өзінің асыл жарына қамқор болды. Осыдан екі-үш жыл бұрын қосағы дүние салғанда да қарт солдат тағдырдың салғанын қайыспай көтерді.

Балалардың өз күні өзімен, әрқайсысы әр жаққа кетті. Және тоқсаныншы жылдарғы бес батпан қиыншылықтар оларды да айналып өткен жоқ. Нұрекең баяғы Қонайдағы ескі үйде суқараңғы болып қалған жарымен бірге күйбең тіршілік кешіп жатты. Бір-екі малды қарау, су әкеліп, от жағып, күл шығару сол кездің өзінде сексеннен асқан қарт солдатқа оңай болмады, әрине. Кемпірінің қабырға сипалап жүргені анау...

–Жағдайымды айтайын, алдынан өтейін деп кезінде облыс әкімі болған Тоқтарбай Қадамбаевтың қабылдауына бардым, – деп еді бірде Нұрекең, – Тоқтарбайды бала жасынан білем, өзім оқытқан шәкіртім еді. Менің өтінішім оған жетті ме, жетпеді ме – білмеймін, шенеуніктер мені бұрынғы шәкіртіме кіргізбеді.

Зағиша да сол Тоқтарбай Қадамбайұлының ұстазы екен. Арнайы өтініш жазып, отағасының Ұлы Отан соғысының ардагері екенін айтып, қартайған шақта су әкеп, от жақпайтын қаладан бір үй беруін өтінді. Оған облыс әкімінің сол кездегі орынбасары В.П.Ремезов 1996 жылғы 19 наурызда былай деп жауап қайтарыпты.

«Құрметті Зағиша Есенғалиқызы!

Сіздің облыс әкіміне 1996 жылғы 11 наурыздағы жазған хатыңызға байланысты мына жайларды хабарлаймын. Сіздер, расында да, өз еңбектеріңізбен, Сіздің күйеуіңіздің соғыс жылдарындағы ерлігімен тұрғын үй жағдайын жақсартуға еңбек сіңірдіңіздер.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта қиын қаржы-экономикалық проблемаларға байланысты Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысы жүрмей отыр. Сондықтан жақын уақытта Қостанай қаласынан Сізге пәтер бөлудың мүмкіндігі жоқ» (Хат дәл осылай қазақша жазылған. С.М.).

Кейінгі кезде Қонай ауылы Қостанай қаласының аумағына қарады. Соған байланысты қариялар өздерінің тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуді сұрап қаланың сол кездегі әкімі О.Куленкоға да өтініш жазады. Одан 1997 жылғы 25 маусымда төмендегідей жауап алады:

«пос. Кунай, АООТ «Аксу-К».

Жалмухамедову Н.

«Ваше заявление по жилищному вопросу рассмотрено в аппарате Акима горада.

Сообщаю, что с апреля 1997 года вступил в действие новый закон Республики Казахстан «О жилищных отношениях», согласно которму бесплатное жилье из государственного жилищного фонда предоставляется лишь малоимущим семьям, в порядке очередности.

Кроме того, разъясняю, что приобрести квартиру в г.Костанае можно самостоятельно путем ее покупки, либо участвуя в долевом строительстве жилья.

Основании для удовлетворения заявления не нахожу». (Хат дәл осылай орысша жазылған. С.М.).

Дұрыс дейік. Бірі «Сізге пәтер бөлудың мүмкіндігі жоқ» дейді, екіншісі «оснований для удовлетворения заявления не нахожу» дейді. Бәлкім, солай болса, солай да шығар. Бірақ сол кезде сексеннің сеңгіріне шыққан майдангер мен оның екі көзден айырылған жары, еңбек ардагерлерінің осы арыздары «көкелеріміздің» алдында жатқанда олар басқа бір амалын қарастырмай шығарып салма жауап беріп, жауырды жаба тоқығанына қайран қаласың. Қарт солдат болса, кешегі қан майданда солардың да бүгінгі бейбіт өмірін, шат ғұмырын қорғамап па еді. Қарт солдат зәулім сарай соғып бер деп тұрған жоқ қой, төрімнен көрім жақын шақта қалған ғұмырымда от жағып, су тасып, күл шығармайтын, зағип кемпіріммен тыныш ғұмыр кешетін бір бөлмелі баспана берші деп тұрған жоқ па?

Жарайды бұрынғы басшылар – сөз еткен қариялардың шәкірті Тоқтарбай Қадамбаев та, қаланың әкімі Олег Куленко да қызметтерінен кетті. Бірақ қарт солдаттың көңіліне салған сол жараны енді кім емдейді?

Осы жолдардың авторы 2000 жылдың 14 сәуірінде өзіміздің «Қостанай таңы» газетіне майдангер ағамыздың мұңы мен сыры туралы «Ленинградты қорғаған есіл ер еді...» атты очерк жариялап еді. Сол туындыны былайша аяқтаған екенмін:

«Бәлкім, Ұлы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында мәселеге түсіністікпен қарап, қалада бос тұрған талай пәтерлердің бірінен қолайлы баспана тауып беріп, қариялардың жүрек жарасын жазар бір емші табылар да.

Соған сенейікші, ағайын...»

«Міне, содан бері санап отырсақ, он үш жыл уақыт өтіпті. Майдангер аға ақыры Қостанайға келді, Құдай берген балалары көшіріп алып, бар жағдайын жасап-ақ отыр...

Қазір, Құдайға шүкір, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетіліп жатқан сый-құрмет пен қамқорлық аз емес. Талай майдангерлеріміз жайлы пәтерге ие болды, зейнетақылары өсті, денсаулығын шыңдауға жағдай жасалады. Былтыр Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Бектұрғанова майдангер ата үйіне әдейі келіп, мерекемен құттықтап, теледидар сыйлап, ең ізгі тілектестігін білдірді.

Өзінің еңбегін пұлдап, Ленинградты қорғаған жауынгер екенін алға тартып, шенеуніктер есігін жағалап көрмеген ардагер қатты толқыды, ғасыр жасаған қарт солдаттың көзіне жас іркілді.

Иә, бүгіндер қарт солдатқа көп дүние керегі жоқ. Елі тыныш, ұрпағы аман болса болғаны. Ал ардагер ағаның көңіл хошы бізге, оның жанында жүрген үлкен-кішіге, тұтқа ұстаған тұлғаларға, билік басындағы балаларына керек.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында: «Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын! Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді», – деп әділдігін айтты. Олай болса, яғни ақиқат жолынан адаспайық десек, ардагерлер жанын ұға білейік, ағайын!

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН

Майдангер ұстаз Кәмеш Жаманқұлов туралы сөз


Ұлы Отан соғысының бірінші топтағы мүгедегі, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның оқу ісінің үздігі Кәмеш Жаманқұлов ортасына ерекше сыйлы, артына өшпес із қалдырған танымал тұлғалардың бірі еді. Майданнан екі аяғынан бірдей жаралы болып оралған ол қос балдаққа сүйене жүріп Меңдіқара ауданының Көктерек жеті жылдық, Ақсуат орта мектептерінде математика, физика пәндерінен сабақ берді. Оның алдын көрген шәкірттердің бәрі де математикаға жетік болды, өйткені мұғалім өз пәнін ерекше сүйетін, математиканың тылсым сырларын алдында отырған қаракөздерге ұғындыруға жанын салатын. Сондықтан да болар оның шәкірттері арасында математиктер көптеп кездеседі, тіпті өзінің үш қызы да әке жолын қуды. Гүлжан, Ләйлә, Әминалар да ұзақ жылдар бойы шәкірттерге математикадан сабақ берді, жылдың таңдаулы мұғалімдері атанды, талай марапаттарға да ие болды. Кәмеш ағасынан оқыған менің туған қарындасым Айман да университеттің физика-математика факультетін бітіріп, ұстаздық етті. Бүгіндер де Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде қызмет істейді.

Ал майдангер ағамыздың өмір жолы тым қиын болды. Ол үш жасқа толған кезде анасы Тойындық баладан қайтыс болды. Бірақ көрер жарығы бар балақан тірі қалды. Сол Жетібай інісінің жөргегін тепкілеп жылаған дауысы есін енді ғана біліп келе жатқан Кәмештің сай-сүйегін сырқыратқан.

1932 жылы әкесі Жұмабай мен өгей шешесі Мәрия аштықтан дүние салды. Тоғыз жасар Кәмеш пен алты жасар Жетібайдың мойнына жетімдіктің қыл бұрауы түсті. "Найза бойы қан жаусын шыдамайды туысқан". Әкесінің інісі Есқақ кішкене Жетібайды бауырына басты, ал тағдыр ерте есейткен Кәмешті Меңдіқара балалар үйіне өткізді.

1935 жылы ел тұрмысы сәл де болса көтеріліп, бетке қан жүгірген сәтте Есқақ ағасы Кәмешті балалар үйінен алып, күзде мектепке берді. Бірінші сыныпқа бармаған баланы мектептегілер бірден үшінші класқа қабылдады. Өйткені табиғатынан зерек бала әріптерді де біліп алған-ды, "Әліппені" де, "Ана тілін" де зулатып оқи беретін. Ең бастысы есепке жүйрік еді.

Кәмеш ағамыздың барған мектебі Меңдіқарадағы Ыбырай Алтынсарин атамыз салдырған тарихи оқу орны еді. Зерек баланы ұстаздары бірінші тоқсаннан кейін бесінші класқа көшірді.

Жазғы каникул кезінде өзі бапа деп атап кеткен Есқақ ағасымен бірге мал бақты, ал кейін егіс бригадасында есепші болып жұмысқа жегілді.

1940 жылы мектеп жабылып, оның орнына педагогикалық училище ашылды. Бұл кезде сегізінші сынып бітірген Кәмешті сол оқу орнының екінші курсына қабылдады. 1942 жылы ағамыз осы тарихи оқу орнын үздік бітіріп, қолына № 1 диплом алды. Сералы Жәкетов, Төленді Оразбаев, Ғаббас Жұмабаев, Ғазымбек Шортанбаев сынды белгілі тұлғалар да сол тұста оқу бітіріп, мамандық алып шыққан еді.

Дәл сол сәтте бұлар Ұлы Отан соғысының қан майданына шақырылып, қолдарына қару алды. Калинин майданында Ржев бағытында талай кескілескен ұрыстарға қатысты. Бұл жердегі шайқастың қаншалықты қантөгісті болғанан біз бүгіндер ғана анық біліп жатырмыз ғой. Сол Ржевті жаудан босатуға 12 шақырым ғана қалғанда жауынгер Жаманқұлов екі аяқтан ауыр жараланды. Калинин, Киров, Иркутск қалаларындағы госпитальдарда емделіп, тоғыз рет операция жасатады. Ақыры 1945 жылдың басында елге оралып, өзі оқыған Меңдіқара педагогика училищесінде математикадан сабақ береді, 1945-1948 жылдары аудандық халықты әлеуметтік сақтандыру бөлімінде заң кеңесшісі, кадр жөніндегі инспектор болып еңбек етеді.

Өзімен бірге педучилищеде оқыған, жастай түсінісіп, ұғысқан Ғапура Сейдахметқызымен отбасын құрып, балалы-шағалы болады. Бүгіндер Жаманқұловтар отбасының сегіз баласының алтауы жоғары білім алған, үшеуі жоғарыда айтқанымыздай, ұстаз, екеуі – экономист, басқа да мамандық иелері.

1948 жылдан бастап майдангер бірыңғай ұстаздық қызметте болады, 1971 жылы Қостанайға көшіп келіп, өз пәтерінен шеберхана ашып, Гагарин атындағы тігін фабрикасының тапсырмаларын орындап, табыс табады. Бұл іске жұбайы Ғапураны да тартып, екі зейнеткер-ұстаз 1995 жылға дейін осы кәсіпті жалғастырып, ұжымның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленеді.

Майдангер аға ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің, ондаған медальдардың иегері еді. Бейбіт еңбекте алған марапаттары да аз емес-ті.

– Әкеміздің туған күні 8 наурыз, ал анамыздың туған күні 9 мамыр еді, – деп еске алады майдангердің үлкен қызы Гүлжан, – жылда Халықаралық әйелдер күні әкемізді, ал Жеңіс күні анамызды туған күндерімен құттықтап, олардың төрт бөлмелі кең үйін немере-жиендері шат-шадыман қуанышқа бөлейтін еді. Бүгіндер қимас жандар жоқ болса да сол дәстүр әлі де сақталып келеді.

Иә, Отанына қалтқысыз қызмет еткен асыл жандар ұрпағы барда, олардан тәлім-тәрбие алған мыңдаған шәкірттері барда ешқашан ұмытылмайды.

АРМАНДА КЕТКЕН ЕСІЛ ЕР

немесе жастық шақ пен махаббат сырын шерткен сан хаттар


Соғыс жылдары, Меңдіқара педагогика училищесінде бірге оқып, дос- жаран болып кеткен Төленді Оразбаев, Кәмеш Жаманқұлов, Ғаббас Жұмабаев, Ғазымбек Шортанбаевтар да бірінен соң бірі майданға аттанып жатты. Достар қан майданның қай шебінде жүрсе де бір-бірімен хаттасып, хабарласып жүрді.

Құдайға шүкір, бәрі де Жеңіс күніне жетіп, елге аман-есен оралды. Бірақ уақыт деген құдірет бар, қазір сол достардан ортамызда жүргені соғыс мүгедегі Кәмеш Жаманқұлов қана. Қостанайда тұрады, соғыстан кейінгі өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнады. Облысқа белгілі, талай басшы қызметтер атқарған Төленді Оразбаев та, көрнекті ақын, журналист, аудармашы Ғаббас Жұмабаев та ортамызда жоқ. Ал Ғазымбек Шортанбаевтың тағдыры мүлдем өзгеше. Бүгін біз сол бір аяулы жан туралы әңгімелегелі отырмыз.

Әңгіменің негізі оған жазған достары мен құрбы-қыздарының хаттары негізіңде құрылды. Бірақ, ең алдымен, Ғазымбектің жалғыз қарындасы Халида Шортанбаеваның редакцияға жазған хатынан үзінді келтіре кетейін.

Халиданың хатынан: “Менің ағам – Шортанбаев Ғазымбек 1925 жылы туған, ата-анасының екінші баласы. Әкеміз Шортанбаев Алжыған 1937 жылы “халық жауы” кейпін киіп, атылуға бүұйырылды. Тек 1989 жылы ғана ақталды. Анамыз Бөпежан Байтұрсынқызы 1965 жылы дүние салды. Көкемізді ұстап әкеткенде анам үш баламен қалады: үлкені Ғалымбек, ортаншы қызы Раушан (ол 1938 жылы қайтыс болды) және бес айлық мен.

Тәтем (Ғазымбекті айтады С.М.) Меңдіқарадағы мұғалімдер курсын бітірген соң Наурызымда жұмысқа орналасты. Біз де сонда көштік. Бірақ бас қосып, бірге тұруды құдай бізге жазбады, сөйтіп 1943 жылғы 7 қаңтарда оны жылап-сықтап алыс та қауіпті сапарға шығарып салдық”.

Ғафураның хатынан: (Ғафура да Ғазымбектермен бірге оқыған, бүгіндер Кәмештің жұбайы, қарт ұстаз); “Қымбатты досым Ғазымбек! Мына алақандай ақ қағаз арқылы мыңдаған сағынышты сәлемімді жолдағалы отырмын.

Асыл досым! Үй-іші, туғандар тегіс аман ба? Достарыңнан хат аласың ба? Біз де мұнда аман-сау жүріп жатырмыз. Сәбираның дені сау. Сәлем айтып отыр. Ғазымбек! Өзіңнен басқа жанға білдіртпессің. Жүрегінде сен туралы ғашық оты бар. Оны мен анық сеземін. Және талай рет айтқан да болатын. Сен Кәмешпен қалай дос болсаң, мен Сәбирамен сондай доспын. Ол екеуміздің арамыздағы достықты ешкім айыра алмас дейміз.

Кәмеш досыңнан әнеугіден кейін хат келген жоқ. Төленді жаралы болыпты, госпитальға бара жатып жазған хатын алдым. Жарасы жеңіл көрінеді. Сірә, қайтадан фронтқа баратын шығар. Басқа айтар жоқ.

Хат жазушы досың Ғафура. 15.10,1942 ж.”



Кәмештің хатынан: “Мәңгі ұмытылмас досым Ғазымбек! Сенің 25.12- де жазған хатынңды алып қуанышта отырмын. Мен аманмын, бірақ денсаулық онша болмай тұр. Міне, төрт ай бойы Киров госпиталінде қозғалыссыз жатырмын. Үш операция жасады, бірақ оңалып кете алмай тұрмын.

Қажығали, Мұхтар достарымыз оққа ұшып, опат болған. Әуезхан, Төленділер жаралы болды. Естіген де шығарсың.

Сенің қолыңды қысушы, досың Кәмеш. 9.12.1942 ж.”

Ғаббастың хатынан: “Құрметті Ғазымбек! Аманбысың? Саған солдаттық сәлем жолдап отырған мектептес досың Ғаббас. Көңіл-күйлерің, тұрмыс-тіршіліктерің қалай, фрицтердің жанын көзіне көрсетіп жатырсыңдар ма?

Мен де қалыпша. Бөлімше басқару өнерін үйреніп жатырмын. Жақында училищені де аяқтап, сендердің табыстарыңды еселей түсуге үлес қоспақпын. 26.03.1945 ж. Ақтөбе.”



Бөлім командирі полковник Клепиковтың бұйрығынан: “Сержант Шортанбаев Ғазымбек Алжығанұлына! Бас Қолбасшының 1944 жылғы 27 шілдедегі бұйрығымен маңызды теміржол торабы және немістердің Рижек бағытындағы бекем бекінісі болған Даугавпилс (Двинск) қаласын азат еткені үшін біздің бөлімнің жеке құрамына, соның ішінде Сізге де алғыс жарияланды”.

“Сержант Шортанбаев Ғазымбек Алжығанұлына Бас қолбасшының 1944 жылғы 13 қазандағы бұйрығымен Советтік Латвияның астанасы, маңызды әскери-теңіз базасы және Балтық бойындағы немістердің бекем бекінісі болған Рига қаласын азат еткені үшін біздің бөлімнің жеке құрамына, соның ішінде Сізге де алғыс жарияланды”.



Ғазымбектің Кәмешке хатынан: “Міне, мен үйдемін. 21 10.45 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен мұғалім ретінде Польшадан демобилизацияға шықтым. Өзім жолда, саған, Қостанайға соғамын деп ойлап едім, бірақ жағдай болмады. Қарталы арқылы жүріп, Семиозерге келдім. Әрине, қуанышта шек жоқ... Қазір демалып жатырмын.

Ескі достардан ешкім жоқ. Жолшыбай келе жатып ойша сенімен, Ғафурамен сырласқандай болдым... (Хат аяқталмаған, Ғазымбектің қарындасы Халиданың архивінен алынды С.М.).”

Халиданың редакцияға жазған хатынан:

Сонымен тәтемнің елге аман-есен оралуын асыға күтудеміз. Ол күн де жетті. Мен онда жеті жастамын. Өз тәтемнен өзім ұяламын деп жүріп, сағынған жүрек мауқын да баса алмай қалды-ау. 1944 жылы “халық жауы” атанып сотталып кеткен ағатайымыз Қалиев Кенжебек аман-сау оралған-ды. Ол кісі тәтем келісімен “балам келді” деп күнге қонақ шақыратын. Сондай бір қонақасыда райвоенком мен оның қарындасы да болады. Ұлттары қалмақ. Сол қыз тәтеме ғашық бола қалыпты.

Бірақ тәтем Сәбира апайды алып келуге дайындалып жүреді.

Бір күні тәтем моншаға барып, содан қатты ауырып келеді. Ауруханада тәтемнің тілі күрмеліп қалған, сөйлей алмайды. Дәрігерлер үйге алыңдар деген соң үйге әкеледі. Содан, не керек, қанқұйлы соғыстан аман келген арысымыз бір сәтте-ақ үзіліп жүре береді. Осындай ауыр күндерді өткізіп жатқанда Сәбира апай мен Оля апайдан хат алдық...

Енді сол хаттарға зер салайықшы.

Сәбираның Ғазымбектің анасы мен қарындасына жазған хатынан:

Апа, қалқам Халида! Есен-сау отырсыздар да? Жалпы жағдайларыңыз қалай?

Қалқам! Мен сені танымасам да төрт жылдай саған апа боламын деп Ғазымға тілектес болған-ақ едім. Бірақ тілегімді үлкен кісі қабыл алмағаннан кейін не айтайын.

Апам Сәбирасын ұмытуға айналған шығар. Амал қанша, Ғазымның бізді артқа тастауы қандай жағдайға болса да түсіреді. Тек аман болуларыңа тілектестіктен басқа қолдан келер ешнәрсе жоқ. Апаң Ғазымын, сендерді ешуақытта да ұмытпайды, өздерің жағдайларыңды білдіріп хат жазып тұрыңдар.

Хош, қалқам! Сәбира.

30.08.1946 ж. Алматы.”

Оляның хатынан’ (Айтқожина Ұмсындық, Ғазымбектің бірге оқыған жолдас қызы):

Қымбатты Ғазымның анасы! Жалғыз бауыры, туыстары. Өтептен алған хатқа қарағанда ауыр жағдай, қараңғы түн, бітпес жарада көрінесіздер! Бұл жағдай тар құрсағыңызды кеңейтіп, тас емшекті жібіткен сіз түгіл бірге туған жалғыз бауыры Халида түгіл маған да, Ғазымымды білетін басқа дос-жолдастарына да жеңіл жүк, аз қайғы емес! Қолыңыздан сусын беріп басына жастық қойып, ернін кезертпей қолыңыздан жалғызыңызды жақсы тәрбиелеп жөнелттіңіз. Далада қалған жоқ. Мезгілімен таң атпақ, мезгілімен күн батпақ, мезгілінде жан шықпақ. Әуелде жазу осы. Уайымға көп берілмеңіз, “болған іске болаттай бол” деген ғой. Ендігі қалған жалғыз Халидаңызды аман сақтасын. Енді соныңыз аман болсын. Бізге енді Ғазым жоқ, Ғазымның аруағы үшін сізді естен шығармаспыз. Әрине,, Ғазымдай болатын енді сізге ешкім жоқ, дегенмен бізді де, Сәбираны да, Оляны балам деп есептеңіз. Әрине, қазақта мақал бар ғой: “өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай пұл болмас”, “өз балаң өзекке тепсең кетпес, кісі баласы кісендесе тұрмас” деген. Енді Ғазымдай сізге ешкім де табылмайды. Дегенмен жүрегімізде сізді сақтаймыз. Ғазым біздің жүректе мәңгі сақталады.

Бұдан бұрын да бірнеше рет хат жазғанмын, мүмкін таныған да боларсыз. Танымасаңыз мен Ғазымның тумаса да туғандай болған апасы едім. Бір мектепте оқып едік. Хат жазуым ерсі болса кешірерсіз. Қымбатты, асыл, алтын Ғазымыңыз үшін жаздым. Сізді өз апайыма, Халиданы сіңіліме балай жаздым. Бауырым Ғазымбек жазған бір хатында былай деген еді: “Мамам Семиозерде тұрады, менің тез келуімді асыға күтеді. Мен де анамның құшағында болатын күнді жақсы көремін. Амандық болса октябрьдің аяғында барамын. Анамды, сүйгенімді көруге асықпын. Ең болмаса соларға жалғыз көзбен қарасам, тағы он жыл соғыссам да армансыз болар едім”, деп. Сол дегені болды. Бірақ ғұмыры аз-ақ болды-ау, жанымның. Қысқа тілек тіледі ме екен. Сүйткен анасының аясында ең болмаса бір ай тұрмады ғой жаным,

Үйге келген соң жазған хатында да екеуіңізді көп айтқан еді, Сағынған екі жетімді тағы артына тастап мәңгіге көз жұмды дегенге нанбадым, Сондықтан хат та жазбадым. Бүгін көзім жетіп, еріксіз қолға қалам алдым. Апа! Халидаш! Көп ойлап мұқалмаңыз, ой түбіне жету жоқ, өздеріңізді мұқатудан басқа. Жан басқа болған соң. Көре алмай, далада қарға-құзғынға жем боп қалғандар да бар ғой, шүкір етіңіз. Маңдайынан иіскеп, мауқыңызды бастыңыз ғой.

Хош туғандар, хош, оңай емес, бірақ солай етіп қойған соң амал жоқ, көтереміз.

Оля.

29 январь 1946 ж.”

Ғазымбектің қойын дәптерінен: “31.10.1945 ж. Сағат 24.00-де үйде, туған Семиозерге келдім. Телеграмманы алмапты. Менің келуім де кенет. Түнеп шығуға рұқсат сұрадым. Маған “үйде қонақ бар, орын жоқ” деп жауап берді. Мен өтінішімді табанды түрде қайталап, демобилизацияға шыққан солдат екенімді тақылдатып жатырмын. Сонда анам: “келе ғой, балам, бәлкім, менің ұлымнан да бір хабар білерсің” деп елжіреді. Мен үйге ендім. Май шамның жарығы қайда жетсін, бөлме іші күңгірт. Бірақ ана шіркін өз ұлын танымасын ба, құшағына қысып, аңырасын-ай келіп...

Үш күн бойы ауыл-аймақ жиналып той-домалақ өткіздік. Жастар көп болды. Көбі қыз-келіншектер. Бәрі де маған наздана қарайды, өзің ұялғандайсың.

Үй-ішінің шаруасы да жетерлік. Көшеге шығып, бой жазғың да келеді. “Клубта не бар” деп сұраймын. “Біз қайдан білейік, оған жылдан астам бас сұққан жоқпыз” деп жауап береді. Барып, би билегің келеді, әуелете ән салғың келеді.

Ах, когда я увижу народ мой на высоте своего положения?!

6.111945 жыл.

сағат 18.30”.



АВТОРДАН: Міне жастық шағын өрт шалған, сүйгеніне қосыла алмай, белгісіз жағдайда кенеттен дүние салған асыл аға туралы сөз де тәмәмдалды. Бірақ көңілге талай ой келеді. Не деген кіршіксіз, таза тәрбиелі де мәдениетті жандар. Армандары қандай асқақ, мұраттары қандай мөлдір, таза. Қазір кейде бәз-біреулердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ролін төмендеткісі, майдангерлер ерлігін елемегісі келетіндер бар. Жаның түршігеді...
***

Енді осы баяндаудағы аты аталған екі апамыз – Сәбира мен Оля (Ұмсындық) туралы азды-көпті дерек келтіре кетейік. Сәбира Тойшыбаева Ғазымбек дүние салған соң, бұрынғы майдангер, әскери ұшқыш Ришад Шаймерденовке тұрмысқа шыққан. Ол кісі Алматы облысы мен қаласында басшы қызметтерде болды. Сәбира – филология ғылымының кандидаты, ұзақ жылдар бойы Ғылым академиясында қызмет істеді, ұлдары Қанат пен Ербол азамат болды, өзі Алматыда тұрады, зейнеткер.

Айтқожина Оля (Ұмсындық) туралы деректеріміз аз. Шортанбаевтар әулетіне жазған соңғы хатта “Көкшетау қаласы, К.Маркс көшесі, 40” деген адрес бар. Халида да бұл кісі туралы мардымды ештеңе айта алмады. Бәлкім. бұл апамызды жақсы білетін жандар да ортамызда жүрген шығар...

Тағы бір айта кетер жайт: келтірілген хаттарда түпнұсқа сақталды, ойды бұрмалап, пікір қосуға жол берілген жоқ, тек орыс тілінде жазылған хаттарды қазақшаға аудардық.



жүктеу 4,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау