Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



жүктеу 26,45 Mb.
бет99/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   136
Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын жер учаскесін жер пайдалану құқығында иеленудің нақты кезеңі үшін есептейді.

Жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалау құны жер учаскесін бағалау құнын он екіге бөлу және жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін иеленудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.

Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 445-бап өзгертілді



445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері

Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

 

446-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бірінші бөлік жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 447-бап өзгертілді



447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.



Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 



2010.21.01. № 242-IV Заңымен 63-тараудың тақырыбы өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 63-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер

және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

 

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 448-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



448-бап. Жалпы ережелер

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер болып табылатын шаруа немесе фермер қожалықтары және заңды тұлғалар (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер), сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі — арнаулы салық режимі);

2) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері осы режимді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режим кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданылады.

Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;

мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;

өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;

агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);

агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Осы тараудың мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын ауыл шаруашылығы кооперативтері жатады.

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:

1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;

2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.

Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Мыналардың:

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;

2) еншілес ұйымдары бар заңды тұлғаның;

3) арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;

4) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін үлестес тұлға болып:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларының ережелері ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 449-бап жаңа редакцияда



449-бап. Салық кезеңі

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 159, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 450-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 450-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-IV Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 450-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 450-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



450-бап. Қолдану шарттары

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.

Жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер арнаулы салық режімiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.



Бұл ретте:

1) жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер үшін - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;

2) жаңадан ашылғандарды (пайда болғандарды, құрылғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама табыс етілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.

2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.



Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама тапсырылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.

3. Осы Кодекстiң


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау