Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы
МАЗМҰНЫ
ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 Заңымен енгізілген өзгерістер әртүрлі
уақытта қолданысқа енгізілген (2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер
базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етiлген», «жiберiлген» және «жiберiлетiн»
деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық,
экономикалық және
ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға,
ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік,
сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - патент иесiнiң селекциялық жетiстiктi өз қалауы бойынша кез
келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;
2) апелляциялық кеңес - уәкiлеттi органның дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi
бөлiмшесi;
3) асыл тұқымды мал – республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты
мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал;
4) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан
алынған ұрық, эмбриондар,
инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық,
құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара
ұялары және бал ара пакеттері;
5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк
комиссия - өсiмдiк сорттарының патентке қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына
сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi
органның қарауындағы ұйым;
6) бюллетень - селекциялық жетiстiктердi қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми
мерзiмдiк басылым;
7) лицензиялық шарт - патент иесi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа)
селекциялық жетiстiктi белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беретiн шарт;
8) мемлекеттiк комиссиялар - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi
органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясы;
9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетiн
материалды қоса алғанда, кез келген түрдегi отырғызылатын материал (тұқым, көшет,
өсiмдiктер және өсiмдiктердiң оларды көбейтуге арналған бөлiктерi);
10) өтiнiш берушi - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм берген жеке немесе
заңды тұлға;
11) патент иеленушi - патенттiң иесi;
12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi
орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
13) селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып
табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты,
жануарлардың жаңа тұқымы;
14) селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) (бұдан әрi - автор) - сортты,
тұқымды жасаған, тапқан немесе өсiрiп шығарған жеке адам;
15) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының
қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының
патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының
мемлекеттiк тiзiлiмi;
16) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi -
пайдалануға
ұсынылатын, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сортты, тұқымды
қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;
17) сорт - шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттерi мен морфологиялық
белгiлерi ұқсас, шығу тегi жағынан туыс, өз белгiлерiн
тұқым қуалау арқылы келесi
ұрпақтарға беретiн және белгiлi бiр ботаникалық таксондағы өсiмдiктердiң басқа
топтарынан ең болмағанда бiр белгiсi бойынша ерекшеленетiн бiр дақылдың өсiмдiктер тобы.
Сорттың қорғалатын санаттары: клон, желi, бiрiншi ұрпақ буданы, жеке түр болып табылады;
18) тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жануар;
19) тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық
қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және
шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай
келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр
түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық
жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл
шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс,
желi болып табылады;
20) Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия
- жануарлар тұқымдарының патентке қабiлеттiлiгiне және шаруашылыққа пайдалылығына
сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi
органның консультативтiк-кеңесшi органы;
21) ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның
өзi, жемiстер, дән шоғыры, күрделi жемiстердiң бөлiктерi, баданалар мен түйнектер;
22)
алып тасталды - ҚР 27.11.2015
№ 424-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.03.02
N 237
Заңымен, өзгерістер енгізілді
- ҚР 2012.01.12
№ 540-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014
№ 165-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015
№ 424-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау
1. Селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады
және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң
айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады.
2.
Алынып тасталды
3. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық
жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетiстiктердi
қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
уәкілетті орган жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға ұсынылатын тиiстi Селекциялық
жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi.
4. Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың,
тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады.