Батыс
Қазақстан облысты
«Бекітемін»____________
ОБЖТжЭО-ның директоры
В.П.Фомин
туристік
стан
облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі
экология
орталығы
____________ «Келісілді»__________
директоры ОБЖТжЭО-
оқу- тəрбие ісі ж
орынбасары
Хаттама №___
ƏБ отырысында
«Жайық жұлдызы»
уристік
-өлкетану үйірмесіні
БАҒДАРЛАМАСЫ
2 оқу жылы
2016-2017 о.ж.
Авторы: Қ
қосымша білім
Орал
-2016
спірімдер
туризмі жəне
__________
-ы директордың
рбие ісі жөніндегі
басары А.Б.Адилова
___________2016 ж.
отырысында қаралды.
йірмесінің
Қайрлиева Қ.Ж. –
білім беру педагогы
Түсінік
хат
ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына
енуде. Сондықтан, оқу-ағарту мен ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Əр
елдің ұлттық салт-дəстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан
Республикасы соңғы жылдар ішінде əлем таныған ел болды. Қазіргі оқушыларға зор
міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Қазақ халқының көне
тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған
қарамастан, қазіргі оқулықтарда жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық
зерттелмеген мəліметтер көп. Сондықтан, оқушыларға сабақтан тыс уақытта өлке
тарихын оқуға мəн берулері қажет.
Өлкетану
деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп тану ісін айтамыз. Əдетте,
ондай зерттеуге өлкенің əлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи жəне мəдени дамуы,
сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады. Өлкетану-мазмұны мен жекелеген
зерттеу əдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық
жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік
беретін бірнеше ғылыми пəндер жиынтығы.
Бағдарламаның
бағыты: «Жайық жұлдызы» туристік-өлкетану бағдарламасы
оқушылардың танымдық өрісін кеңейтіп, азаматыққа, патриоттыққа тəрбиелейді.
Қазақстан Республикасының БІЛІМ ТУРАЛЫ Заңының (27.07.2007, №319); 37-бабы
«Қосымша білім беру» нұсқауға алынды.
Бағдарлама арқылы өлкемізде өмір сүретін халықтардың жəне қазақ халқының
тарихымен таныстырып, дəрістер, ойын бағдарламалары, əңгімелер жоспарланды.
Сонымен бірге, бағдарламада туристік дағдылар мен жорық кезіндегі қажетті міндеттер
қамтылған. Бағдарлама орта топ оқушыларына арналған. Бұл бағдарламамен топ
бірнеше жыл жұмыстануға болады. Жыл бойына өткендерді келесі жылы күрделендіріп
беріледі.
Бағдарлама
туған
өлкенің
жəне
қаланың
тарихымен,
танымал
жерлестеріміздің өмірімен, өлке туралы аңыздармен, ата-бабамыздың салт-дəстүрі
жəне əдет-ғұрпымен таныстырады. Оқушылар өздері тұрған қаланың тарихын танып,
мəдениетімен танысады. Бағдарлама арқылы өздерін туған халқының бір бөлшегі, сол
халық мұрасын сенімді сақтаушы жəне жалғастырушы тарихты білетін өз елінің
азаматы екендігін сезінеді.
Бағдарламаны қосымша білім беру педагогтарына, өлкетану үйірмесімен
жұмыстанушы мектеп мұражайының жетекшілеріне пайдалануға болады.
Бағдарламаның
мақсаты:
Оқушыларға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мəдениеті
жөнінде білім беру.
Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып патриоттық сезімдерін
қалыптастыру.
Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан) атақты адамдар жайлы
материалдар жинап білімдерін толықтыру.
Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мəлімет іздеуге дағдыландыру.
Міндеті
:
Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;
Əртүрлі əдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;
Өз өлкесінің мəдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу;
Бағдарламаның
өзектілігі:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Жолдауында көрсетілген Қазақстан тарихына енетін 10 креативті
идеяның ең бастысы-патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Оқушыларды өзінің
кіші Отанын сүюгетəрбиелеу арқылы құлықтылыққа жəне патриоттыққа тəрбиелеуге
болады. Олар өзін патриот сезінуі үшін туған өлкені тек сүйіп қана қоймай тарихын
терең біліп, онымен мақтана білуі керек. Тек білім ғана біздің туған қаламыз бен
өлкемізге деген махаббатымызды танытады, оның салт- дəстүрін сақтауға жəне əдет –
ғұрпын дамытуға рұқсат етеді.
Бағдарламаның
жаңашылдығы
оқушы
өлкетанулық
білімді
мұражай
жəдігерлерінен, мұрағаттарда, кітапханалардан жəне өлкетанулық нысандардан алады.
Бағдарламаны оқыту арқылы білім мен туған өлкенің мəдениеті мен табиғатын,
тарихын біледі, тақырыптар мен мəселелерді анықтайды, мұражайлық-өлкетанулық
зерттеу жұмыстарын жүргізеді, бос уақыттарында іздестіру-зерттеу жұмыстарын
жүргізеді.
Бағдарламаны меңгерту үшін əдебиеттер көрсетілді.
Бұл
бағдарламада бірнеше оқыту формалары қолданылады:
1. Сарамандық жұмыс
2.Экскурсия
3. Лекция
4.Дөңгелек үстел, кездесу кештері
Нені білу керек?
- баяндамалар, рефераттар, презентациялар жасақтау;
- жорық күнделігін көркемдеу;
- алынған білімді тəжірибеде қолдану;
- əңгімелесу, өздігінен естеліктер алуға, экскурсия жасау білу.
Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы
мəліметтер жинау.
Бағдарлама
өлкетанулық білімін тереңдету үшін 6 сынып оқитын мектеп
оқушыларына арналған, 216 сағат, 3 оқу жылына арналған.
Жүзеге
асыру уақыты 5 жыл
Күнтізбелік
-тақырыптық жоспар
Р
/
С
Тақырыптардың
жəне бөлімдердің атауы
Сағат
саны
Бар
лығ
ы
Дəр
іс
Практика
Ғима
рат
Аймақ
та
I
Өлкетану
– Елтану
14
1
Үйірмені жинақтау.
2
2
2
Кіріспе сабақ.Өлкетану жəне туризм негіздері. Өлкетану
нысандары.
6
2
2
2
3
Практикалық сабақ: Туристік лагерьге саяхат. Туристік -
өлкетану дағдылары, біліктіліктері. Қауіпсіздік шаралары.
Туристік жорықтың тактикасы мен техникасы. Саяхат
ауданын зерттеу. Компас.
2
2
4
Практикалық сабақ: жорық, экспедиция, экскурсиялар.
Туристік құрал- жабдықтар. Жолда жүру ережесі. Алау
түрлері. Жіп байлау. Картамен жұмыс жасау. Күнделікпен
жұмыс.
4
4
II
Менің
жанұям
5
Ескі суреттер сыр шертеді.
6
6
Презентация жасау: «Жанұя шежіресі»
2
2
III Жер тарихы – ел тарихы
4
4
7
Батыс Қазақстан өлкесінің жер көлемі, территориясы,
тарихы.
36
8
Сарматтар мекені
6
2
4
9
Алтын ханшайым табылған мекен
6
2
4
10 Археология жəне облыстық тарихи-өлкетану музейіне
саяхат
6
2
4
11 Кездесу кеші: «Қариялар хатпен тең»
6
4
2
12 Практикалық сабақ: Өлке тарихын зерттеу
IV Текелінің (Оралдың) тарихы – тереңде!
6
4
2
13 Орал қаласының тарихы. Ескерткіштер тарихы
6
6
14 Өлке тарихы - көше атауларында. Іздестіру-зерттеу
жұмысы «Көшемнің атауына мақтанам!»
18
15 Фото-көрме: «Менің Оралым»
6
2
4
V
Этнография
.
6
4
2
16 Қазақ халқының мəдениеті, дəстүрі, əдет-ғұрыпы мен
қолөнері туралы түсінік.
17 Фольклорлық
туындылар:
мақал-мəтел,
жұмбақ-
жаңылтпаштар
6
6
18 «Үкілі камшат, бүрмелі көйлек»
Ұлттық киімді əсемдеу дəстүрі
48
19 Іздестіру-зерттеу
жұмысы:
Ұлттық
тағам
асханасы.
«Қымыздың пайдасы», «Бауырсақ пісірудің түрлері».
4
4
20 Ұлттық ойындар тарихы - «Ата-əжелеріміз ойнаған
ойындар»
8
4
4
21 «Ұлттық мерекелер – мерейім»
8
4
4
22 Практикалық жұмыс: «Дəстүр ордасы- киіз үй» (шашақбау,
бойтұмар тігу)
VI Жері байдың – елі бай
10
4
4
2
23 «Зенит» кеме жасау заводына саяхат
6
6
24 «Омега», механикалық заводына саяхат
6
6
25 «Ақжайық»,
«Береке»,
«Желаев»
шаруашылық
орталықтарына саяхат
26 Табиғатты қорғау орталығына саяхат
6
6
27 Практикалық сабақ: карта құрастыру «Орал – өндіріс
орталығы». Топографиялық белгілер. Топографиялық
зерттеу, бағдарлау.
24
VI
II
Бір
өзіне бірнеше өлең арнатқан!
4
2
2
28 «Қыз Жібек» жыры.Жайық өзені, тарихы.
8
4
4
29 «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» М.Бабажанов .
Өлкетанушылар еңбектерімен танысу.
6
2
4
30 Х.Есенжанов. «Ақжайық» триологиясындағы елді мекен
атаулары.
31 Ж.Молдағалиев «Мен – Қазақпын!» кітапханаға саяхат.
2
2
32 Практикалық сабақ: «Əдеби Орал» презентация жасау.
4
2
2
IX Өлкетанулық зерттеу жұмысы
27
33 Жолсерік жасақтау: «Орал өңірінің жолсерігі»
8
4
2
2
34 «Ерлігің ұрпақ есінде!» ҰОС-ң хаттарын іздеу,
ардагерлерге көмектесу, кездесу.
8
4
2
2
35 Мұрағатпен, кітапханамен жұмыс
36 Практикалық жұмыс: «Менің Отаным - Қазақстан»
туристік өлкетану слетіне қатысу
4
2
2
X
Сынақтық
жорықтар
4
4
37 Жорық, экспедицияларға дайындық.
3
3
38 «Ақжайық» романының ізімен
24
XI Қорытынды
6
2
4
39 «Жайық жұлдызы - жорықта!» папкасын жинақтау
6
4
2
40 Жылдық қорытынды есеп
7
Барлығы
216
72
50
94
Мазмұны
I - бөлім. Өлкетану – Елтану. (14 сағ.)
1-сабақ. Үйірмені жинақтау. (3 с.)
2-сабақ. Кіріспе. Өлкетану жəне туризм негіздері. Өлкетанудың зерттеу
нысандары
. (6 с.) Туризм жəне өлкетану туралы түсінік қалыптастыру. Өлкетанудың
зерттеу нысандары: табиғат, жер, территория, сол жердің халқы, тарихы,
шаруашылығы, өнері мен мəдениеті. Туристік-өлкетану үйірмесінің мақсаты мен
міндеттері. Табиғатқа серуендеу мен экскурсиялар жасауда адам денсаулығын
нығайтуға тигізетін əсері. Жорықтар бұлшық ет қозғалысын дамытып қоймай, сонымен
қатар жүрек, өкпе жəне адам ағзасының басқа да мүшелерін нығайтатындығын
ұғындыру. Жорықтар кезінде көптеген қызықтар мен жаңалықтарды үйретіп, қоршаған
ғаламдағы табиғат аясымен, адамдардың қолымен жасалған орындармен танысып,
өңірде жүру ережесін сақтау, өзін жəне өз жолдастарын /жол айрығы/ күте білу,
туристік өмірдегі эпизодтарды бақылап қызықты жерлерді суретке түсіру.
3-сабақ. Практикалық сабақ: Туристік лагерьге саяхат. (3 сағ.)
Туристік жорықтың тактикасы мен техникасы. Саяхат ауданын зерттеу. Компас.
Туристтік - өлкетану дағдылары, біліктіліктері. Қауіпсіздік шаралары. Туристтік
жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтандыру жəне өзін-өзі сақтандыру.
Сақтандырудың жəне өзін-өзі сақтандырудың маңыздылығы. Сақтандыру құралдары.
Туристтік түйіндер, кеуде бекіткіші жəне оны қолдану тəсілі. Сақтандыру түрлері:
біруақыттық, кезекті, топтық жəне өзін-өзі сақтандыру. Сақтандыру орнын таңдау жəне
дайындау. Жоғарғы жəне төменгі сақтандыру. Арқан арқылы жоғарыға шығу жəне
төменге түсу. Жорық кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу. Өлкетануда қолданылатын
карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде
жəне картада азимутты анықтау, полярлық жəне маршруттық түсіру тəсілдерімен
жергілікті жердің жоспарын жасау технологиялары, шартты белгілер;
4-сабақ. Жорық, экспедиция, экскурсиялар. Туристік құрал- жабдықтар. Жолда
жүру
ережесі. Алау түрлері. Жіп байлау. Картамен, күнделікпен жұмыс. (3
с.)Жорық, экспедиция, экскурсиялар түрлері. Жорыққа дайындық. Жорық ауданын
зерттеу. Топтағы міндеттерді бөлу. Жорық күнделігін жүргізу. Жорық бағдарламасын
жəне маршруттың əзірлеу. Маршрут құжаттарын даярлау. Есепті дайындау.Туристік
құрал - жабдықтар. Жолда жүру ережесі. Алау түрлерімен (шалаш, құдық, перамида,
таежный, траншея, «заборчик», «решетка», «аңшының ошағы» т.б.) таныстыру,
қолдалынуы, тəртібі (Алауды қатты желден сақтау; оған ауа келіп тұруды қамтамасыз
ету; жылынуға - кең жағылған, тағам дайындау үшін - конус тəрізді алауларды
пайдалану т.с.с.) туралы ұғындыру. Өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері,
бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде жəне картада
азимутты анықтау, полярлық жəне маршруттық түсіру тəсілдерімен жергілікті жердің
жоспарын жасау технологиялары, шартты белгілер; Топтық құралдар. Туристік
палаткаларды сипаттары. Тент жəне палаткалар. Құралдардырдың күтімі жіне оны
жөндеу. От жағу құралдары. Өлкетану жұмыстардың міндеттеріне байланысты арнайы
экспедициялық
құрылғылар.
Туризм
түрлері
бойынша
арнайы
құрылдар:
мұзжарғыштар (ледоруб), ілмектер (крючья), кошкалар, қорғаныс жилеты, байдаркалар,
шаңғылар, каскалар жəне т.б. II-бөлім. Менің жанұям. (6 сағ.)
5-сабақ. Жанұя шежіресі (3 с.) Жанұя тарихы. Жеті ата. Ататек атаулары: ата, əке,
бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат,
жат жұрағат, жегжат, жамағайын.
6-сабақ. Презентация жасау: «Ескі суреттер сыр шертеді». Жаұялық альбомдардан
өлке тарихына үлес қосқан туыстарының өмірбаянын білу.
III-бөлім. «Ел тарихы – жер тарихы» ( 36 сағ.)
7-сабақ. Батыс Қазақстан өлкесінің жер көлемі, территориясы, тарихы. (6 с.) Б.з.б.
2-мыңжылдықтың басында Еділ-Жайық өңірінде кешенді мал, егін шаруашылығы
қалыптасуы. Ежелгі Грек ғалымдарының еңбектері. Орта ғасырлық Жайық қалашығы,
Сарайшық қалашығы.Өңірімізде өмір сүрген тайпалар тарихы.
8-сабақ. Сарматтар мекені. (6 с.)
Мəдениеті (eрте саpматтaр мəдениеті (прохор) орта сармaттар мəдениеті (суслов)
кейінгі сарматтaр мəдениеті).Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты əшекей
заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу
орындары (Батыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Жерлеу
дəстүрі.Зергерлік бұйымдары.III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен
алтынды көп қолдануы.Шaруашылығы.
9-сабақ. Алтын адамдар.Алтын ханшайым табылған мекен.
(6
с
.)
Елімізде
табылған алтын адамдар тарихы (1969 жылы Жетісу өңіріндегі Есік қорғаны, 1999
жылы Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымы, Шығыс
Қазақстан облысының Шілікті жазығы, Талды-2 Қарағанды, 2012ж. Теректі ауданынан
табылған алтын ханшайым). 10-сабақ. Археология жəне облыстық тарихи-өлкетану
музейіне
саяхат.(6 с.)
11-сабақ. Кездесу кеші: «Қариялар хатпен тең».
(6 с.) Өлкетанушы
Ж.Ақбай
жəне
музейтанушы
С.Танабаевамен
кездесу.Олардың
шығармашылығымен
танысу.Зерттеушілік жұмыс түрлерімен таныстыру.
12-сабақ. Практикалық сабақ: «Өлке тарихын зерттеу» (6 сағ.)
IV-бөлім. Текелінің (Оралдың) тарихы – тереңде! (18 сағ.)
13-сабақ.
Орал
қаласының тарихы. Ескерткіштер тарихы. (6 с.)
Орал қаласының тарихы. Жайық қалашығы т.б. археологиялық ескерткіштер, ерте
замандағы тұрақтардың, елді мекендердің, қалалардың, қорғандардың, қорымдардың
сызба-нұсқаларын жасау. Қаладағы ескерткіштер. Даңқ, «Европа-Азия» монументтері,
А.С.Пушкин, М.Мəметова, А.Құнанбаев, В.И.Чапаевтың, С.Датов, Г.К.Жуков,
А.Шолохов, Т.Масиннің жəне М.Молдағалиевтің ескерткіш-мүсіндерінің авторлары
мен қала тарихымен байланыстылығы.
14-сабақ.
Өлке
тарихы - көше атауларында. Іздестіру-зерттеу жұмысы
«Көшемнің атауына мақтанам!» (6 с.) Қала көшесіне саяхат. Жаңадан атау алған
көшелер тарихы.
15-сабақ.
Фото
-көрме: «Менің Оралым» (6 с.)
V-бөлім.
Этнография
. (48 сағ.)
Этнография ғылымы. Тайпалар мен халықтардың шығу тегі, тұрмысы, кəсібі, əдет-
ғұрпы, ерекшелігі. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, əдет-ғұрпын зерттеу
ерекшеліктері. Қария адамдармен əңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алу,
маңызды көріністерді суретке түсіру, үнтаспаға жазып алу, сирек кездесетін
бұйымдарды жинау. Музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды пайдалану.
Саяхатшылардың мəліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған əдеби мұраларға көңіл
бөлу. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтау.
16-сабақ.
Қазақ
халқының мəдениеті, дəстүрі, əдет-ғұрыпы мен қолөнері
туралы
түсінік. (3 с.)
Халықтық салт-дəстүр. Салт-дəстүр – халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай
жалғасып келе жатқан, əбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері. Қазақ халқының
салт-дəстүрлері: қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-
ананы ардақтау, үйге сəлем беріп кіру, əдептілік, қонақжайлылық, т.б. Ақсақалдар мен
ел құрметіне бөленген сыйлы адамдар жəне ата-ананың өз ұрпағына, еліне арнап айтқан
үлгі-өнегесі өсиет сөздерін жинау.
17-сабақ.Фольклорлық туындылар(9 с.)
Халық музыкасы, халық биі, халық өлеңі, халық театры, халық əдебиеті, халық
қолөнері, халық қолданатын ырымдар мен ғұрыптар, салттар мен наным-сенімдер.
Фольклор– халықтың бұрынғы замандарда өмір сүрген бабалары шығарып,
пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп, бүгінгі дəуірге жеткізген руханият. Мақал-
мəтел, жұмбақ-жаңылтпаштар түрлері.
18-сабақ.
«Үкілі камшат, бүрмелі көйлек» (9 с.)
Ұлттық киімдер атауы.Ұлттық киімді əсемдеу дəстүрі. Ою түрлері. Киізден жасалатын
киімдер.Теріден жасалатын киімдер.Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы;
Тақыр шалбар; Тон. Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ. Аяқ
киімдер: Кебіс; Мəсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма. Жүннен
жасалатын киімдер.Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша;
Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. Киімге байланысты
ырымдар.
19-сабақ.
Іздестіру
-зерттеу жұмысы: Ұлттық тағам асханасы. «Қымыздың
пайдасы», «Бауырсақ пісірудің түрлері».(9с.) Іздестіру-зерттеу жұмысы.
20-сабақ.Ұлттық ойындар тарихы - «Ата-əжелеріміз ойнаған ойындар» (6 с.)
Қазақтың ұлттық ойындарының тəрбиелік, əскери-спорттық, салт-дəстүрлік, өзара
қарым-қатынастық
жəне
көркем-эстетикалық
сипаты.
Ұлттық
ойындардың
түрлері.Əбжілдік пен төзімділікке тəрбиелейтін, ат үстінде шауып келе жатып жерден -
күміс алу. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны - көкпар тарту. Халық арасына
кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі — қазақша күрес. Ол барлық салтанатты
жиындарда өткізіледі. Алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы aтy, қыз қуу, жілік сындыру
сияқты ұлттық ойын түрлері мен спорт жарыстары.
21-сабақ.
«Ұлттық
мерекелер
–
мерейім
»
(6с.)
Наурыз
мерекесі.
Қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қатар мереке-тойларының
ерекшеліктері.
22-сабақ. Практикалық жұмыс: «Дəстүр ордасы- киіз үй» (шашақбау, бойтұмар
тігу
) (6с.)
VI-бөлім -
«Жері байдың – елі бай» (24 сағ.)
Батыс Қазақстан өңірінің шаруашылығы маңызы бар (ауылдың, ауданның, қаланың)
өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы кəсіпорындарының орналасуының карта-сызбасын
құрастыру, өлкенің кəсіпорындары жəне мекемелерінде сұранысқа ие мамандықтар;
өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы кəсіпорындарының жұмысымен танысу, «Омега»,
«Зенит» (кəсіпорындардың жетекшілерімен жəне мамандарымен кездесу); кəсіпорынға
экскурсия жасау, техникамен, технологиялармен жəне технологиялық үдерістермен
танысу, əр түрлі мамандық иелерімен танысу; маңызы бар (ауылдың, ауданның,
қаланың) өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы кəсіпорындарының орналасуының карта-
сызбасын құрастыру, өлкенің кəсіпорындары жəне мекемелерінде сұранысқа ие
мамандықтар; өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы кəсіпорындарының жұмысымен
танысу (кəсіпорындардың жетекшілерімен жəне мамандарымен кездесу); кəсіпорынға
экскурсия жасау, техникамен, технологиялармен жəне технологиялық үдерістермен
танысу, əр түрлі мамандық иелерімен танысу; алдын-ала жасалған жоспар бойынша
аудан, қала үшін аса маңызды кəсіпорындарды оқып-білу жəне сипаттама беру,
өнеркəсіптік, сонымен қатар экспорттық жəне импорттық қарым-қатынастардың сызба-
нұсқасын құрастыру; алдын-ала жасалған жоспар бойынша аудан, қала үшін аса
маңызды кəсіпорындарды оқып-білу жəне сипаттама беру, өнеркəсіптік, сонымен қатар
экспорттық жəне импорттық қарым-қатынастардың сызба-нұсқасын құрастыру;
23-сабақ. «Зенит» кеме жасау заводына саяхат (3 с.) Завод тарихымен (1941 ж.)
танысу. Отан соғыс 1 дəрежелі орденін иеленуі. Кеме жасау қызметі. «Сарбаз» кемесі.
Кəсіпорын арнаулы техника, мұнай-газ саласы үшін жабдықталған катер жəне кемелер
сияқты өнімдер шығаруы. Зауыт технологиялық үдерістердің кең ауқымын қажет ететін
конструкциясы күрделі əрі қиын бұйымдар жасауға бағытталған.
24-сабақ. «Омега», Орал механикалық заводына саяхат (9 с.) «Омега» заводының
тарихы. Зауыт электронды автоматты жүйелерге байланыс құрылғыларын, темірден
түрлі құрамалар жасап, аспаптарға аса дəлдікпен жасалатын механизм тетіктерін
шығаруға мамандандырылған. Орал механикалық заводына саяхат. МТЗ тракторының,
ГАЗ, ЗИЛ, ПАЗ автомобилдерінің жəне əр түрлі арнайы техникалардың құралдарын
жасайтындығын көрсету;
25-сабақ. «Ақжайық», «Береке», «Желаев» шаруашылық орталықтарына саяхат
(6 с.) Өлкедегі агроөнеркəсіп кешендері.
Сүт («Береке» ЖШС), бидай («Желаев» ЖШС), ет т.с.с. өнімдерін қайта өңдеумен
негізінен «Береке» АҚ, «Ибрагим» ЖШС, «Жайық-Ет» ЖШС, «Кублей»ЖШС жəне
Орал қаласында орналасқан 12 шағын цехтар айналысуы.Еңбек өнімдері. Өлкенің
экономикасына пайдасы. Сауалнама жүргізу. Фотоға түсіруге үйрену.
26-сабақ. Табиғатты қорғау орталығына саяхат
(3 с.)
Батыс Қазақстан өңірінің ерекше қорғалатын аумақтары жəне табиғатты қорғау. туған
өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау жəне тізімін
құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау
(жұмысты
презентациялау),туған
өлкенің
жəне
оған
жақын
аумақтардың
«Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары; ерекше қорғалатын
аумақтар жəне нысандарға (мүмкіндікке байланысты): қорықтарға, қорықшаларға,
ұлттық саябақтарға, табиғат ескерткіштеріне, хайуанаттар бағына, ботаникалық
бақтарға, дендрарилерге, орман шаруашылықтарына саяхат жасау, олардағы табиғатты
қорғау жұмыстарының технологияларымен танысу;
27-сабақ. Практикалық сабақ: карта құрастыру «Орал – өндіріс орталығы».
Топографиялық
белгілер. Топографиялық зерттеу, бағдарлау. (3 с.)
Топографиялық белгілер - жергілікті заттардың топографиялық, карталардағы шартты
(графикалық, əріптік, сандық) белгілері. Масштабтық, масштабтан тыс жəне
түсіндірмелі белгілер. Масштабты шартты белгілермен өз өлшемі бойынша карта
масштабында керсетілетін заттар (орман, көл, т.б.). Масштабтан тыс шартты белгілер
(карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан (шахталар, радиомачта) көрінбей
қалатын жергілікті заттарды бейнелеуге колданылады). Түсіндірмелі шартты белгілер
масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша
сипаттама беру үшін колданылуы (орман түрін керсететін белгі, өзеннің ағу бағытын
көрсететін белгі). Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына объектінің аты
көрсетіліп, түсініктеме берілуі.
VIII-бөлім. Бір өзіне бірнеше өлең арнатқан! (27 сағ.)
28-сабақ. «Қыз Жібек» жыры. Жайық өзені, тарихы. (8 с.)
Қыз Жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. Тарихи оқиға,
кейіпкерлерітуралы түсінік. Жібек бейнесі - сұлулық пен əсемдіктің нышаны, қазақ
халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Жырдағы жер су атауларын табу. Жайық –
Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан
Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен
Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы
ұзындығы 2 428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км
2
, Қазақстан жеріндегі
ұзындығы 1 084 км.
29-сабақ. «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» М.Бабажановтың өмірі мен
шығармашылығы
,
еңбектері
.
Өлкетанушылар
еңбектерімен
танысу
.(8
с
.)М.Бабажановтың қазақтың салт-дəстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық
кəсібі жөнінде еңбектері. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-
жырларын, мақал-мəтелдерін жинап, зерттеуі. Ресей музейлері мен ғылыми
мекемелеріне қазақ тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этногриялық
жəдігерлерін жіберуі. «Қымыз туралы жаңалық», «Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда
қазақтарының айтысы», «Ішкі қазақ Ордасының жылқылары жəне оны бағу», «Нарын
құмы жөніндегі мəліметтер», «Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық», «Заметки киргиза о
киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») мақалалары мен зерттеу еңбектері.
Нарын құмынан табылған əйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болуы.
30-сабақ. Х.Есенжанов.«Ақжайық» триологиясындағы елді мекен атаулары. (5 с.)
Х.Есенжанов шығармашылығы. Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына
арналған - “Ақ Жайық” трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) “Ақ Жайық”
трилогиясы мен “Көп жыл өткен соң” роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас
эпопея. Х.Есенжанов өмірінің соңғы жылдары “Қарт қазақ”, “Жайын ілерде”, “Жар”,
т.б. əңгіме, очерк, əдеби-сын мақалалары. Бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар
жазуы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты.
31-сабақ. Ж.Молдағалиев «Мен – Қазақпын!» кітапханасына саяхат. (3
с
.)Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Поэмаларын оқыту. Слайд жасау. Кітапхана
жұмысымен танысу.Кітап алуы. «Сағындым, Жайық», «Махаббатты таңдасам», «Қиял
қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сəлем», «Туған жер»
өлеңдерін таныстыру.
32-сабақ. Практикалық сабақ: «Əдеби Орал» презентация жасау.
(3 с.)
Қ.Мырзалиев,
Ж.Нəбиуллин,
А.Нəріков,
А.Бақтыгереева,
Ш.Қыдырниязова,
Д.Мұштанова,
Б.Ғұбайдуллин,
М.Балмолда,
М.Шүйіншалиева
т.б.
ақындар
шығармашылығын.
IX-бөлім. Өлкетанулық зерттеу жұмысы. (24 с.)
33-сабақ. Жолсерік жасақтау: «Орал өңірінің жолсерігі».(6 с.)
Қала бойынша, өлке бойынша жолсерік дайындау.
34-сабақ. «Ерлігің ұрпақ есінде!» ҰОС-ң хаттарын іздеу, ардагерлерге көмектесу,
кездесу
. (6с.)
Ұлы Отан соғысы (1941—1945) Кеңес Одағының нацистік Алманияға жəне оның
еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия,
Хорватия) қарсы жүргізген соғысы. Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:
Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы), Мəскеу түбіндегі
шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сəуірдің 20-сы), Сталинград шайқасы (1942
шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі), Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі —
тамыздың 23-і), Берлин шайқасы (1945 жылғы сəуірдің 16-сы — мамырдың 8-і). Орал
қаласында тұратын ардагерлерге бару, көмек ұйымдастыру. Хаттар жинау. Кітап
құрастыруға көмектесу.
35-сабақ. Мұрағатпен, кітапханамен жұмыс (6 сағ)
36-сабақ. Практикалық жұмыс: «Менің Отаным - Қазақстан» туристік өлкетану
слетіне
қатысу (3 с.) Слет ережесімен танысу. 6 бағыт бойынша іздестіру-зерттеу
жұмыстарын дайындау.
X-бөлім. Сынақтық жорықтар.(12 сағ.)
37-сабақ. Жорық, экспедицияларға дайындық.
(4 с.)
Жорық алды дайындық. Маршрут құрастыру. Зерттеу. Картамен жұмыс. Тапсырмалар.
Міндеттерді бөлісу. Алғашқы медициналық көмек.
38-сабақ. «Ақжайық» романының ізімен» экспедициясы (8 с.) «Орал қ.- Подстепное
с. – Жаңаөмір с. – Бозой с.-Аңқаты өз.- Сарыөмір с.-ескі Шалқар с.-Орал қ.»
маршрутымен «Х.Есенжановтың «Ақжайық» романының ізімен» əдеби-өлкетанулық
экспедициясына дайындық.
XI-бөлім. Қорытынды. (6 сағ.) Өтілген тақырыптарды қорытындылау.
39-сабақ. «Жайық жұлдызы - жорықта!» папкасын жинақтау.( 3с.)
40- сабақ. Жылдық қорытынды есеп. (3 с.)
Пайдаланылған
əдебиеттер
1. Акишев К.А., Кушиев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, 1963;
2. Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973;
3. Акишев А.К., Искусство и мифология саков, А.-А., 1984;
4. А. Бейсенов., История Казахстана, т. 1, А., 1996.
5. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-
том
6. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. Алматы:
Атамұра, 2010.
7. В.И.Курилова., Туризм.
8.А.А.Остапец-Свешников.,
Программа
туристско-краеведческой
деятельности
школьников.
9. Е.Ю.Ривкин., Организация туристической работы со школьниками.
10. В.В.Титова., Туристско-краеведческие кружки в школе.
11. Д.А.Белоусов., Литературно - краеведческий кружок в школе.
12. Т.К.Жездібаев., Жас туристерге кеңес
13. А.А.Остапец.,Турист- ізкесушілер жорықта
14. Д.Д.Байдалиев., Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кəсіби
даярлау.
15. Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы
16. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік жəне шетелдік зерттеушілер еңбектері
алынды.
17. Емельянов Б.В., Экскурсоведение. Учебное пособие. М., 2002.
18. «Боздақтар» 4 том
19. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы.
20. Қазақстан бұқаралық ақпараттық құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |