Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет131/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   219

271

көлеміне жəне құрамына байланысты болуы себепті, капитал деп аталады

[6, 110 б.]

GAAP и IAS

халықаралық

бухгалтерлік есеп

бойынша анықтама

Жеке кəсіпорындардағы акционерлік жəне меншікті капиталдың

жиынтығы [7, 80 – 81 б.]

С.Ю. Вайнштейн

Ең жалпы, кең таралған анықтамада капитал меншік иесіне табыс

əкелетін, меншікті білдіреді, «капитал» ұғымы объектінің немесе жүйенің

қол жеткізген сапасының (барлық кəсіпорындар осылай болады немесе

тым болмағанда, болуы керек) сапаның стандартты деңгейіне қатынасы

деп түсінуге болатын, «тиімділік» ұғымымен органикалық байланыста [8,

317, 320 б.]

И.А. Бланк

Капитал – бұл қаржылық жүйеде жұмыс істеуі нарықтық қағидаларға

негізделетін жəне уақыт, тəуекел жəне өтімділік факторларымен

байланысты болатын, табыс алу мақсатындағы инвестициялық ресурс

жəне өндіріс факторы ретінде қаржылық үдеріске оның меншік иелерімен

тартылған, ақша қаражаты жəне шынайы капиталдық тауар нысанындағы

қаржылық игіліктердің сақтау жолымен жинақталған қоры [9, 21 б.]

В.В. Ковалев

Капитал қаражат көздерін, яғни баланстық пассивін, [бұл] қаражаттың

ұзақ мерзімдік көздерін бейнелейді [10, 223, 608 б.]

Г.В. Савицкая

Капитал – бұл түсім алу мақсатында өзінің қызметін іске асыру үшін

шаруашылық жүргізу субъектісінің қолында болатын, ұзақ мерзімдік

қаражат [11, 423 б.]

Ақпарат көзі: Əдебиеттер негізінде алынған

Көріп  отырғанымыздай, капиталдың  негізгі  қасиеттері  мен  мəнін  сипаттауға

бағытталған, зерттелетін  қаржылық  санаттың  бірін – бірі  толықтыратын  көптеген

анықтамасы  бар. Сол  немесе  басқа  авторлардың  капиталдың  ішкі  мəнін  бөліп  көрсетуіне

байланысты осы ұғымның қолда бар түсініктемелерін жіктеген дұрыс.

Бірқатар қаржыгерлер – классикалық қаржы мектебінің өкілдері (А. Смит, Д. Рикардо,

К. Маркс жəне басқалар.) капиталды қосымша құн əкелетін, құнмен салыстырады, бұл ретте

қосымша  өнім  жасау  тұжырымдамасына, сондай – ақ  адамдардың  қоғамдық  өндіріс

барысындағы  өндірістік  қатынастарының  ерекшеліктеріне  сүйенеді. Осыған  қатысты

олардың пікіріне мысалы, С.Ю. Вайнштейн жəне И.А. Бланк қосылады [9, 21 б.].

Айтылған  пікірлермен, шыныменде, келіспеске  болмайды, өйткені  жиынтықтай

келгенде капиталдың өндірістің жəне қоғамның дамуының негізгі факторы болуы қиындау;

сондай – ақ, бұл субстанция өзінің қаржылық мəніне қарай, ол меншік иесіне табыс əкелуге

жəне  өзінің  бастапқы  құнын  өтеуге  қабілеттілік  байқатқан  жағдайда  ғана  капитал  ретінде

қарастырылады. Алайда, капиталдың  мəнін  ұғынуға  айтылған  көзқарас  кемшіліксіз  емес.

Атап  айтатын  болсақ, капитал  айналымы  жəне  өндірілуі  мəселелерін  зерттеу  кезінде  оны

қалыптасу  көздері, олардың  құрамы  жəне  капиталдың  құрылымы  мүлдем  назардан  тыс

қалады.


Кейбір  авторлар  (В.  Ле-Кутре,  И.  Фишер,  Дж.  С.  Милль  жəне  басқалар.)  капиталды

кеңінен – жинақталған байлық, меншік иесінің мүлкі жəне т.б ретінде қарастырады. Алайда,

біздің  ойымызша, мүндай  түсіндіру  зерттелетін  құбылыстың  қаржылық  мəнін  ашпайды,

өйткені  капитал – мүліктің  статикалық  жағдайы  емес, бұл  алдындағылармен  белгіленген,

осы  субстанцияның  уақыт  бойынша  құнының өзгеру үдерісімен  байланыстағы, өте  жоғары

дəрежелі абстракциядағы санат

Біз  көзқарастарымен  келісетін, В.В. Ковалев, Г.В. Савицкая  талданатын  санаттың

жоғарыда  қарастырылған, сапалық  сипаттамаларын  толықтырады  жəне  капиталды

қаражаттың  дəл  ұзақ  мерзімдік  көзі  ретінде  анықтайды, бұл  капиталдың  инвестицияны

қаржыландыру  көздерімен  арақатысына  байланысты  қарайтын  болсақ  толықтай  негізді, ал

өзінің  мағынасы  бойынша  авансыланған  капитал  болып  есептелмейтін, қысқа  мерзімдік

пассивтер жағдайында ол туралы толық көлемде айтуға болмайды [11, 223 б.].




272

Капиталдың  мəніне  қатысты  ғалым – қаржыгерлердің  жоғарыда  келтірілген

көзқарастарын  қорытындылай  келе, осы  зерттеудің  мақсатында  капитал  деп, оның

материалдық  жəне  материалдық  емес  нысанындағы  ақшалай  бағасы  бар  жəне  қолайлы

жағдай  болған  кезде  табыс  əкелуге  жəне  өзінің  алғашқы  құнын  өтеуге  қабілеттілік

байқататын, құнға  ие, мүлікті, ал  Г.В.Савицкаяның  жағын  қолдай  отырып, компания

капиталы  деп,  шаруашылық  жүргізу  субъектісінің  қолындағы,  түсім  алу  мақсатында  өзінің

қызметін  іске  асыруға  арналған  ұзақ  мерзімдік  қаражатты  есептейтіндігімізді  айта  кеткіміз

келеді [12, 223 б.].

Капитал  термині  кəсіпорынның  активтерін  талдау  жəне  сипаттау  үшін  жиі

қолданылады. Яғни  негізгі (ұзақ  мерзімді  активтер, аяқталмаған  өндіріс) жəне  айналым

(кəсіпорынның  барлық  айналым  қаражаттары) сипатындағы  капитал  түрлерін  айтамыз.

Капиталдың бүл түрлері экономистер арасында «кеңінен таралған.

Капитал  ұғымы  ақшалай, материалдық  жəне материалдық  емес  түрдегі  анықтамалар

бойынша беріледі. Бұл жағдайда капитал мүліктік кешен түрінде қарастырылады. Мүлік иесі

болашақта  табыс  ала  алады, яғни  капитал  пəндік  жəне  құндық  формада  кездеседі. Пəндік

формада қорлар есебінде, ал құндық формада қаражаттар есебінде болады [12, 281б.].

Капитал - қаржы  менеджментінің  ішіндегі  ең  жиі  қолданылатын  экономикалық

категория болып табылады. Кəсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі экономикалық

базасы  бола  тұра, кəсіпорын  өзінің  қызметі  кезінде  жұмысшылардың, мемлекеттің

қызығушылығын  қамтамсыз  етеді. Қаржылық  менеджментте  кəсіпорынының  капиталы,

оның  активінің  құрылуында  инвестицияланған, материалдық, материалдық  емес, ақшалай

формадағы қордың жалпы құнын сипаттайды.

Капиталды  бірнеше  жүздеген  жылдар  зерттеудің  нəтижесінде  оның  мəнінің

сипаттамалары  айтарлықтай  толық  жəне  мазмұнды  баяндалды. Алайда, компания

капиталының  оны  қалыптастыру  көздерімен  өзара  байланысы, сондай – ақ  капиталдың

құрылымы, оның тиімділігі жəне уақыт бойынша өзгеру мəселелері жете зерттелмеген болып

қала береді.

 Өндірістегі капиталды басқару мына маңызды тапсырмаларды шешуге бағытталған:

1. Капиталдың  жеткілікті  көлемін  қалыптастыру  өндірістің  экономикалық  дамуына

қажетті  қарқынды  қамтамасыз  етеді. Бұл  тапсырма  өндіріске  қажетті  ықпалдарды

қаржыландыру үшін капиталдағы жалпы қажеттіліктерді анықтау жолында, айналымдар мен

олардан  тыс  ықпалдарды  қаржыландыру  сызбасын  қалыптастыру  үшін, қаралған  қайнар

көздерден  тартылған  капиталдағы  əртүрлі  қалыптарының  іс-шаралары  жүйесінің  дамуы

үшін  іске асырылады.

2. Қолдану  бағыты  мен  іс-шаралар  түрлері  бойынша  қалыптасқан  капиталды

таратудағы  оңтайландыру. Бұл  тапсырма  шаруашылық  операциялар  мен  өндірістік  іс-

шаралардың  жеке  түрлеріндегі  капиталдың  барынша  қарқынды  қолданылу  мүмкіндіктерін

зерттеу  жолымен  іске  асады; капиталды  келешекте  қолдану  үшін  пропорциялардың

қалыптасуы  оның  барынша  қарқынды  жұмыс  істеуі  мен  өндірістің  нарықтық  бағасының

өсуіне жағдай жасауын қамтамасыз етеді.

3. Капиталдың  жоғары  кірістеріне  қол  жеткізу  жағдайларын  қаржылық  тəуекелдер

деңгейінде  қарастыру  арқылы  қамтамасыз  ету. Капиталдың  максималды  кірістілігі

(рентабельділік)  оның  қалыптасу  сатысындағы  орташа  алынған  оның  бағасының

азайтылған  есебімен, тартылған  капиталдардың  жеке  жəне  қарызға  алынған  түрлерінің

қарым-қатынасының  оңтайлануымен  қамтамасыз  етілуі  мүмкін, оларды  өндірістің

шаруашылық  іс-шараларының  нақты  жағдайында  табыстың  барынша  жоғары  деңгейін

жасайтын  қалыпта тартуға болады.

4. Капиталды  қолданумен  байланысты  қаржылық  тəуекелдікті  азайтуды  оның

кірісінің  деңгейіне  қарап  қамтамасыз  ету. Тəуекелдіктің  деңгейін  азайту  тартылған

капиталдардың  қалыптарын  диверсификациялау  жолымен, оны  қалыптастырудағы  қайнар

көздерінің  жүйелерін  оңтайландырумен, жеке  қаржылық  тəуекелшілікті  болдырмаумен,

оларды сыртқы жəне ішкі сақтандырудың белсенді қалыптарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау