Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет115/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   156

234 
қазіргі  гуманистік  педагогика  қоғамдық  -  педагогикалық  мүлiк  пен  жаппай  қоғамдық 
педагогикалық мүлікке айналған[2;54-58].  
Қазіргі  кезде  қазақтың  халық  педагогикасының  бай  мұрасының  көпшілігін 
пайдалануымызға  болады.  Отандық  ғалым  Сарыбеков  М.С.  табиғатты  қорғау  бойынша 
қазақтың ұлттық дәстүрлерін зерттеу мен насихаттауда аз еңбектенген жоқ [3]. 
Отандық  және  шетелдік  ғалымдардың  пікірінше,  экологиялық  сауаттылық  пен 
мәдениет  деңгейін  анықтайтын  бүгінгі  күнгі  ең  танымал  тәсілдің  бірі  құзыреттілік  тәсілі 
болып табылады .  
Экологиялық  құзыреттіліктің  өзіндік  ерекшелігі  оның  әмбебаптылығынан  көрінеді. 
Оқушыларда  экологиялық  құзыреттілікті  қалыптастыру  тек  ғаламдық  экологиялық 
дағдарысты  болдырмаудың  ғана  емес,  сонымен  бірге,  келешекте  -  ғаламшардағы  табиғи 
ортаның жай-күйін жақсартудағы негізгі факторларының бірі болып табылады.  
Г.П.  Сикорская,  экологиялық  құзыреттілікті,  тұлғаның  экологиялық  мәдениетінің 
ерекше  сипаттамаларының  бірі  ретінде  қарастыра  отырып,  экологиялық  құзыреттілікті 
табиғи-ғылыми білім үрдісінде игерген  тек теориялық білімдерді ғана емес, сонымен бірге, 
тұлғаның  тіршілік  әрекеті  үрдісінде  пайда  болатын  экологиялық  мәселелерді  шешудің 
қажетті тиімді үдерісін іздеу және табу қабілеті деп те түсінеді[4].  
С.В.  Алексеев  «экологиялық  құзыреттілік»  түсінігінің  келесі  анықтамасын  ұсынады: 
бұл  даралықтың  жүйелі  интеграцияланған  қасиеті,  ол  өмірлік  жағдайда  және  кәсіптік 
қызметінде  туындайтын  әртүрлі  дәрежедегі  мәселелер  мен  міндеттерді  қалыптасқан 
құндылықтар мен ынталар, білім, оқу және өмірлік тәжірибе, жеке ерекшеліктері, бейімділігі, 
қажеттіліктері негізінде шешу қабілеттілігін сипаттайды[5]. 
Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, «экологиялық құзыреттілік» – бұл тұлғаның 
игерген  экологиялық  білімге,  икемдеріне,  дағдыларына,  пікіріне,  ынталарына,  құнды 
елестеріне, экологиялық маңызды тұлғалық қасиеттері мен табиғатты қорғау және экология 
қызметіндегі  практикалық  тәжірибесіне  сәйкес  «адам  –  қоғам  –  табиғат»  жүйесінде  өзара 
әрекеттесу қабілеттілігін анықтайтын тұлғаның интеграцияланған қасиеті деп есептейміз.  
Әлемдік жетекші білім беру стратегиясының талдауы көрсетіп тұрғанындай, заманауи 
қоғамда  құзыреттілік  адамзат  әлеуетінің  ресурстық  құрамдас  бөліктерін  бағалауға  қол 
жеткізетін өлшем қызметін атқаруы мүмкін . 
Қалыптасқан  жағдай  экологиялық  құзыреттілікті  кәсіптік  құзыреттіліктің  құрамдас 
бөлігі ретінде ажырату қажеттігін туындатады. 
Д.С.  Ермаковтың  пікірінше,  экологиялық  құзыреттілік  оқушылардың  экологиялық 
бағыттың әлеуеті және әрекеттер түрлерінің тәжірибесі болып табылады. Ол әрқашан тұлғаға 
бағытталған, әрекетшілдік сипатқа ие болады.  
Экологиялық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері төмендегілер болып табылады:  
- денсаулықты сақтау – салауатты өмір салты нормаларын ұстану;  
-  құнды-мағыналы  бағытталулар  –  өмір  құндылықтары,  экологиялық  құндылықтар;  -  және 
интеграция – экологиялық тәсіл заманауи адамның біртұтас дүниетанымының негізі ретінде;  
- азаматшылық – қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттерді орындау; 
жауапкершілік, парыз;  
-  өзін-өзі  кемелдендіру,  өзін-өзі  дамыту,  рефлексия  –  өмір  мағынасын  іздеу,  экологиялық 
бағытталуларды дамыту, экологиялық мәдениетті игеру;  
-  әлеуметтік  өзара  әрекеттесулер  –  әлеуметтік  серіктестік,  экологиялық  мәселелерді  шешу 
үрдісінде ынтымақтасу;  
-  әрекет  ету  –  экологиялық  мәселелерді  анықтау  және  шешу,  экологиялық  зерттеулер, 
экологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру (жоспарлау, жобалау,  үлгілеу, болжамдау, 
жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану[6]. 
Экологиялық  құзыреттіліктің  экологиялық  білім  (экологиялық сауаттылық,  білімділік, 
мәдениет)  үрдісінде  қалыптасатын  басқа  нәтижелермен  өзара  байланысын,  тұлғаның 
білімділігі мен әлеуметтенуінің нәтижелігін суреттейтін сызба түрінде көрсетуге болады: 
- сауаттылық – ары қарайғы одан да кең, әрі терең білім алу үшін қажетті бастапқы білімнің 
ең төменгі деңгейі, тұлғаның дүние танымдық және мінез-құлық қасиеттері; 


235 
-  білімділік  –  қоршаған  әлем  туралы  қажетті  және  жеткілікті  білім,  қандай  да  болса 
шынайылықты  тануға  және  өзгертуге  бағытталған  әлдеқайда  ортақ  әрекеттер  (дағдыға, 
икемге)  тәсіліне  ие  болу;  адамға  өзін  нақты  қызмет  түрлерінде  ең  толық  дәрежеде  іске 
асыруына мүмкіндік беретін тұлға мен қоғам үшін маңызды қасиеттерді қалыптастыру; 
-  мәдениет  –  адам  оған  алдыңғы  ұрпақ  мұраға  қалдырған  материалдық  және  рухани 
құндылықтарын  сезініп  қана  қоймай,  қоғамның  дамуында  өзінің  жеке  қатысуын  сәйкес 
бағалауға,  үздіксіз  мәдениетті  қалыптастыратын  үрдіске  жеке  социум  ретінде,  сондай-ақ, 
жалпы алғанда өркениетке өзінің салымын салуға қабілетті; 
-  діл  –  дүниені  қабылдаудың,  дүниетаным  мен  адам  мінез-құлығының  тұрақты,  терең 
негіздері,  олар  тұлғаға  жеке  діл  құндылықтарын  үздіксіз  байытуға  ашықтығымен  және 
адамзаттың  ділдік  рухани  кеңістігінде  өзін  жан-жақты  іске  асыру  қабілеттілігімен 
үйлесімділікте бірегей қайталанбастық қасиетін береді.  
Мектеп оқушыларының экологиялық құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында әрбір 
топ бойынша алынған 9 сұрақтан тұратын сауалнама нәтижелерін қарастыруды жөн көрдік: 
Бастауыш сынып оқушылары: сұралғандардың жартысынан көбі экология сұрақтарын 
мектепте, негізінен, кітаптар (42%) арқылы оқиды. Екінші орынды теледидар алады (38%).  
Адамгершілік-экологиялық  мәселелерді  шешуде  бастауыш  мектеп  оқушылары,  ең 
бастапқыда,  ата-аналарының  пікірлеріне  (90%)  негізделеді.  Онымен  қоса,  төменгі  сынып 
оқушыларының  60%-ға  дейінгісі  мұғалімдердің  айыптауларынан  қорқады,  қалған  40% 
көбінесе,  ата-аналарының  пікіріне  және  өздерінің  мінез-құлқына  баға  берулеріне 
бағытталған.  
5 сынып оқушылары үшін экологиялық ақпараттың негізгі көзі мектеп болып табылады, 
екінші  орынды  теледидар  алады.  Сонымен  бірге,  шынайы  ақпарат  көзі  ретінде  бесінші 
сынып  оқушылары  жанұя  мен  туыстары  деп  есептейді,  бұл  заңды болып  табылады,  себебі, 
соңғылары  бастапқы  әлеуметтендіру  агенттері  тобына  кіреді.  11-жастағы  оқушылар 
адамгершілік саласындағы тұлғалары ретінде ата-аналарын атайды (65%).  
Ғаламшардағы экологиялық жағдайды бесінші сынып оқушылары қанағаттанарлық деп 
бағалайды: сұралғандардың жартысынан көбісі дерлік экологиялық апат таяудағы келешекте 
болмайды деген пікірді ұстанады.  
Келесі  топ  –  жоғарғы  сынып  оқушылары.  Негізгі  ақпарат  көзі  ретінде  жасөспірімдер 
теледидарды (45,7%) қарастырады. БАҚ ықпалына ең жоғары деңгейде сенситивті сұралған 
топ.  Оқушылардың  бестен  бір  бөлігі  экологиялық  тұрғыдағы  негізгі  мәлімет  ауқымын  оқу 
үрдісінен алады.  
Жасөспірімдердің  экологиялық  жағдайды  бағалаулары  диаметралды  қарама-қарсы 
болды: сұралғандардың  44%  оны  дағдарыстық  күйде  деп  есептейді.  Сұралғандардың 
жартысы экологиялық қозғалысқа парыз сезімінен, 23% ынтымақтастық сезімінен қатысуға 
келісер  еді.  Сонымен  қатар,  сұралған  оқушылардың  оннан  бір  бөлігі  экологиялық  іс-
шараларға  материалдық  сыйақыға  ғана  қатысар  еді,  тағы  сондайы  мұнымен  мүлде 
айналыспайтын  болады.  Осы  топтан  бастап  экологиялық  мәселені  тек  үкіметтік  іс  деп 
есептейтіндер үлесі артады. 
Табиғатты  күттіммен  ұстаудан  басқа,  экологиялық  жағдайды  жақсарту  бойынша  ең 
әрекетті іс-шаралар ретінде сұралғандардың 20%-нан астамы жаңа технологияларды әзірлеу 
деп есептейді. 
Соңғы  топты  бітіруші  сынып  оқушылары  құрады.  Негізгі  ақпарат  көзі  ретінде,  атап 
айтқанда,  экологиялық  мәселеге  қатысты,  теледидар  бұрынғыдай  оқу  үрдісінен  сәл  ғана 
артта қалады. Дараландыру дәуірінде жеке көзқарас тұрғысына бағытталу өсіп келе жатқан 
ұрпақта заңды түрде күшейеді – 54%. 
Сұралған  бітіруші  сынып  оқушыларының  басым  бөлігі  (58,3%)  өзінің  экологиялық 
саулығына сенімді күйде болуда; жағдайдың дағдарыстылығын он бірінші сыныптың тек 8% 
түсінеді.  Соның  салдары  ретінде,  әрбір  төртінші  оқушы  экологиялық  шараларға  қатысу 
ешбір жағдайда қажетті деп есептемейді.  
Жалпы  алғанда,  экологиялық  тәрбиелеу  мәнін  анықтаған  кезде,  осы  үрдістің 
ерекшеліктерін  есепке  алу  керек:  сатылы  мінез;  экологиялық  көзқарастарды қалыптастыру; 
экологиялық  сана  мен  сезімді  дамыту;  экологиялық  қызметтің  қажеттілігіне  нанымды 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау