«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
205
5.
Домашнев А.И., Вазбуцкая К.Г., Зыкова Н.Н. и др. Методика
преподавания немецкого языка в педагогическом вузе М., « Просвещение
», 1983.
6.
С. Абдіғалиев Неміс тілінде оқытудың негіздері, Алматы, 2015.
7.
М.Ғ. Арынов Неміс тілі грамматикасы, Алматы, 1998
УДК № 371.32:811
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ
ЖОЛДАРЫ
Ж.Тағаллемова
1
, А.К. Мукышева
2
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа: Мақалада мектепте шетел тілі сабақтарында оқылымммен
жұмыс жасаудың қазіргі әдістемелері тиімді қолдану мен оларды жүзеге
асыру жолдары қарастырылған.
Тірек сөздер: оңайдан қиынға қарай дамыта оқыту, шағын мәтіндер,
көркем мәтін, дұрыс не бұрыс жауаптар, сұрақ-жауап жаттығулары.
Аннотация:
Статья
посвящена
эффиктивному
использованию
современных методов обучения в изучении иностранных языков в школах и
способах их реализации.
Ключевые слова: обучение от трудных до сложных, небольших текстов,
литературных текстов, правильных или неправильных ответов, вопросов
и ответов.
Annotation: The article is devoted to the effective use of modern teaching
methods in the study of foreign languages in schools and how to implement
them.
Key words: learning from difficult to complex, small texts, literary texts, true or
false answers, questions and answers.
Қазіргі буынғы ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін
сөйлеуіне үйретуде, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз
ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер
қолданылған. Оқыту тәсілдері әртүрлі, негізінен оқушы күнделікті
тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуде. Оқу
процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Әр
1
Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығының 4 курс студенті
2
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
206
сабақтың алдында «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген
мақсатпен «сұрақ-жауап», «талқылау», «ой алмасу», сияқты тапсырмалар
үнемі беріліп отырылады. Лексикалық және грамматикалық материалда
басты көңіл бөлінетіні сөйлеу және оқу.
Оқу іскерлігін дамытуда негізінен мәтінді оқу басшылыққа алынады.
Мәтінді оқығаннан кейін берілетін тапсырма түрлері:
“true or false”
“what do you think?”
“Talk to your friend”
“Talk to other friends”
мәтін бойынша сөзді қайталату арқылы оларды сөйлеу барысында
еркін де дұрыс қолдануға үйретуге бағытталады.
Ағылшын тілін үйренудегі басты бағыттардың бірі - оқу дағдысын
игерумен қатар оқығаны туралы талдау жасай білу. Оқушылармен
жұмыс жүргізетін оқулықта оқушыны әртүрлі соңғы әдістемелер арқылы
еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған
білімін өз ортасында, қоғамдық орындарда қолдануға дағдыландырып,
олардың білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері арқылы
ауқымды мағлұмат беру.
Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.
Мәтін - негізгі қарым-қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу – қарым-
қатынас жасауға үйренудің құралы.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және
мақсатты түрде ауызша жаттығуларда, сөздік-грамматикалық материалды
меңгерту кезінде ауызша - сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде
жүргізіледі.
Негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар
бойынша біріншіден, сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі,
не білмейді, оны анықтау мақсат болса, екіншіден, өз білімі деңгейінде
ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру.
Мұндай тапсырмаларды бүкіл сыныппен, 4-5 оқушыдан біріктірілген
топшалармен немесе жұптасып талқылауға арқылы орындатамын. Мәтінді
оқыған соң оқушы ұғымына арналған «True or false» жаттығулары
беріледі. «What do you think» тапсырмасы бойынша оқушы мәтіндегі
мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді.
Бұрыннан таныс әдістеменің бірі мәтіннің жалпы мазмұнын қамтитын
оқу бойынша тапсырмаларды орындау. Мәтінді (1-2 рет) оқып болғаннан
кейін оқушылар өз пікірлерін білдіріп, ойларын тұжырымдайды.
«Close test» тәсілі бойынша мәтіндегі әрбір 3-ші, 4-ші, 5-ші т.б
сөздер түсіп қалады. Көлемі шағын мәтіндерді оқып – үйрену кезінде бұл
тәсіл жеке сөз тіркестерін ұғынып, есте сақтап қалуда көп пайда келтіреді.
Шағын мәтіндер оқушы мен мұғалімнің таңдауы бойынша дауыстап және
Достарыңызбен бөлісу: |