404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 405-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 405-бап жаңа редакцияда
405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 406-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 406-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
406-бап. Салық базасы
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К айм х К аек. өзг.
Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін құн ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген жаңадан тұрғызылған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б x S x К айм.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ - салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ - физикалық тозу коэффициенті;
К айм - аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с
№
|
Елді мекеннің санаты
|
Базалық құн,
теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
|
Қалалар
|
|
1
|
Алматы
|
60 000
|
2
|
Астана
|
60 000
|
3
|
Ақтау
|
36 000
|
4
|
Ақтөбе
|
36 000
|
5
|
Атырау
|
36 000
|
6
|
Қарағанды
|
36 000
|
7
|
Қызылорда
|
36 000
|
8
|
Көкшетау
|
36 000
|
9
|
Қостанай
|
36 000
|
10
|
Павлодар
|
36 000
|
11
|
Петропавл
|
36 000
|
12
|
Талдықорған
|
36 000
|
13
|
Тараз
|
36 000
|
14
|
Орал
|
36 000
|
15
|
Өскемен
|
36 000
|
16
|
Шымкент
|
36 000
|
17
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
12 000
|
18
|
Аудандық маңызы бар қалалар
|
6 000
|
19
|
Кенттер
|
4 200
|
20
|
Ауылдар
|
2 700
|
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары айқындайтын, әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай формула бойынша есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін құн ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген тұрғынжайдың жаңадан тұрғызылған салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б x S x K айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,
гараж бойынша - 15 пайыз,
S - тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалардың мүлкі салығы салынатын объектілердің физикалық тозу коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға жатады.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық органдары салық базасын осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде айқындайды.
9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.
10. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 407-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимараттардың бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін ұсынады.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
408-бап. Салық мөлшерлемелері
Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1
|
2
|
3
|
1.
|
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы
|
2.
|
2 000 000 теңгеден жоғары
4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы
|
3.
|
4 000 000 теңгеден жоғары
6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда
|
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы
|
4.
|
6 000 000 теңгеден жоғары
8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы
|
5.
|
8 000 000 теңгеден жоғары
10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы
|
6.
|
10 000 000 теңгеден жоғары
12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы
|
7.
|
12 000 000 теңгеден жоғары
14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы
|
8.
|
14 000 000 теңгеден жоғары
16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы
|
9.
|
16 000 000 теңгеден жоғары
18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы
|
10.
|
18 000 000 теңгеден жоғары
20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы
|
11.
|
20 000 000 теңгеден жоғары
75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы
|
12.
|
75 000 000 теңгеден жоғары
100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы
|
13.
|
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы
|
14.
|
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы
|
15.
|
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы
|
16.
|
450 000 000 теңгеден жоғары
|
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы
|
409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер салық кезеңі ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың бірінші күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.
3. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.
4. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
9. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.
410-бап. Салық кезеңі
1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
411-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
412-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
413-бап. Салық мөлшерлемелері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 413-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі:
1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тотализатордың кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тотализатордың электрондық кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық мөлшерлемесі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
414-бап. Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 416-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.
2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:
1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.
417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 418-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.
420-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
421-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 422-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
422-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
Рет №
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
12
|
2.
|
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
18
|
3.
|
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
1
|
4
|
4.
|
Ойын жолы
|
5
|
83
|
5.
|
Карт
|
2
|
12
|
6.
|
Бильярд үстелі
|
3
|
25
|
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
1-1. Салық мөлшерлемесі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.
423-бап. Салық кезеңі
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлемесінің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 425-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі.
18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері
1) мыналарды:
патент негізінде арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін.
Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бірдей белгіленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 5-тармағында аталғандарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушілер ұсынатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) - бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;
3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.
6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
Достарыңызбен бөлісу: |