Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
салық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;
23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
25-1) осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізуге міндетті.
Осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі.
Дерекқорды жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтерді және орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;
27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
3. Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
21-бап. Мүдделер қақтығысы
Салық органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
22-бап. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы
1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті.
3. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 19 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады.
6. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.
25-бап. Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
2. Салық органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.
2-БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ
4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Салық міндеттемесі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар салық міндеттемесін:
1) салық органында тіркеу есебіне қоюды;
2) салық есептілігін ұсыну нысандарын, мерзімдерін, тәртібін;
3) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды;
4) қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін;
5) қызметі тоқтатылған кезде, салық төлеушілерді мемлекеттік дерекқордан алып тастауды айқындайтын, уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес орындайды.
27-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект
Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
28-бап. Салық базасы
Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.
29-бап. Салық мөлшерлемесі
1. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.
2. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
30-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
5-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ
31-бап. Салық міндеттемесін орындау
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.
2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |