Саяси шиеленіс туралы түсінік



Дата17.02.2022
өлшемі18 Kb.
#37502
шиеленістер


Саяси шиеленіс туралы түсінік.

Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.

Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық.

Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.


Әлеуметтік шиеленістердің себептері қандай?

Бұл сұраққа «әлеуметтану және саясаттану ғылымдарында әлеуметтік шиеленістердің негізгі көзі материалдық игіліктердің, құндылықтардың жетіспеуі және билік үшін күрес» деген жауап беріледі. Әлеуметтік шиеленістің жалпы себебі - адамдардың бірі басқарып, тәртіп беретін, ал екіншілері бағынуға және нұсқауды орындауға мәжбүр болатын “императивтік үйлестірілген ассоциациялардағы” теңсіздік жағдайы болып есептеледі. Басқаша айтқанда, шиеленістер билік мәселелеріне байланысты туындайды. Аталған ассоциациядағы үстемдік қылатын “әлеуметтік тап” осы өкіметке бағыныштылар тарапынан кедергілерге ұшырайды. Ал қатынастар тәртібін реттестіретін басқару мен ұйымдастыру қызметі, Дарендорфтың пікірінше, адамдардың бірі билік құратын, басқаратын, ал екіншісі бағынышты болатын, орындайтын “әлеуметтік таптарға” бөлінетін адамдардың әлеуметтік теңсіздік шиеленістің түпкі себебі.


Әлеуметтік шиеленістердің түрлері

Қазіргі қоғамдағы шиеленістердің түрлерін анықтау теориялық және практикалық қажеттілікті білдіреді. Шиеленісті түрлерге бөлудің әртүрлі негіздері бар. Субъективтілігі бойынша шиеленіс мемлекеттер аралығында болуы мүмкін (мемлекетаралық), ұлттар арасында (ұлтаралық, этникалық), таптар арасында (тапаралық), конфессиялар арасында (діни), нәсілдер арасында (нәсілшілдік), шиеленісуші жақтар арасындағы қатынастар саласы бойынша (саяси, әскери, экономикалық, сауда, қаржы, кеден және басқалары), көлемі бойынша (халықаралық, аймақтық, жергілікті) және т.б. болып бөлінеді.

Шиеленіс түрін көп жағдайда оның құралдары, амалдары, қалыптасу және шешу жолдары айқындайды.
Саяси шиеленістер өзінің дамуы барысында әртүрлі кезеңдерден өтуі мүмкін, осыған сәйкес олардың алдын алу үшін әртүрлі іс-шаралар қолданылуы тиіс.

Бірінші кезең –шиеленіс негіздерінің орын алуы, шиеленіс әлі болмаса да оның себептерінің жинақталуы. Мысалы, ұлтаралық қатынастарда тұрғылықты жерде құқықтық қолдау алмаған стихиялық демографиялық процестер немесе белгілі бір этностардың өзіндік санасының өсуі.

Екінші кезең – біліну кезеңі. Шиеленіс жоқ, алайда әрқилы топтардың талаптары, қарсылықтары айтыла бастайды.

Үшінші кезең – көріну кезеңі. Алғашқы дүмпулер, алғашқы қақтығыстардың басталуы.

Осыдан кейінгі басқа кезеңдер, мысалы, ашық қарсылық білдіру, қақтығыс кезеңінің болуы да мүмкін. Ал шиеленістің ең соңғы кезеңі – бұл ушығу кезеңі. Соңғысы қарсылық көрсетуге адамдардың үлкен шоғырын жұмылдырумен, шиеленіс аймағының ұлғайтуымен ерекшеленеді, “өркениеттілік” түрінен қарулы күреске көшіп, қарсыласқан екі жақтың да өмір-тіршілігіне нұқсан келуі мүмкін.


Шиеленісті шешудің әдіс-тәсілдері

  1. Шиеленістен қашу әдісі – бұл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси қызметкерліктен кетуімен қорқыту; қарсыласымен кездесуден қашу т.б. Бірақ шиеленістен қашу шиеленісті уақытша басады және оның себебі солай қалады.

  2. Келісімге келу әдісі – күш қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Келісімге келу үрдісінде екі жа пікір алысады, бұл шиеленісті бәсеңдетеді, нақты ақиқатты анықтауға көмектеседі. Келісімге келу өзара түсіністікке қол жеткізуге және әріптестікке жол ашуға болады.

  3. Үшінші тұлғаны қолдану әдісі – бұл татуластыру әдісі. Үшінші тұлға ретінде ұйым немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Бұл функцияны тек үкімет орындағылар ғана емес, сонымен қатар ұйым мен мекеме мүшелері де бола алады. Тәжірибе дәлелдегендей, нақты таңдалған үшінші тұлға болып, ол реттей алатын шиеленіс болатын жерде оның қатысуынсыз шешілмейтін тұлға болуы керек. Мұнда күрделі әлеуметтік шиеленістерді Батыста бұл рөлді Нобель сыйлығының лауреаттары атқарады.

  4. Алып қою әдісі - өз позициясын білдіру болып табылады. Бұл тәжірибеде кең тарлған. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескерген жөн, өз позициясын ұсынған жақ қанша күш жинағанына және жағдайды өзгертуіне байланысты жоғалтқанын қайтарумен шектеледі.

  5. Арбитраж әдісі – шешу жолында заңмен, сонымен қатар халықаралық құқықпен басқарылады.


Шиеленісті жедел түрде шешу процесі

Шиеленісті жағдайдан шығу жолын іздеу әлеуметтік шиеленісті шешудің бірнеше әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.



  1. Келісім шарт кезінде шиеленіске байланысты мәселені қозғау керек;

  2. Екі жақ әлеуметтік және психологиялық қысымға жол бермеген жөн;

  3. Бір-біріне деген сыйластықтарын білдіру қажет;

  4. Келісім шарт мүшелері бір-бірінің позициясын ашып, өзара пікір алысу керек;

  5. Барлық келісім шарт мүшелері келісімге келетіндігін шын білдіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау