Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет60/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156

121 
УДК 37.033 
 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНА – ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ 
 
Байжұманова Б.Ш. пс.ғ.к., доцент 
Евразийский нацональный университет им. Л.Н. Гумилева 
Қазақстан, Астана 
bibianar.bayzhumanova.70@mail.ru 
 
Қабылбекова З.Б. п.ғ.д., профессор 
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры 
Қазақстан, Шымкент 
kzber@mail.ru 
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  психологические  аспекты  и  тенденции  развития 
психологии  экологического  сознания.  Обозначена  актуальность  и  практическая  значимость 
исследований  по  психологии  экологического  сознания.  Определено  место  обсуждаемой 
отрасли  психологии  в  процессе  развития  экологического  сознания.  Дана  характеристика 
уровня  развития  современного  экологического  сознания  общества.  Определен  уровень 
исследований актуальных проблем психологии экологического сознания 
Ключевые  слова:  сознание,  экологические  сознание,  психология  экологического  сознание, 
экологическое поведение, система «человек - природа».  
 
Экологиялық  сана  мәселесін  философия  ғылымында  З.Г.  Наджафованың  (1989), 
В.Хесленің  (1993)  еңбектерінен  көруге  болады.  Ал  әлеуметтанушылардың  арасынан  О.Н. 
Яницкого (1996), Ю.Н. Пахомова (2002), еңбектерін айтуға болады. Психология ғылымында 
экологиялық  сана  мәселесіне  талдау  жасаған,  бірқатар  зерттеулерді  атап  өтер  болсақ,        
С.Д.  Дерябо,  В.А.  Ясвина,  В.И.  Панова,  А.А.  Калмыкова,  Г.В.  Акопова,  В.И.  Медведева,    
А.А. Алдашева, И.А. Шмелевалардың еңбектерін көрсетуге болады.  
Жалпы психологиялық ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, экологиялық сана психологиясы 
антропоцентрлік (субъект-объектілі өзара әрекеттесу) және экоцентрлік (субъект-субъектілік 
өзара  әрекеттесу)  түрлері  бойынша  жеке  даралық  экологиялық  сана  және  топтық 
экологиялық сана ретінде зерттелінеді. 
Экологиялық  сананы  әлеуметтік  психологиялық  құбылыс  ретінде  қарастырылатын 
бірқатар  мәселелерді  атап  кетуге  болады.  Айталық,  экологиялық  сананың  әлеуметтік 
онтогенезін зерттеу, экологоиялық сананы диагностикалаудың, қалыптастырудың, түзетудің 
және  оқып-үйретудің  психологиялық  әдістерін  дамыту,  оның  ішінде  қоршаған  ортаны 
қорғаудың  психологиялық  аспектілерін  зерттеу  –  қазіргі  кездегі  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып табылады.  
Экологиялық  сана  психологиясы  әдетте,  жеке-даралық  экологиялық  және  топтық 
экологиялық сананы зерттейді. С.Д. Дерябо, В.А. Ясвин (Дерябо, Ясвин, 1996) экологиялық 
психология  ғылымындағы  экологиялық  сана  мәселелсінің  методологиялық  ерекшеліктерін 
төмендегідей түсіндіреді: біріншіден, табиғатты «табиғат әлемі» ретінде қарастыру негізінде 
адамның  табиғатпен  субъективті  байланыстарына  басты  назар  аударылады;  адамның 
«табиғат әлемімен» өзара әрекеттесуін зерттеу үшін әлеуметтік психология аппараты, тұлға 
психологиясы және т.б. психология ғылымының салаларының ілімдеріне сүйенеді.  
Экологиялық сана психологиясын түбегейлі зерттеуде мынадай мәселелерді шешіп алу 
керек:  
1. Экологиялық сананы социогенез үдерісінде дамуын талдау. Экологиялық сана жалпы 
түрлі  тарихи  кезеңдерде  талданады.  Осы  зерттеу  аясында  экологиялық  сана  психологиясы 
тарихи  философия,  саясаттану,  психология  тарихы,  әлеуметтік  психология  және 
этнопсихологиямен байланысты;  
2. Қоғамдық сананың жеке даралық және тарихи қалыптасу барысындағы экологиялық 
сананың даму типологиясын құру. Бұл мәселені шешуде экологиялық санадағы психология, 


122 
мәдениеттану,  экология,  әлеуметтану  және  тұлға  психологиясы  бойынша  жинақталған 
білімді  пайдаланады;  экологиялық  сананы  қалыптастырудың  және  дамытудың  тетіктерін 
талдау. Бұл мәселені шешуде кибернетика, семиотика, этология, салыстырмалы психология, 
психосемантика  және  қабылдау  психологиясы  сияқты  ғылымдармен  өзара  байланыс 
құрылады. Онтогенез барысында экологиялық сананың дамуын талдау. 
3.  Онтогенездің  дамуында  жеке-даралық  экологиялық  сананың  даму  тенденцияларын 
талдау.  Осы  сала  аясында  экологиялық  сана  психологиясы  әлеуметтану,  психодиагностика, 
психосемантика,  этнопсихология  және  қабылдау  психологиясымен  байланыстыра  отырып, 
жеке-даралық және топтық экологиялық сана мәселесінің өзіне тән ерекшеліктерін зерделеу. 
4.  Әртүрлі  әлеуметтік  топтардағы  және  кәсіби  топтардағы  экологиялық  сананың 
ерекшеліктерін  зерттеу.  Бұл  проблеманы  шешуде  экологиялық  сана  психологиясы 
социология  мен  әлеуметтік  психологиядағы  жинақталған  білімді  пайдаланаотырып, 
экологиялық сананы диагностикалаудың қағидалары мен мен әдістерін әзірлеу. 
5.  Тұлғаның  «табиғи  әлемге»  өзіндік  даралық  қатынасын  қалыптастыруға  әсер  ететін 
психологиялық  заңдылықтар  мен  механизмдерін,  сондай-ақ,  диагностикалау  әдістерін 
дамыту;  экологиялық  білім  берудің  және  экологиялық  білім  беру  технологияларының 
психодидактикалық қағидалары мен әдістерін өңдеу. Бұл мәселені шешуде экологиялық сана 
психологиясы  статистика,  қоршаған  орта  психологиясы,  психотерапия,  медициналық 
психология және әлеуметтік психологиямен байланыса отырып, адамның «табиғат әлемімен» 
өзара  әрекеттесуін  жүзеге  асыруда,  жеке  тұлғаның  дамуына  әсер  ететін  психологиялық 
функцияны зерттеу.  
6.  Экологиялық  сана  психологиясын  зерттеудегі  психокоррекциялық  және 
психотерапевтік қызмет көрсету технологиялары мен әдістерін дамыту.  
В.И.  Пановтың  пікірінше,  экологиялық  сана  психологиясының  негізгі  мәселелері: 
«экологиялық  сана»  түсінігін  дамыту;  экологиялық  сана  генезисін  анықтау;  экологиялық 
сананы қалыптастырудың психологиялық механизмдерін зерттеу (Панов, 2004).  
Сондай-ақ,  В.И.  Панов  «Адам  –  табиғат»  жүйесінің  эволюциясы  кезеңдеріндегі 
экологиялық сана түрлерін бөліп көрсетеді: 
 1.  Синкретикалық  (архаикалық)  сана,  адамның  санасында  және  өзін-өзі  тану  кезінде 
адам өзін қоршаған ортадан ажыратпаған және,  тіпті, өзінің өмір сүру мақсаттарына сәйкес 
өзгеру нысанына қарсылық білдірмеген кезең. 
2.  Антропоцентрлік  сана,  адамның  сана-сезімін  қоршаған  ортаға  қарама-қайшы  қойған 
кезі,  сонымен  бірге  оның  «адам»  өмір  сүру  мақсаттарына  сәйкес  белсенділіктің  өзгеру 
нысаны ретінде қарастырды. Бұл кезеңде адам өзінің табиғатпен бір екенін «ұмытып» кетеді, 
соның салдарынан Жердегі экологиялық дағдарыс мәселесі туындайды.  
3.Экоцентрлік  сана,  ол  адам  және  қоршаған  табиғи  орта  «адам  -  табиғат»  бірыңғай 
экожүйесіне  кіретіндігін,  сондықтан  оны  қоршаған  орта,  оның  табиғатпен  байланысы  және 
табиғаттың өзінің өмірлік құндылығына ие екенін түсіне бастайды.  
4.  Синергетикалық  (табиғатқа  бағдарланған)  сана,  табиғат  дамуының  жалпыға  бірдей 
қағидаттарымен өзінің дамуының принциптерінің бірлігі ретінде, адам өзінің табиғатпен бір 
екенін түсінген жағдайдағы сана.  
Адам - табиғаттың субстанциялы бөлігі. Бұл тұрғыда адам және табиғи орта табиғаттың 
әр түрлі көрінісі болатын әмбебап мәні болып табылады. «Адам  - табиғат» жүйесі адамның 
және  қоршаған  ортаның  өзара  әрекеттестігі  арқылы,  жалпыға  ортақ  қағидаттар  негізінде 
бірлескен дамудың бір субъектісі ретінде қарастырылады.  
Экологиялық  психология  ауқымды  ғылыми  зерттеуді  талап  ете  отырып,  зерттеу 
мәселелерінің ауқымы үш деңгейге бөлінеді: 
1.  Бірінші  деңгейдегі  мәселелер  тобы:  адамның  психикасын  сақтау  және  дамыту  үшін 
экологиялық жағдайды зерттеу, әртүрлі экологиялық орта параметрлерінің барынша рұқсат 
етілген мәндерін анықтау, оптимумдарды іздеу және түрлі ластану түрлерінің, соның ішінде 
«психологиялық»  ластану  әсерін  анықтау.  Олар  сондай-ақ  экологиялық  жағдайды 
психологиялық әдістер арқылы бағалау міндеттерін қамтиды. 
2.  Екінші  деңгейдегі  мәселелер  тобы:  адам  еңбегінің  энтропиялық  (жоятын)  және 
эктропиялық  (шығармашылық)  сипаттамасын  анықтайтын,  психологиялық  қасиеттерді 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау