379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын салық мөлшерлемелері
Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кіретін, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
«Жерге салық салу мақсаты үшін салық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру схемасын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 356 шешімін қараңыз
Р/с №
|
Елді мекеннің санаты
|
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
|
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Қалалар:
|
|
|
1.
|
Алматы
|
28,95
|
0,96
|
2.
|
Астана
|
19,30
|
0,96
|
3.
|
Ақтау
|
9,65
|
0,58
|
4.
|
Ақтөбе
|
6,75
|
0,58
|
5.
|
Атырау
|
8,20
|
0,58
|
6.
|
Қарағанды
|
9,65
|
0,58
|
7.
|
Қызылорда
|
8,68
|
0,58
|
8.
|
Көкшетау
|
5,79
|
0,58
|
9.
|
Қостанай
|
6,27
|
0,58
|
10.
|
Павлодар
|
9,65
|
0,58
|
11.
|
Петропавл
|
5,79
|
0,58
|
12.
|
Талдықорған
|
9,17
|
0,58
|
13.
|
Тараз
|
9,17
|
0,58
|
14.
|
Орал
|
5,79
|
0,58
|
15.
|
Өскемен
|
9,65
|
0,58
|
16.
|
Шымкент
|
9,17
|
0,58
|
17.
|
Алматы облысы:
|
|
|
18.
|
облыстық маңызы бар қалалар
|
6,75
|
0,39
|
19.
|
аудандық маңызы бар қалалар
|
5,79
|
0,39
|
20.
|
Ақмола облысы:
|
|
|
21.
|
облыстық маңызы бар қалалар
|
5,79
|
0,39
|
22.
|
аудандық маңызы бар қалалар
|
5,02
|
0,39
|
23.
|
Облыстық маңызы бар басқа қалалар
|
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы
|
0,39
|
24.
|
Аудандық маңызы бар басқа қалалар
|
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы
|
0,19
|
25.
|
Кенттер
|
0,96
|
0,13
|
26.
|
Ауылдар
|
0,48
|
0,09
|
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 382-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.
Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қалған елді мекендер үшін:
көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгіленеді:
Рет
№
|
Бонитет балы
|
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)
|
Рет
№
|
Бонитет балы
|
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
0
|
48,25
|
52.
|
51
|
2634,45
|
2.
|
1
|
91,67
|
53.
|
52
|
2690,23
|
3.
|
2
|
135,10
|
54.
|
53
|
2745,95
|
4.
|
3
|
178,52
|
55.
|
54
|
2801,72
|
5.
|
4
|
221,95
|
56.
|
55
|
2857,46
|
6.
|
5
|
265,37
|
57.
|
56
|
2913,24
|
7.
|
6
|
308,80
|
58.
|
57
|
2968,96
|
8.
|
7
|
352,22
|
59.
|
58
|
3024,73
|
9.
|
8
|
395,65
|
60.
|
59
|
3080,47
|
10.
|
9
|
439,07
|
61.
|
60
|
3136,25
|
11.
|
10
|
482,50
|
62.
|
61
|
3188,36
|
12.
|
11
|
530,75
|
63.
|
62
|
3247,75
|
13.
|
12
|
592,41
|
64.
|
63
|
3325,49
|
14.
|
13
|
654,08
|
65.
|
64
|
3364,61
|
15.
|
14
|
715,68
|
66.
|
65
|
3423,05
|
16.
|
15
|
777,35
|
67.
|
66
|
3489,25
|
17.
|
16
|
839,01
|
68.
|
67
|
3539,95
|
18.
|
17
|
900,67
|
69.
|
68
|
3598,39
|
19.
|
18
|
962,29
|
70.
|
69
|
3656,81
|
20.
|
19
|
1023,96
|
71.
|
70
|
3715,25
|
21.
|
20
|
1084,66
|
72.
|
71
|
3769,29
|
22.
|
21
|
1138,70
|
73.
|
72
|
3829,64
|
23.
|
22
|
1189,07
|
74.
|
73
|
3890,53
|
24.
|
23
|
1239,35
|
75.
|
74
|
3951,67
|
25.
|
24
|
1287,73
|
76.
|
75
|
4012,79
|
26.
|
25
|
1340,29
|
77.
|
76
|
4073,88
|
27.
|
26
|
1390,66
|
78.
|
77
|
4135,02
|
28.
|
27
|
1441,07
|
79.
|
78
|
4196,15
|
29.
|
28
|
1491,45
|
80.
|
79
|
4257,23
|
30.
|
29
|
1541,88
|
81.
|
80
|
4319,34
|
31.
|
30
|
1592,25
|
82.
|
81
|
4371,45
|
32.
|
31
|
1646,29
|
83.
|
82
|
4432,57
|
33.
|
32
|
1693,03
|
84.
|
83
|
4493,66
|
34.
|
33
|
1740,76
|
85.
|
84
|
4554,80
|
35.
|
34
|
1788,47
|
86.
|
85
|
4615,92
|
36.
|
35
|
1836,20
|
87.
|
86
|
4677,01
|
37.
|
36
|
1883,87
|
88.
|
87
|
4738,15
|
38.
|
37
|
1931,58
|
89.
|
88
|
4799,27
|
39.
|
38
|
1979,31
|
90.
|
89
|
4860,36
|
40.
|
39
|
2027,02
|
91.
|
90
|
4921,50
|
41.
|
40
|
2074,75
|
92.
|
91
|
4975,54
|
42.
|
41
|
2126,86
|
93.
|
92
|
5054,48
|
43.
|
42
|
2178,19
|
94.
|
93
|
5134,32
|
44.
|
43
|
2228,61
|
95.
|
94
|
5214,22
|
45.
|
44
|
2278,98
|
96.
|
95
|
5294,09
|
46.
|
45
|
2329,41
|
97.
|
96
|
5373,99
|
47.
|
46
|
2379,79
|
98.
|
97
|
5453,83
|
48.
|
47
|
2340,22
|
99.
|
98
|
5533,73
|
49.
|
48
|
2480,57
|
100.
|
99
|
5613,59
|
50.
|
49
|
2531,00
|
101.
|
100
|
5693,50
|
51.
|
50
|
2582,34
|
102.
|
100-ден жоғары
|
5790,00
|
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жерлер осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық мөлшерлемелері
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлерді қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп түсініледі.
385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық мөлшерлемелері
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 386-баптың тақырыбы өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 386-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемесі төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген мөлшерлемелерді ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабының кестесіндегі 23 - 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.
387-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
1-1. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентті қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері;
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициентін қолданады.
3-1. 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
6. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
Бұл ретте:
1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс;
2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс.
389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейді.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беретін тұлғаның осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс.
9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 390-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |