«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры


-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі



жүктеу 1,74 Mb.
бет4/8
Дата19.02.2018
өлшемі1,74 Mb.
#10157
1   2   3   4   5   6   7   8

2-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі

 

1. Қордағы және ұйымдардағы корпоративтік басқару жүйесі олардың қызметін тиісті басқаруды және бақылауды қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді құнды арттыруға және орнықты дамуға бағытталады. Қор ұлттық басқарушы холдинг ретінде өз компанияларына қатысты стратегиялық холдинг рөлін атқарады. Корпоративтік басқару негізінде тиімділік, жеделділік және ашықтық болуға тиіс.



2. Қордың және ұйымдардың корпоративтік басқару жүйесі Қордың және ұйымдардың қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай-ақ атқарушы органның, Директорлар кеңесінің, акционерлердің және мүдделі тараптардың арасындағы өзара қатынастар жүйесін білдіреді. Органдардың құзыреттері және шешімдер қабылдау тәртібі жарғыда нақты айқындалуға және бекітілуге тиіс.

Корпоративтік басқару жүйесі мыналардың:

1) акционерлердің (қатысушылардың);

2) Директорлар кеңесінің (қадағалау кеңесінің);

3) атқарушы органның;

4) мүдделі тараптардың;

5) жарғыға сәйкес айқындалатын өзге де органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды көздейді.

Корпоративтік басқару жүйесі оның ішінде:

1) мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі иерархиясының сақталуын;

2) органдардың, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің аражігін нақты ажыратуды;

3) Қор және ұйымдар органдарының шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдауын;

4) Қордың және ұйымдардың қызметіндегі процестердің тиімділігін;

5) заңнамаға, осы Кодекске және Қор мен ұйымдардың ішкі құжаттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге тиіс.

Қорда және ұйымдарда органдар және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, сондай-ақ тиісті позицияларға арналған лауазымдық нұсқаулықтар бекітілуге тиіс. Осы құжаттардың ережелерінің сақталуы корпоративтік басқару процестерінің жүйелілігі мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.

3. Қор акционердің (қатысушының) функцияларын іске асыру жолымен, сондай-ақ Директорлар кеңесі арқылы компаниялардың жарғыларында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен компанияларды басқаруға қатысады.

Қор жыл сайын компанияның Директорлар кеңесінің төрағасына және Директорлар кеңесіндегі Қордың өкілдеріне алдағы қаржы жылына акционердің күтетіндерін жолдайды.

Қор акционерлердің жалпы жиналысы форматында барлық дауыс беретін акциялары Қорға тиесілі компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшелерімен отырыстар өткізеді.

Компаниялардың Директорлар кеңестері компаниялардың жарғысында белгіленген өз құзыретінің шеңберінде шешім қабылдауда толық дербестікке ие болады.

Қордың жекелеген мәселелер бойынша ұстанымы компанияның Директорлар кеңесіндегі Қордың өкілдері арқылы жеткізіледі.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық дауыс беретін акциялары Қордың меншігіндегі компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне кіретін мәселелер осындай компанияның тиісінше Директорлар кеңесінің және атқарушы органның құзыретіне жатқызылуы мүмкін. Осындай жағдайларда құзыретті төмен тұрған органға берген орган берілген құзыреттердің іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға тиіс.

Ұйымдарды басқару жөніндегі Қордың қызметі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңдары мен еншілес және тәуелді ұйымдарды басқаруды реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қор компаниялармен жүргізілген талқылауларды ескере отырып, компаниялар үшін бірыңғай саясат қалыптастырады, ұйымдарға арналған әдістемелік ұсынымдарды және корпоративтік стандарттарды бекітеді.

Ұйымда Қор бекіткен ішкі аудит саласындағы корпоративтік стандарттарды және ішкі бақылау жүйесін қолдану туралы шешімді көрсетілген стандарттардың ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкестігінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, ұйымның Директорлар кеңесі қабылдайды.

Қор «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес компанияларға қатысты бірыңғай саясатты қалыптастырады, ұйымдарға арналған әдістемелік ұсынымдар мен корпоративтік стандарттарды бекітеді. Осындай бағыттар адам ресурстарын, ақпараттық технологияларды, инвестицияларды, инновацияларды басқару, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, жоспарлау, экономика мен қаржы және өзге де мәселелерді қамтиды. Холдингтік компаниялар өз тобы үшін Қордың корпоративтік стандарттарымен жабылмаған немесе Қордың саясатын және корпоративтік стандарттарын толықтыратын/нақтылайтын бағыттар бойынша бірыңғай саясаттарды бекітуі мүмкін.

5. Қордың және компаниялардың атқарушы органдары компаниялардың Директорлар кеңестеріне бекіту үшін жіберілетін компаниялардың даму жоспарларының жеткілікті жоғары мақсаттылығын және шынайылығын, сондай-ақ олардың Қор стратегиясы мен даму жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық рухында өзара іс-қимыл жасауға тиіс.

Қордың атқарушы органы компанияның атқарушы органымен стратегия және орнықты даму мәселелері бойынша тұрақты диалог ұстауға тиіс. Бұл ретте Қор даму жоспарында белгіленген ҚНК орындалмауына әкеп соқтыратын мән-жайлар болатын жағдайларды қоспағанда, компанияның атқарушы органы жауапты болатын компанияның жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол бермейді.

6. Таза кірісті акционер ретінде Қордың пайдасына бөлу нысандандырылған және ашық дивидендтік саясаттың негізінде дивидендтер нысанында жүзеге асырылады.

7. Ұйымдарды басқаруды ұйымдардың органдары ұйымның жарғысында айқындалған құзыреттерге және тәртіпке сәйкес жүзеге асырады. Осы қағидат бірнеше акционерлері (қатысушылары) бар ұйымдарға да қолданылады.

8. Қор, ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және олардың орнықты дамуы, тиісінше қабылданатын шешімдер және әрекет/әрекетсіздік үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

Қор және ұйымдар, атқарушы орган қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі элементі ҚНК жүйесі болып табылады. Қор Директорлар кеңесіндегі өзінің өкілдері арқылы компанияларға ҚНК бойынша өз күтулерін жолдайды. Компанияның ҚНК тізбесі мен нысаналы мәндерін компанияның Директорлар кеңесі бекітеді.

Компаниялар ҚНК қол жеткізу мақсатында тиісті даму жоспарларын әзірлейді.

Қордың және ұйымдардың ҚНК қол жеткізуін бағалау бекітілген даму жоспарымен салыстыру бойынша жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады. Осы бағалау атқарушы органдар басшысының және мүшелерінің сыйақысына әсер етеді, оларды қайта сайлау кезінде қабылданады, сондай-ақ оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын шеттету үшін негіз болып табылады.

Даму стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау мақсатында компанияларға мынадай процестер арқылы ҚНК белгіленеді:

1) Қор Директорлар кеңестеріндегі өзінің өкілдеріне компаниялардың жоспарлы кезеңге арналған нысаналы ҚНК бойынша өз күтетіндерін жолдайды, олар компаниялардың Директорлар кеңестерінің қарауына шығарылады;

2) компанияның Директорлар кеңесі қарауының және талқылауының қорытындылары бойынша ҚНК тізбесі және нысаналы мәндері бекітіледі, олар тиісті даму жоспарларын әзірлеу үшін компанияның атқарушы органына жеткізіледі.

3) мақұлданған ҚНК қол жеткізу мақсатында компания Қордың тиісті құжаттарында айқындалған тәртіппен бес жыл кезеңге арналған даму жоспарын әзірлейді;

4) компанияның даму жоспарының жобасы компанияның атқарушы органының мақұлдауын алғаннан кейін Қордың қызметті жоспарлау, мониторингілеу және бағалау жөніндегі ақпараттық жүйесіне енгізіледі және компанияның Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне жіберіледі;

5) компанияның даму жоспарын компанияның Директорлар кеңесі бекітеді және даму жоспарының бекітілген нұсқасы да Қордың қызметті жоспарлау, мониторингілеу және бағалау жөніндегі ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Компаниялардың даму жоспарларын бастапқы бекіткеннен кейін Қордың тиісті құжаттарында айқындалған тәртіппен оларды түзетуге жол беріледі. Компанияның даму жоспарының жобасы және компанияның бекітілген даму жоспарының түзетілген жобасы Қормен келісілмейді.

Компанияның атқарушы органы компанияның даму жоспарының және ҚНК орындалуына мониторинг жүргізеді, мониторинг нәтижелері және даму жоспарының орындалуы тур алы есептер Қордың тиісті құжаттарында айқындалған тәртіппен Қордың қызметті жоспарлау, мониторингілеу және бағалау жөніндегі ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

9. Холдингтік компанияның Директорлар кеңесі өзінің тобына кіретін барлық заңды тұлғалардағы басқару тиімділігін, ұзақ мерзімді құнның өсімін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Операциялық тиімділікті арттыру, есептіліктің сапасын жақсарту, корпоративтік мәдениет пен этиканың жақсартылған стандарттары, жан-жақты ашықтық және айқындық, тәуекелдердің азаюы, ішкі бақылаудың тиісті жүйесі холдингтік компанияның тобындағы тиімді басқару нәтижелеріне айналуға тиіс.

Холдингтік компаниялар өз тобында басқару жүйесін енгізуге, оны жұмыс жағдайында ұстауға және тұрақты түрде жақсартып отыруға тиіс.

Холдингтік компанияның Директорлар кеңесі барлық топты тиімді басқару және оның жұмыс істеуі үшін акционерлердің алдында жауапты орган болып табылады және топты басқарумен байланысты шешімдер қабылдайды.

Холдингтік компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі:

1) топта нақты басқару жүйесінің, аражігі ажыратылған өкілеттіліктердің және шешімдер қабылдау процесінің болуы, функциялар мен процестерді қайталаудың болмауын;

2) бірыңғай стандарттарды, саясат пен процестерді, оның ішінде жоспарлауға, мониторингіге және бақылауға, нәтижелілікті бағалауға және түзету іс-әрекеттерін қолдануға бірыңғай тәсілдерді айқындау бөлігіндегілерді;

3) топтың қызметіне қатысты сапалы ақпаратқа қолжетімділікті;

4) топ тәуекелдерін тиімді басқаруды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қор мен холдингтік компанияның құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуді;

6) мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етуге тиіс.

Холдингтік компанияның тобын басқарудың басқа да ықтимал тетіктері кейбір функцияларды (жоспарлау, қазынашылық, бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық қамтамасыз ету, ішкі аудит және басқалары) орталықтандыруды қамтиды.

Холдингтік компания топта холдингтік компания жүзеге асыратын басқару мен ұйымдар өз қызметін жүзеге асыру үшін жедел шешімдер қабылдауда оларға дербестік берудің арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге тиіс.

Холдингтік компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі және шешімдер қабылдау процесі холдингтік компанияның да, сондай-ақ оның тобына кіретін ұйымдардың да жарғысында және құжаттарында нақты белгіленуге және регламенттелуге тиіс.

 

 



3-тарау. Орнықты даму

 

1. Қор және ұйымдар өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңызын сезінеді және ұзақ мерзімді құнды арттыруға ұмтыла отырып, мүдделі тараптардың мүдделер теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл жасау тәсілі Қордың және ұйымдардың орнықты дамуына ықпал ететін болады.



«Орнықты даму - болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмастан, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктеріне жауап беретін даму». Қоршаған орта және даму мәселелері жөніндегі дүниежүзілік комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасы, 1987 жылғы 4 тамыз.

«Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, XXI ғасырда орнықты дамуды жалғастыру». (Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 12 желтоқсан).

2. Қор және ұйымдар бұл ретте өзінің орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді құнды арттыруға тырысуға тиіс және мүдделі тараптардың мүдделер теңгерімін сақтауға тиіс. Орнықты даму саласындағы қызмет халықаралық озық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

Қор және ұйымдар өз қызметін жүзеге асыру барысында мүдделі тараптарға әсер етеді немесе олардың әсерін сезінеді.

Мүдделі тараптар Қордың және ұйымдардың қызметіне жағымды да, сонымен қатар жағымсыз да әсер етеді, атап айтқанда, құнның өсуіне, орнықты дамуға, беделі мен имиджіне, тәуекелдерді тудыруға немесе азайтуға әсер етеді. Қорға және ұйымдарға мүдделі тараптармен тиісті өзара іс-қимыл жасауға маңызды мән беру қажет.

Қорға және ұйымдарға мүдделі тараптарды айқындау және олармен іс- қимыл жасау кезінде мүдделі тараптарды айқындаудың және олармен іс-қимыл жасаудың халықаралық стандарттарын пайдалану ұсынылады (АА 1000 стандарты есептілік қағидаттарының стандарты (Accountability Principles Standard 2008), АА 1000 «Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау стандарты» 2011 (АА 2011 Stakeholder Engagement Standard 2011), ISO 26000 Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі нұсқаулық (Guidance on Social Responsibility), GRI (Global Reporting Initiative) және басқалар).

 

Мүдделі тараптардың тізбесі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:



 

Мүдделі тараптар

Қосатын үлес, әсер

Нәтиже, мүдде

Акционерлерді қоса алғанда, инвесторлар, екінші деңгейдегі банктер

Қаржы ресурстары (меншікті капитал, қарыз қаражаты)

Салынған инвестициялардың рентабельділігі, дивидендтердің, негізгі борыштың және сыйақының уақтылы төленуі

Қызметкерлер, лауазымды тұлғалар

Адам ресурстары, ниеттестік

Жоғары жалақы, жақсы еңбек жағдайлары, кәсіби даму

Кәсіптік одақтар

Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, еңбек қатынастарын реттеуге және қақтығыстарды шешуге жәрдемдесу

Қызметкерлер құқықтарының сақталуы, жақсы еңбек жағдайлары

Клиенттер

Ұйымның өнімін (тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін) сатып алу жолымен қаржы ресурстары

Жоғары сапалы, қауіпсіз тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қолайлы бағада алу

Өнім берушілер

Құн жасау үшін ресурстар (тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер) беру

Сенімді өткізу нарығы, тұрақты төлем қабілеті бар сатып алушы

Жергілікті қоғамдастықтар, қызмет жүзеге асырылатын орындардағы халық, Қоғамдық ұйымдар

Қызмет жүзеге асырылатын орындардағы қолдау Жергілікті биліктерге ниеттестік және оларды қолдау, Ықыласты қарым-қатынас Ынтымақтастық

Қосымша жұмыс орындарының құрылуы, өңірдің дамуы

Үкімет, мемлекеттік органдар, Парламент

Мемлекеттік реттеу

Салықтар, әлеуметтік міндеттердің шешілуі

 

Қор және ұйымдар диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою жөнінде шаралар қабылдауға және мүдделі тараптармен арадағы қарым-қатынастарды басқаруға тиіс.

Қор және ұйымдар тәуекелдерді ескере отырып және тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, ахуалды (жоғары тәуекел аймағына ерекше назар аударумен), ықпалды, әртүрлі (әр алуан) перспективаларды ескеріп саралай отырып мүдделі тараптардың картасын жасайды.

Холдингтік компанияларда мүдделі тараптардың өз тобына арналған шоғырландырылған картасы болуға тиіс және олар осындай тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың тиісті жоспарын жасауы қажет.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау әдістері мынадай нысандарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді (АА 1000 «Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау стандарты» 2011 (АА 2011 Stakeholder Engagement Standard 2011):

 


Өзара іс-қимыл деңгейі

Өзара іс-қимыл әдістері

Консультациялар:

екі жақты өзара іс-қимыл; мүдделі тараптар Қордың және ұйымдардың сұрақтарына жауап береді

 


Сауалнамалар фокус - топтар мүдделі тараптармен кездесулер

Жария кездесулер Семинарлар

Коммуникация құралдары арқылы кері байланысты ұсыну Консультациялық кеңестер

Келіссөздер

Әлеуметтік әріптестік қағидаттарының негізіндегі ұжымдық келіссөздер

Тартылу

Екі жақты немесе көп жақты өзара іс-қимыл; барлық тараптардан тәжірибені және білімді арттыру, мүдделі тараптар және ұйымдар тәуелсіз әрекет етеді

Көп жақты форумдар Консультациялық панельдер ымыраға қол жеткізу үдерісі Шешімдерді бірлесіп қабылдау үдерісі Топ фокусы

Kepi байланысты ұсынудың схемалары

Ынтымақтастық

Екі жақты немесе көп жақты өзара іс- қимыл; тәжірибе мен білімді бірлесіп арттыру, шешімдер және шаралар қабылдау

Бірлескен жобалар Бірлескен кәсіпорындар әріптестік

мүдделі тараптардың бірлескен бастамалары

Өкілеттіктер беру

мүдделі тараптар (егер қолданылса) басқаруға қатысады

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін басқаруға, стратегияға және операциялық қызметке біріктіру

 

3. Қор және ұйымдар ұзақ мерзімді кезеңде, оның ішінде акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнның артуын да қамтитын орнықты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарын келісуді қамтамасыз етуге тиіс. Қордағы және ұйымдардағы орнықты даму үш: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрауыштардан тұрады.

Экономикалық құрауыш Қордың және ұйымдардың қызметін ұзақ мерзімді құнды арттыруға, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, неғұрлым жетілдірілген технологиялар құруға және оларды дамытуға инвестицияларды көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттауға тиіс.

Экологиялық құрауыш биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсердің азаюын, шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды, экологиялық, энергия және материалдық-үнемдеу технологияларын қолдануды, экологиялық жағынан қолайлы өнімнің жасалуын, қалдықтарды азайтуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз етуге тиіс.

Орнықты дамудың әлеуметтік құрауышы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағдарланған, ол өзгелермен бірге: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды, қызметкерлерге әділ сыйақы беруді және олардың құқықтарын құрметтеуді, персоналды жеке дамытуды, персоналға арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды, демеушілік пен қайырымдылықты, экологиялық және білім беру акцияларын өткізуді қамтиды.

Қор және ұйымдар осы үш аспект бойынша өз қызметіне және тәуекелдерге талдау жүргізуі, сондай-ақ өз қызметі нәтижелерінің мүдделі тараптарға теріс әсерін болдырмауға немесе оны азайтуға ұмтылуы тиіс.

GRI 4 халықаралық стандарттары орнықты дамудың мынадай жіктемесін және аспектілерін келтіреді:

 


Санаттар

Аспектілер

Экономикалық

Экономикалық нәтижелілік

Нарықтарға қатысу

Тікелей емес экономикалық әсер

Сатып алу практикалары

Материалдар

Энергия

Су

Биоәртүрлілік

Шығарындылар

Тасталымдар және қалдықтар

Өнім және көрсетілетін қызметтер

Талаптарға сәйкестік

Көлік

Жалпы ақпарат

Өнім берушілерді экологиялық бағалау

Экологиялық проблемаларға шағым беру тетіктері

Экологиялық

Әлеуметтік

Еңбек қатынастары мен лайықты еңбек практикасы, оның ішінде, жұмыспен қамтылуды, денсаулық пен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті, оқыту мен білім алуды, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасын, әртүрлілік пен тең мүмкіндіктерді, әйелдер мен ерлер үшін тең сыйақыны, өнім берушілердің еңбек қатынастары практикасын бағалауды, еңбек қатынастары практикасына шағым беру тетіктерін қамтиды

Адам құқықтары, оның ішінде, инвестицияларды, кемсітушілікке жол бермеуді, қауымдастық және ұжымдық келіссөздер жүргізу еркіндігін, балалар еңбегін, мәжбүрлі немесе міндетті еңбекті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету практикасын, тұрғылықты және саны аз халықтардың құқықтарын, өнім берушілердің адам құқықтарын сақтауын бағалауды, адам құқықтарының бұзылуына шағым беру тетіктерін қамтиды

 

Қоғам,

оның ішінде, жергілікті қоғамдастықтарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мемлекеттік саясатты, бәсекелестікке кедергі келтірмеуді, талаптарға сәйкестікті, өнім берушілердің қоғамға әсер етуін бағалауды, қоғамға әсер етуге шағым беру тетіктерін қамтиды

 

Өнім үшін жауапкершілік,

оның ішінде, тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігін, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді таңбалауды, маркетингілік коммуникацияларды, тұтынушының жеке өміріне қол сұғылмаушылықты, талаптарға сәйкестікті қамтиды

 

4. Ашықтық, есеп берушілік, айқындық, этикалық мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жеке басының үлгісі орнықты даму саласындағы қағидаттар болып табылады.

Қағидаттарды ашу:

1) ашықтық - біз кездесулер, талқылаулар және диалог үшін ашықпыз; біз мүдделі тараптармен өзара мүдделерді ескеруге, Қордың, ұйымның және мүдделі тараптар құқықтарының және олардың мүдделері арасындағы теңгерімнің сақталуына негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз;

2) есеп берушілік - біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсеріміз үшін есеп беретіндігімізді сезінеміз; біз Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнының артуы және орнықты дамуы үшін акционерлер мен инвесторлардың алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз; біз ресурстарды (энергияны, шикізатты, суды қоса алғанда) ұқыпты пайдалану, шығарылымдарды, қалдықтарды дәйекті түрде азайту және өнімділігі жоғары энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен өз қызметіміздің қоршаған ортаға және қоғамға теріс әсерін азайтуға ұмтыламыз; біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамада көзделген өзге де алымдарды төлейміз; біз өзіміздің даму стратегиямыз бен мүмкіндіктеріміздің шеңберінде жұмыс орындарын сақтаймыз және оларды құрамыз; біз өз стратегиямыздың шеңберінде және қолда бар қаржылық мүмкіндіктеріміздің шегінде қызметімізді жүзеге асыратын жерді дамытуға жәрдем көрсетуге ұмтыламыз; біз шешімдерді ойластырып және ақылға қонымды етіп қабылдаймыз және әрекеттерді лауазымды тұлғалар деңгейінен бастап қызметкерлерге дейінгі әрбір деңгейде жасаймыз; біз ресурстарды ұқыпты және жауапты пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізуге ұмтыламыз; біздің өнімдеріміз, тауарларымыз бен көрсетілетін қызметтеріміз тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген стандарттарына сәйкес келуге және лайықты сапада болуға тиіс. Біз клиенттерімізді құрметтейміз;

3) ашықтық - біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміз мүдделі тараптар үшін айқын және ашық болуға тиіс. Біз құпия ақпаратты қорғау жөніндегі нормаларды ескере отырып, заңнамада және өзіміздің құжаттарымызда көзделген ақпаратты уақтылы ашамыз;

4) этикалық мінез-құлық - біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміздің негізіне құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух және сенім, ақ ниеттілік және әділдік сияқты құндылықтар жатады;

5) құрмет - біз заңнамадан, жасалған шарттардан туындайтын немесе жанама түрде іскерлік өзара қарым-қатынастар шеңберінде мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз;

6) заңдылық - біздің шешімдеріміз, әрекеттеріміз бен мінез-құлқымыз Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұйымдар органдарының шешімдеріне сәйкес келеді;

7) адам құқықтарын сақтау - біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларация сияқты халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз; біз балалар еңбегін пайдалануды үзілді-кесілді қабылдамаймыз және оған тыйым саламыз; біздің қызметкерлер - біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз; олардың кәсібилік және қауіпсіздік деңгейіне біздің қызметіміздің нәтижелері және инвесторлар үшін жасалатын құн тікелей тәуелді болады. Сондықтан біз еңбек нарығынан кәсіби үміткерлерді ашық және жария негізде тартамыз және өз қызметкерлерімізді меритократия қағидаты негізінде дамытамыз; қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін және еңбегінің қорғалуын қамтамасыз етеміз; сауықтыру бағдарламаларын өткіземіз және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетеміз; қызметкерлерді уәждеу мен дамытудың тиімді жүйесін жасаймыз; корпоративтік мәдениетті дамытамыз;

8) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - сыбайлас жемқорлық біздің акционерлеріміз, инвесторларымыз, өзге де мүдделі тараптар және тұтастай қоғам үшін біздің ұйымдарымыз жасайтын құнды бұзады. Біз барлық мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, кез келген көріністердегі сыбайлас жемқорлыққа төзбейтіндігімізді жариялаймыз. Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды тұлғалар және қызметкерлер заңдарда көзделген тәртіппен жұмыстан босатылуға және жауапкершілікке тартылуға тиіс; Қордағы және ұйымдардағы ішкі бақылау жүйелері оның ішінде, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, олардың алдын алуға және анықтауға бағытталған шараларды қамтуға тиіс; ұйымдар мүдделі тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте хабардар болуын арттыру үшін олармен диалогты дамытуы қажет;

9) мүдделер қақтығысына жол бермеу - мүдделер қақтығысымен байланысты елеулі бұзушылықтар Қордың және ұйымдардың беделіне нұқсан келтіруі және акционерлер мен өзге де мүдделі тұлғалардың тарапынан оларға деген сенімді жоюы мүмкін. Лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке басының мүдделері олардың өздерінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін мінсіз орындауына әсер етпеуге тиіс; Қор және ұйымдар әріптестермен қатынастарда тараптар бір-біріне қатысты барынша адал, ақ ниетпен, әділ және ниеттес тұрғыда әрекет етуге міндетті өзара сенімге негізделген қатынас орнатуды және оны сақтауды мақсат ете отырып, мүдделер қақтығысының алдын алу, оны анықтау және жою шараларын қабылдайды;

10) жеке басының үлгісі - біздің әрқайсымыз өзіміздің күнделікті әрекеттерімізбен, мінез-құлқымызбен және шешімдер қабылдау кезінде орнықты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз. Басқару позицияларын иеленетін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өз жеке басының үлгісімен орнықты даму қағидаттарын енгізуге уәждеуі тиіс.

5. Қорда және ұйымдарда орнықты даму саласындағы басқару жүйесі құрылуға тиіс, ол мынадай элементтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

1) Директорлар кеңесінің, атқарушы органның және қызметкерлердің деңгейінде орнықты даму қағидаттарына бейілділік;

2) үш құрауыш (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер) бойынша ішкі және сыртқы ахуалды талдау;

3) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда орнықты даму аясындағы тәуекелдерді айқындау;

4) мүдделі тараптардың картасын жасау;

5) орнықты даму саласындағы мақсаттарды және ҚНК айқындау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды айқындау;

6) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адами ресурстарды басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ даму стратегиясына және шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды интеграциялау;

7) орнықты даму саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

8) орнықты даму саласындағы іс-шаралардың жүйелі мониторингі және бағалануы, мақсаттар мен ҚНК қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу.

Қордың және ұйымның Директорлар кеңесі мен атқарушы органы орнықты даму және оны енгізу саласында лайықты жүйе қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Барлық қызметкерлер мен барлық деңгейлердегі лауазымды тұлғалар орнықты дамуға үлес қосады.

Холдингтік компаниялар барлық топ бойынша орнықты даму қағидаттарының енгізілуі үшін жауап береді.

Қор және ұйымдар орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын мыналар арқылы әзірлейді:

1) экономикалық, экологиялық және әлеуметтік сияқты негізгі үш сала бойынша ағымдағы жағдайға мұқият, терең және ойластырылған талдау жасау, осы талдауды жасау кезінде ақпараттың сенімділігі, уақтылылығы және сапасы маңызды болып табылады;

2) орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау; тәуекелдер орнықты дамудың үш бағытына сәйкес бөлінеді, сондай-ақ аралас бағыттарға әсер етуі және басқа тәуекелдерді қамтуы мүмкін. Тәуекелдерді айқындау үшін Қорға және ұйымдарға әсердің ішкі де, сонымен бірге сыртқы да факторларына талдау жүргізіледі;

3) мүдделі тараптарды және олардың қызметке әсерін айқындау;

4) мақсаттарды, сондай-ақ мүмкіндігінше нысаналы көрсеткіштерді, ұйымның қызметін үш құрауыш бойынша жақсарту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды, жауапты тұлғаларды, қажетті ресурстар мен орындау мерзімдерін айқындау;

5) мақсаттардың, іс-шаралардың іске асырылуын, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу іс-шараларын тұрақты мониторингілеу және бағалау;

6) мүдделі тараптармен жүйелендірілген және сындарлы өзара іс-қимыл жасау, кері байланыс алу;

7) қалыптастырылған жоспарды іске асыру;

8) тұрақты мониторинг және жүйелі есептілік;

9) жоспардың нәтижелілігін талдау және бағалау, қорытынды шығару және түзету және жақсарту шараларын қабылдау.

Орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде халықаралық декларациялар мен стандарттарды ескеру ұсынылады (Көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ басшы қағидаттары (OECD Guidelines for Multinational Enterprises), UN Guiding Principles on Business and Human Rights, ISO 26000 халықаралық стандартының әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі нұсқаулық (ISO 26000 Guidance on Social Responsibility), IFC Sustainability Framework, 1992 жылғы 3-14 маусымда Рио-де-Жанейродағы БҰҰ Конференциясында қабылданған Қоршаған орта және даму жөніндегі декларация, БҰҰ Жаһандық шарты (UN Global Compact Principles) және басқалар).

Орнықты даму мыналарға:

1) басқару жүйесіне;

2) даму стратегиясына;

3) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды (ұзақ мерзімді (стратегия), орта мерзімді (5 жылдық даму жоспары) және қысқа мерзімді (жылдық бюджет) кезеңдер), есептілікті, тәуекелдерді басқаруды, адам ресурстарын басқаруды, инвестицияларды, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ органдардан (акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер), Директорлар кеңесі, атқарушы орган) бастап қатардағы қызметкерлерге дейінгі барлық деңгейлерде шешімдер қабылдау процестеріне интеграциялануға тиіс.

Орнықты даму саласындағы басқару жүйесінде әрбір органның және барлық қызметкерлердің орнықты даму саласындағы қағидаттарды, стандарттарды және тиісті саясаттар мен жоспарларды іске асырудағы рөлі, құзыреті, жауапкершілігі нақты айқындалуға және белгіленуге тиіс.

Директорлар кеңесі орнықты дамудың енгізілуіне стратегиялық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Атқарушы орган тиісті іс-шаралар жоспарын қалыптастырады және оны Директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.

Орнықты даму мәселелерін мұқият дайындау мақсатында комитет құру немесе Қордың және ұйымның Директорлар кеңесінің жанында жұмыс істейтін комитеттердің бірінің құзыреттері шеңберіне орнықты даму мәселелерін беру ұсынылады. Мысалы, Денсаулық сақтау, қоршаған орта және қауіпсіздік техникасы комитеті сондай болуы мүмкін.

Директорлар кеңесінің Аудит комитеті орнықты даму саласындағы тәуекелдерді, қаржылық емес ақпарат пен есептіліктің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Атқарушы орган Қорда және ұйымда қағидаттарды, саясаттарды, стандарттар мен іс-шаралар жоспарын тиісті іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Осы мақсаттарға басқарушы лауазымдағы қызметкерді (қызметкерлерді) белгілеу қажет, ол орнықты даму саласындағы іс-шараларға бастамашылық жасау, оларды үйлестіру және іске асыру үшін жауап береді.

Барлық қызметкерлер, әрқайсысы өз деңгейінде жеке мінез-құлқы және тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау арқылы орнықты даму саласындағы қағидаттар мен іс-шараларды енгізеді.

Қорда және ұйымда орнықты даму мәселелері бойынша оқыту мен біліктілікті арттырудың арнайы бағдарламалары енгізілуге тиіс. Оқу орнықты дамуды енгізуде тұрақты элементке айналуға тиіс. Қордың және ұйымның лауазымды тұлғалары қызметті жүргізу және міндеттерді орындау кезінде орнықты даму қағидаттарын түсіну мен оған бейілділік және мәдениеті мен мінез-құлқын өзгерту негізінде қызметкерлердің тартылуына ықпал етуге тиіс.

Орнықты даму қағидаттарын енгізуден болатын тиімділіктер мыналарды қамтиды:

1) инвестициялар тарту - әлемдік практикада инвесторлар инвестициялық тартымдылықты айқындау кезінде орнықты даму саласындағы тиімділікті ескереді;

2) басқарушылық тиімділікті арттыру және тәуекелдерді азайту - басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінде экологиялық және әлеуметтік аспектілерді интеграциялау жоспарлау шегін кеңейтуге және тәуекелдер мен мүмкіндіктердің неғұрлым жан-жақты спектрін ескеруге мүмкіндік береді, бұл бизнесті орнықты дамыту үшін алғышарттар жасайды;

3) тиімділікті арттыру - өнімділігі жоғары және тиімді ресурсты технологияларды енгізу инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер құруға мүмкіндік береді, бұл ретте оның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігі ұлғаяды;

4) беделді нығайту - корпоративтік имиджді жақсарту орнықты даму саласындағы қызметтің барынша айқын нәтижесі болып табылады, ол брендтің құндылығын арттырады және сенім кредитін қалыптастырады, сондай-ақ іскер әріптестермен өзара іс-қимылдың сапасына оң әсер етеді;

5) ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың жағынан ниеттестікті арттыру - еңбектің тартымды жағдайларын, кәсіптік және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер жасау перспективалы білікті мамандарды тартуға және ұстауға мүмкіндік береді; мүдделі тараптармен тиімді диалог құру Қор және ұйымдар қызметінің айналасында оң ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, ол клиенттердің, акционерлердің, инвесторлардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті халықтың, қоғамдық ұйымдардың тарапынан түсіністік пен қолдау есебінен оның бизнесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

6. Қор және компаниялар қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметінің мүдделі тараптар үшін айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында орнықты даму саласындағы есептілікті жыл сайын жариялайды.

Қор және ұйымдар мүдделі тараптар үшін өз қызметінің айқындығын және ашықтығын қамтамасыз етеді.

Мүдделі тараптармен кездесулер, БАҚ (жарияланымдар, сұхбат), интернет-ресурсты пайдалану, коммуникация құралдары, консультациялық комитеттер мен кеңестер арқылы кері байланыс беру, сұрау салуларға жауаптар беру және өзгелер. Мүдделі тараптарға ақпаратты ашу әдістері болуы мүмкін.

Қор, компания және акцияларына қор биржасында баға белгіленетін ұйымдар қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттың қорғалуын ескере отырып, орнықты даму туралы есептілікті жыл сайын әзірлейді және жариялайды.

Орнықты даму туралы есептілік - бұл қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін басқару саласындағы қызметтің нәтижелерін жария таныстыру, сондай-ақ мүдделі тараптардың мүдделеріне әсер ету.

Орнықты даму жөніндегі ақпарат жеке есеп нысанында ұсынылуы немесе интеграцияланған есептің құрамына енгізілуі мүмкін. Холдингтік компаниялардың өзінің тобына кіретін ұйымдар үшін бірыңғай шоғырландырылған есеп дайындауына жол беріледі.

Орнықты даму жөніндегі ақпарат интеграцияланған есеп нысанында дайындалған жағдайда, ол:

1) қызметтің негізгі түрлері бойынша елеулі қаржылық-экономикалық және өндірістік нәтижелерді, сондай-ақ оның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін;

2) қызметтің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саласын басқару тәсілдерін;

3) қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегияны және жоспарларды көрсетуге тиіс.

Орнықты даму жөніндегі есепті дайындау кезінде Интеграцияланған есептіліктің халықаралық стандарттары (IIRC), орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулық Global Reporting Initiative (GRI); AA1000 Institute of Social and Ethical Accountability сериясының стандарттары сияқты жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарды басшылыққа алу қажет.

Орнықты даму жөніндегі есепті Директорлар кеңесі бекітеді және ол корпоративтік интернет-ресурсқа орналастыру және/немесе қағаз тасығышта беру арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі.

Орнықты даму саясатын мүдделі тараптардың назарына жеткізу мақсатында Қордың және ұйымдардың интернет-ресурсы қызметтің осы саласына арналған жеке бөлімді қамтуы ұсынылады.

7. Қор және ұйымдар әріптестердің орнықты даму қағидаттарын қолдануын көтермелеуге және ықпал етуге ұмтылуға тиіс.

Қор және ұйымдар әріптестермен өзара қарым-қатынастарда орнықты даму қағидаттарын қабылдауы және оларды сақтау жөніндегі шараларды қабылдауы қажет.

Қор және ұйымдар орнықты даму қағидаттары мен стандарттарын әріптестермен жасалатын тиісті келісімшарттарға (келісімдерге, шарттарға) енгізуі және олардың сақталуын талқылауы қажет. Әріптестермен орнықты даму қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөніндегі кешенді шараларды қабылдау ұсынылады.

Егер Қор және ұйымдар әріптестердің экономикаға, экологияға және қоғамға теріс әсер етуімен байланысты тәуекелді анықтаса, онда Қор және ұйымдар ондай әсерді тоқтатуға немесе оның алдын алуға бағытталған шаралар қабылдауға тиіс.

Әріптес орнықты даму қағидаттарын және стандарттарын қабылдамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Қор және ұйымдар үшін осы әріптестің қаншалықты маңызды болып табылатындығын және оған әсер ету шараларының және оны ауыстыру мүмкіндігінің бар-жоқтығын назарға алу қажет.

 

 



жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау