61
ӘОЖ 811.111’1
ҒАЛЫМБЕКОВА Д.Ғ., МАТКАРИМОВА Д.А.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР
ҚАТАРЫНДАҒЫ СОМАТИЗМ
Фразеологизмдер – тілдің мағыналык жағынын көпғасырлық дамуының нәтижесі.
Тілдік бірліктің тіл біліміндегі орны, атқаратын кызметі ерекше,ceбeбi, коршаған орта
туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді кыска әpi ыкшамды, бейнелі де эмоционалды турде
беруде оған тең келер бірлік жоқ.[1, б.5]
Тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдарын –
фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай
саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік , әсерлік қасиетімен қасиетімен көзге түседі. Осындай
көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып,
ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты
тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі.
Құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық
фразеологизмдер деп атайды (грек. Soma – дене, onym - атау). Лексикологтардың айтуына
қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің 30% жуығы соматикалық атаулардан
тұрады.[1, б.93]
«Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды сөз
жасауға сонша бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер
жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі». Бір сөздің өзі бір ғана ұғымға
телінбей,
әлденеше ұғымға, ортақ атауға айналып кеткен.
Жекелеген сөздердің әр ұғымға жату – жатпауын есепке алмай, жалпы адам біткенге
қатысты сөздер мен фразеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте
адамның дене мүшелеріне қатысты екі жүзге жуық сөздер қамтылып, бұлардан туындаған
4200 фразеологизмдер бар екені анықталған. Бұл қазақ тілінің анатомиялық атауларға
қатысты фразеологизмдерге соншалықты бай екенін көрсетеді. Тілдегі фразеологизмдердің
мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелерінің қызметін жай кездейсоқ нарсе деп қарауға
болмайды.[2]
Адамдар өзіне тән қимыл әрекетін, ішкі психологиялық жай күйін, бойындағы бар
қасиетін айнала қоршаған ортаға, түрлі құбылыстарға ұқсастырып , салыстыра сөйлеуді әдет
еткен. Мысалы, сөзге шебер, шешен кісі туралы тілге жүйрік, тілі майда, тілі мен жағына
сүйенген т.б деп айтады. Keep a civil tongue in one’s head – «әдепті сөйлеу», тырнақ астынан
кір іздеу – «жаманшылық қуу», аузы аққа тию – «айран,сүт ішу», тізесін батыру – «күш
көрсету», т.б толып жатқан ұқсас құбылыстарды соматикалық атаулар арқылы жеткізген.
Фразеологизмдерді мағына жағынан классификациялау ең қиын мәселелердің бірі.
Қиындық нақты бір тілдегі сөз тудырушы тәсілдердің бірі болып табылатын осы
категорияның өзіндік ерекшелігінен келіп шығады.
Мысалы: 1. Тілі байланды деген фразеологизм «ауру-сырқаудың салдарынан тілі
сөйлеуге келмей қалды» деген мағынаны білдірумен қатар, басқаша мән беріп айтатын
болсақ, «үні шықпады», «аузына құм құйылды» дегендердің орнына жүретіні белгілі. Lose
one’s tongue – «тілін жұтып қою», «үндемей отыру» деген мағынаны білдіреді. Кейде
тұлғасы мен құрамы жағынан бір-біріне ұқсамайтын фразеологиялық бірліктің өзі де кейде
бір ғана ұғымды білдіре алады. Мысалы: «мылжың», «бос сөзді» деген ұғымды – аузымен
орақ ору, тілмен жағына сүйену, тілі ұзын – деп айта аламыз, ағылшын тілінде- wag one’s
tongue- «дәмсіз сөйлеу»; a long tongue – «тілі ұзын» деген балама сөздермен айта аламыз.
Бұл мақалада қолданылған барлық дерексөздерден жиналған адам дене мүшелері
атауларынан құралған фразеологизмдерді жинақтап оларға статистикалық талдау жасауға
тырыстық.