Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. САЛЫҚТАР, БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛДАР ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРТІЛУІ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ТОҚТАТУ НЕГІЗІ



жүктеу 16,95 Mb.
бет5/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97

6-ТАРАУ. САЛЫҚТАР, БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛДАР ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРТІЛУІ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ТОҚТАТУ НЕГІЗІ


49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер

1. Осы Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салық берешегін өтеу мерзімдерін ұзарту осы Кодекстің (55) ____ бабының 1-тармағында көзделген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.

2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулер нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемақының төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.

3. Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Ұлттық қорға түсетін салықтар бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдері өзгертуге жатпайды.

4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдері салық төлеушінің ол салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салық міндеттемесін орындау кестесін бұзуына байланысты, салық органы бұрын шығарылған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда, өзгертілмейді.

5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды кестесін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.

7. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі шеңберінде;

осы Кодекстің ___ бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу кейiнге қалдырылған немесе мерзiмi ұзартылған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің ___ бабына сәйкес салық төлеушіні өсімпұлдарды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден босатпайды.

8. Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу кейiнге қалдырылған немесе мерзiмi ұзартылған кезде де қолданылады.


50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган

1. Республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы қабылдайды.

2. Жергілікті бюджеттерге толық көлемде келіп түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешімді салық төлеуші тіркеу есебіне алынған жердегі салық органы қабылдайды.
51-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды ұсыну тәртібі мен шарттары

1. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге ұсынылады.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш айдан аспайтын мерзімге ұсынылады.

Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салықтар және (немесе) төлемақылар бойынша ұсынылуы мүмкін.

2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімінде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге ұсынылуы мүмкін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі мына негіздердің бірі:

1) салық төлеушіге тосын күштің (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және тосын күштің өзге де мән-жайлары) нәтижесінде залал келтірілу;

2) салық төлеушінің тауарларды өндіруі және (немесе) өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі маусымдық сипатқа ие болуы;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылмайтын мүлкін есепке алмағанда) бір мезгілде салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;

4) соттың төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;

5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;

6) салық төлеушінің қосымша салық есептілігін ұсынуы;

7) салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың есепке жазылған сомаларымен келісуі орын алған жағдайда, кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту ұсынылатын мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға негіз жеткілікті болса, ұсынылуы мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күніне дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.

3. Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағаларын (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздерін) және олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерін растайтын құжаттардың) көшірмелері. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жекеше практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;

2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің болуын растайтын құжаттар;

3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен соң жасалуға тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағының мынадай тармақшаларында көзделген негіз бойынша:

1) тармақшасында көзделген негіз бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты тосын күш мән-жайларының басталу фактісі туралы растауы;

2) тармақшасында көзделген негіз бойынша – салық төлеуші жасаған және мұндай адамның тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түскен ортақ кірісте маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін оның кірісінің үлесі елу пайыздан аз емес екендігін растайтын құжат;

3) тармақшада көзделген негіз бойынша – өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен соң тиісті уәкілетті орган берген жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылдағы кірісі, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуге арналған негіздердің болуын растайтын құжаттар болып табылады.

5. Кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды ұсыну немесе оны ұсынудан бас тарту туралы шешімді осы Кодекстің ___ бабына сәйкес осындай шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылдайды.

Кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды ұсыну туралы шешім оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6. Кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды ұсынудан бас тарту туралы шешім уәжделген болуға тиіс.


52-бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу шарттары

1. Мүліктік кепіл шарты мынадай:

1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

2) кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу кестесін бұзған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікті өткізу шығыстарын ескере отырып, оның нарықтық құны кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасынан кем болмауға тиіс шарттар сақталған жағдайда, салық төлеушінің кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

салық органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды;

3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайларда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының уәкілетті мемлекеттік органда тіркелгенін растайтын құжатты табыс етеді.
53-бап. Банк кепілдігі

1. Банк кепілдігіне байланысты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсыну шарттарын бұзған жағдайда, банктің (кепілдік берушінің) салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндеттемесін орындау міндеті туындайды.

2. Банк кепілдігі мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

2) банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс.

3) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі салық төлеушінің банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндетін орындаудың белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап алты айдан соң аяқталуға тиіс;

4) банк кепілдігі берілген сома кепілдік берушінің салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндетін толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

3. Банк кепілдігі жөніндегі міндеттемені кепілдік беруші банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты алған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде орындауға тиіс.

4. Кепілдік берушінің салық органына банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты қанағаттандырудан бас тартуына құқығы жоқ (егер мұндай талап кепілдік берушіге банк кепілдігі берілген мерзім аяқталғаннан кейін қойылған жағдайды қоспағанда).
54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданылуын тоқтату

1. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданылуы тиісті шешімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

2. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:

1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;

2) салық төлеуші салық және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсыну шарттарын бұзған жағдайда;

3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің ___ -бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда, – органның тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтар және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайда, мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтар және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

3. Салықтар және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіге кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарлама жібере отырып тоқтатады.
55-бап. Кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі

1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау кестесі бұзылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.

2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу арқылы жүргізеді.

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Салық органы салықтар және (немесе) төлемақылар төлеу жөніндегі талаптың орындалу мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты кепілдік берушіге жібереді.




жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау