Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет12/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   219

25

құрылымы  экспортқа  бағытталған; индустриялық  дамыған; агроөнеркəсіптік; дағдарыстық.

Аймақтардың қысқаша түсініктемесі келесі кестеде көрсетілген (1-кесте).

Кесте 1

Қазақстан аймақтарының қысқаша сипаттамасы

Аймақ

Көлемі, мың



шаршы шақырым

Сипаттама

Орталық

Қазақстан



398,8

Құрылыс индустриясының, қара жəне түсті металлургияның,

химия өнеркəсібінің жəне көмір өнеркəсібінің өндірістік-

өнеркəсіптік орталықтары

Шығыс

Қазақстан



277

Түсті металлургия, электроэнергетика, химия жəне ағаш өңдеу

өнеркəсібі

Солтүстік

Қазақстан

600,9


Жылу-энергетика, кен өндіру салалары, аллюминий жəне

ферроқорытпа өндірісі, агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ

өнеркəсібі

Батыс


Қазақстан

728,5


Мұнай жəне газдың бай кен орындары, хромит, марганец, никель,

фосфорит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай-газ

химиясы, балық өнеркəсібі

Оңтүстік


Қазақстан

712,2


Бақшагерлік, жүзім, мақта, қант қызылшасы, күріш

шаруашылықтары, Фосфорит, фосфорлы тыңайтқыштар, тұз

өндірудің əлемдегі ірі кешендері

Аймақ  дамуының  кез  келген  аясындағы  дағдарысты  жою, бір  жағынан  алғанда,

экономикалық  белсенділік  деңгейімен  байланысты. Əлеуметтік  даму  салыстырмалы  түрде

дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дəрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады,

олар  өз  кезегінде  экономикалық  даму  деңгейіне  байланысты. Екінші  жағынан, нарықтық

шаруашылықтың  əлеуметтік  жағдайға  зиянын  тигізе  отырып, тек  ғана  экономикалық

басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың жəне тұтас мемлекеттің дамуына

қауіп  туғызады. Сондықтан  мемлекеттік  реттеудің  əлеуметтік  жəне  экономикалық

құраушыларының тепе-теңдігі қажет [2].

Экономикалық  жəне əлеуметтік құраушыларды  тепе-теңдікте  дамыта  отырып, аймақ

дамуындағы əр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға жəне халықтың тұрмыс

жағдайының  деңгейін  көтеруге  болады, бұл  түптеп  келгенде  мемлекеттің  аймақтық

саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтық  саясат  деп  мемлекеттік  басқару  органдарының  қызметінің  маңызды

бағытталуын  түсіну  керек. Аймақтық  саясат  бұл - аймақтың, жалпы  елдің  əлеуметтік-

экономикалық  дамуында  көзделген  мақсаттарға  жету  үшін  мемлекеттік  басқару

органдарының  қоғамның  территориялық  құрылымдарына  принциптер, басым  бағыттар,

əдістер жəне іс-шаралар арқылы əсер етуі.

Концепция – бұл  ұзақ  мерзімді  кезеңге

арналған аймақ экономикасының тиімді бағытталуын жəне оның əлеуметтік – экономикалық

негіздемесін  білдіретін  құжат  болып  табылады. Ол  əлеуметтік – экономикалық  өзгеріссіз

табиғи жəне өндірістік базаның тұрақты жағдайдағы кезеңін қамтиды. Экономикалық саясат

(негізгі  бағыттар) – концепцияда  жасалған  бағыттарды  нақтылайтын  ұзақ  мерзімді  жəне

қысқа  мерзімді  іс – шаралар  жүйесін, негізгі  ресурстар  мен  оларды  тиімді  қолдану  есебін

жəне əлеуметтік нəтижелерді қамтиды. Əлеуметтік – экономикалық саясаттың негізгі бөлігі

болып  табылатын  экономикалық  саясат 10-15 жылға  дайындалады. Н.А. Назарбаев 2010

жылғы халыққа Жолдауында: «Əр өңірдегі əрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана

емес, сонымен  бірге  жұртшылықтың  да  айрықша  бақылауына  алынуы  керек. Бұл  жұмыс

таяудағы  онжылдықта  бүкіл  еліміздің  жалпыұлттық  міндетіне  айналуы  тиіс»,  деп

тұжырымдады  [3].

Аймақ  экономикасы  дамуының  факторлы  болжамы - өз  жəне  басқа  да  тартылған

ресурстарды тиімді қолдану шарттарын, мүмкіншіліктерін, көлемін, ресурсты тарту көздерін,




26

тауарлы  нарықты  дамытуды  жəне  дайындалатын  экономикалық  саясатты  жүзеге  асыру

нəтижесінде  халық  шаруашылығының  тиімділігін  жоғарылату  мүмкіншіліктерін  қамтиды.

Бұл  құжат  орта  мерзімді (5-10 жыл) жəне  қысқа  мерзімді (3-5 жыл) перспективаға

дайындалуы мүмкін.

Қазақстан  үшін  əлеуметтік-экономикалық  даму  қарқынын

тегістеуге  бағытталған  мемлекеттік  аймақтық  саясатты  жүргізу  стратегиялық  тұрғыдан

маңызды  болып  табылады. Ұлттық  экономиканың  тұрақты  өсуі  елдің  проблемалық

аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін  емес. Республиканың қазіргі

экономикалық  кеңістігі  əлеуметтік, экономикалық, экологиялық  ерекше  проблемаларымен

сипатталатын əр түрлі аумақтарды қамтиды.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық

əлеуеті  орташа  республикалық  көрсеткіштерден  бірнеше  есе  төмен, ал  экономикасы

өнеркəсіптің  аз  əртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар  дамыған

инфрақұрылымымен  сипатталатын  аймақтар  жатады. Мұндай  аумақтар  олардың  өзіндік

дамуын  ынталандыратын  мемлекеттің  көмегіне  мұқтаж. Сондықтан  да  экономикалық

ғаламдану  үрдісіне  қадам  басып  отырған  Қазақстан  үшін  шешілуі  тиіс  басты  міндет –

аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет

жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нəтижені ұлғайту.

Н.А. Назарбаев  өзінің 2008 жылғы  халыққа  Жолдауында: «Біз  барлық  оңтүстік

облыстарды  көктей  өтіп, Қызылорда  мен  Ақтөбе  арқылы  Ресейге  шығатын, өңірлердің

экономикасын  жандандыратын  Қазақстандағы  ең  ірі  көліктік  жобаны  –  “Батыс  Еуропа  –

Батыс  Қытай” трансқұрлықтық дəлізді  іс  жүзіне асыруды  қолға алуымыз қажет». Сонымен

қатар  аймақтық  экономиканың  өсүіне  қатысты: «.... алдағы  уақытта  ақылы  ету  арқылы

Астана – Бурабай, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас  автомобиль

жолдарын, сондай-ақ  Үлкен  Алматы  айналма  жолын  салу  мен  қайта  жаңғырту  басталады»

деген [4].

Экономикадағы  аймақ  дамуының  кез  келген  аясындағы  дағдарысты  жою,

экономикалық  белсенділік  деңгейімен  байланысты. Əлеуметтік  даму  салыстырмалы  түрде

дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дəрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады,

олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты.

Алдағы  уақытта, Қазақстанды  экономика  модернизациясының  дамуының «өңірлік

локомотивіне» жəне  оны  əлемдік  экономиканың  табысты «ойыншысына» айналдыруға

толық  мүмкіндігіміз  бар.  Сол  үшін,  бізде  əлемдік  шаруашылық  жүйесінде  нақтылы

қазақстандық «тауашаларды» іздестіру  мен  игеру, шетелдік  əріптестермен  ірі  озық

жобаларға  қатысу, сондай-ақ  біздің  экономикамызға  қатысушыларды  жан-жақты  жəне

жауаптылықпен  қолдау, соның  ішінде, оларға  сапалы  инфрақұрылымдық  қызмет  көрсету

арқылы  қолдау  жөнінде  ең  таядағы  жəне  алыс  болашақтағы  міндеттер  бағдарламалары

болуы керек.

Кесте 2

Евразиялық Экономикалық Одағына мүше мемлекеттер бойынша жалпы ішкі өнім көрсеткіштері,

2014 жыл бойынша

Жалпы ішкі өнім

Беларусь

Қазақстан

Қырғызстан

Ресей


Өсу қарқыны,  пайызбен

101,6


104,1

103,6


100,6

Көлемі, млрд, АҚШ доллары

75,9

227,4


7,4

1869


Көлемі, млрд, ұлттық валютамен

778456


40754,8

397,3


70976

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетінің ресми сайты www.stat.gov.kz/

[5].

Бұл  ретте  негізгі  назарды  Ресей, Қытай, Орталық  Азия, Каспий  мен  Қара  теңіз



өңірлерінің  рыноктарына  шоғырландыру  қажет. ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ  шеңберіндегі

экономикалық ықпалдастық саудадағы басты  бағдар  болып қала береді. Біз мемлекеттердің




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау