§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 332-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
332-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемi пайдалы қазбаларды өндiруге салық салу объектiсi болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемi:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн өткiзiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге берiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
2-1) 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген, салық кезеңi iшiнде өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың және газ конденсатының көлемiне;
4) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу есебiне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикi мұнай мен газ конденсатына;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға бөлінеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындауда отын ретінде;
технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.
Өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған табиғи газ да танылады;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газға;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 5-1) және 5-2) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн жер қойнауын пайдаланушыда шикi мұнай мен газ конденсатының нақты көлемiн және олардың тиiстi көлемiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактiсiн растайтын коммерциялық және тауарға iлеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн - тиiстi көлемi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшiрмелерi болуға мiндеттi.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi болмаған жағдайда шикi мұнай мен газ конденсатының тиiстi көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшiн тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты ретiнде қаралады.
3-1. 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде табиғи газ бойынша төленбейдi.
5. 2008.10.12. № 100-IV ҚР Заңның 43-бабына сәйкес 2011 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
333-бап. Салық базасы
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 334-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
334-бап. Шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрiлген шикi мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртiппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшiншi тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнiмнiң бір бірлiгi үшiн нақты сатып алу бағасының көбейтiндiсi ретiнде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бірлiгiн өндiрудiң 20 пайызға ұлғайтылған өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде;
2-1) 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемiнiң және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалатын беру бағасының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген тауарлы шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндiрiлген тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемi мен осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде есептелген өнiмнiң бірлiгi үшiн әлемдiк бағаның көбейтiндiсi ретiнде айқындайды.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаты үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts Crude Oil Marketwire» дереккөзiнде жарияланған ақпараттар негiзiнде салық кезеңiнде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының стандартты сортының әрбірiн жеке алғанда шетел валютасындағы шикi мұнай бағасын бағамдауды бiлдiредi.
Осы дереккөзде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар:
«Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзiнiң деректерi бойынша;
жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Бұл ретте, шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасын айқындау үшiн өлшем бірлiктерiн өндiрiлген шикi мұнайдың өлшемнiң стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетiлген сапасына келтiрiлген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргiзiледi.
Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
S - салық кезеңіндегі шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы;
Р1, Р2..., Рn - салық кезеңi iшiнде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының төменгi мәнi (min);
Сn2 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).
Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының белгiлi бір стандартты сортына шикi мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикi мұнайды беруге арналған шарттар негiзiнде жүргiзедi. Беруге арналған шартта шикi мұнайдың стандартты сорты көрсетiлмесе немесе жоғарыда көрсетiлген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикi мұнайдың сорты көрсетiлген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берiлген шикi мұнай көлемiн әлемдiк орташа бағасы салық кезеңi iшiнде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға мiндеттi.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts European Gas Daily» дереккөзiнде жарияланған ақпарат негiзiнде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының салық кезеңi iшiнде шетел валютасындағы бағамдалуын бiлдiредi.
Осы дереккөзде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға:
1) «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus European Natural Gas» дереккөзiнiң деректерi бойынша;
2) жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Табиғи газдың әлемдiк бағасы мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдiк бағасы;
P1, P2, …, Pn - салық кезеңi iшiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгi мәнi (min);
Сn2 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндiрген табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген кезде - осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалатын салық кезеңiнде қалыптасқан өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - нақты көлемін шығару ретінде:
сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;
жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды пайдаланған кезде - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:
табиғи газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.
6. Шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдiк бағасын уәкiлеттi орган осы Кодексте белгiленген тәртiппен әрбір салық кезеңi бойынша айқындайды және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
335-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.
Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.
3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.
Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара) 336-бап өзгертілді
336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 7 бабына сәйкес 336-бабының бірінші және екінші бөліктерінің қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Рет №
|
Жылдық өндiру көлемi
|
Мөлшерлемелер, %-бен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
250 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
5
|
2.
|
500 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
7
|
3.
|
1 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
8
|
4.
|
2 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
9
|
5.
|
3 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
10
|
6.
|
4 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
11
|
7.
|
5 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
12
|
8.
|
7 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
13
|
9.
|
10 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
15
|
10.
|
10 000 000 тоннадан жоғары
|
18
|
Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген және (немесе) берген, оның iшiнде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне заттай нысанда берген немесе өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгiленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:
Рет №
|
Жылдық өндіру көлемі
|
Мөлшерлемелер, %-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда
|
0,5
|
2.
|
2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда
|
1,0
|
3.
|
2,0 млрд. текше м.-ден жоғары
|
1,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |