Салыстырмалы кесте



Дата06.02.2020
өлшемі93 Kb.
#28379


«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ







Құрылымдық элементтің атауы



Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме. Тапсырмаға сілтемеден басқа:

1) түзетудің мәні;

2) әрбір енгізілетін түзетуге нақты негіздеме көрсетілуге тиіс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

1

8-тармақ

8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);


      4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге басым назар аударылады);

5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);


6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);


      4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге басым назар аударылады);

5) ауылдық елді мекендерді және аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);

6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.


2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

2

9-тармақ

9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.

Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша іске асырылады.



9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.

Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша іске асырылады.



2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

3

12-тармақ

12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.



12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіуәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.



«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1–бабы 33) тармақшасын орындау мақсатында

4

18-1 -тармақ

Жоқ

18-1. Қажетті жабдықты сатып алу үшін қаржыландыру лимиті ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізіледі;

Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.

Қажетті жабдықты сатып алу әлеуметтік-экономикалықдаму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде және аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылады.

Жабдықтарды сатып алу:

1) елді мекендерді санитарлық қамтуды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын сатып алуды;

2) балаларды және халықтың ұтқырлығы аз тобын тасу үшін көлік құралдарын сатып алуды;

3) елді мекендерді үздіксіз сумен жабдықтауды, кәрізбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын және жабдықтарын сатып алуды қамтиды.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті қоғамдастықтың жиындарын және жиналыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігі негізге алына отырып, іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.

Жергілікті атқарушы органдар сатып алу үшін қажетті жабдықтарды іріктеу рәсімін жергілікті қоғамдастықтың жиында мыналарға:

1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;

2)жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;

3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;

мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуына;

4) қажетті жабдықтарды сатып алуға баға ұсыныстарының болуына байланысты жүзеге асырады.

Жергілікті артқарушы органдар Бағдарлама операторына тауардың техникалық сипаттамасын, тауарды жеткізушінің баға ұсынысын және тиісті аудандық маңызы бар қаланы, ауылдың, кенттің, аулыдқы округтің әкімі бекіткен қажетті жабдықты сатып алу туралы жергілікті қоғамдастық жиыны шешімі хатамасының көшірмесін қоса беріп, сатып алынатын жабдықтардың тізбесін ұсынады.

Сатып алынатын жабдықты іріктеу кезінде басымдық қазақстандық қамтуы бар жабдыққа беріледі.

Қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша бюджет қаражатының үнемі қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға жұмсай алады.

Жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторына сатып алынған жабдықты мақсатты пайдалану туралы мәліметтер ұсынады.


2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

5

22-тармақ

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер, сатып алынған жабдық туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1–бабы 5) тармақшасын орындау мақсатында

6

97-тармақ

   97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.

Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына барабар бөлінетін болады.

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.

Бұл ретте, Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасының кемінде 70 %-ын ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.


Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.

.......


97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.

Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына барабар бөлінетін болады.

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.

Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.

Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды және жабдықтар сатып алуды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.



........

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

_____________________________________

Вице-минитр С. Жақыпова

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау