«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
154
психологиялық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың
сөйлеу іс- әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да
ғылымының, мәселен психологиялық, физиологиялық, логопедиялық т.б.
зерттеп қарастыратын облысы.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге
асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін өте қажет нәрсе, ал
сыртқы форма арқылы адамөз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір
информация береді.
Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сол сөйлеу іс-
әрекеті процесінде жасалынған нәтиже
яғни сөйлемдер, мәтіндер т.б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз
ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам
арасындағы
қарым-қатынасты
атқарады.
Біреудің
дыбыстауынан
құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде
кеністік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте,
әңгімелесушілер бірін- бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндеу
алшақтығы болуы мүмкін.
Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық
қабілеттерін дамытуға арналуы керек. Ауызша сөз негізгі екі
сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап - түсіну
(орысша - аудирование, немісше - das Audieren, қытайша -tingli),
екіншісі - сөйлеу.
Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір-бірімен тығыз
байланыстылығы сондай, кейбір методистер бұларды бір-бірінен
ажыратпайды. Олардың көзқарасы бойынша, ауызша сөзді игеру үшін
сөйлей білсе жеткілікті, Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап - түсіну -
сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап - түсінуге арнайы
дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады.Басты
дағды - сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлей білген адам сол тілде
айтылған ауызша сөзді тыңдап - түсіне алады. Міне, көпшілік
методистердің пікірі бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні
бүгінге дейін тиісті мөлшерде дамытылмай келуінің бір себебі осында [1].
Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел
тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.
Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап – түсіну және
сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олардың әрқайсысы
мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді.
Сөйлеуші де, тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ
олардың әрқайсысы тілді әр түрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам
белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой
туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы
пайдаланады.