250
қызметкерлерді сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттерінің ішінен еріктілер тобын
тарту арқылы шешуге болады.
«Green step-Жасыл қадам» атты экологиялық лагерде педагогикалық үдерістің
қарқындылығы жұмыстың барлық қол жетімді түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Сауықтыру контексінде оқыту балалардың қызығушылығын және белсенділігін қамтамасыз
етеді. Мұның бәрі мектеп оқушыларына экологиялық білім беруде жоғары нәтижелерге қол
жеткізуге жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылып өткендей, экологиялық лагерь экологиялық білім берудің түрлі
нысандарын (топсеруендер, байқау, табиғи обьектілермен эксперименттер, экологиялық
ойындар, экологиялық және психологиялық тренинг, экологиялық театр, т.б.) пайдалануды
көздейді және бұл бағдарламаның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
«Green step Жасыл қадам» экологиялық лагерінің бағдарламасы ғылыми зерттеу
сипатына ие. Бағдарлама мектеп жасындағы балалардың контингентіне арналған.
Балалардың оңтайлы саны - 15 адам. Бағдарламаның ұзақтығы – 14 күн. Лагердің
бағдарламасын іске асырудың тиімді нұсқасы - осы аумақтың қызметкерлерінің көмегімен
ерекше қорғалатын табиғи аумақта (буферлік аймақта) немесе онымен іргелес жатқан жерде
өткізу.
Бағдарлама күрделі сипатқа ие: ол экологияға бағдарланған және шығармашылық-
эстетикалық мазмұнды қамтиды. Біздің лагеріміздің ерекшелігі - табиғатта практикалық
жұмыстарда бекітілген теориялық білімдердің үйлесімі, яғни оқыту мен тәрбиелеу процесін
қатар қолдануға мүмкіндік береді. Табиғат обьектілеріне деген қызығушылықты арттыру
мақсатында жергілікті жердің биолауантүрлігі мен судың органолептикалық қасиеттерін,
топырақ қабаттарымен танысуға септігін тигізеді. Табиғатта геоботаникалық зерттеулер,
орнитологиялық, гидробиологиялық бақылаулар жүргізу мүмкіндігі бар. Табиғатта өтетін
лагердің артықшылықтары - күннің бірінші жартысында алған теориялық білімдер
тәжірибеде екінші жартысында бекітіледі. Балаларда туындаған мәселелі сұрақтарды
жетекші мұғалімдері және ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері бірігіп шешуге мүмкіндік
жасайды. Олар арнайы салалы ғылыми мамандар - орнитолог, ихтиолог, протозоолог,
геоботаник, энтомолог, паразитолог және т.б.
«Green step-Жасыл қадам» атты экологиялық лагерінің өту мерзімі: 15 маусым – 15
тамыз аралығын қамтиды.
Орналасатын орыны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Қарқаралы» ұлттық
табиғи паркінің аумағы.
Маусым ұзақтығы: 14 күн
Бағдарламаның мақсаты: мектеп оқушыларының экологиялық дүниетанымын,
санасын, мәдениетін қалыптастыра отырып, табиғат аясында белсенді демалыс өткізу, кәсіби
бағдар беру, оқушылардың экология мамандығына қызығушылығын арттыру.
Міндеті:
Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын жетілдіру;
Толыққанды демалыс уақытын жоспарлау;
Экологиялық тәрбие
беру арқылы, қоршаған ортаның обьектілерімен таныстыру;
Жергілікті жердің табиғатына зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру.
Аталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін келесідей топпен жасалатын негізгі
жұмыстарды ұсынамыз.
1 маусымға жоспарланған негізгі
жұмыстар
(15.06.-29.06)
1
кесте
№
Жоспарланатын жұмыстардың атауы
Уақыты
Өткізу
формасы
1
«Қарқаралы»
ұлттық
табиғи
паркімен,
парк
қызметкерлерімен таныстыру.
15.06
Фестиваль
2
Парк аумағындағы су экожүйелерінің (Шайтанкөл, Бассейн
көлі т.б.) экологиялық жағдайын анықтау мақсатында
гидробиолог маманмен бірге зерттеулер жүргізу.
16.06
Топсеруен