Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования



жүктеу 18,66 Mb.
бет6/87
Дата20.02.2018
өлшемі18,66 Mb.
#10268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87

Қазақстанның су ресурстары
Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.
Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.

93


Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-
Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий теңізі неоген дәуірініңаяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізденбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне


  • 29% (2340 км), Ресейге - 9%,Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы- 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегібойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегінедейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр.
Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.[1]
Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).
Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.

94


Тарихи тұлғалар
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шетел ордендері мен медальдарының иегері. Верный (қазіргі Алматы ) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметал» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді.

Ғылыми – ұйымдық жұмыстарды жақсарту,ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан комунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына озінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғаргы Кенесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ сьезінен бастап, кейінгі сьездерінің бәріне делегат болды.Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі болды . Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісінеайтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, орталықтың өктем саясатынң ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.


Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Конаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары

95


өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иман жүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін , тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жаткан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді . Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым
Қазіргі жаһандану кезінде үздіксіз білім беру процесі өмірімізге дендеп еніп кетті. Бала дүниеге келген күннен бастап қоғам назарында.
Баланың тәрбиесіне ықпал ететін негізгі төрт нәрсе бар: отбасы мен өскен ортасы, балабақша, мектебі мен достары. Міне, бұлар үйлесім тауып , адам тәрбиесіне сергек қараса ұлтқа қауіп төнбес еді. Кез келген ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек.
Сондықтан ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені бойына дарытуда Елбасы Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намыс болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесі, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдейтін үрдіс. Ол бесіктен басталады. Оның негізгі мақсаты адам бойына ізгілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адами қасиеттерін, тіршілікке қажетті дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Тәрбие тал бесіктен басталады», – дейді халық. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөз тегін айтылмаған.
Жойылып бара жатқан жануралар мен өсімдіктер
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы «Жыл құсын » 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Алғаш рет «Жыл құсы» ретінде сирек кездесетін дала қызғыш құсы атанды. 2007 жыл – қарлығаш, 2008 жыл – тырна, 2009 жыл – бозторғай, 2010 жыл – қараторғай, 2011 жыл – сары шымшық, 2012 жылы – дала қыраны жылы ретінде атап өттік.

Қауымдастық шиқылдақ қазды биылғы жыл құсы деп жариялады. Қауымдастық хабарламасына қарағанда, соңғы 30 жылда шиқылдақ


қаздың саны жеті есе кеміген.

«Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу


96


арқылы сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.
Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалды. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындар, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады.
Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.
Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – Anser тұқымына жататын "сұр" қаздардың арасындағы ең кішкентай қаз. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9% Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды.
Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.
Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді . Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін жетеді, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздарда тырнақтары қара болып, басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.
Наурыз –ұлыстың ұлы күні
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жаткан мейрамның бірі-Наурыз күні. Наурыз
–парсы сөзі, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Күн –жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтың кезі.
Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап , бірін-бірі жаңа жыл – Наурызбен кұттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. «Аманба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле –жала жерге енсін!- деп, немесе; «Ұлыс күні» кәрі -жас, құшақтасып көріскен. Шалдар бата беріскен, Сақтай гөр деп теріс істен!» Кел, таза бақ, кел десіп, Ием тілек бер десіп!» - деген тәрізді

97


тілек айтысқан. Бұл өлең-жырларда, біріншіден, ерте кездегі шаруа адамдарының арман тілегі айтылса, екіншіден, «әр нәрсенің жаратушы иесі бар, соған жалбарынсақ, жаманшылықтан сақтайды» деген сияқты діни наным-сенім де байқалады.
Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай тойлайтын болған. Орта Азия әкімдері кейбір зындандарға салынған тұтқындардың қол-аяғын босатып кешірім берген. Қарапайым халықтың «Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» дейтіні сондықтан болса керек. Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы, «Аурулар сауығамыз деп, аштар тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз» дегендей жұрттың бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, «бәріміз де табиғаттың перзентіміз, оның бергеніне риза болайық» дегендей ой-пікір өзекті орын алған. Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.
«Мәңгілік Ел» идеясы
Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ. Мәңгілік Ел болу үшін қазақ – шаңырақ, этностар
– уық, ынтымағымыз – кереге болу қажет.
Бүгінде, Қазақстан әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр.
Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен ұлықтанып келеді. Бас-аяғы бес жарым ғасыр ішінде қазақ халық ретінде, Қазақстан мемлекет ретінде небір тар жол, тайғақ кешуден өттi. Керей мен Жәнібек, Хақназар мен Тәуке хандар тұсында азуы алты қарыс көршілерінен еш қаймықпай, қалыспай, терезесін тең ұстап, ел мен жұрт үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. Ұлттық мемлекеттілікке деген ұлы махаббаттың, еркіндік сүйгіш ерік-жігердің, тәуелсіздікке деген арманын дүниедегі бар асылына балаған асқақ рухтың арқасы.

98


Айтыс өнері
Қазақ тұрмысында ақындар айтысы-жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Жарыста озған атқа бәйгі беру сияқты, айтысқа түсіп, топ алдында жеңген ақындарға да бәйгі тігіп, бәйге берген . Ел дәстүрі бойынша жарысқа түскен жүйрік те, айтысқа түскен ақын да өз намысы емес, белгілі бір аймақтың, рудың намысын қорғаған. Бәйгеге шапқан аттың озып келуін ат иесі ғана емес, бүкіл рулы ел болып тілеген. Бәйгеде озған атқа шапқан бала көмбеге таяй бере ат иесінің атын ұрандамай, ру есімін атап ұран салуы осының айғағы. Ал ат бәйгеден келгенде оның бәйгесін рулы елдің бөліске салатыны да «ас ортақ, бәйге ат ортақ» деп қараудан туған рәсімдер.
Ақын да осылай. Ескі әдет бойынша айтысатын акындардың барлығы да өз руын мақтап, байлығын, мырзалығын, сән-салтанатын дәріптеп , қарсы рудың жаман әдеттерін жіпке тізіп, кемшілік міні ретінде айып етіп, бетке басуға тырысқан. Мысалы Құлманбет өз елінің байларын мақтап сөз таластыртқанда, жыр алыбы Жамбыл:

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт. Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,


Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт,»- деп сөзден сүріндіреді. Ақындар айтысы осындай ел намысының қорғаушысы болғандықтан ақынды әуелі өз руы ішінде сынап алып барып, ұлы дүбірлі үлкен айтысқа жібіретін болған». Шешеннің сөзі ортақ, шебердің қолы ортақ», «Өлең – сөздің патшасы», «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер» деп ақындық өнерді бар өнердің алды санаған ата-бабамыз айтыс ақындарын ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлардан кем көрмеген. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті т.б. рулы елдің ар-намысын қорғаушылар деп, көтермелеп, олардың айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында берік сақтап, біздің дәуірімізге жеткізуі, біріншіден, ақындырдың талантын қадір тұтуы болса, екіншіден сол ел, ру намысын қорғаған ақындардың өлең-жырын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған.
Айтыс ақындарынан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік сөз саптау ерекшілігін талап еткен. Айтыстың шешендік сөз сайысы , тәрбие мектебі, тапқырлықтың тұғыры болып ерекше бағалануы да сондықтан.
Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш
«Байқоңыр» пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған. Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түскен.
1957 жылғы 1 қазаннан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Зымырандарды жасаған кезде,

99


оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.
1996 жылы 14-ші мамыр күні РН "Союз” атты зымыран-тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сарыторғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені байқалған. 1997 жылы 20 мамыр күні РН "Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кеткен.
Бақытқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да, адамдар шғыны болмаған, улы отынның негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен. Дегенмен, 80 тонна керосин , 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен.
1999 жылы 5 шілде күні және 27 қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН "Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері – "Карбышевка” (Көктас аулы) деп аталатын елді мекен.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан - 61, өсімдіктерден 101- барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ресей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтады. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның коцентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді
Қазақ жазуының даму жолы
Ерлан: Қырқыншы жылдарға дейін латын әріптерін, одан бұрын араб жазуын пайдаланыппыз. Сонда қазақ халқының ешқандай жазуы болмаған ба?
Әсет: Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында жазуды, әрине

100


пайдаланған.VII-VIII ғасырларда қазақ рулары туысқан түркі халықтарына тең ортақ Орхон-Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған. Кейін араб жаулаушылары мұсылман дінін енгізуімен байланысты көне жазуымызды қолданыстан ығыстырып шығарған. Көне жазуымыз тасқа қашалып жазылған жазу ескерткіштерінде ғана сақталып қалған.

Ерлан: Сына жазуы деген сол ма?

Әсет: Ия, сол. Ол қазіргі түркі халықтарының төл жазуы еді. Басқа түркі халықтары сияқты мұсылман дінін қабылдаған қазақ рулары араб жазуын пайдалануға көшті: одан бері мың жылдай уақыт бойы – 1924 реформа жасалды. Мұны халқымыздың зиялы азаматы, соған дейн-ақ бірнеше оқулықтар жазған Ахмет Байтурсынов ұсынды. Жаңа араб жазуына негізделген альфавитті Жәдид (Жаңа) деп атап, оны 1929 жылға дейін қолданып келдік. Содан кейн 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық.
Ерлан: Бұған не себеп болды? Неге өзгерді?

Әсет: Бұл да – сол кездегі тотолитарлық жүйенің жұмысы. Егер халқымыз араб әріпімен қалса, дінді уағыздап кетеді деп есептеді. Кеңес өкіметінің тұсында тілімізге орыс сөздері жөнді-жөнсіз қаптап енді . Ал бұларды латын әрпімен белгілеу тағы да қиындық келтірді. Ақыры 1940 жылы орыс графикасына негізделген әріпке көштік, міне содан бері осы әріпті қолданып келеміз.


Ерлан: Соңғы кезде қайтадан латын жазуына көшу сөз болып жүр ғой ...
Әсет: Иә, ондай сөз болып жүргені рас. Бұл – әлі басы ашылмаған мәселе.
Жолың болсын, жолаушы
Үлкен адамдардың әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жол кеспесем, амандық болса, топырақтан тысқары болсам» деген тіркестерді жиі естиміз. Жолдың мағыналық ауқымы біздің күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген ұғымнан әлдеқайда кең.
«Атаның ақ жолы», «Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол», «Жолы үлкен», «Әйелдің жолы жіңішке», «Жолын болсын, жолдасың Қыдыр болсын» деген сөздер қадым заманғы қалыптасқан ұлттық рухани мұрамыздың алтын тамыры іспетті. Адамзат тарихындағы ең алғашқы тас кітаптардың авторы, түркі халқының еңбегі тасқа басылған тұңғыш жырауы Иоллық Тегіннің есімінің өзі «Жолы үлкен» дегенді білдіреді.
Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі – ырым ғұрыптары. Жақсылық нышандарына жоралғы, жамандыққа тыйым ретінде айтылатын ырымдар халқымыздың баладан бастап үлкенге дейін ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесінен түйіндеген қағидасы. Әрбір ырым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке, адамгершілікке , көргенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман іс-әрекеттен, жат пиғылдан безіндіретін түйіндер жатыр. Халқымызда сапарға шығу, жол туралы да көптеген ырым, тыйымдар бар.


  • Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.

101


  • Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі кішкене балаға аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң аяғын көтерсе, жол болады екен деп қуанады.Сол аяғын көтерсе, жол теріс деп жолға шықпайды.




  • Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі –жолым сарғайтып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайын деген ниетті бейнелегені.




  • Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда барасың?» – деп сұрамайды. Қайта «Жол болсын!» деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.

Сапардағы жолаушылар жапан далаға түнесе, атының шылбырын сүйретіп қояды. Шылбыры сүйретіліп журген атқа қасқыр шаппайды. Өйткені, қасқырдың ала жіп аттамайтын серті бар.
Қазақтың халық күнтізбесі
Қазақ қауымы негізгі планеталардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең- жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынған. Қазақтар жұлдызды аспан картасын Темірқазықтан бастайды. Темірқазық-қазақтардың түнде жол жүрген беталысын бағдарлайтын компасы істейтін іспеттес. Себебі ол тапжылмай бір жерде тұрады. Оның маңындағы екі жұлдыз «Ақбозат», «Көкбозат» деп аталады. Қыста кешкі Шолпан (Санжұлдыз) туған кезде қойды қораға әкеледі. «Меркурийді» қазақтар ; «Таң Шолпаны» деп, кейде «Кіші Шолпан» деп атаған. Юпитерді «Есек қырған», Марсты «Қызыл жұлдыз», Близнецті «Қос Жұлдыз», Сириусты «Сүмбіле» деп атаған және бұлардың жай-күйін, орнын, қозғалысын жақсы білген. Жетіқарақшы – қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол – шөміш фигурасын құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас» дейді қазақтар.
Үркер (Плеяды) жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық, әрі метеорологиялық мәні бар. «Үркер» деп аталатын (орысша Плеяда) бір топ шоқжұлдызға қарап отырған қазақтар ауа райының құбылуын, әр бөлігін ажырата білген. Халықтың көпшілігі Үркердің 6 жұлдызын, көзі өткір адамдар


  1. жұлдызын көреді. Іңір қараңғысындағы орнына қарай айтсақ, Үркер күздің басында (қыркүйек-сентябрь айында) шығыстан, қыстың басында (желтоқсанда-декабрьде) төбеден, көктемнің басында (Наурыз-мартта) батыстан көрінеді, ал жаздың басында (маусым-июньде) мүлде көрінбейді. Халық оны «Үркердің жерге түсуі» дейді. 40 күн ішінде Үркердің осы көрінбейтін кезіне сәйкес келеді. Қазақ есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалап, бақылап отырған.


Заң – қоғамның тірегі
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ

102


хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты . Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды , соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан , оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы » сөзі қазақша әділдік , шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан , нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға.

Н. Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор.


103


Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Тілші: БАҚ арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің маңызы мен мәні қандай?
Ғалым: Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Зерттеушілер, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. Оның тура тоғыз жылын теледидар көруге жұмсайды екен. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын медиамен байланысқа арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз әлеуметтік -мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. Медиабілім – бұқаралық коммуникация құралдарын меңгеруге үйретуді көздейтін педагогикадағы жаңа бағыт.
Тілші: Жаһандану жағдайы демекші, қазір жеткіншектерді теледидар алдынан ажырату қиын. Тіпті, балаларды теледидар тәрбиелеуге көшкен тәрізді…
Ғалым: Ол рас. Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды » екен. Зерттеулер нәтижесінде күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да мойындағысы келмейді.

Тілші: Медиабілімнің жаңа бағыт. Жалпы, медиабілім беру саласы бастауын қай елдерден алады?


Ғалым: Жаңа бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды. Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім – бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы. Жоғарыда аталған елдерде медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта білім беретін мектептеріндегі 7-12 сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде оқытыла бастады. Ал Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап медиабілім бойынша сабақтар факультативтер,

104


үйірмелер түрінде немесе оның элементтері жекелеген пәндерді оқыту барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.
Тілші: Қазір жастар газет оқымайды, кітап оқымайды деп жүрміз, бұл жайында сіз не айтар едіңіз?
Ғалым: Рас, қазір көпшілік басылымдардағы мақалаларды, телеарналардағы хабарларды жиі сын тезіне алады. Студенттеріме: «Қандай отандық бағдарламаларды білесің?», «Қазақстанда қандай газеттер бар?», «Балаларға арналған, педагогтерге арналған қандай басылымдар бар?» деген сауалдар қою арқылы сабағымды бастаймын. Көпшілігінің жауаптары «түк жоққа» саяды, көңілдерінің толмайтындықтарын білдіреді. Курс соңына қарай студенттердің отандық БАҚ-қа деген көзқарастары жақсы жағына өзгергенін, еліміздің ақпарат кеңістігінен жан -жақты хабардар болғандығын , медиадағы берілген әрбір оқиғаға өзіндік пікірі қалыптасқандығын аңғарамын.
Тілші: Шындығында, бұқаралық ақпарат құралдары болашақ ұрпақты тәрбиелеуде біздің ойымыздан шығып жүр ме?
Ғалым: Әрине! Мысалы, қазіргі кезде балаларға арналған «Балапан», сондай-ақ дүниетаным көкжиегін кеңейтуге бағытталған «Білім және мәдениет» телеарналары бар. «Балапан» телеарнасының балдырғандардың ұғымын арттыруға арналған бағдарламаларын, қазақ тілін, тарихын жіті насихаттайды. Жаңадан ашылған телеарна көрермендердің, әсіресе, балалардың көңілінен шығатын қызықты дүниелерді ұсынуға талпыныс жасап келеді. Ал «Білім және мәдениет» телеарнасын менің әріптестерім де, студенттерім де үзбей тамашалайды. Арнада ғылыми, білім-тәрбиелік маңызы бар туындылар көрсетіліп жүр.
Тілші: Сұхбатыңызға рақмет, шығармашылық табыс тілеймін.

Ғалым: Рақмет!


ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік

105


береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.
2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып , арнайы куәліктер беріледі. Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді .
Биотехнология жаңалықтары
Биотехнология – ХХІ ғасырда дамып келе жатқан ғылым саласының бірі болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыру ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биотехнология өндірісі Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл үшін тиісінше қаржыландыру, қазіргі заманға сай құрал- жабдықтар және ең бастысы, күшті ғылыми әлеумет керек.
Биотехнологияның дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне көмектесетіні сөзсіз. Ол емделудің тиімдірек жолдарын ұсынуға, сапалы тағаммен қамтамасыз етуге, жанармайдың қазба көздеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымы бойынша ХХІ ғасырда биотехнология адамзаттың барлық қызмет саласында дамуын, соның ішінде азық түлік пен медициналық препараттар өндіріруде, ауыл шаруашылығында, экология және энергетика салаларында дамуын қамтамасыз ететін болады. Биотехнологияның экономикадағы айрықша тиімділігін ескере отырып, алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет және жеке капиталдар қаржыландыратын, ұлттық және халықаралық биотехнологиялық бағдарламалар жұмыс атқаруда. Сонымен, әлемдегі биотехнологиялық өндіріс нарығының жыл сайынғы өсімі 7%-ды құрайды. Қазіргі әлемдік биоиндустрия айналымының жартысынан көбі АҚШ-тың үлесіне тиеді.
Биотехнологияны дамыту Қазақстан үшін де өте маңызды. Елімізде ауыл шаруашылығы өндірісінде 2,4 млн.адам , тамақ өнеркәсібінде 1,2млн.адам жұмыс істейді. Адамдардың сырқаттану деңгейі артып, жүрек тамыр, қатерлі ісік және т.б. аурулар кең тараған. Көптеген өнеркәсіп аймақтарында

106


экологиялық жағдай өте асқынып кеткен. Сондықтан, биотехнологияның дамуы болашақ жас дәрігерлер үшін өте маңызды.
Қазіргі таңда халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің және табиғи байлықтардың азаюы, адамдар арасындағы әртүрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы осындай заман ағымынан туындаған өзекті мәселелердің бірталайын , қазіргі кездің өзінде биотехнология ғылымы ұсынған әдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр.
Биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін, әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті энергия көздерін алу, ауыл шаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімдерін арттыру және экологиялық апат салдарымен тиімді күресу әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Мысалы, медицина саласының өзінде жаңа технологиялар, әртүрлі вакциналар, рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дәрі -дәрмектерін, атап айтқанда ДНҚ-сынамаларын зерттеу, ДНҚ-дарының белгілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде кездесетін мутацияларды анықтауға болады.
Болашақ энергия көздері
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды.
Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады.
Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады.

Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.


Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды . Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн

107


сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады.
90-жылдардың басынан бастап энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуіне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің үкіметтері күн энергиясын дамытуға елеулі қаржы сала бастады.
Көптеген сарапшылар 2010-2020 жылдары көмірсутегі шикізатын ұсынудың төмендеуі байқалатынын болжайды. Осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі энергияның жаңғыртылатын көздерінің үлесі қазіргі 5% -дан 10 %-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін өседі, 2010 жылға қарай ЕО елдерінде бұл үлес 12%-ға дейін , ал жалпы электр энергиясы өндірісінде 22% -ға дейін ұлғаяды деп санайды.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.
Алаш қайраткерлері
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі
мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай-тұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті . Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай-да болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-

108


азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады.
Демография
Демография (грекше демос – халық) – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.

Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10 –100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107-101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны–соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай шамамен 500 мың; 30-20 мың жыл бұрын шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы


Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған ) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық ) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20-25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.
Роботтар мен киборгтар
Техникалық прогресс деңгейі компьютерлерлердің есептеу қуаты тәрізді геометриялық прогрессия бойынша өсіп жатыр. Демек, алдағы уақытта өткеннен қарағанда технологиялық жетістіктер қатары әлдеқайда көбейе түспек. Технология саласында серпінді жобалардың қандай болатынын алдын-ала дөп басып айту қиын. Алайда әлемдегі зерттеу орталықтарының болжамдарына қарап бізді не күтіп тұрғанын шамалап болса да айтуға болады.
Сонымен алдағы он жылда әлемді өзгертетін он технологиялық трендпен таныс болыңыз! Солардың бірі роботтар мен киборгтар.
Роботтар мен виртуалды аватарлар қиял ғажайып әлемінен шынайы өмірімізге еніп, жұмыс күшіне айналады. Қазіргі кезде жанданған кейіпкерлер

109


дауысты ажыратып, мәтіндермен сөйлей алатын деңгейге жетті және олар алдыңғы болған кездесулерді есінде сақтай алады. 2005 жылы IBM адам миын аппараттық және программалық құралдар арқылы қайта құрастыруға бағытталған Blue Brain Project жобасын бастады.
2020 жылға қарай роботтардың күші адамның күшінен асып түседі. 2025 жылға қарай роботтар саны дамыған елдердегі адамдар санынан көп болады, ал 2035 жылға таман жұмыстың барлығын роботтар істейтін болады
Адамзат баласы өзінің ДНК құрылысын өзгертуге шамасы келетін кезге таяды. Медициналық технологиялар жаңа деңгейге көтерілген кезде адамдарда өзін өзі жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Әзірге, жаңа технологиялардың зақымданған ұлпаларды қалпына келтіріп немесе жарақатты емдеуге шамасы келеді. Бірақ түбінде адамдар өздерін жетілдіруге ден қоя бастайды.
Сыртқы тұрпатын жетілдіруге құнығатыны соншалықты адамдар киборгқа айналғанын өздері сезбей де қалуы мүмкін. Американдық футуролог Рэй Курцвейл бұл құбылысты технологиялық сингулярлық нүкте деп атайды. Бұл ұғым адам мен машинаның бірігіп, жаңа түрге айналуын білдіреді. Ол 2054 жылы пайда болады.
Қазақстандағы туризм мен экотуризм
Қазіргі таңда экологиялық туризм экономиканың дамуына ықпал ететін келешегі бар сала болып табылады. 2005 жылы Қазақстандық Туристік Ассоциация (ҚТА) мен IPK компаниясының эксперттерімен жүргізілген Қазақстандағы туристік нарықтың анализі бойынша Қазақстан келешекте қозғалмаған табиғаты мен қорықтар, ұлттық парктердің алуан түрлі үлкен потенциалына ие, сонымен қоса мәдени мұрасына да бай.
Германия, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея мен Жапон елдерінде жүргізген зерттеу мен сауалнамалар бойынша, шетелдік азаматтар арасында Қазақстандық экологиялық турларына жоғары қызығушылық білдіргенін анықтаған . Еліміз шет елдер тәжірибесінде туризм бағыттарын дамыту жолдарын іздейді , себебі ол елдер бұл салада бірнеше саты жоғарыда.. Қазақстандағы экотуризм енді дамып жатыр, бірақ сонда да оң септігін сезуге болады. Қазақстанды туристік гауһар таспен салыстыруға болады, себебі әлемдік бәсекелестікке сәйкес келетіндей тамаша туристік мүмкіндіктері өз сәтін асыға күтуде. Біздің елімізді 2020 жылға шейін алдынғы қатарлы туристік бағытқа айналдыру үшін 1 миллиард доллар қаражат жұмсалуы қажет деп тапты ғалымдар.
Зерттеулер нәтижесінде 14,2 миллион турист Европа мен Азия тұрғындары Қазақстанға туристік нысан ретінде үлкен қызығушылық танытты. 2008 жылдың қорытындысы бойынша туризм мақсатымен Қазақстанға келген туристер саны: 618 732 адам, ішкі туризм -183 973 адам, ал 2009 жылдың жартысындағы қорытынды – 127 414 және 355 488 адам. Келу мен ішкі туризмнің дамуы – ҚР үкіметінің ең басымды жобаларының бірі, себебі туризм мен саяхат экспортты алға жүргізуші секторлардың бірі. Келген қонақтар міндетті түрде ел экономикасына септігін тигізетін шет ел валютасын елге

110


кіргізеді. Мәліметтерге қарасақ, шығу туризмі 2013 жылды кейінгі жылдармен салыстырғанда көрсеткіш 58% -ға өскен, сонда адам саны 1322,5 мың.

111


Қорытынды
Қазақстандағы өзгерістер заманауи ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде жобалау және білім берудің жаңа мазмұны моделі процесін егізуді міндеттейді . Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті және білімді, шығармашыл ойлай алатын, дүниетанымдық мәдениеті дамыған , сонымен қатар өзіндік ерекшелігін, бірегейлігін ғылым мен өнердегі дарындылығын сақтаған тұлға қалыптастыруға жағдай жасауға басымдық беріледі.
Мәтіндер жинағы орта білім алушылардың сөйлесім іс-әрекеті түрлері бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дағдыларын қалыптастыру үшін үш тіл негізінде оқушылардың тілдік және сөйлесім біліктіліктерін жазылым, оқылым, тыңдалым және айтылым бойынша тақырыптар шынайы өмірлік жағдайға барынша бейімделген және бастауыш, негізгі, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларында көрсетілген пәндер бойынша үш тілді білім алуға жүйелі дайындайды. Коммуникативті - бағытталған тілді оқытудың ең маңызды сипаттамасы мәтінді қолданудың дидактикалық бірлігі болып табылады.
Мәтінмен жұмыс жасау оқушылардың келесі метапәндік біліктіліктерін дамытуға мүмкіндік береді: мәтінді оқып түсіну, қажетті ақпаратты ала білу, мәтін мазмұнына өз көзқарасы бойынша талдау жасау, құрылымы, стилистикалық жабдықтар , мәтінді мазмұндау және редакциялау, мәтін негізінде өз бетінше сөйлеу пікірін құрастыру.

Мәтін жинағы Тілді үйренудің еуропалық жүйесі құзіреттілігі негізіне сәйкес құрастырылған (CEFR). Мәтіндер бастауыш, негізгі орта, және жоғары мектеп оқу бағдарламаларына сәйкес келеді, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға мүмкіндік береді.


Жинақ сөйлесім-коммуникативтік дағдыларына қолдану үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне бағытталған.


  • оқушылардың фонематикалық есту және шынайы өмір жағдайында өзге тілді қабылдау дағдыларын дамыту ;




  • халықаралық ақпараттық кеңістік жағдайында жазу дағдыларын дамыту;

  • сөздік қорын кеңейту;

  • оқушылардың логикалық ойларын жеткізу дағдыларын дамыту ;

  • оқушы тұлғасының интеллектуальдық-шығармашыл әлеуетін өзекті қылу , оның білім алуын белсенділендіру;




  • тілді үйренуді одан әрі ынталандыруды қалыптастыру үшін орындалған жұмысқа өзіндік баға беру дағдысын дамыту;




  • түрлі типтегі тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту. Мәтінмен жұмыс жасау заманауи сабақтың міндетті кезеңі болып

табылады. Әрине, мәтіннің мазұндық жағына, эмоциональдық қанықтығына, адамгершілік-этикалық және эстетикалық мазмұнының сай болуына , оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Сабақта мәтінмен жұмыс жасауда оқушылардың эмоциональдық және эстетикалық қабылдауын дамытумен байланыстырады.

Осылайша, оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің міндеті оқушының қабылдауы мен есте сақтауын ғана емес ойлануын да ескеруі қажет. Мұғалім

112


оқу материалын беруде әдістемені тиімді іріктеу арқылы оқушыларға барынша тілді үйрену деңгейлеріне жетуге мүмкіндік жасауға көмектесуі қажет. .

113


жүктеу 18,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау