Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет105/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112
academ-sayasat

22 АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ 
 
22.1 АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ 
Өзінің оқуына жауапкершілік және жеке адалдығын дамыту білім 
алушылардың академиялық адалдығының негізгі принциптері болып табылады: 
22.1.1 адал ниеттілік – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын 
жұмыстарды әділ, дұрыс орындауы; 
22.1.2 автор құқығын және оның басқа адамның қолдануын жүзеге асыру – 
бағаланатын жұмыстарда ақпарат көзін көрсетуі, басқаның ойын, сөзін дұрыс беруі, 
авторлық құқықтың нысаны болып табылады. 
22.1.3 ашықтық – өзара сенімділік, оқушылар мен педагогикалық қызметкерлер 
мен оған теңестірілген тұлғалардың арасындағы идеялар мен ақпарат алмасудың 
анықтығы; 
22.1.4 білім алушылардың бостандығы мен құқықтарын қорғау – білім 
алушылардың пікірі мен идеяларын еркін білдіру құқығы; 
22.1.5 теңдік- әрбір білім алушы осы Ережені сақтауға міндетті және бұзғаны 
үшін жауапкершілікке тартылады 
22.2 УНИВЕРСИТЕТ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 
МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
22.2.1 Білім алушылардың құқығы: 
1)
осы Ереженің мазмұнымен танысуға; 
2)
оқыту үрдісінде өз пікірін,ойларын, ұстанымын білдіруге; 
3)
осы ережені бұзу туралы деректі теріске шығаруда барлық қажетті дәлелдер 
мен айғақтарды келтіруге. 
Білім алушылар: 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 158-беті 
1)
осы Ереженің мазмұнымен танысуға және Ережені бұзғаны үшін тартылатын 
жауапкершіліктерді білуге; 
2)
бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындауда академиялық 
адалдықты мүлтіксіз ұстануға; 
3)
басқа біреудің сөзін немесе ойын беруде шығарманың авторын, атауын және 
кітап бетін көрсетуге; 
4)
бағаланатын жұмыстың соңында қолданылған әдебиет тізімін көрсетуге; 
5)
сенімді және анық ақпарат көздерін пайдалануға; 
6)
өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыларға бермеуге міндетті
.
22.2.2 Профессор-оқытушылар: 
1)
білім алушылар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге; 
2)
білім алушыларға нақты және анық ақпарат көздерін таңдауға үйретуге, 
қолдау көрсетуге; 
3)
сілтеме, нұсқама және библиографияны рәсімдеуді үйретуге; 
4)
орындалатын жұмыстың барлық авторын көрсетіп, жобалық жұмыстарын 
қағазда, электрондық нұсқада, сандық құралдарда дайындау тәсілдерін үйретуге; 
5)
білім алушыларға оқыту үрдісінде өз пікірін білдіруге үйретуге; 
6)
бағаланатын жұмыстың алдында білім алушыларға академиялық адалдықты 
ұстану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге; 
7)
осы Ережемен белгіленген талаптарды бұзудың кез келген мүмкіндіктеріне 
тосқауыл қоюға; 
8)
осы Ережені бұзудың әрбір жағдайына қатаң есеп жүргізуге; 
9)
Университет әкімшілігіне Ережені бұзудың әрбір жағдайы туралы жазбаша 
ақпарат беруге міндетті. 
22.2.3 Университет әкімшілігі: 
1)
Білім алушыларға осы Ережені түсіндіру бойынша профессор-оқытушылар 
жұмысын қамтамасыз етуге; 
2)
Білім алушылар негізгі ережелерде қарастырылған ережені бұзғанда шара 
қолдану бойынша жұмысты үйлестіруге; 
3)
білім алушылардың академиялық адалдықты орындауын бақылау және 
мониторинг жүргізуге міндетті. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау