«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 98-беті
сәйкес келетін, практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары
және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
13.3.15. Кафедра білім беру ұйымдармен, кәсіпорындармен, және
мекемелермен базалық шарттар жасауға бастамашылық жасайды. Олардың негізінде
практика өткізуге жеке шарттар жасалады.
13.3.16. Практика базаларымен шарттар практика басталғанға дейін 1 ай бұрын
жасалады.
13.3.17. Магистранттардың практиканы өткізуге арналған базалық шарттың бір
данасын кафедра практика басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей ЖОО кейінгі
білім беру бөліміне береді.
13.3.18. Тиісті кафедралардың практика жетекшілері шарт жасасу практика
базаларына талдау және бағалау жүргізеді:
-
практиканттар үшін қауіпсіз жағдайлардың болуы;
-
кәсіпорынның білім беру бағдарламаларының бейініне және қазіргі талаптарға
сәйкестігі.
13.3.19. Практика басталғанға дейін жетекші магистранттарға практика
құжаттамасының талаптарымен, есеп беруді, практика кезіндегі ережелермен
таныстырады.
13.3.20. Магистранттар қамтамасыз етіледі:
-
педагогикалық практика барысындағы магистранттың жеке жұмыс
жоспарымен (1-қосымша);
-
педагогикалық практика күнделігімен (2-қосымша);
-
зерттеу практикасы күнделігімен (3-қосымша);
13.3.21. Қажет болған жағдайларда практика жетекшілері практикаға
жіберілетін магистранттарға медициналық тексеруді ұйымдастырады.
13.3.22. Практиканы барлық кезеңдерде ұйымдастыру магистранттардың кәсіби
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес меңгерудің сабақтастығы мен дәйектілігін
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
13.3.23. Магистрант практиканың барлық түрлеріне ректордың бұйрығымен,
өтетін мерзімін, практика базасы мен жетекшісі көрсетіліп бекітіледі.
13.3.24. Магистранттарды практикаға жіберу туралы бұйрықты практика
басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ЖОО кейінгі білім бөлімі
шығарады.
13.3.25. Университет магистранттары практиканың әрбір түрі бойынша сәйкес
кафедраға есеп тапсырады. Есепті магистрант кафедрада қорғайды. Есеп беру
құжаттамалары шығарушы кафедрада сақталады (4,5-қосымшалар).
13.3.26. Практикалардың қорытынды есебін жетекші ЖОО кейінгі білім беру
бөлімі тапсырады (6,7-қосымшалар).
13.3.27. Есепті қорғау нәтижелері балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне
сәйкес бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: