Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ФОРМАЛЬДЫ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН ОҚЫТУ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет110/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
academ-sayasat

25.2 ФОРМАЛЬДЫ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН ОҚЫТУ 
НӘТИЖЕЛЕРІН ТАНУ САЯСАТЫ
25.2.1 Қайта есептеу дегеніміз адамның алдыңғы кәсіптік білім алу кезінде 
игерген пәнін алған бағасымен бірге алған жоғары білім беру бағдарламасын игеру 
туралы құжаттарға ауыстыру.
25.2.2 Қайта есепке алу жоғары білім базасында меңгерілетін қысқартылған 
бағдарламалар үшін де, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
базасында алынатын жоғары білім бағдарламасын игеру кезінде оқытылатын 
жекелеген пәндер үшін де жүзеге асырылуы мүмкін.
25.2.3 Жоғары білім базасында және техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім базасында меңгерілетін БББ бойынша қайта есептеуді жүргізу үшін 
«Сырдария» университетінің қабылдау комиссиясына түсу кезінде алдыңғы жоғары 
білім алу кезінде оқыған пәндері бойынша бағалары мен кредиттері бар дипломға 
қосымша ұсынылады.
25.2.4 
Ұсынылған құжаттардың негізінде бейіндік комиссия тиісті 
факультеттің деканаттарымен бірлесіп пәндерді қайта тапсыруға арналған 
нысандарды толтырады және студенттің жеке ісіне тігеді, бейіндік комиссия 
бағдарламаға енгізілген пәндердің дұрыстығын және оқу нәтижелерін тексеруді 
жүзеге асырады, ТК деректерді студенттің транскриптіне көшіруді қамтамасыз 
етеді.
25.2.5 Формальды білім беру нәтижелерін қайта тапсыруға арналған құжаттар 
білім алушының қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі дипломы, академиялық 
анықтамасы, транскрипті болып табылады.
25.2.6 Оқыту нәтижелері сәйкес болған жағдайда пререквизиттер ретінде 
алдыңғы формальды білім деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі 
формальды емес білімнің оқыту нәтижелері қайта есептелуі мүмкін. 
Оқыту нәтижелерін тануға өтініш берген тұлға бейінді комиссияның қарауына 
мынадай құжаттарды ұсынады: 1) оқыту нәтижелерін тану туралы еркін нысандағы 
өтініш;; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3) формальды білім берудің оқыту нәтижелерін 
растайтын құжаттың түпнұсқасы. 
25.2.7 Бейінді комиссияның хатшысы көрсетілген құжаттардың бар жоғын 
тексереді, әрбір білім алушы үшін пәндерді қайта есепке алу ведомосын толтырады, 
отырыс хаттамасын жүргізеді.
Ұсынылған құжаттар негізінде бейіндік комиссия:
25.2.8 Оқытудың алдыңғы кезеңінде зерделенген пәндер тізбесін (атауы, сағат 
көлемі, қорытынды бақылау) БББ мәлімдеген оқу жоспарымен салыстыруды 
жүргізеді. Қайта оқуға болатын пәндерді анықтайды.
25.2.9 Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, 
білім алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір БББ-дан екіншісіне, бір 
білім беру ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 164-беті 
25.2.10 Бұрын формальды білім беруді оқытудың қол жеткізілген нәтижелері 
негізінде студенттерге жоғары білім берудің академиялық кредиттерінің саны мен 
БББ қажетті көлемі айқындалады және оқу мерзімі белгіленеді. Оқытудың алдыңғы 
деңгейлерінде және басқа да формальды білім беру ұйымдарында білім 
алушылардың қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағалары академиялық 
кредиттерді қайта есептей отырып, 100 балдық шкала бойынша танылады.
25.2.11 Пәндерді қайта оқу мүмкін болмаған жағдайда білім алушыларға 
ағымдағы жазғы семестрде осы пәнді оқу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте студенттер 
ағымдағы оқу жылына арналған кредиттің құнына сәйкес көрсетілген білім беру 
қызметтеріне (емтихан тапсыруға, кейіннен емтихан тапсыра отырып оқуға) ақы 
төлейді.
25.2.12 Барлық академиялық кредиттер және білім алушының формальды 
және формальды емес білім берудегі алған оқу нәтижелері бүкіл өмір бойы 
жиналады. 
Білім алушыны қайта есептеу шарттарымен таныстырады. Білім алушы пән 
бойынша бағаны көтеру мақсатында пәнді қайта оқуға құқылы және пәнді қайта 
өтеді, ол бойынша қорытынды бақылауды тапсырады. 
Комиссия шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының 
көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссияның шешімі пәндерді қайта есепке алу ведомосын қоса бере отырып, 
хаттамамен ресімделеді.
25.2.13 Пәндерді қайта есепке алу ведомосын хатшы ТБ-ге береді, пәндер 
транскриптке көшіріледі.
Пәндер қайта есептелген білім алушы оны қайта оқытудан босатылады.

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау