Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет85/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   187

173 
 
ӘОЖ902.03 
НАУАН А. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ 
ЖӘНЕ ҚОРҒАУ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
«ТАРИХ» САБАҒЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 
 
Қазақстанның  қазіргі  заманғы  мәдени  мұрасының  қазіргі  ахуалы  келесі  шаралар 
кешенін  қамтамасыз  етумен  және  одан  әрі  дамытумен  сипатталады,  оларға:  көп  ғасырлық 
дәстүрді  одан  әрі  дамыту,  жаңа  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді    ашу,  тарихи-мәдени 
ескерткіштерді, 
мұражай 
экспонаттарын, 
кітаптар 
мен 
ежелгі 
қолжазбаларды 
консервациялау,  қайта  жөндеу  жұмыстарын  белсендіру,  шетелдік  ғылыми-зерттеу 
орталықтарында ғылыми экспедицияларды ұйымдастыру және т.б[1].  
Қазақ  жері  өзінің  бай  тарихымен  ерекшеленеді.  Оның  ұлттық  тарихы  аса  ерте 
замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын 
білуден  басталады.  Ұлт  тарихынан  білімді  болудың  басты  мақсаты-өткеннен  тағылым  алу. 
Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.  
Әлемдегі  әр  ұлттың  өз  тарихында  кие  тұтатын  мекендері  бар.  Ол  жерлердің  киелілігі 
сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына 
байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп, оның ішінде 
біздің өлкеміздегі-Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы  Абай мұражайы және тағы басқа 
да тарихи-мәдени ескерткіштер. 
Сол  заманның  асыл  мұрасы  ретінде  Шығыс  Қазақстан  даласындағы  тарихи-мәдени 
ескерткіштердің құндылығы ешқашан жойылмақ емес.Себебі бабалар аманатын ұрпақтан-ұрпаққа 
мұқалтпай қайта жаңғыртып, жарқыратып жеткізу қазіргі  заманның талабы болып отыр. 
Тарихи  жәдiгeрлeр,  түрлi  мәдeни  құндылықтар  көбiнe-көп  ескерткіштер  сақталуда. 
Бiрақ мәдeни құндылықтардың барлығы дeрлiк, ұсақ дүниeлeр eмeс, арасында орта ғасырлық 
қалалар,  iрi  архитeктуралық  кeшeндeр,  тарихи  тұлғалардың  басына  тұрғызылған  кeшeндeр, 
кeсeнeлeр, түрлi тарихи oқиғалар oрын алған жeрлeр жәнe т.б. да бар. Мұндай iрi кeшeндeрдi 
сақтау iсi өз алдына үлкeн мәсeлe бoлып табылады.  
Сақталуы  мен  қорғалуы  жағынан  тарихи  құндылықтарымызды  толықтай  зерттеп 
қалпына  келтіру  жұмыстары  бүгінгі  таңда  тарихи  құндылықтарымызды  қаншалықты 
дәрежеде  қорғаудамыз.  Түрлі  себептерге  байланысты  мысалы  табиғи  жағдайлар,жан-
жануарлардың,адамдық 
факторлардың 
ескерткіштерімізге 
немқұрайлы 
қарауының 
салдарынан  бұзылып  күйреуде.  Халықаралық  ұйымдар  алғаш  құрылып,  қалыптасу 
барысында,  бiрiншi  кeзeктe  қаржылық  қиындықтар,  мамандардың  жeтiспeушiлiгi, 
ескерткіштерді  сақтау  барысындағы  бастапқы  тәжiрибeсiздiк,  алғаш  ұйымдармeн  қарым-
қатынас мәсeлeлeрiн әр қилы кeдeргiлeрдeн өтугe мәжбүр бoлды. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
бастауымен  және  бүкіләлемдік  қолдаулар  нәтижесінде  2004  жылдан  2011  жылдар 
аралығында  елімізде  кезең  бойынша  ұлттық  стратегиялық  «Мәдени  мұра»  жобасы  жүзеге 
асырылғаны  белгілі.  Ол  жоба  бойынша  бай  тарихи-мәдени  мұраларымызды,  материалдық 
және  интеллектуалды  құндылықтарымызды  болашақ  ұрпаққа  сақтау  және  ғылыми  зерттеу 
жұмыстары кеңінен ұйымдастырылды.  
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  бірнеше  стратегиялық  бағыттарды  жүзеге 
асырылды:  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қайта  жаңғырту,  қайта  жөндеу,  консервациялау, 
Қазақстан  тарихына  қатысты  құжаттардың,  кітаптардың  қайта  жаңғыруы  (немесе  елге 
оралту), ұлттық әдебиетіміздің бай мұрасын зерттеу.  
Еліміздің  тарихи-мәдени  мұрасын  сақтау  және  қайта  қалпына  келтіру,  зерттеу 
мақсатында  2007  жылы  2007-2009  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы 
қабылданды.  Аталмыш  мерзімде  Қазақстан  аумағындағы  51  тарихи  және  мәдени 


174 
 
ескерткіштерге қайта жөндеу жұмыстары, 39 қалашыққа, қорғандарға археологиялық зерттеу 
жұмыстары жүргізілген[2].  
Қазіргі таңда білім беру саласында орта мектептегі «Тарих» сабағын оқытудың жаңаша 
тәсілдерін  қарастыру  қарқынды  дамытылуда.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасында 
орын  алып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-ағартушылық  салаларындағы 
қарқынды  өзгерістер  негізінде  тарихи,  ұлттық  және  мәдени  құндылықтарды  зерттеуге    аса 
маңызды  назар  аударылуда.  Ғаламдық  жаһандану  дәуіріндегі  Қазақстанның  алдына  қойған 
басты  мақсаттарының  бірі  Отаны  мен  тарихи  өткенін  сүйетін,  сыйлап-құрметтейтін  жас 
ұрпақтарды тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз белгілі. Сонымен бірге өскелең жастарға өз 
өлкесі,  өз  туған  жеріне  қатысты  мақтаныш,  сүйімпеншілік  сезімдерін  қалыптастыруда 
тарихи-мәдени  мұраларды  Тарих  сабағында  пайдаланудың  маңыздылығы  зор  екендігін  де 
атап өткеніміз жөн[3].  
Қазірде  елімізде  өтілетін  «Тарих»  сабақтарында  «Отанға  сүйіспеншілік»  ұғымымен 
бірге, туған жердің тарихын білу, өлкетану мәселелерін оқушылардың санасына ендіруде өз 
өлкеміздің  тарихын  ашатын  тарихи-мәдени  мұраларын  немесе  ескерткіштерін  оқытудың 
әдістемесін  жетілдіру  негізгі  мақсаттардың  бірі  ретінде  алға  шығарылуы  тиіс.  Шығыс 
Қазақстан  аумағында  орналасқан  тарихи  ескерткіштерді  сұраптау,  өлкедегі  тарихи  мұралар 
жөніндегі  мағлұматтарды  жинастыру,  тарих  пәні  бойынша  оқулықтардағы  тарихи 
ескерткіштер  туралы  мағлұматтарды  кеңейте  отырып,  мектептегі  Тарих  сабағы  бойынша 
сыныпта  және  сыныптан  тыс  сабақтардың  формаларын  тиімді  ұйымдастыра  отырып, 
оқушыларға  өлкенің  бай-мұралы  тарихын  ұғындырудың  зор  мүмкіндіктері  бар  және  осы 
мағлұматтарыды  кешенді  пайдалану  арқылы  мектеп  оқушыларының  дүниетанымын 
қалыптастыруға да қажеттіліктер өтеледі[4].  
Қазақ  халқының  өткені,  есте  жоқ  ескі  заманнан  кешегі  Тәуелсіздік  алғанға  дейінгі 
кезеңдегі жүріп өткен жолы өте күрделі. Халқымыз өзінің даму тарихында түрлі кезеңдерді 
бастан  өткеріп,  өздерінің  төл  мәдениетін  қалыптастырғаны  рас.  Бүгінде  сол  мәдени 
құндылықтар  халқымыздың  тарихи  санасын  жаңғырту  мақсатында  өте  қажет  дүниелердің 
бірі  болып  тұр.  Тарихи  жәдігерлер,  түрлі  мәдени  құндылықтар  көбіне-көп  ескерткіштер 
сақталуда.  Бірақ  мәдени  құндылықтардың  барлығы  дерлік,  ұсақ  дүниелер  емес,  арасында 
орта  ғасырлық  қалалар,  ірі  архитектуралық  кешендер,  тарихи  тұлғалардың  басына 
тұрғызылған кешендер, кесенелер, түрлі тарихи оқиғалар орын алған жерлер және т.б. да бар. 
Мұндай ірі кешендерді сақтау ісі өз алдына үлкен мәселе болып табылады. Мұндай тарихи 
ескерткіштерді  бүгінгі  қоғам  назарына  ұсыну  үшін  міндетті  түрде  бүлінген  жерлерін  қайта 
жаңғырту, сақтау және қорғау  жұмыстарын  іске асыру қажет. Біздің зерттеу жұмысымыз да 
осы  айтылған  дүниелермен  тығыз  байланысып,  мағыналары  өзара  астасып  жатыр.  Халық 
мемлекет тарапынан түрлі  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  өздерінің назарына ұсынылғанын, 
ел  игілігіне  айналғанын  қалайды.  Ал  арнайы  сақтау,  қорғау  мекемелерінің  міндеті  бүлінуге 
ұшыраған ескерткіштерді консервациялау ісін жүзеге асыру[5].  
Зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны Шығыс Қазақстанаумағындағы тарихи-мәдени 
ескерткіштерді  сақтау,  қорғауда  үлкен  роль  атқаратын  тарихи-мәдени  қорық  мұражайлар 
болып  отыр.  Тарихымызды  терең  зерттеп,  оның  тәжірибесінен  тағлым  алу-Қазақстанда 
патриотизмді  қалыптастырудың,  Отанның  лайықты  азаматтарын  тәрбиелеудің  басты 
шарттарының бірі...» – деген сөздері жоғарыда айтқан пікірімізді толық растап тұрғандай.  
Сонымен,  түйіндеп  айтар  болсақ,  Отан  тарихын  жан-жақты  насихаттау  ісінде  түрлі 
тарихи  ескерткіштердің  алатын  орны  ерекше  десек,  сол  құндылықтарды  сақтау,  насихаттау 
келешек ұрпаққа жеркізу біздің міндетіміз деп есептеймін. 
Шығыс  Қазақстан  аумағы  ұзақ  жылдар  бойы  археологиялық  және  тарихи-сәулеттік 
зерттеулер  нәтижесінде  анықталып,сақталған  ескерткіштер  облысының  тарихи-мәдени 
мұрасының  баға  жетпес  фондын  насихаттау  мен  сақтаудағы  қызметі  бүгінгі  таңдағы    алға 
басуы  үшін  ең  қажетте  дүниелердің  бірі.  Ең  алдымен  еліміздегі  тарихи  ескерткіштердің 
сақталуы болашақ үшін керек мәселе болып табылады.  
Мәселен,  бүгінгі  таңда  еліміздің  түкпір-түкпірінде  қаншама  елеусіз  қалып  жатқан 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау