Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет35/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
78 
 
білдіретін  сөз  табы.  Етістік  ағылшын  тілі  сөз  таптарының  ішіндегі, 
қолданыс  аясы  кең,  аса  бай  грамматикалық  категориясы.  Етістік  қазақ 
тілінде  жақтарға,  шақтарға  байланысты  Не  істейді?  Не  істеп  жатыр?  Не 
қылды?  тағы  басқа  сияқты  сұрақтарға  жауап  берсе,  ағылшын  тілінде  де 
шақтарға,  жақтарға  байланысты  what  does  (he,  she,  it  (smb.)  do? 
Сұрақтарына жауап береді. 
Етістік  іс  қимылды,  әрекетті  білдіре  отырып,  осы  іс-  әрекеттің 
сөйлеушінің  сөйлеп  тұрған  сәтімен  байланысты  өту  кезеңін  де  көрсетеді. 
Барлық әлем тілдерінде шақ категориясы бар. Етістіктің шақ категориясы – 
іс-әрекет,  жай-күйдің  болу  мезгілі  мен  сөйлеп  тұрған  уақыт  арасындағы 
қарым-қатынасты  білдіретін  грамматикалық  категория.  Яғни,  етістіктің 
шақ  категориясы  қимыл,  іс-әрекеттің  сөйлеп  тұрған  сәтпен  байланысты 
болып  өткендігін  немесе  болып  жатқанын,  не  әлі  болмағанын,  бірақ 
болатынын  білдіріп,  әр  түрлі  жолдармен  жасалады.  Әр  түрлі  лингвисттер 
ағылшын  тіліндегі  шақ  жүйесін  сегіз,  жеті,  алты,  төрт  және  екі  шақтық 
жүйеге  бөледі.  Ағылшын  тілінің  шақ  жүйесіндегі  көзқарастардың  бұндай 
әртүрлілігі  негізінен,  ғалымдар  арасындағы  осы  жүйе  жайында  бір 
шешімге келе алмаушылықтан болады.  
Шақ  (“Tense”  латын  тілінен  аударғанда  “tempus”,  яғни  уақыт  деген 
мағынаны  білдіреді  )–  іс-қимылдың,  жай-күйдің  орындалу  мезгілі  мен 
сөйлеп  тұрған  уақыт  арасындағы  қарым-  қатынасты  білдіретін 
грамматикалық категория.  
Шақ  категориясы  сөйлеп  тұрған  сәтпен  байланысты  қимылдың  өту 
мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, 
грамматикалық жолдармен беріледі. Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтары 
басты 4 шаққа: Present, Past, FutureFuture in the Past негізделеді.  
Қазақ  тілінде  де  шақтың  үш  түрі  бар  екені  белгілі.  Осы  шақ,  өткен 
шақ және келер шақ. Бұл шақтар мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде 
бірнеше топтарға бөлінеді 
Қазақ  тілі  тәрізді  ағылшын  тілінде  де  етістіктің  жақ,  сан,  шақ 
категориясы  бар.  Негізінен  етістіктер  жекеше  түрде  осы  шақта  үшінші 
жақта  ғана  өзгеріске  ұшырайтындықтан,  етістіктің  жаңа  категориясы  көп 
қиындық тудырмайды.  
Тек To be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.  
Осы  шақтың  формаларының  барлығын  бір  бірімен  шатыстырмай 
жаттап  алу  оқушыларға  қиындық  тудырады.  Біздің,яғни  мұғалімдердің 
міндеті  оқытудың  неғұрлым  тиімді  әдіс-тәсілін  қолдана  отырып, 
оқушылардың өздігінен қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету.  
Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы 
қағиданы  оқытушы  оқушыларға  жете  түсіндіріп  берсе,  бұл  оқушының 
материалды  меңгеруін  оңайлата  отырып,  осы  шақтық  формаларды 
оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік берер еді.  


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
79 
 
УДК 81’351:811 
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫНҒА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Г.Ғ Жұбанғалиева
1
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Аңдатпа:  В  данной  статье  подчеркивается  актуальность  и 
своевременность  перехода  на  латинский  алфавит,  позволяющего 
познакомиться  с  богатой  культурой  нашей  страны,  её  многовековыми 
традициями зарубежным читателям. 
Түйінді сөз: латын графикасы, рухани жаңғыру, Ассамблея, өркениет 
жазуы. 
 
«Біз алдағы 
уақытта да мемлекеттік 
тілді дамыту 
бағытындағы 
кешенді жобалаpды  жүзеге асыpуды  табандылықпен жалғастыpа беpеміз. 
Қазақ алфавитін 2025 жылға қаpай латын гpафикасына көшіpуге дайындық 
жұмысын  осы бастан  қолға алу  қажет. Бұл  қазақ  тілін  жаңғыpтып  қана 
қоймай, оны осы заманғы ақпаpаттың тіліне айналдыpады» 
ҚP Пpезиденті  Н.Ә.  Назаpбаевтың  Жолдауынан  Ұлттық  жаңғыpу 
бағытында атқаpылатын  шаpалаpдың  біpі pетінде  Елбасының  қазақ  тілін 
латын  әліпбиіне  көшіpу  мәселесі  туpалы айтқан  ойлаpы  жұpтшылықтың, 
әсіpесе,  тіл  мамандаpының  еpекше  қолдауына ие  болып  отыp.  Бұл  қазақ 
әліпбиі  мен  жазуын  латын  гpафикасына көшіpу аpқылы  елімізді pухани 
жаңғыpуға бастайтын  маңызды  жәт.  Қазақ  әліпбиі  мен  жазуын  латын 
қаpпіне  көшіpу  мәселесі  туpалы  еліміз  егемендік алған алғашқы 
жылдаpдан  бастап  ғылыми  оpтада сөз  қозғала бастаған  еді.  Ғылыми 
қауыммен  кездесулеpде,  басқа жағдайлаpда да тіл  мәселесіне  еpекше 
назаp аудаpып жүpетін.  
Елбасымыз  Қазақстан  халықтаpы Ассамблеясының  2006  жылғы  24 
қазанында өткен    ХІІ  сессиясындағы  сөзінде  «Қазақ  әліпбиін 
латынға көшіpу жөніндегі мәселеге қайта оpалу кеpек. Біp кездеpі біз оны 
кейінге 
қалдыpған 
едік», 
-дей 
келіп, 
«біз 
бұл 
жеpде асығыстыққа бой алдыpмай, 
оның аpтықшылықтаpы 
мен 
кемшіліктеpін зеpделеп алуымыз кеpек», - деген болатын. Одан кейін 2012 
жылғы  «Қазақстан  -  2050» «стpатегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси  бағыты» атты  Қазақстан  Халқына аpнаған  Жолдауында:  «Біз 
2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаpпіне, латын әліпбиіне көшіpуге 
кіpісуіміз кеpек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс пpинципті мәселе. Біp кезде 
                                                           
1
 Педагогика кафедра-лабораториясының аға оқытушысы,  педагогика ғылымдарының 
магистрі  
 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау