88
əсерсіз қалдырмады. Ресейдің ЖІӨ өсімі 2013 жылғы 1,3 пайыздан 2015 жəне 2016 жылдары
0,5 пайызға төмендеп кеткен. Бұл Қазақстан экономикасының ЖІӨ көлемі өсімінің 0,5-1
пайыздық пунктіге төмендеуіне алып келеді, себебі ол Қазақстанның Ресейге өнеркəсіптік
экспортына кері əсерін тигізіп қана қоймай, Қазақстанға деген ішкі жəне сыртқы
инвестициялауды да азайтады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда шамамен 22%
төмендеген. 2012 жылы ПИИ Қазақстанға жалпы ағымы 28,9 млрд АҚШ долларын құраса,
2013 жылы 24,1 млрд АҚШ долларына жəне 2014 жылы 5,8 млрд АҚШ долларына дейін
азайған [2].
Ал төмендегі 1-кестеге байланысты 2015 жылдың қорытындысы бойынша одаққа
мүше мемлекеттер ішінде Ресей экономикасының құлдырауы салдарынан экономикалық
одақтың ЖІӨ көлемі 2010 жылғы көрсеткіштен де төмен түсіп кеткен. Айта кетсек, Ресейдің
ЖІӨ көлемі 2010 жылғы 1 525 314 млн.доллардан 2015 жылы 1 332 086 млн.долларға дейін,
яғни, 193 228 млн. доллар көлемінде немесе 12,67 % азайған, бұл өз кезегінде Қазақстанның
экономикасына да өзінің кері əсерін тигізген. Жалпы 2013 жылмен салыстырғанда ЕАЭО-ға
мүше барлық мемлекеттердің ЖІӨ көлемі кеміген.
Кесте 1
Еуразиялық экономикалық одақ ЖІӨ динамикасы, млн.долл
2010
2011
2012
2013
2014
2015
ЕАЭО
1742361
2309527
2449903
2566413
2375195
1586561
Армения
9 260
10 142
9 958
11 121
11 644
10 561
Беларусь
54 940
58 799
63 366
72 356
75 836
53 508
Қазақстан
148 052
200 381
215 906
243 774
227 439
183 834
Қырғызстан
4 795
6 198
6 606
7 335
7 469
6 572
Ресей
1525314
2 034 007
2 154 067
2 231 827
2 052 807
1 332 086
*Деректер
Еуразиялық
экономикалық
комиссияның
ресми
сайтынан
алынған
http://www.eurasiancommission.org/ [3].
ЖІӨ көрсеткіші кемігеннен кейін сəйкесінше жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі де
(1-сурет) жалпы ЕАЭО бойынша 2015 жылы 2013 жылға қарағанда 34%, оның ішінде осы
көрсеткіш бойынша жетекші мемлекет Ресейде 41,5%, одан кейін тұрған Қазақстанда -
26,8%, Беларусьте - 26,2%, Арменияда – 4,48%, Қырғызстанда – 14% азайған.
Сурет-1. 2013-2015 жылдар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтағы жан басына шаққандағы
ЖІӨ көлемі, АҚШ доллары
*Еуразиялық экономикалық комиссия сайтынан алынған деректер бойынша авторлармен
құрастырылған [3].
Ресейдің ұлттық экономикасында орын алған жағымсыз экономикалық жағдай
интеграциялық одақтың тұтастай экономикасына да, ұлттық экономикамыздың тұрақты
дамуына да кері əсерін тигізді. Ресейдегі дағдарыстың, рубль бағамының түсуіне
14 358
3 680
7 644
14 310
1 342
15 552
13 072
3 864
8 004
13 155
1 338
14 052
8 711
3 515
5 639
10 478
1 154
9 099
0
5 000
10 000
15 000
20 000
ЕАЭО
Армения
Беларусь
Қазақстан
Қырғызстан
Ресей
2013
2014
2015
89
байланысты жеңіл автокөлік, техника, əшекей-бұйымдар алуға Қазақстаннан қаншама
адамдар ағылды, əрине, бұл біздің тұтынушыларға тиімді болғанымен, жалпы ұлттық
экономикамыздың тұрақты дамуының экономикалық та, экологиялық та аспектілеріне көрші
елдегі күйзелістің бір ұшы тиді. Экономикалық жағынан тұтынушыларымыздан айырылу,
импорттың артуы салдарынан ЖІӨ-нің кемуі болса, экологиялық жағынан импортталған
көлік санының еселенуі себебінен қоршаған ортаны ластаушы газдардың көбеюі, Қазақстан
мен Ресей арасындағы транзиттік жолдардың тұтынылуының артып, тозуы орын алды.
Əрине, бұл мəселе де қазіргі таңда өз шешімін табуда, себебі автокөліктер ағынының
артуына байланысты ЕАЭО шеңберіне бұдан былай кіргізілетін транспорттық
құрылғылардың 2007 жылдан ескі болмауы жəне өзі шығаратын газдарды фильтрлеп жою
мүмкіндігі болуы қажет деген «Дөңгелекті транспорттық құрылғылар қауіпсіздігі туралы»
Кеден Одағының техникалық регламенті енгізілген [4].
Əлемдік банк қызметкерлерінің пікірінше Ресеймен болған жағдай ұлттық
экономикамызға тек қана жағымсыз əсер етпейді, мысалы, Ресейдің Батысқа деген белгілі бір
азық-түлік тауарларына салған санкциясы Қазақстан үшін экспортқа мүмкіндік береді.
Онымен қоса, ұзақ уақыт бойына салынатын санкциялар Кеден Одағы бойынша Ресейдің
əріптес елдеріндегі компанияларға Ресей санкциясына ұшыраған елдерден тауарларды қайта
экспорттау мүмкіндігі туады. Егер халықаралық инвесторлар Ресейден кетуді немесе
инвестициялаудан бас тартуды ойласа, Қазақстан балама мемлекет бола алады жəне де
аймақта жағдайдың нашарлауы мұнайдың бағасының көтерілуіне əкеліп, Қазақстан үшін
жағымда сауда жағдайларын қалыптастырады [2].
Жоғарыдағы кестеге сай, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бойынша ЕАЭО
интеграциясында ең алда тұрған Қазақстан Республикасы, содан кейін Ресей, Беларусь,
Армения жəне Қазақстан, ал жалпы ЖІӨ көлемі бойынша Ресей жетекші орынды иеленеді,
одан ары Қазақстан, Беларусь, Армения жəне Қырғызстан орналасқан.
Кесте 2
Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
ЖІӨ
млн долл
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ, долл
Өнеркəсіптік
өндіріс, трлн
долл.
Жұмыссыздық
деңгейі, %
Электроэнергия
өндірісі, млрд.
квт.сағ.
ЕАЭО
586561
8 711
907 141,1
5,7
1 209,1
Ресей
1332086
9099
790 793,5
5,8
1 063,4
Қазақстан
183834
10478
66 001,4
5
91,1
Армения
10561
3515
2 776,8
16,6
7,8
Беларусь
53508
5639
44 851,9
1%
33,8
Қырғызстан
6572
1154
2 717,5
8%
13,0
*Еуразиялық экономикалық комиссия деректері бойынша авторлармен құрастырылған [5].
Жұмыссыздық деңгейіне келетін болсақ, Беларусь мемлекеті 2015 жылы
жоспарланған 1,5 пайыздың орнына жыл соңында 1 пайызды көрсетіп, өздерінің жұмыспен
қамту саясатының сəттілігін көрсетті. Ең жоғарғы жұмыссыздық деңгейі Арменияда
байқалады (16,6%), жалпы интеграциялық аймақ бойынша 5,7% құраған, бұл Еуропалық
Одақпен салыстырғанда 3,4% кем (ЕО-9,1%). Жалпы алғанда, бір ғана ЕАЭО тұрғысынан
Қазақстанның алар орны жаман емес, 5 мүше мемлекет ішінде Ресейден кейінгі жетекші
орынды аламыз, алайды мемлекетіміз мүше болып табылатын Шанхай ынтымақтастық
ұйымы (ШЫҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Тəуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)
жəне басқа да халықаралық интеграциялық ұйымдар құрамында ұлттық экономикамыздың
позициясы көңілге жылу ұялатарлық. Қазіргі таңда жаһандану заманында интеграциялану,
интеграциялық процестерге қатысу ұлттық экономиканың тұрақты дамуының кепілі, себебі
экономикалық, əлеуметтік, экологиялық аспектілерді түгелдей қамтитын тұрақты даму
мəселесі бір ғана мемлекет шеңберінде шешілмейді, ол түгелдей дерлік адамзаттың бірігіп,