автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
2-кесте
Рет
№
|
Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен
|
Жол берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)
|
|
2
|
3
|
1.
|
Биіктігі:
|
|
1.2.
|
4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда
|
0,009
|
1.3.
|
4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда
|
0,018
|
1.4.
|
5-тен жоғары
|
0,036
|
2.
|
Ені:
|
|
2.1.
|
2,55-тен (изометрикалық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда
|
0,009
|
2.2.
|
3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда
|
0,019
|
2.3.
|
3,75-тен жоғары
|
0,038
|
3.
|
Ұзындығы:
|
|
3.1.
|
жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)
|
0,004
|
2. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
462-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін бюджетке төленеді.
Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаты алынғанға дейін рұқсат құжаты алынған жер бойынша бюджетке төленеді.
Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.
6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 463-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.
464-бап. Алым төлеушілер
Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
465-бап. Алым алу объектісі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып табылады.
2. Мыналардан:
1) мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мыналарды:
салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату;
кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу;
салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті сату;
соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;
белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі аукциондардан;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) бағалы қағаздарды сату жөніндегі аукциондардан;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 466-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
466-бап. Алым мөлшерлемесі
Алым мөлшерлемесі 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
467-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлеушілер алым сомасын салық салу объектісіне мөлшерлеме қолдану арқылы дербес есептейді.
2. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
468-бап. Салық декларациясы
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзі орналасқан жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан ішінде өткізілген аукциондар бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
67-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
469-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.
2. Лицензиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 470-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
470-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алатын, сондай-ақ лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 471-бап өзгертілді
471-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып белгiленедi және мыналарды құрайды:
Рет №
|
Лицензияланатын қызмет түрлері
|
Алым мөлшерлемелері, АЕК-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері:
|
|
1.1.
|
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
|
1.2.
|
Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін (технологиялық) жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін (технологиялық) жобалау, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану
|
10
|
1.3.
|
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
|
1.4.
|
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми |
Достарыңызбен бөлісу: |