«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
49
8.
Law of the Republic of Kazakhstan "on languages" of 11 July 1997. —
[AYR.] Mode of access: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000
9.
Law" on education " of July 27, 2007 № 319-III // Kazakhstanskaya
Pravda. - 2007 - № 127. — 15 Aug.
10.
State program of languages functioning in the Republic of Kazakhstan for
2001-2010 / / Kazakhstanskaya Pravda. - 2001. - № 47-48. - February 17.
11.
State program of education development of the Republic of Kazakhstan
for 2011-2020 // Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated
December
7,
2010
№
1118.
—
[AYR.]
Mode
of
access:http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1000001118.
12.
The concept of development of foreign language education of the
Republic of Kazakhstan. - Almaty: Kazakh University of international relations
and world languages named after Abylai Khan, 2006. - [ER] Access mode:
http://freeref.ru/wievjob.php?id=8721752006 ahhh!
13.
Zhetpisbayev.Theoretical and methodological basis of multilingual
education: author. dis. ... Dr. PED. sciences'. - Karaganda, 2009. - 46 p.
14.
Zhetpisbayeva B. A., Ayazbaeva S. S. linguo-Didactic aspect of teaching
materials in multilingual education // Vestn. Karaganda's. UN-TA. Ser.
Pedagogy. - 2011. - № 2 (62). - P. 4-8.
УДК 378.147
ТЫҢДАП-ТҮСІНУ МЕН СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН
ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
А.С.Бижанова
1
, А.К.Мукышева
2
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа: Мақалада шетел тілі сабақтарында Тыңдап-түсіну мен сөйлеу
іскерліктері мен дағдыларының қалыптастыру жолдары өзара
байланысы қарастырылған
Тірек сөздер: аутентті аудиомәтіндер, тыңдап-түсіну дағдылары, сөйлеу
дағдылары, монолог, диалог .
Аннотация
В статье рассмотрены пути формирования умений и навыков
аудирования и речевого общения на уроках иностранного языка
1
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
2
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
50
Annotation:
The article is considered the ways for the formation of listening skills and
speaking skills in FL classes.
Key words: audio-electronic texts, audio-dialogue, listening skills, speaking
skills, monologue, dialogue.
Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мен оны әрі қарай
жетілдіру кезінде тыңдап түсіну және сөйлеу қатар жүреді, себебі сөйлеу
дағдысын қалыптастыру ең бірінші сұрақ-жауаптан, яғни диалогтан және
диалог барысында бірін-бірі тыңдап түсінуден басталады. Әрине
диалогтың көлемі мен күрделілігі тіл үйрену не үйретуге қатысты тілдік
деңгейге байланысты болады. Сондықтан біз сөйлеуге дағдыландырудан
бұрын тыңдап түсінуді қалыптастыру керек деп ойлаймыз. Ол
аудиодиалогтар не қысқа аудиомәтіндерді тыңдау арқылы студенттің әрі
қарай шетел тілінде тілдік деңгейлерін жетілдіру үшін сөйлеу мен тыңдату
арқылы оқытылады. Аудиодиалогтар және аудиомәтіндермен жұмыс істеуі
мынадай сатылардан құралады: белсенді - тыңдап түсіну мен қатар көз
алдындағы мәтінді оқып отыру, немесе пассивті түрі - басқа іс-қимылмен
бірге мәтінді тыңдау. Тыңдап түсінудің сәтті болғандығын анықтайтын
факторлардың бірі іскерліктерін жетілдіру жаттығулар болады.
Тыңдап түсіну – оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы. Аудиодиалогтар
және аудиомәтіндерді сұрыптаудың өлшемдері, шетел тілінде айтылған
сөздерді тыңдап түсіну мәселелердің ең маңыздысы төмендегі кезеңдер
болып саналады [1].
Дайындалған сөзді дамыту кезеңдері мыналар:
Үлгі мәтінді өзгерту.
Өз бетімен сөз тудыру:
а) сөз таяныштарының көмегімен (таяныш сөздер, жоспар,
тақырыптар т. б.);
ә) ақпарат көзіне (сурет, оқулық кинофильмдер, телехабарлар т.
б.) сүйене отырып;
б) өткен тақырыпқа сүйене отырып сөз тудыру.
Дайындалған монолог сөзге үйрету үшін мынадай жаттығулар
орындалады:
а) жүйелі сөзді кейбір өзгерістер енгізе отырып, қайта айтып беру
(сөздің басын немесе аяғын өзгерту, жаңа кейіпкер енгізу, сөздің
композициясын өзгерту арқылы);
ә) тірек сөздерге, жоспарға сүйеніп әңгіме құру, ана тілінде қысқаша
етіп айтылған тақырыпқа әңгіме құру;
б) сурет немесе суреттер сериясын (карикатураларды, дыбыссыз
фильмді) бейнелеу;
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
51
в) берілген сөздерді, сөз тіркестері мен клишелерді қолданып,
оқиғаларды қайта айтып беру;
г) неміс тілінде тақырыпты (реалияларды) түсіндіру;
ғ) тыңдаған әңгіменің (радиохабардың, баяндаманың,сөздің)
тақырыбын анықтау, оны қысқаша түрде дәлелдеу;
д) хабардың мағыналық үзінділерін анықтап, оларға тақырып таңдау;
е) мәтіннің мазмұнын айтып беру (мәтінге жақын, резюме түрінде,
реферат түрінде);
ж) тыңдаған хабарды немесе оқыған әңгімені қысқартып, хабарды
бірер сөйлеммен қайта айтып беру;
з) тыңдаған әңгімеге жоспар құру;
и) диалогтарды монолог түрінде қайта айтып беру;
Дайындалмаған сөзді дамыту барысындағы кезеңдер:
ақпарат көзіне (сурет, фильм т. б.) сүйене отырып, дайындалмаған
сөзді дамыту;
оқушылардың сөз және өмір тәжірибесіне сүйене отырып,
дайындалмаған сөзді дамыту.
Дайындалмаған монолог сөзді дамыту үшін мынадай жаттырулар
тиімді тақырып ойлап тауып, оны дәлелдеу;
1) өткен тақырыпқа байланысы жоқ суреттер мен карикатураларды
бейнелеу;
2) өмір тәжірибесіне немесе бұрынғы оқығанға сүйене отырып, ұқсас
оқиғалар құру;
3) өз пікірін немесе фактілерге өзінің қарым-қатынасын дәлелдеу;
4) айтылған ойдың мазмұнын (квинтэссенциясын анықтап, оны
дәлелдеу;
5) кейіпкерді (оқиғаның болған мезгілін, мекенін сипаттау;
6) естіген немесе оқыған мәтінге өз бағасын беру;
7) қысқа хабарландырулар мен ашық хат мәтіндері құрастыру.
Осындай жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушыларды монолог
түрінде алдын-ала дайындалып сөйлеуге және алдын-ала дайындықсыз
сөйлеуге үйретеді. Монологқа үйрететін жаттығу ретінде мәтіннің
мазмұнын айтып береді.
Ортаңғы және жоғарғы сатыларда мәтінді оның мазмұнын айтып беру
үшін ғана емес, сол мәтіндегі оқиғаларды талқылау үшін пайдаланған жөн.
Сонда мәтіндер оқушылардың өз ойын айтуға дағдылануына көмектеседі.
Монолог түрде сөйлеу дағдыларын жалпы шетел тілін оқыту әдістемесінің
бірнеше авторлары ұсынған тәсілмен соның ішінде соның ішінде шетел
тілі ұзтаздары үшін маңызды құрал болған С.С. Құнанбаеваның «Қазіргі
шеттілдік білім берудің теориясы мен методикасы» негізінде де дамытуға
болады. Бірақ: бұл тәсіл тілдік деңгейлік оқытудың барлық сатыларында
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |