|
Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»
|
бет | 21/27 | Дата | 08.12.2022 | өлшемі | 209,23 Kb. | | #40530 |
| 680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөліміСот Андреевты көлiктi қайтарып беруге‚ ал Васильевты Андреевтың ақшасын қайтарып беруге мiндеттеп‚ Васильеваның талабын орындайды. Бiрақ көлiктi жөндеу шығындары Андреевқа өтелмейдi. Соттың шешiмi дұрыс па?
Ұсынылатын қайнар көздері:
1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet.zan.kz/.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet.zan.kz/.
3 Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» 2007 ж. 26 шілдедегі № 310-III Заңы // http://adilet.zan.kz/.
4 Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 26.12.2011 ж. № 518-IV Кодексі. // http://adilet.zan.kz/.
5 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 ж. 16 сәуірдегі № 91-1 Заңы. // http://adilet.zan.kz/.
6. Сулейменов М.К. Избранные труды по частному праву (2011-2016). Т. 1 / М.К. Сулейменов. Гражданское право. – Алматы, 2016. (стр.126-162).
7. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М.К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. – Алматы 2016. – 400 с.
8. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М.К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. – Алматы 2016. – 576 с.
9. Рамазанова А.С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім): оқу құралы. – Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. – 130 б.
Тақырып 11. Міндеттеменің түсінігі мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар. Міндеттемені орындау.
1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Цемент зауыты тауар жеткiзiлiмi шарты бойынша осы жылдың екiншi тоқсанында құрылыс трестiнiң атына 100 вагон цемент жiберуi тиiс едi. Iс жүзiнде 80 вагон жүктелiп жiберiледi. Құрылыс трестi өнiмнiң жетiксiз жiбергенi үшiн зауытқа айып тө-летiп‚ жеткiзiлмеген жүктiң шығынын толықтыруды талап етедi. зауыт жiберген қатесi үшiн айып төлеу түрiнде жаза тартқанын негiзге ала отырып‚ трест талабынан бас тартады.
Зауыттың талаптан бас тартуға негiзi бар ма?
№ 2. Көтергіш-көлік жабдығы зауыты жасасқан шартқа сәйкес портқа келесi жылдың бiрiншi тоқсанда порттық кран жеткiзiп беруге мiндеттi едi. Бiрақ басқа сатып алушылардың бас тарту себебiнен осы жылы-ақ кранды жеткiзiп беру мүмкiндiгi туады. Кранның тездетiп жеткiзiлуiне порт мүдделi шығар деген оймен зауыт оны жедел тиеп жiбергеннен соң төлем ақысын өтеудi сұрайды. Порт‚ кранды алып‚ ақысын төлеп‚ оны орнықтыру жұмыстарына кiрiседi, сонымен қатар кранды зауытқа мезгiлден бұрын жеткiзгенi үшiн айып төлеудi талап етедi. Талап қанағаттандырарлық па?
№ 3. Апаттың салдарынан коммерциялық дүңгіршек бүлінген. Дүңгіршектің меншік иесі автокөлік иесі Савельевтен залалдың орнын толтыруды талап етті. Савельев дүңгіршекті қалпына келтірге уәде етті, және оның иесі - Петровқа тиісінше қолхат берді. Біраз уақыт өткен соң, Петров, дүңгіршекті меншік иесі деп тану бойынша құжаттарды тексерген кезде, қолданыстағы сақтандыру полисін тауып алады, тиісінше дүңгіршек үшінші тұлғалардың әрекеттерінен сақтандырылған. Сақтандыру компаниясы сақтандыру өтемақыны төлейді де және Петровқа төленген заладың орнын толтырған соманы Савельевтен талап етеді.
Савельев төлеуден бас тартады, Петров екеулерінің арасында келісімнің бар екенін, онда Савельев дүңгіршекті жөндеу үшін емес, дүңгіршекті қалпына келтіретініне сілтеме жасайды, Ол оның үстіне құрылыс материалдарын сатып ала бастады және қажетті жұмыстарды жүргізуге ниет білдірді.
Сақтандыру компаниясы Савельевке талаппен сотқа жүгінді. Савельевке Петровта талап қойып отыр, оның пікірінше, сақтандыру компаниясы оған төленген сомасы дүңгіршекті толық қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болғанын және мәжбүрлі үзілістен туындаған шығындар мен жойылған тауарлар үшін өтемақыны талап етті. Істі шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|