Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ЕМТИХАНДАРДЫ ӨТКІЗУ ПРОЦЕДУРАСЫ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет71/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
academ-sayasat

14.6. ЕМТИХАНДАРДЫ ӨТКІЗУ ПРОЦЕДУРАСЫ 
 
14.6.1. ЕМТИХАН ӨТКІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 
14.6.1.1.Жетекші проректорлардың жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу 
рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді. 
14.6.1.2.Аудиториялық емтихандық билеттердi үйiне беру рұқсат етiлмейдi. 
14.6.1.3.Емтихандық жауаптарды дайындаған кезде білім алушылар қара 
немесе көк түсті қаламсаппен (сызғыш, қарындаш) қолданады. 
14.6.1.4.Білім алушының әрбiр емтихандық сұраққа жауаптарын әзiрлеуiнің 
ұзақтығы 10 минут құрайды. 
14.6.1.5.Әрбiр білім алушы жеке жұмыс орнымен қамтамасыз етілуi керек. 
14.6.1.6.Емтихандық билеттер сұрақтарының жауаптары қатаң түрде дербес 
сипатта болады. 
14.6.1.7.Емтихан өткiзу барысында білім алушылардың бiр-бiрiне кеңес берудің 
барлық түрлеріне тыйым салынады. 
14.6.1.8.Емтихан өткiзу барысында білім алушылар емтихан қабылдаушының 
рұқсатымен пәннiң оқу бағдарламасы және силлабусқа сәйкес анықтама әдебиетiмен 
пайдалана алады. 
14.6.1.9.Емтихандарда мобилдік байланыс құралдарын қолдануға тыйым 
салынады. 
14.6.1.10. Емтиханның жүргiзу ретiн бұзғаны үшін білім алушы емтиханнан 
шығарылып, емтихан ведомосына «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. Жазбаша 
түрде аттестация жүргізген кезде білім алушы әрбір түзету тұсына «түзетілген» 
деген белгі және жеке қолын қояды. 
14.6.1.11.Білім алушыға емтихан уақытында емтиханның аяқталуына дейiн 
рұқсатсыз дәрiсхананы тастап кетуге болмайды. 
14.6.2.Факультет деканының өкімімен оқу төлемақысын толық төлеген, 
пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе 
ұзақ мерзімді емделуде емес білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге 
асырылады және білім алушының академиялық тобы, тегі, аты-жөні, курсы және 
білім беру бағдарламасы көрсетiледi. 
Деканаттардың өкімдері емтиханды өткiзу үшiн ТО-не және ЖООКББ бөліміне 
берiледi және ТО мен ЖООКББ бөлімі емтиханның басталуына дейiн әрбір білім 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 108-беті 
алушының тегінің тұсына қойылған тіркеушінің тиісті белгісімен ведомосы емтихан 
қабылдаушыға тапсырады. 
14.6.3.Аталған пән бойынша рұқсатнама рейтингісінде оң бағасы жоқ білім 
алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді. 
14.6.4.Университетте емтихандар Ғылыми Кеңесте анықталған формада 
жүргiзiледi. 
14.6.5.Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін 
алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан 3 адамнан кем емес 
емтихан қабылдаушылар факультет декандарының өкімдерімен бекітіледі. 
14.6.6.Емтихан кестеде көрcетiлген дәрiсханада және уақытында басталуы 
керек. Емтиханның (сынақтың) өткiзілу уақытын және орнын емтихан 
қабылдаушыға өз еркімен өзгертуге болмайды. 
14.6.7.Емтихан қабылдаушы емтихан жүргiзiлетiн дәрiсханаға білім алушыны 
сынақ кiтапшасы және жеке куәлігі бойынша кіргізеді. 
14.6.8.Жазбаша емтихан түрін өткізу процедурасы 
14.6.8.1. Жазбаша емтиханды пәнге қатысты материалдардың басым бөлігі 
есептерді шығару, формулаларды шығару, теоремаларды дәлелдеу және т.б. 
тұратын немесе сағат саны бойынша аранайы, негізгі, көлемді болып табылмайтын 
және толық жауапты талап етпейтін, бірақ ұғыммен, логикалық ойлаумен, 
қорытынды жасаумен байланысты теоретикалық пәндерден өткізуге ұсынылады. 
14.6.8.2. Емтиханды тәуелсіз емтихан алушы өткізеді. 
14.6.8.3.Жазбаша емтиханның ұзақтығы (уақыты) материалдардың көлеміне 
байланысты әрбір пән бойынша кафедрамен бекітіледі. Алайда 3 сағаттан аспауы 
қажет. 
14.6.8.4.Әрбір жұмыс парағында тексерушіге ескертулерді жазу және белгі қою 
үшін орын қалдырылады. 
14.6.8.5. Емтиханның алдында ТО және ЖООКББ бөлімі емтихан алушыларға 
емтихан билеттері және түбіртегі салынған конверттерді, ТО мен ЖООКББ 
бөлімінің мөртаңбасы қойылған жауап парақтарын таратады (8-қосымша). 
14.6.8.6. Емтихан аяқталғаннан кейін тәуелсіз емтихан алушы шифрлеу 
процедурасын (тәртібі) өткізу үшін деканатқа түбіртектер қосылған жауап 
парақтарын тапсырады. Шифрлерді ТО мен ЖООКББ бөлімі өздері жеке береді. 
Шифрі бар түбіртексіз жауап парақтары тәуелсіз емтихан алушы мен оқытушыға 
тексеріс жасау үшін беріледі. 
14.6.8.7.Жазбаша тапсырмалар емтихан өткен аудиторияда немесе ТО мен 
ЖООКББ бөлімі бөлген бөлмеде тексеріледі. Университеттен тыс жерде 
емтихандарды тексеруге жол берілмейді. 
14.6.8.8.Емтихан нәтижелерін пәнге жауапты оқытушы «Platonus» ААЖ-ндегі 
электронды журналға енгізеді. Қағаз ведомостағы және электронды ведомостағы 
емтихан балдары бірдей болуы керек. Егер сәйкессіздік болып жатса, ведомостың 
қағаз нұсқасы негізге алынады. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 109-беті 
14.6.8.9. Толтырылған және емтихан қабылдаушылардың қолы қойылған 
ведомость ТО-не және ЖООКББ бөліміне емтихан болған күні тапсырылады. 
14.6.9.Шығармашылық емтиханды өткізу процедурасы. 
14.6.9.1.Шығармашылық 
емтихан 
білім 
алушыдан 
сауаттылықты, 
шығармашылық ойлауды және жаңашылдық қабілеттерерді талап ететін 
тапсырмаларды қосады. 
14.6.9.2.Емтихан кезінде білім алушы өз білімінің деңгейі мен ептілігін толық 
түрде көрсете алу үшін оған қолайлы және жайлы жағдайлар жасалуы тиіс. 
14.6.9.3.Кафедра білім беру бағдарламасының ерекшелігі мен тапсырманың 
көлеміне байланысты емтихан ұзақтылығын орнатады. 
14.6.9.4.Шығармашылық емтихан бойынша оқытушылардың шығармашылық 
қабілеттерінің нәтижесін бағалайтын тәуелсіз емтихан алушы мен оқытушыдан 
тұратын емтихан комиссиясы құрылады. 
14.6.9.5.Шығармашылық емтихан аяқталғаннан кейін қорытынды бағалар 
емтихан ведомосына енгізіліп, емтихан комиссиясы мүшелері қол қояды. 
14.6.9.6.Емтихан нәтижелерін пәнге жауапты оқытушы «Platonus» ААЖ-ндегі 
электронды журналға енгізеді. Қағаз ведомостағы және электронды ведомостағы 
емтихан балдары бірдей болуы керек. Егер сәйкессіздік болып жатса, ведомостың 
қағаз нұсқасы негізге алынады. 
14.6.9.7. Толтырылған және емтихан қабылдаушылардың қолы қойылған 
ведомость ТО мен ЖООКББ бөліміне емтихан болған күні тапсырылады. 
14.6.10. Компьютерлік тестілеу өткізу процедурасы компьютерлік тестілеу 
түріндегі емтихандар бекітілген кесте бойынша өткізіледі. 
14.6.10.1. Компьютерлік тестілеу «Platonus» ААЖ-нде өткізіледі. 
14.6.10.2.Білім алушыда өзімен бірге тұлғасын растайтын құжат (сынақ 
кітапшасы, жеке куәлік, төлқұжат) болуы керек және оны класқа кірердің алдында 
көрсетуі тиіс. Тест кезінде құжат үстел үстінде ашық күйінде жатуы керек. 
14.6.10.3.Білім алушылардың емтиханға кіргізу және тест нәтижелерін тіркеу 
журналына тіркелуін кезекші оқытушы қадағалайды. 
14.6.10.4.Компьютерлік тест түрінде емтихан тапсыру үшін білім алушы өзінің 
тіркеу кезеңіңде берілген логині мен паролін білуі қажет. 
14.6.10.5.Тестілеушімен тапсырмаға жауап беру барысында компьютерге 
еңгізетін мәлімет автоматты түрде, адамның қатысуынсыз өңделеді. Сондықтан, 
жауап таңдаған кезде әр тапсырманы мұқият оқып «тышқанмен» мұқият жұмыс 
істеу керек. 
14.6.11.Компьютерлік тестілеу кезіндегі білім алушының тәртіп ережелері 
14.6.11.1.Білім алушы компьютерлік класқа емтихан тапсыру үшін тек ғана ТО 
мен ЖООКББ бөлімінің рұқсатымен кіре алады. 
14.6.11.2.Емтиханға 10 минуттан астам кешіккен білім алушы класқа 
кіргізілмейді. Бұл емтиханды білім алушы сессия кезеңі аяқталған соң факультет 
деканының рұқсатымен тапсыра алады. 
14.6.11.3.Емтихан басталғаннан кейін білім алушы кластан шыға алмайды. 
Емтихан үстінде шығып кеткен білім алушыға класқа кайта кіруге мүмкіндігі жоқ. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 110-беті 
14.6.11.4.Бүкіл кітаптарды, дәптерлерді, жазуларды, сөмкелерді және т.б. 
заттарды көрсетілген жерге қалтыру керек. 
14.6.11.5.Ұялы телефондар өшіріліп немесе дыбыссыз режиміне қойылу керек. 
14.6.11.6.Дисктер, флэшкалар, мобильді байланыс құралдары, фотоаппараттар 
және видеокамералар қолдануға қатаң тыйым салынады. 
14.6.11.7.Емтиханға білім алушылар өзімен бірге тек ғана қалам, таза парақ 
және есеп операцияларын жасау үшін калькулятор алады. 
14.6.11.8.Емтихан қатаң тыныштықта өткізілуі керек. Білім алушылар қалам,
қарындаш, калькулятор және т.б. заттарды бір-бірінен сұрауына, беруіне болмайды.
14.6.11.9.Оператор немесе кезекші оқытушыдан басқа біреумен хабарласу
Ережені бұзушылық деп есептеледі. 
14.6.11.10.Шпаргалка қолдану амалдары да Ережені бұзушылық деп 
есептеледі. 
14.6.11.11.Жүйеде техникалық ақаулар пайда болғанда компьютерлік класта 
тәртіпжәне тыным сақтау керек. 
14.6.11.12.Тест өтуге байланысты қиындықтар туса операторға немесе 
кезекшіге ескерту керек. 
14.6.11.13.Қойған талаптар бұзылса, тестіленуші компьютерлік кластан 
шығарылады да, бұл жайт кезекшінің немесе оператордың актында тіркеледі. 
Ведомость білім алушының кластан шығарылған сәтте алынған баға қойылады. 
Тестіленушінің наразылығы қабылданбайды. 
14.6.12.Ауызша емтихандарды өткізу процедурасы. 
14.6.12.1.Ауызша емтиханды өткізу кезінде әрбір емтихан алушы (тәуелсіз 
емтихан алушы және оқытушы) Ауызша емтихан парағын толтырады. Аталған 
парақта әр білім алушының жауап беру уақытының басталуы мен аяқталуы, билет 
сұрақтары мен қосымша сұрақтарға жауабының дұрыстылығы мен толықтылығы 
белгіленеді. Сонымен қатар білім алушының жауабына қойылған бағаның қасына 
емтихан алушылардың қолдары қойылады. 
14.6.12.2.Қорытынды баға емтихан ведомосына енгізіліп, оған тәуелсіз 
емтихан алушы мен пәнді жүргізетін оқытушы қол қояды. 
14.6.12.3.Емтиханның ауызша түрлерін өткізу кезінде аудиторияда білім 
алушылардың жалпы саны – ден аспауы қажет. 
14.6.12.4.Алғашқы кірген жеті білім алушыларға емтихан сұрақтарына жауап 
беру үшін дайындыққа 30 минут және кейінгі әрбір білім алушыға 10 минут беріледі 
14.6.13.Аралас емтихандарды өткізу процедурасы. 
14.6.13.1.Аралас емтихан түрі екі не одан көп кезең бойынша өткізіледі. 
-
жазбаша тапсырманы орындау; 
-
емтиханның ауызша түрі; 
-
тыңдау, 
- тестілеу және т.б. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 111-беті 
14.6.13.2.Әрбір 
кезең 
ауызша 
және 
жазбаша 
емтиханды 
өткізу 
процедураларына сәйкес және аталған нұсқаулықтың талаптарына сәйкес 
жүргізіледі. 
14.6.13.3.Емтихан нәтижелерін пәнге жауапты оқытушы «Platonus» ААЖ-
ндегі электронды журналға енгізеді. Қағаз ведомостағы және электронды 
ведомостағы емтихан балдары бірдей болуы керек. Егер сәйкессіздік болып жатса, 
ведомостың қағаз нұсқасы негізге алынады. 
14.6.13.4. Толтырылған және емтихан қабылдаушылардың қолы қойылған 
ведомость ТО мен ЖООКББ бөліміне емтихан болған күні тапсырылады. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау