Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет6/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
    Навигация по данной странице:
  • Key words

12 
into account the knowledge gained by students of the college on optional and traditional disciplines 
is provided. 
          Key  words:  environmental  education,  spiritual  revival,  ecological  program,  environment, 
environmental code. 
 
Қоғамның  дамуы  табиғатпен  тығыз  байланысты.  Рухани  жаңғыру  білім  беру 
кеңістігінде  қоршаған  орта  мен  қоғам  арасындағы  қарым-қатынастың  жаңа  бағыттағы 
үйлесімділікті талап етеді. Себебі, соңғы жылдары табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи 
экожүйенің өзін-өзі реттеп отыру заңдылығы шектен шығып кетті. Демек, адам баласы өмір 
сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді. 
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз 
ету  мақсатымен,  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  2030»  атты  өз  халқына 
жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір 
салтын  қалыптастыру  үшін  экологиялық  проблемаларды  шешу  қажеттігі  атап  айтылған 
Елбасының жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке көбеюіне 
себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен 
бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады, - деді [1]. 
Қазақстан  Республикасының  «Экологиялық  кодексінің»  баптарында  экологиялық 
білім мен тәрбиенің үздіксіздігі мен жалпылылығы қарастырылған. Ал біздің еліміздің білім 
беру жүйесінің құрылымына сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысы бар: 
- бірінші - мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие; 
-  екінші  -  орта  кәсіби  оқу  орындарында  және  бастауыш,  жалпы  орта  мектептердегі 
білім беру;  
- үшінші - жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру; 
- төртінші - жоғары оқу орындарынан кейінгі сатысы. 
 
Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және 
қоршаған  ортаның  үйлестігін  және  тиімді  пайдаланудың  жолдарын  көпшілікке  түсіндіру. 
Қазіргі  кезде  мақсатына  қарай,  экологиялық  білім  беру  үш  сатыда  өтеді:  кәсіптік  білім 
беретін  арнайы  оқу  орындары  мен  колледждер;  жоғары  педагогикалық  университеттер; 
жоғары  оқу  орындарынан  кейін  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру.  Бірінші  сатыда 
экологиялық  орта  факторлары,  әлеуметтік  және  адам  экологиясының  өзара  байланысының 
негіздері  туралы  білім  беру  көзделген.  Кәсіптік  білім  беретін  арнайы  оқу  орындары  мен 
колледждер  мынадай  психология  -  педагогикалық  әрекеттерді  білуі  тиіс.  Яғни,  ақпараттың 
алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына 
әсерін,  жергілікті  табиғаттың  материалын  және  мүмкіндіктерін  пайдаланып  қоғам  мен  оқу 
орнының  өзара  байланысын,  экологиялық  құндылықтарды  қастерлеп,  даулы  мәселелерді 
шеше білуі қажет.  
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  жалпыға  ортақ  мәселе.  Жаратылыстану 
мамандығындағы  студенттерге  дәріс  беруде,  оқу  үрдістеріндегі  экологиялық  білім  мен 
тәрбие  қоғамның  әрбір  мүшесіне  бағытталып,  оларға  табиғатты  қорғау,  табиғатты  тиімді 
пайдалану  шараларын  үйретуді  көздейді.  Экологиялық  білім  беру  мен  тәрбиенің  түпкі 
мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы 
жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  жетілдіру.  Осыған  байланысты студенттерге  жаратылыстану 
пәндерін  негізге  ала  отырып,  сапалы  экологиялық  білім  беру  бүгінгі  күннің  талабы  болып 
отыр[3]. 
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін білім беру жүйелеріне ендіру жөнінде 
академик  Бейсенова  Ә.Е.,  профессорлар  Бигалиев  А.Б.,  Сарыбеков  Н.,  Шілдебаев  Ж.Б., 
Жүнісова Қ., т.б. еңбектерінде тұжырымдалған[2].  
Болашақ жас маман – қоршаған ортаның ауқымды проблемаларын толық жете игеріп 
және  олардың  негізгі  көрсеткіштерін  өздігінен  анықтай  білуі  тиіс.  Болашақ  мамандарды 
даярлауда  экологиялық  тәрбие  мен  экологиялық  білім  беру  кәсіптік  білім  беретін  арнайы 
мекемелер  мен  колледждердің  маңызды  міндеті  болып  табылады.  Жас  білікті,  саналы 
маманды  дайындау  үшін  аталған  оқу  орындарында  оқытушылардың  біліктілігін  арттыру 
жоспарлы  түрде  жолға  қойылуы  қажет.  Экологиялық  білім  XXI-ші  ғасырдағы  болашақ 


13 
мамандарды даярлаудың негізгі ядросы болуы керек. Кез келген ғылым саласы экологиялық 
проблемалармен тығыз байланыста әрекет етеді. 
Сондықтанда  бүгінгі  таңда  жалпыға  бірдей  үздіксіз  экологиялық  білім  мен  тәрбие 
беру  міндетті  түрде  барлық  оқу  жүйелерінде  қолдау  табары  сөзсіз.  Бұл  проблема  «Рухани 
жаңғыру» бағдарламасында «Туған жер», «Өлкетану» деген атпен мақұлданды. 
Осыған  орай,  п.ғ.д,  профессорлар  Ә.Е.Бейсенова  мен  Ж.Б.Шілдебаевтың  алғашқы 
жоба  ретінде  ұсынған  «Экология»  бағдарламасын  негізге  ала  отырып,  төменде  колледж 
студенттерінің  факультативтік  және  дәстүрлі  пәндер  бойынша  алған  білімдерін  ескеріп, 
экологиялық  білім  берудің  жаңартылған  бағдарламасын  ұсынып  отырмыз.  Нәтижесінде, 
жастардың білімін жинақтау арқылы экологиялық білімін дамытып, табиғаттың біртұтастық 
ұстанымын  жүзеге  асырамыз.  Бағдарлама  кәсіптік  білім  беретін  арнайы  мекемелер  мен 
педагогикалық колледждердің 1-2 курс студенттеріне арналған. 
ЭКОЛОГИЯ. (32 сағат аптасына 1 рет). 
Кіріспе  (2  сағат).  Экология  жер  шарының  тұрақтылығын  сақтау  туралы  кешенді 
ғылымдар жиынтығы. Экология табиғат қорларын тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми 
негізін  зерттейді.  Яғни,  антропогендік  әсердің  табиғатқа  тигізетін  зардаптары.  Атап 
айтқанда, ғаламдық, аймақтық және жергілікті экологиялық мәселелердің туу себептері, оны 
шешу  жолдары  мен  ғылыми  негіздері  де  жан-жақты  қарастырылды.  Сол  сияқты 
В.И.Вернадскийдің – биосфера туралы ілімі, ноосфера, адамның биосфераға әсері және т.б. 
2  –  тарау.  Экология  және  біз  (2  сағат).  Б.Коммонер  заңы.  Экология  ғылымының 
маңызды  заңдары  мен  қағидалары.  Халық  санының  артуына  байланысты  экологиялық 
мәселелер.  Экологиялық  әдет  –  ғұрып,  гуманизм,  идиология,  мәдениет  және  ойлау. 
Экологиялық  тоқыраулар,  апаттар  оны  болдырмау,  қорғану  шаралары.  Этноэкология 
негіздері.  Қазақ  халқының  экологиялық  салт-дәстүрлері.  Ақын  жыраулардың  экологиялық 
сипаттағы  шығармалары.  Экология  –  ел  тағдыры,  ары  мен  ожданы.  Пікір  -  сайыс 
конференциясын ұйымдастыру.  
3 – тарау. Геоэкология (2 сағат). Геоэкология ғылымы оның мақсаты мен міндеттері, 
қалыптасу  кезеңдері,  құрылымы.  Геоэкологиялық  мәселелердің  туу  себептері  және  шешу 
жолдары.  Геоэкологиялық  жүйелер.  Геоландшафтылар.  Табиғат  және  антропогендік 
геоландшафтылар,  типтері,  өзгерістер.  Ландшафтық  –  экологиялық  карта,  оның  табиғат 
қорғаудағы маңызы.  
Қазақстанның  экожүйелер  картасы,  оны  оқып-үйрену.  Геоэкологиялық,  геоботани-
калық, зоологиялық карталарды пайдалану.  
4  –  тарау.  Қала  және  жергілікті  жер  экологиясы  (2  сағат).  Қала  халқының  өсуіне 
байланысты  мәселелер.  Қаладағы  ірі  өнеркәсіптер,  зауыттар  мен  комбинаттар. 
Автокөліктердің  көбеюі.  Зиянды  заттарды  айналаға  шығармау,  оның  шоғырлануы. 
Тұрмыстық қоқыстарды,  лас  техникалық суларды  тазарту.  Қала  мен  ауылдың  ауа  бассейні, 
жер ресурстары мен су көздерінің ластануы жайлы. Қала мен жергілікті жердің экологиялық 
картасын оқып үйрену. Қалалық және ауылдық жердегі оқушылардың табиғатқа көзқарасы. 
Жас экологтар үйірмесі.  
Экскурсия (2 сағат). Қаладағы ірі өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу. Өңдеу 
зауыттары, су тазартқыштар т.б. 
5 – тарау. Өндірістік экология (2 сағат). Өндіріс орындары. Өнеркәсіп орындарының 
шоғырланған  аймақтары.  Өнеркәсіп  орындарының  шоғырланған  аймақтары.  Өнеркәсіп 
орындарынан  сыртқа  шығарылатын  зиянды  заттар,  оларды  классификациялау.  Зиянды 
заттарды  залалсыздандыру  жолдары.  Зиянды  заттарды  шектеу.  Мұнай  газ  кешендері. 
Лениногор,  Екібастұз,  Павлодар,  Қарағанды,  Теміртау  т.б.  қалалардағы  өнеркәсіптер. 
Олардың  маңызы  мен  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсері,  зардаптары.  Ауаға,  суға  және  жер 
ресурстарына  түсіп  жатқан  зиянды  заттар,  оларды  қайта  өңдеу  проблемалары.  Өндіріске 
жаңа  технологияны  енгізу  туралы.  Автокөліктерді  модернизациялау.  Өндірісті 
экологияландыру. 
1 лабораториялық жұмыс. Зиянды заттарды анықтау және анализ жасау. Экскурсия (2 
сағат). Өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу. 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау