«Самрўќ-Ќазына» ўлттыќ



жүктеу 350,5 Kb.
бет1/3
Дата30.12.2019
өлшемі350,5 Kb.
#25473
  1   2   3

БЕКІТІЛДІ
Жалғыз акционер «Павлодар
әуежайы» АҚ шешімімен
2012 жылғы «13» қыркүйек

(№ 37/12 бұйрығы)


«ПАВЛОДАР ӘУЕЖАЙЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫ

(2016 жылғы «27» маусымға дейінгі жағдайы бойынша)

Астана қаласы – 2012 ж

1-бөлім.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) осы Жарғысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді және оның атауын, мекен-жайын, қалыптасу тәртібі мен органдардың құзыретін, қайта ұйымдастыру шарты мен оның қызметін тоқтату және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа ережелерді анықтайды.


  1. Қоғамның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы;

орыс тілінде: Акционерное общество «Аэропорт Павлодар»;

ағылшын тілінде: «Airport Pavlodar» Joint Stock Company.

Қоғамның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: «Павлодар әуежайы» АҚ

орыс тілінде: АО «Аэропорт Павлодар»;

ағылшын тілінде: «Airport Pavlodar» JSC.
3. Қоғамның (Қоғамның атқарушы органының) орналасқан жері: 140001, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Әуежай.

4. Қоғам қызметінің мерзімі шектелмейді.


2-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
5. Қоғам акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады және өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Қоғам «Павлодар әуежайы» ашық акционерлік қоғамының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

6. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелдерде филиалдар мен өкілдіктер аша алады, оларды меншік мүлкі есебінен негізгі және айналымдағы құжаттармен қамтамасыз етуге және олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі Қоғам теңгерімінде есепте тұрады.

7. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне басшылық етуді Қоғам Басқармасының төрағасы тағайындайтын тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдардың және өкілдіктердің басшылары Қоғам Басқармасының Төрағасы берген сенімхат негізінде әрекет жасайды.

8. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі мүліктік, экономикалық және қаржылық дербестілік негізінде жүзеге асырылады.

9. Қоғам өзінің Жалғыз акционерінің мүлкінен оқшауландырылған мүлікке ие және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен бірдей Жалғыз акционерде Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамның қызметіне байланысты оған тиесілі акциялар құны шегінде шығындар тәуекелін тартады.

Қоғам оған тиесілі мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

10. Қоғамның дербес теңгерімі, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі бар.

11. Қоғам мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер иеленеді және оларды өз атынан жүзеге асырады, соттарда талапкер және жауапкер бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінде орналасқан банктер мен басқа да қаржы ұйымдарында ұлттық немесе шетел валютасымен шот ашуға құқылы.

12. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелетін өзінің тауарлық белгісі және символикасы, сондай-ақ мемлекеттік, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде мөртабандары, фирмалық бланкілері және басқа көрнекілік сәйкестендіру құралдары бар.

13. Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болды.

14. Қоғам бағалы қағаздарды шығара алады және оларды орналастыра алады, бағалы қағаздарды сатып алады және де өзінің қаржылық тәуекелін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен туынды қаржылық жолдар арқылы сақтандыра алады.

15. Қоғам белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті ұсынады.

16. Қоғамның әрекеті нәтижесінде Қоғам қоршаған ортаны пайда болатын ластанулардан және басқа да зиянды әрекеттерден қорғауға жауапкершілік алады.

17. Қоғам қызметкерлердің еңбегін қорғауға және Қоғам нысандарының өртке қарсы қауіпсіздігіне жауапты болады.

3-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ
18. Осы Жарғы Қоғамның құрылтайшылық құжаты болып табылады.

19. Барлық мүдделі тұлғалар Қоғамның Жарғысымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таныса алады.



4-бөлім. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
20. Қоғам қызметінің мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемелеріне, жолаушыларға, қол жүктерге, пошта мен жүктерге тұрақты, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

2) табыс алу болып табылады.

21. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғам мынадай қызмет түрлерін:

1) инфрақұрылымды жоспарлы және кешенді дамыту;

2) құрылыстарды, құрылғылар мен техникалық құралдарды жұмыс істейтін күйде ұстау;

3) азаматтық әуе кемелерін, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, қол жүкті, поштаны өңдеу, оларды тексеріп қарау және бақылау;

4) әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектілерін ұстау, жөндеу және пайдалану;

5) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету, бақыланатын аймақта бақылау өткізу режимін қамтамасыз ету және оларды өртке қарсы қамтамасыз ету;

6) азаматтық әуе кемелерінің ұшуын жарық түсіру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ және аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;

7) азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықпен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;

8) пайдаланушыларға азаматтық әуе кемелерін және басқа да тұтынушыларға арнайы автокөлік құралдарын беру;

9) әуежайларда және азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;

10) азаматтық авиация саласында қажетті деректермен жолаушыларға, экипаждарға, халыққа ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;

11) мүлік пен қызметкерді, оның ішінде тасымалдау кезінде күзетпен қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған негізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге қызмет.

22. Егер қызметтің қандай да бір түрін, оның ішінде жоғарыда атап өткендерді жүзеге асару үшін құзыретті органның рұқсаты (лицензия, сертификат) не тіркеу және/немесе халықаралық органдардың рұқсаты қажет болған жағдайда, Қоғам қызметтің осы түрін Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті рұқсат (лицензия, сертификат) алғаннан кейін жүзеге асырады.

5-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРІ
23. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.


6-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРІНІҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
24. Қоғамның Жалғыз акционері құқылы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен және талаптарда дивидендтер алуға;

3) Қоғамның қызметі туралы ақпараттар алуға, оның ішінде Қоғамның Жалғыз акционері анықтаған немесе осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға, сондай-ақ аффилиирленген ұйымдар бөлінісінде Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты сұрауда белгіленген мерзімде немесе Қоғамға сұраныс түскен күннен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде алуға;

Қоғамның режимді бөлімшелерінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

4) тіркеушіден немесе атаулы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын көшірмелерді алуға;

5) Қоғамның Директорлар кеңесін сайлауға;

6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулауға;

7) Қазақстан республикасы заңнамасымен қарастырылған өз атынан сот органдарына шағымдана алады, Қоғамның лауазымды тұлғаларына Қоғамға келтірген Қоғамның шығындарын өтеу талабымен, сондай-ақ, Қоғамның лауазымды тұлғаларымен Қоғамға және (немесе) ірі мәмлені бекіту туралы және (немесе) іске асуында мүдделілігі бар мәмлелерді бекіту туралы шешім қабылдау нәтижесінде алынған, олардың аффилириленген тұлғаларымен пайданы (кірісті) қайтып алу талабымен бара алады;

8) Қоғамға жазбаша өтінішпен, оның қызметіне қатысты және мерзімінде сұраныспен белгіленген мардымды жауаптарын алуға немесе сұраныс алған сәттен бастап отыз күннен кешіктірмей бара алады;

9) Қоғамды таратқан кезде мүліктің бір бөлігін алуға;

10)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акцияларды немесе Қоғамның акциясына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алуға;

11) Қоғамның органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Жарғының нормаларын бұзатын іс-қимылдар жасаған жағдайда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;

12) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

13) аудиторлық ұйымның Қоғамның аудитін өз есебінен жүргізуді талап етуге;

14) өз құқықтарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы алуға;


15) Қоғам өкілдерімен Қоғамның Жалғыз акционерінің негізгі құқықтары мен корпоративтік басқару саясатын сақтау сұрақтары пысықталсын.

Осы тармақта көзделген Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары жеткілікті болып табылмайды. Қоғамның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес басқа да құқықтарды пайдалана алады.

25. Қоғамның Жалғыз акционері міндетті:

1) Қоғам акцияларын ұстаушыларының тізбесін жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы Қоғам тіркеушісін және Жалғыз акционерге тиесілі акциялардың атаулы ұстаушысын 10 (он) күн ішінде хабардар етуге;

2) Қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларын құрайтын қызметі туралы ақпаратты жария етпеуге;

3) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңнамасында көзделген тәртіппен акцияларды төлеуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Қоғам мен тіркеуші осы Жарғының 25-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талаптарды Жалғыз акционердің орындамауы салдарына жауапты болмайды.

Директорлар Кеңесі мен Басқарма Қоғамның қызметінде жоспарланған өзгерістерді негіздеуге және Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау мен сақтаудың нақты саясатын ұсынуға міндетті.



7-бөлім. АҚПАРАТ БЕРУ ЖӘНЕ

ҚҰЖАТТАРДЫ САҚТАУ ТӘРТІБІ
26. Қоғам Қоғамның Жалғыз акционерінің мүддесін қозғайтын Қоғамның қызметі туралы ақпаратты тиісті фактілер пайда болған сәттен бастап 5 (он) күнтізбелік күн ішінде Жалғыз акционердің назарына жеткізуге міндетті.

27 тармаққа «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (2016 жылғы 27 маусымдағы № 25/16 шешімі)

27. Қоғамның жалғыз акционерінің мүддесін қозғайтын ақпараттар мыналар:

1) Мәселелер тізбесі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат Қоғамның Жалғыз акционерінің назарына жеткізілсін;

2) Қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерін, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерін бекіту, қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;

3) Қоғамның ірі мәмілелері және іске асуында Қоғамның мүддесі болатын мәмілелерді жасасуы;

4) Қоғамның меншік капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде Қоғамның қарыз алуы;

5) Қоғамның қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға рұқсат алу, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға бұрын алған рұқсаттарды тоқтату немесе қолданылуын тоқтату;

6) Қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;

7) Қоғамның мүлкіне тыйым салу;

8) нәтижесінде Қоғам мүлкі жойылған теңгерім құны Қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы;

9) Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапқа тартылуы;

10) Корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғауы;

11) Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешімдер;

12) Қоғам активтерінен бес және одан жоғары пайызын құрайтын, сомаға Қоғам мүлігін кепілдікке тапсыру ( қайта кепілдендіру).

13) Қоғамның Жарғысы және Қоғамның акциялар шығару проспектісіне сәйкес, Қоғамның Жалғыз акционерінің мүддесін қозғайтын өзге де ақпарат болып табылады.
Қоғамның қызметі туралы және Қоғамның өзге бұқаралық ақпараты Қоғамның Интернет желісіндегі airport.pvl.kz немесе Республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.
28. Қоғамның Жалғыз акционерінің өзінің талабы бойынша Қоғам Жарғысының 28-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оған беруге міндетті.

Корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғау туралы ақпарат Жалғыз акционерге Қоғаммен азаматтық істің корпоративтік дауы бойынша сәйкес сот хабарламасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.


29. Қоғам жалғыз акционерді шаруашылық-қаржылық қызметі туралы және оның нәтижесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес нақты мәліметпен қамтамасыз етеді. Акционерлік капитал (акциялар) саласындағы мәмілелер Қоғамның Жалғыз акционері үшін таза және негізделген болу керек.

Қоғамның Жалғыз акционері Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұраныс жүгінуге және сұраныста белгіленген мерзімде немесе 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей дәлелді жауап алуға құқылы.


30. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғалары бойынша осы тұлғалар ұсынылған мәлімет негізінде есеп жүргізеді.
31. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін бағалы қағаздар нарығының реттеуі мен қадағалауын жүргізетін мемлекеттік органға оның белгілеген тәртібімен ұсынады.
32. Қоғамның Жалғыз акционері мен Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғамға аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті аффириирлік туу жағдайында 7 (жеті) күн аралығында ұсынады.
33. Егер бұрында Қоғамның Жалғыз акционерімен немесе Қоғамның лауазымды тұлғасымен тұлға аффилиирленген ретінде белгіленіп қазіргі кезде ондай болмаса, онда Қоғамның Жалғыз акционері немесе Қоғамның лауазымды тұлғасы Қоғамды бес күн арасында хабардар етеді.
34. Аффилиирленген тұлғалар бойыша мәлімет Қоғамға бағалы қағаздар нарығының реттеуі мен қадағалауын жүргізетін мемлекеттік органмен сәйкес бекітілген нысаны бойынша ұсынылады.
35. Қоғамның қызметіне қатысты құжаттар, Қоғамның атқарушы органының орналасқан мекен-жайы бойынша барлық қызмет мерзімінде Қоғамның сақталуына жатады. Сақталуға келесі құжаттар жатады:

1) Қоғамның Жарғысы, Қоғамның Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

2) Жалғыз құрылтайшының шешімі, жалғыз құрылтайшының шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

3) Қоғамның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлік;



4) тармақшаға «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (2016 жылғы 27 маусымдағы № 25/16 шешімі)

4) қоғаммен қызметтің белгілі түрлерін алуға және (немесе) белгілі іс-әрекеттерді орындауға рұқсаттар;

5) Қоғамның теңгерімінде есепте тұрған мүліктің құқығын растайтын құжаттар;

6) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектісі;

7) Қоғамның бағалы қағаздары шығуын растайтын, бағалы қағаздардың күшін жою және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы құжаттар.

8) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;

9) оларға қатысты қоса берілген материалдары бар Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі;

10) директорлар Кеңесі отырысының хаттамалары (сырттай отырысының шешімі) және бюллетеньдер (соның ішінде, жарамсыз бюллетеньдер), Қоғамның директорлар Кеңесінің күн тәртібі бойынша материалдар;

11) Қоғам Басқармасы отырысының (шешімдері) хаттамалары;

12) Қоғамның корпоративтік басқару Кодексі.

36. Қоғам мүдделілігі бар мәмілені жасасуға ұмтылмайды. Егер ондай мәміле жасаса, Қоғам сәйкестік мәміле туралы және Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты ашады.
8-бөлім.ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ

БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ
37. Қоғам жай акцияларды шығарады. Жай акциялар Жалғыз акционерге Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін шешімдерді қабылдауға құқық береді. Қоғамда таза кіріс болған кезде дивидендтер алуға және де Қоғам таратылған кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жарты мүлігін алуға құқылы.

38. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

39. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді Қоғамның тіркеушісі ғана жүзеге асыра алады, ол Қоғамның аффилиирленген тұлғасы және оның аффилиирленген тұлғалары болмауға тиіс.

Қоғамның сатып алған меншік акциялар туралы мәліметтер міндетті түрде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне енгізілуге жатқызылады.


40. Акцияларды ұстаушылардың тізілімінен көшірмелер Жалғыз акционердің қол қойылған және толық төленген акцияларға құқығын растайтын құжаттар ретінде жүреді.

41. Қоғам өз орналастырған акцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ғана кепілге қабылдайды.

42. Қоғамның акцияларын кепілге салу құқығы осы Жарғының ережелерімен шектелмейді немесе жойылмайды.

43. Қоғам Жалғыз акционерге орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.


44. Қоғам Жалғыз акционердің шешімі бойынша Қоғам қызметі үшін қаражат тарту мақсатында облигациялар шығаруға құқылы. Облигация иеленушілердің Қоғамды басқаруға қатысу құқықтары жоқ.
45. Облигацияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен реттеледі.
46. Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелмеген акциялар мен облигацияларды шығарудың, олардың қозғалысы мен есепке алудың басқа да мәселелері Қоғамның Жалғыз акционері немесе Қоғамның директорлар Кеңесімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде анықталады.

9-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ТАЗА КІРІСІН БӨЛУ ТӘРТІБІ.

АКЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИВИДЕНДТТЕР
47. Қоғамның таза кірісі жыл қорытындысы бойынша (салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) Қоғамның Жалғыз акционері белгілі шешімімен, тәртіппен үлестіріледі.

Таза кірістің бөлінуі Қоғамның Жалғыз акционермен Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу, Қоғамның Жалғыз акционері шешімімен жыл қорытындысы бойынша іске асады.

Қоғам акциялары бойынша дивидендтер ақшамен төленеді, сонымен қатар, Қоғамның Жалғыз акционері шешішімен Қоғамның бағалы қағаздарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Қоғамның Жалғыз акционері шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялай отырып, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
48. Дивидендтерді есептеуге жол берілмейді:

1) меншік капиталдың мөлшері теріс немесе егер Қоғамның меншік капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болған кезде;



2) тармақшаға «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (2016 жылғы 27 маусымдағы № 25/16 шешімі)
2) егер Қоғам құқығын қалпына келтіру және банкротқа ұшырау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі белгілеріне жауап береді немесе осы белгілер Қоғамның акциялары бойынша дивиденттерді төлеу нәтижесінде Қоғамда пайда болады.
49. Қоғам дивидендтердің уақтылы төленуін Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.

10-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
50. Қоғам жыл сайын уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұластырылмаған жылдық қаржылық есепті және аудиторлық есепті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отыруға міндетті.
Қоғам өзге де қаржылық есептілікті қосымша жариялауға құқылы.

Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады және оны Қоғамның Жалғыз акционеріне берген күнге дейін отыз күннен кешіктірмей Қоғамның директорлар Кеңесінің алдын ала бекітуіне жатады.

Басқарма талқылау және бекіту үшін аудит қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген аудит бойынша Қоғамның Жалғыз акционеріне өткен жылғы жылдық қаржылық есептілікті тапсырады. Қаржылық есептіліктен басқа Басқарма Қоғамның Жалғыз акционерінее аудитор ұсынымдарын (басшылыққа хат) қоса алғанда, аудиторлық есепті береді.
51. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекітуді Қоғамның Жалғыз акционері жүргізеді.
52. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын, сондай-ақ ағымдағы іс жағдайын тексеру және растау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында және Қоғамның Жалғыз акционері шешімінде белгіленген тәртіппен қаржылық есептілік және аудит халықаралық стандарттарға сәйкес, Қоғам қаржы жылының қорытындысы бойынша оның аяқталуынан 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын аудит жүргізуге міндетті.
Егер Қоғам Басқармасы Қоғама аудитін жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен белгіленуі мүмкін.
Қоғамда аз дегенде бес жылда бір рет аудиторлық ұйым ауыстырылады.
53. Қоғам Басқармасы ұсынылған қаржылық ақпараттың толықтығы мен нақтылығы үшін жауапты болып табылады.

11-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
54. Қоғамның органдары:

1) жоғары орган – Жалғыз акционер;


2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы органы – Қоғам Басқармасының төрағасымен басқарылатын, Басқарма;
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару саласында құжаттарды орындауды және қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын органы – Қоғамның ішкі аудит Қызметі болып табылады.

12-бөлім. ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРІНІҢ

АЙРЫҚША ҚҰЗІРЕТІ
55. Қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционер жеке қабылданады және жазбаша түрде ресімдеуге жатады.

56 тармаққа «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (2016 жылғы 27 маусымдағы № 25/16 шешімі)
56. Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:

1) Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;

2) корпоративтік басқару Кодексін, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;

3) Қоғамның жариялаған акцияларының санын ұлғайту немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акциялар түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;


4) Қоғамның дивидендтік саясатын бекіту;

5) Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;


6) Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның Төрағасын, мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
7) Қоғамның директорлар Кеңесі туралы ережелерді бекіту;

8) Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелеріне біліктілік критерийлерін және Қоғамның директорлар кеңесі мүшелеріне тәуелсіздік критерийлерін бекіту;

9) белгіленген заң тәртібі бойынша Басқарма Төрағасы өкілеттігін тағайындау келісімі және мерзімнен бұрын тоқтату;

10) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау және аудиторлық ұйымның қызмет көрсетуіне төлем мөлшерін айқындау;

11) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;

12) Қоғамның есептік қаржылық жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту;


13) Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, Қоғамның жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;

14) Қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы басқа да заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне Қоғамның қатысуы туралы шешім қабылдау;

15) Қоғам акцияларды Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес сатып алған кезде олардың құнын анықтауын өзгерту әдістемесін (егер ол бекітілген болмаса, әдістемесін бекіту) бекіту;

16) Қоғамның лауазымды тұлғасының кінәсі бойынша Қоғамға келтірілген шығынды өтеу туралы Қоғамның сотқа арыз жазу туралы шешім қабылдау;

17) Қоғамның Жалғыз акционерінее Қоғамның қызметі туралы мәліметті ұсыну тәртібін анықтау, сонымен бірге, егер Қоғам Жарғысымен ондай тәртіп белгіленбесе бұқаралық ақпарат құралдарының тәртібін анықтау;
18) «Алтын акция» енгізу мен жою;

19) жойылды;

20) Қоғамның бағалы қағаздарының айырбастау тәртібі мен шарттарын, сон дай-ақ, олардың өзгерісін анықтау;

Қоғамның жай акциясына айырбасталатын Қоғамның бағалы қағаздарын шығару туралы шешім шығару;

21) Жайғастырылған акцияның бір түрін, акциялардың өзге түрлеріне айырбастау туралы шешім шығару, мұндай айырбастың шарттарын анықтау;

22) листинг алу және Қоғам акцияларының ерікті делистингісі туралы шешім шығару;

23) қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтері мен әкімшілік аппаратын орналастыруға алаң нормасын анықтау;

24) Қоғамның іссапарларға жіберілетін қызметкерлерінің шығындарының орнын толтыру шарттары мен тәртібін анықтау;

25) ұялы байланысты пайдалану құқығын қызметкерлерге беру кезінде Қоғамның қаражаты есебінен өтелетін шығыстырдың лимиттерін, өкілдік шығыстардың лимиттерін анықтау және акционердің шешімі бойынша басқа да лимиттерді анықтау;

26) Қазақстан Республикасының Заңымен және Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылатын Қоғам Жарғысымен шешімдер қабылданатын Қоғамның ішкі құжаттарының бекітілуі;

27) Қазақстан Республикасының Заңы және Қоғамның Жалғыз акционер құзырына жататын осы Жарғымен қабылданатын өзге де мәселелер жатады.
57. Егер Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау Қоғамның Жалғыз акционерінің айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, Қоғамның лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің құзіретіне беруге болмайды.
58. Қоғамның Жалғыз акционері Қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша Қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.


жүктеу 350,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау