Sap СНГ бас директоры П. Гонтарев



жүктеу 107,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі107,5 Kb.
#23148



КЕЛІСКЕН

SAP СНГ Бас директоры

______________ П. Гонтарев

2016 жылғы «____» ____________________









Қазақстан Республикасында SAP СНГ компаниясының «Азаматтар бақыты» қайрымдылық бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік стартаптар байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

    1. SAP СНГ компаниясының «Азаматтар бақыты» қайырымдылық бағдарламасы шеңберіндегі әлеуметтік стартаптар байқауы (бұдан әрі «Байқау» деп аталады) коммерциялық құрылымдар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамытуға септігін тигізетін ұйымдастыру механизмдерінің және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жобаларға қолдау көрсетуге және оларды іске асыруға бағытталған шаралардың бірі болып табылады.

    2. Байқау Қазақстан Республикасындағы ең үздік әлеуметтік стартаптарды анықтау алаңы болып табылады және жылына 1 рет өткізіледі. Байқау қорытындысы Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша дөңгелек үстел (форум) шеңберінде шығарылады.

    3. Осы Ереже Байқау мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін, мазмұнын, қатысушыларына қойылатын талаптарды белгілейді.

1.4. Байқау әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың ең үздік тәжірибелерін анықтау және тарату мақсатымен өткізіледі.

1.5. Байқау міндеттері мынадай:



  • әлеуметтік кәсіпкерлікке қоғамның назарын аударту;

  • болашағы бар әлеуметтік маңызға ие жобаларды іздеу және іріктеу;

  • республикалық деңгейде әлеуметтік кәсіпкерлік тәжірибесін тарату және бөлісу;

  • әлеуметтік жоба бойынша идеялармен алмасу және кейін оларға әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығын жасау;

  • әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін бизнестің, мемлекеттің және қоғамдық мекемелердің өзара әрекеттесу тәжірибелерін дамыту;

  • мемлекеттік билік органдары, қоғамдық мекемелер мен бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік үлгілері негізінде әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру;

    1. Байқаудың өткізушісі мен ұйымдастырушысы — «САП СНГ» жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталады).

    2. Байқау туралы қосымша ақпарат www.sap-up.org арнаулы порталында (бұдан әрі «Портал» деп аталады) жарияланады.



  1. Байқауға қатысу талаптары

    1. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін, құжаттарды Байқаудың талаптарына сай ұсынған ұйымдар қатысады.

    2. Байқауға қатысатын ұйымдар төменде тізілген шарттардың көпшілігіне сай болуы керек:

  • өз жобаларының негізі ретінде әлеуметтік миссияны белгілеу;

  • өз қызметін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау;

  • қаржы орнықтылығы қағидаларын орындау, жобаларды өз қызметінен түскен табыстар есебінен жүргізу;

  • инновациялық, бірегей жұмыс әдістерін қолдану; жаңа өнімдерді өндіру, жаңа әдістерді, ұйымдық құрылымдар мен үлгілерді құру және дамыту;

  • қоғамдық-әлеуметтік жұмыстың басқа қатысушыларымен білім және тәжірибені бөлісу үшін таратылатын және қалпына келтірілетін бизнес үлгінің бар болуы;

  • түсетін пайданы әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жобаларды дамытуға жұмсау.

    1. Байқау қатысушылары Ұйымдастырушының Порталда, басқа интернет ресурстарда және баспасөз басылымдарда байқауға қатысу өтініші мен басқа материалдар (жоба туралы ақпарат пен қатысушылардың дербес деректері бар материалдар) мәтінінің ішінара немесе толықтай жариялайтынына қарсы емес.

    2. Байқауға қатысу бойынша барлық шығынды Ұйымдастырушы мен Байқау серіктестері өз мойнына алады.



  1. Байқау бағыттары

    1. Байқауға мынадай бағыттардағы әлеуметтік жобалар қатыса алады:

«Экология» – мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, экологиялық зерттеулер, табиғат пен адам экологиясы жөніндегі білімді дамыту, табиғат нысандарын қорғау саласындағы ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және білім беру мекемелері арасындағы аймақтық және муниципалдық әлеуметтік серіктестік үлгілері; қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және судың, ауаның және топырақтың тазалығын сақтап тұру, табиғат ресурстарын сақтау және қалпына келтіру шараларын қамтитын жобалар;

«Мәдениет» – толеранттықты, мәдениеттер алуандығын дамытуға, түрлі әлеуметтік топтардың қоғамда бейімделу және өз жолын өзі айқындау мүмкіндіктерін зерттеуге және дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамалар және жобалар;

«Аумақтарды дамыту» – аумақтар мен өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуына, қалпына келтірілуіне бағытталған әлеуметтік бастамалар, қала келбетін өзгерту, тұрғын үй салу, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік-тұрмыстық байланыстарды нығайту, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау кіретін жобалар;

«Медицина және денсаулық сақтау» – денсаулық сақтау саласын, медицинаны, спортты және салауатты өмір салтын қолдау бойынша әлеуметтік бастамалар мен жобалар, халықтың психологиялық және дене саулығын сақтауға, қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, медицина саласында инновациялық әзірлемелерге бағытталған жобалар;

«Мәдениет» – кәсіби және мансаптық дарындарды басқару, азаматтық ұстаным мен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту саласындағы жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде мәдениет және өнер саласындағы дарындарға қолдау көрсету; дарынды жастарға, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуге, халықтың бос уақытын ұйымдастыруға және мәдени оқиғаларға сұранысты ынталандыруға бағытталған жобалар, соның ішінде мәдени-ағартушылық бастамалар;

«Білім беру» – білім беру жүйесін (соның ішінде мектепке дейінгі, қосымша) дамытуға, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге және қолдануға, дарындарды анықтауға және дамытуға (соның ішінде тақырыптық лагерлер, ауысымдар, жастарға арналған жобалар мен форумдар, стартап-акселераторлар және т. б.) бағытталған жобалар;

«Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету» – жұмыс орындарын, бос уақыттың, тұратын жердің және т. б. ұйымдастырылуын қамтитын халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын бейімдеуге және тартуға бағытталған бастамалар;

«Салауатты өмір салты және спорт» – халық арасында салауатты өмір салтын сақтауға, спортқа қызығушылықты қалыптастыруға, дененің дайындық деңгейін арттыруға және дене белсенділігі құралдарын қолжетімді етуге бағытталған жобалар;

«Жаңа технологиялар» – әлеуметтік маңызға ие тапсырмаларды шешу және қоғамдық даму үшін жаңа технологияларды әзірлеу және қолдану. Инновацияларды игілікке асыратын және әлеуметтік мәселелердің бар шешімдерін жетілдіруге, азаматтар мен жергілікті қауымдастықтарды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін тартуға, талдау мәліметтерінің сапасын арттыруға және оларды азаматтар өмірінің сапасын жақсарту үшін пайдалануға бағытталған жобалар.

3.2. Әрбір өтініш беруші Байқауға бір немесе бірнеше бағыт бойынша қатысу үшін бір немесе бірнеше өтініш бере алады.



  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    1. Байқау үш кезеңге бөлініп өткізіледі.

Бірінші кезең: сырттай өтініштерді жинау (онлайн);

Екінші кезең: байқауға қатысу өтініштерін бағалау және жеңімпаздарды анықтау;



Үшінші кезең: ең үздік тәжірибелердің презентациясы және жеңімпаздарды марапаттау.


    1. Байқауға қатысу өтініштерін беру

      1. Байқауға қатысу үшін Байқау талаптарына сәйкес рәсімделген және барлық қажетті қосымшасы мен құжаты бар өтініштер қабылданады.

      2. Қатысушы Байқауға қатысу өтінішін бере отырып, Ұйымдастырушының пайдалануына зияткерлік қызметтің (ондайлар болған жағдайда) тиісті нәтижелерін беруге келіседі және өзінің авторлық құқықтарының сақталуына өз бетінше жауапты болады. Авторлық құқықтар мен зияткерлік меншік нысандарын пайдалану құқықтарының қатыстылық мәселесі жеңімпаз қатысушы мен серіктес компания арасындағы тиісті шартта белгіленеді.

      3. Байқауға қатысу үшін оған қатысушылардың ұсынған жұмыстары мен жобаларының ақысы Байқау қатысушыларына төленбейді.

      4. Байқау қорытындысы бойынша қарсылықтар, апелляциялар, шағымдар қабылданбайды.



    1. Байқауды басқару

      1. Байқауды Байқау өкілдері мен өткізушілерінен, саяси емес аймақтық қоғамдық мекемелерден, Байқауға қолдау көрсететін өзге ұйымдар мен мекемелерден құрылатын Байқаудың ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі «Ұйымдастыру комитеті» деп аталады) басқарады.

      2. Ұйымдастыру комитетін Байқаудың ұйымдастырушысы мен Байқаудың стратегиялық серіктесі басқарады. Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы Байқаудың Стратегиялық серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

      3. Ұйымдастыру комитеті Байқау өткізу талаптарын (өткізу жоспары, кезеңдері мен мерзімдері, бағалау шарттары және т. б.) мәлімдеп, оның өткізілуіне ақпараттық қолдау көрсетеді.

      4. Ұйымдастыру комитеті Байқауға қатысатын ұйымдардың өкілдерінен және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында әлеуметтік саясатты әзірлеу және іске асыру саласында жұмыс істейтін сарапшылардан құрылатын Байқаудың қазылар алқасын құрып, оны бекітеді.

      5. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған өтініштерде (жобаларда) мазмұндалған ақпарат пен материалдарды Байқау мақсаттарына қол жеткізу үшін кез келген тәсілмен және кез келген шекте пайдалану, соның ішінде ақпарат пен материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау, жобаларды үшінші тұлғаларға ұсыну құқығын өзіне қалдырады.

      6. Байқауды Ұйымдастырушы тікелей ұйымдастырады.

Ұйымдастырушы

    1. 4.4.1. Ұйымдастырушы қатысушыларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, өтініштерді қабылдау және өңдеу; өтініштердің біліктілік іріктеуін жүргізу; оңтайлы номинацияны таңдау бойынша кеңес беру, сондай-ақ Байқауға қатысушы ұйыммен жасалатын шарт негізінде өтінішті құрастыру; ақпараттық науқанды, соның ішінде Портал жұмысын, Байқау қатысушылары дипломдарының дайындалуын ұйымдастыру; Байқау қорытындысы бойынша есептік альманахты әзірлеу және жасау жұмыстарын іске асырады.

4.4.2. Ұйымдастырушы Байқаудың үйлестіруші менеджерлерін белгілейді. Үйлестіруші менеджерлер өтініштерді қабылдауға, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге, Байқау қатысушыларымен өтініштерді рәсімдеу және қажетті құжаттар мен деректерді беру мәселелері жөнінде байланыс жасауға жауапты.

4.4.3. Ұйымдастыру комитеті коммерциялық, қоғамдық мекемелер, мемлекеттік құрылымдар тарапынан Байқауға демеушілік ету, сондай-ақ БАҚ тарапынан ақпараттық демеушілік көрсету ісіне тарту жұмыстарын жүргізуге құқылы.

Демеушілік қолдау көрсету, демеуші мәртебесі мен опциялары осы Ереженің №1 Қосымшасында келтірілген.

Байқаудың қазылар алқасы



    1. 4.5.1. Байқаудың қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды бағалау және іріктеу, сондай-ақ Байқау жұмыстарыеың бағасы негізінде жеңімпаздарды анықтау мақсатымен жасалып, оны Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі «Қазылар алқасы») бекітеді.

Қазылар алқасы мүшелерінің саны тақ және кемінде жеті адамнан тұрады.

      1. Байқаудың қазылар алқасының құқықтары:

      2. Байқау қатысушыларына ұсыныстар беру;

  • жеке Байқауға қатысушыларды (өзі өкілдік ететін ұйымды қоспағанда) белгілеп, оларды Ұйымдастыру комитетінің келісімімен арнайы жүлделермен марапаттау;

  • Ұйымдастыру комитетінің келісімімен ұсынылған байқау өтініштері негізінде қосымша номинацияларды тағайындау;

  • Ұйымдастырушы SAP-Innovation Management шешімінің негізінде Байқаудың соңғы кезеңінде Қазылар алқасының жұмысына қолдау көрсетеді.

      1. Қазылар алқасының шешіміне шағым түсіруге болмайды.

      2. Байқауға қатысу өтініштерін бағалау шарттары

    1. Әр номинациядағы жобалар 5 критерий бойынша бағаланады. Әр критерий бірнеше тармақ бойынша бағаланады:

«Әлеуметтік маңыздылық»

      1. Жоба миссиясы

  • Жоба идеясы

  • Жоба тарихы

  • Мақсатты аудитория

  • Болашақ бейнесі

  • «Идеяның бірегейлігі»

      1. Бірегейлік

  • Тиімділік

  • Масштабталулық

  • Технологиялылық

  • 4.6.3. «Бизнес әлеуеті»

Бизнес үлгі

  • Қаржы

  • Шығын

  • 4.6.4. «Жоба ресурстары»

Жоба тобы

  • Жоба серіктестері

  • Жоба бизнесіне кірістірілген серіктестер

  • «Тұрақты даму»

      1. Жоба тәуекелдері

  • Жобаның болашағы

  • Жоба стратегиясы



4.7.Жобалар 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Әр номинация бойынша бағалау регламенті осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген.

4.8. Байқаудың қорытынды нәтижелерін анықтау мақсатымен Ұйымдастырушы Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бірінші үш орынды иеленген жобалардың ашық презентациясы пішімінде қосымша бағалау шараларын өткізу құқығын өзіне қалдырады.



5. Марапаттау

5.1. Қазылар алқасының бағалау қорытындысы мен өткізілген жағдайда қосымша бағалау шаралары бойынша жеңімпаздарға мынадай жүлделі орындар беріледі: I, II, III.

5.2. Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша қатысушы жобалар Қазылар алқасы жариялаған арнайы жүлделермен марапатталуы мүмкін. Ұйымдастырушы, Қазылар алқасының мүшелері және Байқау серіктестері Ұйымдастыру комитетінің келісімімен өз номинациялары мен жүлделерін жариялауға құқылы.

5.3. Байқау лауреаттары Байқау қатысқандарын және алған бағаларын растайтын дипломдарын алады.



6. Байқауды іске асыру мерзімдері

6.1. Байқауды өткізу жоспар кестесіне сәйкес іске асырылады:

6.1.1. Байқаудың іске асырылуы Алматы қаласында Байқау өткізілетіні туралы хабарландыру БАҚ және сайтта жарияланған сәттен басталады.

6.1.2. Байқауға қатысу өтініштерін қабылдау және тіркеу 2016 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін іске асырылады.

6.1.3. Өтініштерді тексеру және Байқаудың бірінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтау 2016 жылдың 15 қазанынан 1 қарашасына дейін іске асырылады.

6.1.4. Байқаудың қорытынды шарасы мен жеңімпаздарды жариялау 2016 жылдың 15 желтоқсанына дейін іске асырылады.



Байқау қорытындысы

7.1.Жеңімпаз қатысушылар өкілдерінің Берлиндегі Social Impact Lab оқу орнында тағылымдама мен тәжірибеден өтуі және Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы SAP серіктес ұйымдары әлеуметтік кәсіпкерлігінің халықаралық форумдарына қатысуы. 2017 жылғы ОШЕ аймағы іс-шаралар жоспары негізінде бекітіледі;

7.1.1.Жеңімпаз қатысушылар санын Байқау қорытындысы бойынша Қазылар алқасының мүшелері анықтайды, бірақ ең көбі үш жоба таңдалады.

7.2. Байқау бюджетіне сай және гран-при ретінде мәлімделген мөлшердегі ақшалай грантты алу;

7.3. Байқау лауреаттарымен, серіктестерімен және сарапшыларымен Дөңгелек үстел (Форум);

7.4.SAP-Innovation Management негізіндегі әлеуметтік орта мен бизнес өкілдері арасында ең үздік тәжірибелермен алмасуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай байланыс алаңын жасау.

Байқау ұйымдастырушысы Байқауға қатысушы

SAP СНГ


___________________________ ____________________________

№1 Қосымша

Қазақстан Республикасында SAP СНГ

компаниясының

«Азаматтар бақыты» қайрымдылық

бағдарламасы шеңберінде

әлеуметтік стартаптар

байқауын өткізу туралы Ережесіне




Демеушілер регламенті
Серіктестердің қатысу мүмкіндіктері:

  • Байқау қорытынды іс-шарасына қатысу;

  • Компания өкілінің қазылар алқасының құрамына шақырылуы;

  • Жеке номинация жасау мүмкіндігін алу;

  • Қорытынды іс-шарада сөз сөйлеу мүмкіндігі;

  • SAP компаниясынан алғыс хат;

  • Компания логотипі мен атауын Байқау вебсайтына жариялау;

  • Байқау веб парақшасына серіктес вебсайтына өтетін сілтеменің жариялануы;

  • Серіктес логотипінің Байқаудыңүлестірме материалдарына орналастырылуы;

  • Компанияның жарнамалық материалдарының тіркеу үстеліне орналастырылуы;

  • Логотиптің Байқаудың пресс-қабырғасына басылуы;

  • Логотиптің Байқау нәтижесі туралы медиа материалдарға жариялануы;

  • Компания туралы ақпараттық материалдардың Байқау парақшаларында жариялануы.


Серіктес пакеті опциясының жинағы компания мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты жасалады.

Қосымша опциялар компанияның міндеттері мен мүдделеріне сәйкес жеке талқыланады.

Байқау ұйымдастырушысы Байқауға қатысушы

SAP СНГ

___________________________ ____________________________


№2 Қосымша

Қазақстан Республикасында SAP СНГ

компаниясының

«Азаматтар бақыты» қайрымдылық

бағдарламасы шеңберінде

әлеуметтік стартаптар

байқауын өткізу туралы Ережесіне

Бағалау регламенті


Байқауға қатысу өтініштерін бағалау жүйесі

Жобаның жалпы нәтижесінің бағасы 5 негізгі критерий сомасынан құралады. Әр критерий бойынша максималды ұпай 0 мен 10 аралығында. Жалпы максималды сома – 50. Сарапшылар мен қазылар алқасы жобаларды мынадай белгілер бойынша бағалайды:




  1. Әлеуметтік маңыздылығы (жобаның халық өмірінің сапасына әсерін бағалау; жоба миссиясын, жоба идеясы мен тарихын, мақсатты аудиторияны, жобаны іске асыру нәтижесінде болашақ бейнесін бағалауды қамтиды) 10 ұпай




  1. Жоба идеясының күші (мәселенің ұсынылған шешімінің бірегейлігін және тиімділігін, сондай-ақ жобаның ауқымы бойынша әлеуетін бағалау) 10 ұпай




  1. Жоба ресурстары (топ ресурстарын бағалау – негізін қалаушыдан бастап топ мүшелері мен серіктестердің біліктіліктерін, сондай-ақ басқа мекемелермен қауымдасу мүмкіндігін) 10 ұпай




  1. Бизнес әлеуеті (жобаның қаржылық тұрақтылығын, табыс көздері мен шығын баптарының ара қатынасын, бизнес үлгісінің жүргізілуін бағалау) 10 ұпай




  1. Тұрақты даму (жобаның стратегиясын, тәуекелдерін және болашақ көрінісін бағалау, өтініш беру кезіне дейінгі елеулі жетістіктері) 10 ұпай

Байқау ұйымдастырушысы Байқауға қатысушы



SAP СНГ

___________________________ ____________________________
жүктеу 107,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау