85
«Жасыл» экономика ұзақ мерзімді тұрақтылықтың басымдығына негізделген
экономикалық даму, болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне зиян
келтірместен, әділетті негізде қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандырады [2, 409].
Жасыл экономиканы дамытып, оны өндірудің үш жолы бар екені өзімізге мәлім.
Алғашқысы күн қуат көзінен тікелей алу жолы, екіншісі табиғи желден алыну жолы,
үшіншісі су ресурсынан алатын жол, төртіншісі био энергия жолы, бесіншісі тау
жынысындағы магма энергиясынан өндіру жолы, алтыншысы үйкеліс заңы арқылы,
жылдамдықпен байланысты алынатын жолдары бар.
Сурет 1. Энергияны алу жолдары.
Қазіргі уақытта экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстандағы
қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары күрт өсті, олар әкімшілік бақылау саласында және
экономикалық, құқықтық реттеу әдістерінде шоғырланған.
Ғаламшардың экожүйелерін сақтау, орнықты дамуға көшу, экономиканы, қоршаған
ортаны және әлеуметтік саланы теңдестіру арқылы ғана қол жеткізе алмайды, болашақ
ұрпақтардың көптеген ғасырлар бойы тұрақты даму үшін ресурстармен қамтамасыз етілетін
жаңа даму парадигмасы қажет. «Рио + 20» Дүниежүзілік саммитінде мұндай даму
парадигмасы «жасыл экономика» ретінде айқындалады. Қазақстан «жасыл экономиканы»
жүзеге асыруға белсене қатысуға ниетті және құлшына кірісті.
«Рио + 20» тұрақты даму жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік саммиті «жасыл экономика»
және «жасыл өсім» тұжырымдамасының дамуына жаңа серпін берді, бұл көптеген
халықаралық ұйымдар мен ғылыми мекемелердің, соның ішінде ТМД елдерінің зерттеу
тақырыбы болып келеді [3].
Дегенмен, барлық мәселелерді назардан тыс қалдырмай, «жасыл» сценарий
энергетика секторындағы барлық іс-шараларды, энергия тиімділігін, су ресурстарын
басқаруды, ауыл шаруашылығын, ауаны ластауды және қалдықтарды басқаруды қамтиды.
Қазақстан «жасыл экономикаға» көшудің кешенді әдісін қабылдаған Шығыс Еуропа
мен Орталық Азиядағы алғашқы елдердің бірі. «Жасыл экономикаға» көшудің жаңа
тұжырымдамасы Қазақстанның экологиялық нормаларын Еуропалық Одақта қабылданған
талаптарға сәйкес келтіруге бағытталған. Ұсынылған жетілдірулер заманауи экологиялық
таза технологияларды қолдана отырып, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
саланы жаңғыртуды жеделдетуге бағытталған [4].
Оның дәлелі ретінде мемлекет тарапынан қолға алынған бірнеше жобаларды атап
айтуға болады. Дегенмен, оның өзі өз деңгейінде «жасыл экономиканың» алға жылжып
дамып кете қоюына аздық етіп отыр. Бұрын соңды дамымаған өндіріс болғандықтан және де
тағы сол сияқты әсер ететін факторлар қатары баршылық.
Қазіргі уақытта елдегі экологиялық жағдай қолайсыз және түбегейлі өзгерістерге
мұқтаж. Елдегі экологиялық жағдайдың себептері әртүрлі факторлар: экономикалық
дамудың дәстүрлі жүйесінің ерекшелігі, Қазақстанның экспорттық және шикізаттық
бағыттылығы, энергетикалық қарқынды, экологиялық зиянды салалардың жоғары
қарқындылығы және т.б.
Еліміздің жасыл экономиканы қалыптастырып, дамытуының алға қойған жоспарына
мыналар кіреді:
Энергияны алу жолдары
жел
күн
су
Магмалық
Био
Үйкеліс
(жылдамдық)
86
- тұрақты өсу;
- табиғи ресурстық базаны, әсіресе жаңартылмайтын табиғи ресурстардың сақталуын
қамтамасыз ету;
- адами капиталды дамыту;
- климаттың өзгеруі, экожүйелік қызметтердің жоғалуы және су тапшылығы секілді жаһандық
қатерлерден қауіп-қатерлерді төмендету.
Коалицияны құру Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне, сондай-ақ «Қазақстан-
2050» Стратегиясына, ЭКСПО-2017, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына
байланысты. Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикасы үшін экологиялық мәселелер жыл
сайын маңызды болып отыр.
Президент
Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен
«жасыл»
экономикаға
көшу
тұжырымдамасын әзірледі [5]. Ең алдымен, Тұжырымдама экономиканың нақты
секторларын реформалауға бағытталған басым міндеттердің тізімін қамтиды.
«Жасыл экономикаға» көшу шеңберінде мыналар көзделеді:
- ресурстардың тиімділігін арттыру;
- Қазақстан инфрақұрылымын жақсарту;
- халықтың әл-ауқатын жақсарту;
«Жасыл экономика» тұжырымдамасы орнықты даму проблемаларына байланысты
экономикалық ғылым мен философияның көптеген салаларының (феминистикалық
экономика,
постмодернизм,
экологиялық
экономика,
экологиялық
экономика,
антиглибализм, халықаралық қатынастар теориясы және т.б.) идеяларын қамтиды [3].
Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері ел экологиялық менеджмент саласында табысты
тәжірибе жинақтады, «жасыл» экономикаға көшудің заманауи нормативтік базасын құрды.
Экожүйелерді сақтау және тиімді басқару – бұл бағытта жұмыс біздің еліміздің бірегей
табиғи байлығын сақтауға бағытталған [6, 128].
Ол халықаралық экологиялық конвенциялардың, келісімдердің, эко-одекстің және
Қазақcтанға еуропалық және азиялық экологиялық процестер мен «жасыл» экономикаға
толығымен қатыcуға мүмкіндік беретін бірқатар нормативтік құжаттардың толық пакетін
қамтиды.
Біздің мемлекет осы процесстің бөлігі ретінде «жасыл» экономикаға көшу саясатын
белcенді түрде жүргізіп отыр, бірақ-та оны өндіру тәукеліне кез-келген өндіруші бара
алмайды. Себебі, оның жұмсалған шығыны да өзін-өзі ақтау ықтымалдығы жоғары болып
отыр. Дегенмен, мемлекеттік қолдаулар мен дамыту бағыттарының шараларын кеңінен
пайдалану арқылы бастаманы қолға алған өндіруші өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие
болуы сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі
1. Навстречу «зеленой» экономике. Доклад для представителей властных структур. ЮНЕП, 2010,
43 с
2. Онищенко М.В. Международный опыт развития «зеленой экономики» // Каспийский регион: по-
литика, экономика, культура. 2013. № 3 (36). С. 409-413
3. Артамонова Е. «Зеленая» экономика как важный инструмент обеспечения устойчивого развития
Казахстана.
4. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 года. Утвержден Ука- зом Прези-
дентаРеспублики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 922
5. Концепция по переходу Республики Казахстан к «зеленой экономике» от 30 мая 2013 года
6. Чередниченко А.В. О некоторых экономических и законодательных основах успешного развития
«зеленой» экономики. // Вестник КазНУ. - 2015. - 213 (38). 125-130
УДК 37.018.74
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Лаулат Жеңісбек ұлы
Қытай Агротехникалық университеті, Пекин, Қытай
Достарыңызбен бөлісу: |