44
8. EXPO-2017: «Энергия будущего». Коллективная монография / Под общ. ред. Б.К. Султанова. – Алматы:
КИСИ при Президенте РК, 2014. – 100 с.
9. Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущих учителей: автореф. … докт. пед.
наук: 13.00.01. - Алматы, 1998. - 50 с.
ӘОЖ 3981
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
КӘСІБИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қ.Қ. Шалгынбаева
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
профессоры
Халыкова. А.М.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
магистранты
Аннотация: «Пути развития личностно-профессиональных ценностей студентов на
основе экологической воспитаний». В статье рассматривается вопрос о роли применения в
учебном процессе обновленной программы и современных форм и методов обучения для
развития личностно-профессиональных качеств будущих специалистов. Студенты в
процессе обучения знаний, умений и навыков, приобретают творческие ценности и новые
идеи, что дает им возможность придти к критическому рассуждению.
Ключевые слова: личностно - профессиональные качества, критическое мышление,
развитие, стратегия, деятельность, мастер класс.
Abstract: «Development ways of personal and professional values of students on the basis
of ecological education. This article presents the efficiency of using modern methods of updated
educating program to develop future specialists’ personal and professional values.
The students in the process of education keep a knowledge, qualities and values to take creative
skills, new ideas that give them possibility to come to critical thinking.
Key words: personal and professional values, critical thinking, strategy, development,
action, master class.
Құндылық, тұлғалық кәсіби құндылықтар ұғымы адамзаттың әлеуметтік дамуында
жоғары мәнге ие. Әр адамның құндылықтары бұл – күрделі, динамикалық, қарама - қайшы
бір әлем. Адам үшін белгілі бір маңызға ие, жеке немесе әлеуметтік мәні бар дегендердің
барлығы адамның құндылықтары бола алады.
Құндылық дегеніміз – адамның, топтың, ұжымның, тұтас қоғамның, іс-әрекетінен
көрініс табатын адамдардың қалауы мен наным, сенімі.
Құндылық – бұл адам мен қоғам талпынатын идеялар, идеалдар мен мақсаттар. Олар
махаббат, бедел, сыйластық, білім, ақша, денсаулық сияқты жалпы құндылықтар болса,
сондай-ақ, саяси, діни және жеке - топішілік ол әлуметтік құндылықтар. Құндылықтар
адамның жас ерекшеліктері мен олардың өмірлік жағдайларына байланысты бір жүйеге
топтасады. Адамның құндылығы мен құндылық бағдарлары философия, этика, әлеуметтану,
психология және педагогика ғылымының жеке салаларында және адам дамуының барлық
кезеңдерінде әрқашан ең маңызды объектілерінің бірі.
Құндылық мәселесі мәдениет дәстүрінің бағаланбаған және қоғамның идеологиялық
негіздерінің әлсіреген кезеңінде туындады. Афиндік демократиялық дағдарыс Сократты
«Игілік деген не?» деген құндылық теориясының негізгі сұрағын қоюға мәжбүрледі.
Платонның философиясында жақсылық мәселесі ең өзектілердің бірі болады. Осылайша
оның диалогтарындағы ондаған беттер игілік (мейірбандық) пен зұлымдық, рахаттану мен
рахаттанбау, пайдалы мен зиянды, жақсылық мен жамандық және т.б. касиеттерді
талдауларға арналды. «Құндылықтар мазмұнына қарай: ләззат, пайда, атақ-даңқ, қауіпсіздік,
сұлулық, шындық, ізгілік, бақыт және т.б. деп бөлінеді. Белгісіне байланысты құндылықтар