«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
143
Белгілі ғалым М.Ф. Стронин өзінің “Шетел тілі сабағында қолданылатын
жаттықтырушы
ойындар” құралында
ойындарды
келесідей
категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар,
фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және шығармашылық
ойындар. Бұл ойын түрлерін оқытушылар пайдалану кезінде лексиканы
меңгерту,сөйлеу,жазу,тыңдау дағдыларын дамытуды көздейді.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы
оқытудың да маңызы зор. Білім алушылар әр түрлі проблемаларды
талдайды, оның шешу жолдарын іздейді. Мұндай сабақтар білім
алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын
арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Саралап оқыту – білім алушының туа біткен ақыл –ой қабілетінің
жеке дамуының жан – жақтылығына негізделінген білім беру жүйесі.
Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация (жаңашылдық)
үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелінуі тиіс. Біріншіден,
оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану.
Екіншіден, білім алушылардың ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез
қабылдауын қалыптастыру мен жаңалықтарды өмірде қолдана білуді
үйрету.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы
атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден
– бір шарты. Мен жоғары оқу орны оқытушысы ретінде күнделікті
жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын:
-білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;
-оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау;
-пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын
қамтамасыз ету;
-оқу – тәрбие үрдісін компьютеризациялау және технологияландыру.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;
-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек — схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);
-саралап оқыту;
-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);
-сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау;
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
144
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін
дамыту;
-әр білім алушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін білім алушының сезінуі .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)
бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын
шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін
жұмыста білім алушыларда:
1.
Өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу.
2.
Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3.
Проблеманы шеше білу.
4.
Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1.
Әдіс түрлері.
2.
Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы
3.
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.
4.
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5.
Топтық тұжырымға келе білу.
6.
Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.
Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген
құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып,
қанағаттанады.
Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынында білім алушылар
тақырыпты өздері оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп,
жинақтайды, топпен жүмыс істеуге дағдыланады. Өзара сыйластыққа, бір-
бірін тыңдай білуге үйренеді.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын
күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте
түрінде жазылады: «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша
ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын салыстыру.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
145
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл
әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда білім
алушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс
жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен
байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі
тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы
сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Студенттерім қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз
ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Егер де жаңа
технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз
нәтижесін
береді
деп
ойлаймын. Баяндамамды
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
«Қазақстан-2050» даму стратегиясы
2.
М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау,
2002 жыл
3.
Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы,
2016 жыл.
4.
Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.
№1, 2016 жыл.
5.
«Қазақстан кәсіпкері» журнал №10, 2010 ж
6.
А.
Иманбаева,
Оқу-тәрбие
үрдісін
ақпараттандыру
ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
7.
Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999
8.
М.Ф.
Стронин
. Ағылшын
тілі
сабағында
қолданылатын
жаттықтырушы ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |