Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы



жүктеу 266,99 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата07.02.2020
өлшемі266,99 Kb.
#28506
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

       5. Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм 

берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс 

және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады. 

 

      Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi 



орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.

 

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

, 2007.03.02. 

N 237



2011.01.10 



N 383-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы 



 

                уәкiлеттi мемлекеттiк орган 

 

      1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан 



әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық 

жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

 

       2. Уәкілеттi органның құзыретiне: 



 

      1) селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты 

жүзеге асыруға қатысу;

 

      2) селекциялық жетiстiктерге патенттер беру;



 

      2-1) селекциялық жетістікке патентті өзгеге беру шартын немесе патентті алуға 

құқықты тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту;

 

      2-2) селекциялық жетістікті пайдалануға лицензиялық шартты немесе қосалқы 



лицензиялық шартты тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту;

 

      3) селекциялық жетiстiктердi пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне 



бақылау;

 

      4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, 



әкiмшiлiк жазалар қолдану;

 

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы 



Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 

өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 



N 586

, өзгеріс енгізілді - 

2011.07.05 

N 452-IV


 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 

№ 537-IV


 

(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңдарымен.

 

      3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы

 

               мемлекеттiк монополия

 

      1. Өтінім материалдарына, қорғау құжатына және өсімдіктердің қорғалатын сорттары 



мен жануарлар тұқымдары бойынша мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді; Селекциялық 

жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірме ұсынуды; өтініш берушінің 

белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап алты айға дейін өткізіп алған ақы төлеу 

мерзімін қалпына келтіруді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын 

беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды және қорғау 

құжатын беру, күшінде ұстап тұру, ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; ашық лицензия 

беруге арналған өтінім қабылдауды; шарттардың қосымша келісімдеріне сараптама жүргізуді, 

шарттарды тіркеу туралы мәліметтер жариялауды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе 

атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және 

жариялауды; кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, селекциялық жетiстiктерге 

өтiнiмдер қабылдау және өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзу, патенттi немесе 

селекциялық жетiстiктерге патент алу құқығын басқаға беру шарттарына, лицензиялық 

(қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Селекциялық жетiстiктердiң 

мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, селекциялық жетістіктер туралы  мәліметтерді жариялау, 

қорғау құжаттарын беруге дайындау жөніндегі  қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және 

оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы  




республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында 

құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.

 

      2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:



 

      1) өтінім материалдарының көшірмелерін әзірлеу;

 

      2) селекциялық жетістіктерге арналған қорғау құжаттары бойынша анықтамалар, 



статистикалық мәліметтер ұсыну;

 

      3) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.



 

      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың 

(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу 

бойынша уәкілетті орган белгілейді.

 

      Ескерту. 1-тарау 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 



N 586

 Заңымен; жаңа 

редакцияда - ҚР 2012.07.10 

N 34-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 

енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 

N 239-V

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

   2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі  



      4-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттiлiк 

 

              шарттары 

 

      1. Патент жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi және тұрақтылығы бар селекциялық 



жетiстiкке берiледi.

 

      2. Егер өтiнiм жасалған күнге дейiн белгiлi бiр селекциялық жетiстiктiң ұрығы 



немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта:

 

      1) Қазақстан Республикасында - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жыл бұрын;



 

       2) кез келген басқа мемлекетте - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жылдық дақылдар 

бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бұрын 

сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшiн басқа 

адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледi. 

 

      Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi тек пен түр енгiзiлген 



күнге дейiн пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 

тiркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнiнде талап қойылмай-ақ патентке 

қабiлеттi деп танылуы мүмкiн. 

 

      Мұндай селекциялық жетiстiктерге осы Заңның 3-бабында аталған патенттiң қолданылу 



мерзiмi пайдалануға ұсынылатын жылдан бастап патент берiлген жыл аралығындағы мерзiмге 

қысқартылады. Осы Заңның 9-бабында көзделген уақытша құқықтық қорғау мұндай селекциялық 

жетiстiктерге қатысты қолданылмайды.

 

       3. Егер сорттың, тұқымның өтiнiм берiлген кезде бар екенi жалпыға мәлiм кез 



келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелiгi болса, олар ерекшелiк өлшемдерiне сай 

келедi. Патент алуға өтiнiм беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың 

ресми тiзiлiмiне енгiзiлуi, осы өтiнiм беру нәтижесiнде патент берiлген немесе сорт, 

тұқым аталған тiзiлiмге енгiзiлген жағдайда, сортты, тұқымды өтiнiм берiлген күннен 

бастап кез келген елде жалпыға мәлiм етедi. 

 

      Сорттардың, тұқымдардың жалпыға мәлiмдiгi өсiру, пайдалану және жариялау фактiлерi 



бойынша да белгiленуi мүмкiн. Сорттың, тұқымның сипатталу және айырықша ерекшелiктерiн 

анықтауға мүмкiндiк беретiн белгiлер қалпына келтiрiлетiн және дәл сипаттауға ыңғайлы 

болуға тиiс.

 

      4. Егер сорттың, тұқымның көбею ерекшелiктерiн есепке алғанда осы сорт өсiмдiктерi 



немесе тұқым селекцияланатын белгiлерi бойынша бiртектi болса, сол сорт пен тұқым 

бiртектi деп есептеледi.

 

       5. Егер сорттың, тұқымның негiзгi белгiлерi - әрбiр көбеюден кейiн, ал көбеюдiң 



ерекше циклы жағдайында көбеюдiң әр циклының соңында өзгерiссiз қалса, олар тұрақтылық 

өлшемiне сай келедi. 

 



жүктеу 266,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау